қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 19:19, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1. Отбасын құру және оның проблемалары........................................5

1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу................................5
1.2 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету................................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..................................10

2.1 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.................................................................................................................10
2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы...........................................................................................................15

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................31

3.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................31
3.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны...........................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ курсов.doc

— 289.50 Кб (Скачать)


ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

 

1. Отбасын құру және оның проблемалары........................................5

 

1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу................................5

1.2 Мемлекет тарапынан  жас отбасыларына қолдау көрсету................................7

 

 

2    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..................................10

 

2.1  Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері.................................................................................................................10

2.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің қазіргі деңгейі және динамикасы...........................................................................................................15

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАС ОТБАСЫНЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.............................31

 

3.1 Тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері........................................................................................................................31

3.2 Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың орны...........................................................................................37

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................40

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңда экономикамыздағы орын алған қолайсыз жағдайлар кезінде өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды саясаттарды жүзеге асыруда. Бұл саясаттардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты  әлеуметтік саладағы саясат болып табылады. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әрқашан жас отбасының назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.

Жер бетіндегі дамудың тұрағы, тұтқасы, тірегі – адам, адамның қо­ғамдағы тыңғы­лық­ты іс-әрекеттері, сондай-ақ қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік қыз­меті. Адамның денсаулығын қадағалайтын, бі­лім жүйесін жетілдіретін, мәртебесін көтер­ме­лейтін, аза­маттық жауапкершілігін арт­тыратын бастамалар – жас отбасының әл-ауқатын арттыруда, одан әрі ел экономикасының дамуында ерекше сипат алады. Сол бастаманың бірі жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де – әлеуметтік саясаттың бас желісі болып табылады.

Жас отбасы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы – мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы  «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» атты жолдауында тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттарды айқындап, тұрғын үй құрылыс саласы – экономикамыздың алға сүйреуші күші екендігін атап өткен болатын[1].

Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалар және олардың рөлі, сол бағдарламалардың шеңберінде жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің құралдары мен түрлері қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі экономикалық дағдарысқа байланысты құрылыс саласында туындаған қолайсыз жағдайлар, және одан шығу жолдары ауқымды сипат алған. 

Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің адами капиталды дамытуға шығыстары жалпы шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды, бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін шешкен кезде әлеуметтік саланың басым артықшылықтарға ие екенін көрсетеді. Бұл Ұлттық экономиканың барынша өсуіне және болашақта одан асып түсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мақсаты: жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты зерттеп, соның ішінде жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін жетілдіру және қазіргі уақыттағы құрылыс саласындағы орын алған дағдарыстан шығу жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті: Дұрыс мемлекеттік реттеу арқылы төмендегідей экономикалық маңызы жоғары мәселелердің шешім табатыны жайлы айтылған:

- жас отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі;

- құрылыстың дамуына байланысты осы салаға маманданған шағын және орта бизнестің дамуы;

- құрылыстың жандануына және шағын және орта бизнестің дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарының ашылуы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тұрады.

                           

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

1. Отбасын құру және оның проблемалары

 

1.1 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу

 

Отбасының құрылымы былайша анықталады:1)оның мүшелері  арысндағы қарым-қатынастар жиынтығы; 2)рухани, ізгіліктілік қарым-қатынастар жүйесі;  Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп); 2) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйеленің туысы тұрады). Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады: 1) эгалитарлы –тең құқықтылыққа негізделген; 2) авторитарлы- басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды. Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша- дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.Бос уақытты өткізу сияқты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.

Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісенше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, балатуу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде- Қазақстанда, Закавказъезде отбасының аралас түрлері кездеседі.

Неке- әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт. Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттеулуге жатады. Олардың қатарында:

                                          көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау және некеге дейінгі мінез-құлық нормалары:

                                          жұбайлар арасында билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды байланыстарына қатысты жұбайлардың  күту нормалары;

                                          отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік;

                                          бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.

Некеге отырудың нақты жас шамасы да, ажырасу барысында, ажырасқаннан кейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сипаты да моральдық реттеулеге жатады.

Азия мен Африканың көптеген елдерінде ата- анасымен келісіп некеге отыру, келін үшін қалыңмал беру және т.б. дәстүрлер сақталған.

Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және шіркеулік неке қию болып бөлінеді.Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұрады жатқызады (яғни, заңда қаралған тәртіпте ресімделмейтін ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы). Бірқатар елде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде болуы көбейіп келе жатқаны байқалады.Өз құрылымы бойынша некелер Еуропа мен Америка елдеріне тән моногамды және Азия мен Африка елдеріне тән полтгамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасыздық тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40% - ы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады.

Қазіргі ғылымда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметік қолдаудың объектісі кез келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақы мазмұны, отбасының қажет  ететін немесе қажет етуі мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері  сияқты  әр түрлі  болады. Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздеренің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым-қатынастың жаңа бір жолын тауып беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрылымын бара-бара өзгертеді. Мұндай типтегі отбасылары жүйкеге нормативті емес жүк түскен жағдайда, аса қауіпті табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл-ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай отбасылар тіпті отбасыларына көмек көрсететін әлеуметтік қызметке ерікті түрде көмекші де бола алады.

Негізгі күштері ерік пен ықыласы бір ғана ерік пен ықыласқа бағыну (басшы, бастаушыға және т.б.) арқылы қол жеткізілген, сондықтан кез келген жеке алып- қашпа сөздер тудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдаудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдауға бағытталған отбасылары азды-көпті  қолдау мен қорғауды қажет етеді, бірақ сыртқы дүниемен араласуға олар үшін «жол жабық» болғандықтан, белгілі бір шекке жетіп, белгілі болғаннынша мүмкіндікке қол жеткізе алмайды. Мұндалар психикалық ауруы барлар, отбасы мүшелерінің үстінен күш көрсету және т.б. болуы мүмкін.

Өзара әрекеттестіктері былыққан және дағдарысқа жетелейтін ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын, сонымен бірге өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты мінез-құлық қалыптастыруға бағыт-бағдар бола алмайтын отбасылары былық-шылық құрылымға ие болады, ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайда шешуде отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді.

Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары арасынан 50-ден 60-қа дейінгі пайызын ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскес және психологиялық жағынан қисыны келмейтін ата-налар, бала-ата-ана қарым-қатынастарының жолы теріс, жанжалдыдеп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды.

Адам барлық жақсы мен жаманды отбасында алады. Отбасы жеке тұлғанын қалыптасуының маңызды саласы әрі халықтың әлеуметтік  қайта жандауына және  белгілі бір өмір салтын жасауға жауап беретін тәрбиелеудің басты институты басты болды және болып қала бермек.

Отбасында баланың тұлғасына әсер ететін факторлардың мамандар шартты түрде үш топқа бөледі. Біріншісі- бұл отбасының әлеуметтік микроортасы, онда балалар әлеуметтік құндылықтар мен рольдерге тартылады, қазіргі заманның қиындықтары менқайшылықтарын танып біледі. Екіншісі- бұл отбасы ішілік және отбасынан тыс жұмыс, негізінен тұрмыстық еңбек, ол адамда әлеуметтендірудің және оны болашақ тіршілікке тартудың мықты құралы болып табылады. Үшіншісі- отбасындағы тәрбиенің өзі, мақсатты педагогикалық әсерердің белгілі бір кешені.

Отбасылық қарым-қатынасты келесі салаларға бөлуге болады:

-                                   шаруашылық –тұрмыстық сала;

-                                   ізгілікті-психологиялық

-                                   жақын да жеке сала.

Отбасы мүшесін тәрбиелеуде бұл салалардың әрқайсысының мәні зор әрі даусыз, алайда біз көбінесе ізгілікті- психологиялық қарым-қатынастың мәнін елемейтінімізді атап өту керек. Мұның себебі олардың материалдық түрде көрінбейтіндігі мен жас жігіттер мен қыздардың болашақ отбасылық өміріне олардың әсері әлсіз деп білуімізде болар. Бұл көзқарас дұрыс емес. Отбасылық өмірге қажетті қасиетерді тәрбиелеу ( түсіну, кішіпейілдік, эмоционалдық бөлісу) қарым-қатынастар  педагогикасыныңкөзге көрінбейтін, алайда өте әсерлі саласында жүзеге асырылады.

  Ата-ана болып табылатын жұбайлар мен отбасының басқа ересектері  арасындағы «көлденең»қарым-қатынастар –отбасындағы моральдық- психологиялық климаттың ерекшеліктерін анықтайтын ізгілікті –психологиялық қарым-қатынастың маңызды саласы болып табылады.

Информация о работе қазақстан республикасындағы жас отбасыларын тұрған үймен қамтамасыз ету