Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:27, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда кай мемлекетті алмасақта әлеуметтік мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені 90 - шы жылдары басталған аумалы - төкпелі заманның салдарынан халықтың тұрмыс- тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер енігізілді.
Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯСЫ 6
1.1 Қарт адамдардың жалпы мәселесі 6
1.2 Қарт адамдардың әлеуметтік - психикалық және жастық ерекшеліктері 9
1.3 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мағынасы 15
2 ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРАКТИКАСЫ 23
2.1 Қазақстандағы қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жағдайы 23
2.2 Өскемен қаласындағы «Ульба» орталығындағы қарт адамдардың іс - тәжірибесі 40
2.3 Шетелдердегі әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ерекшеліктері 47
2.4 Қарт адамдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсартуға арналған ұсыныстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 56

Работа содержит 1 файл

708 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.doc

— 2.28 Мб (Скачать)

Арнайы медициналық кабинеті, күзеті және бос уақыттарында шахмат, үстел теннисін ойнайтын кабинеттері бар тұрғын үйде зейнеткерлерді әлеуметтік жағдаймен қамтамасыз етудің бар шарасы жасалынған. Зейнеткерлер коммуналдық төлем төлемейді.

Қазір мұндай үйде тұрғысы келетін қарттар саны жоқ жалғызбастыларға жергілікті әлеуметтік камсыздандыру мекемелерінде арнайы бөлімдер құрылған. Әр қалада он жалғызбасты жанның үйіне барып, азық - түлік, дәрі - дәрмек атып алып беру, коммуналдық төлемдерін төлеу, үйін тазалау сынды жұмыстарын жүзеге асырады.

Елімізде «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымынан» басқа қарттар ұйымы немесе бірлестіктері жоқ. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін өздерін қоғамға керексіз жандай сезінетін қарттарымызға мұндай ұйымдар қажет. Мәселен, шет елдерде қарттардан құрылған ансамбльдер мен театрлар жұмыс істейді. Бізде үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық шаралар әлі жетілдіре түсуді қажет етеді.

Кесте 1

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлер

 

2000

2001

2002

2003

2004

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерінің саны (үлкендерге, барлығы)

56

51

52

53

56

Бұның ішінде: орын, мың

14,5

13,5

13,4

13,4

13,9

Мүгедек балаларға

арналған интернат үйлерінің саны, барлығы

18

17

17

17

17

Бұның ішінде: орын, мың

3,3

3,2

3,1

3,1

3,1

Өмір сүретін мүгедек балалар, мың, адам

3,1

2,9

2,7

2,7

2,9


 

Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша

Осы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік Ережесі меншік нысанына және ведомстволык бағыныстылығына, қарамастан, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет тәртібін, мүгедектерді қабылдау, ұстау және МӘҰ-нен шығару шарттарын айқындайды.

МӘҰ денсаулығының жай-күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж карттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектердің (бұдан әрі - қамқорлықтағы адамдар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналады.

Мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі невроз ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖКТБ болуы үйде қызмет көрсетуте қарсы айғақтамалар болып табылады.

МӘҰ заңды тұлға болып табылады және құрылтайшысы оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.

МӘҰ өз қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.

МӘҰ өз қызметінде Қазакстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы үлгілік Ережені басшылыққа алады.

МӘҰ-ның негізгі міндеттері қамқорлықтағы адамдарға үй жағдайларына жақындатылған жағдайлар туғызу, оларға әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.

МӘҰ функциялары:

1) қамқорлықтағы адамдардың дербес құкықтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды жүргізу;

4) қолайлы моральдік-псхологиялық ахуал жасау;

5) қамқорлықтағы адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері, ішкі тәртіп ережелері туралы хабардар ету:

6) келушілерді қабылдау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

7) қамқорлыктағы адамдардың сақтауға тапсырған жеке заттарының және құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

8) қамқорлықка мұқтаж адамдарға қатысты МӘҰ әкімшілігіне жүктелген функцияларды заңнамада белгіленген тәртіппен орындау;

Қамқорлықтағы адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайларда және заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікке қамқоршы тағайындалады;

9) қызметшілер еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және оның біліктілігін арттыру;

10) қамқорлықтағы адамдарға қызмет қөрсетудің және оларды ұстаудың сапасын арттыру;

11) МӘҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

12) МӘҰ Жарғыларына сәйкес өзге де функциялар.

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі - ММӘМ) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жастағы жақын туыстары жоқ, сондай-ак шынайы себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын (егде жастағы, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі. онкологиялық, психикалық сырқаты бар, бас еркінен айыру орындарында жүрген, елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұратын) туыстары бар адамдар (ерлі-зайыпты адамдар) ұсталады.

Ерекше жағдайларда Ардагерлер кеңесінің, мүгедектер істері жөніндегі кеңестердің шешімі бойынша, жанжал себебінен олармен бірге тұру мүмкін емес, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті жакын туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер ММӘМ-ге тұруға қабылдануы мүмкін.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар (бұдан әрі - ҰОС мүгедектері, қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар) заң бойынша оларды ұстауға және қамқорлық көрсетуге міндетті, кәмелет жасқа толған жақын туыстарының болуына қарамастан ММӘМ-ге бірінші кезектегі тәртіппен қабылданады.

Зейнеткерлер мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер қатарындағы тұру құны толық төленетін шартпен қабылданатын адамдардың тізбесін мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдардың әкімшілігі дербес белгілеуі мүмкін.

ММӘМ-ге әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберуді облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

Адамдарды әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай кұжаттардың:

1) өтініш

2) уәкілетті органнын жолдамасы (ММӘМ әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);

3) жеке басы куәлігі;

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлігі;

6) медициналық карта

7) амбулаториялық картадан үзінді көшірме;

8) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы аламлар үшін);

9) ҰОС мүгедектерінің, қатысушыларының және соларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлігі (ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және соларға теңестірілген адамдар үшін);

мүгедектер үшін қосымша:

10) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;

11) мүгедекті жеке оңалтудың бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде жүзеге асырылады.

Қамқорлықтағы адамдарды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.

МӘҰ ғимараты оған кедергісіз баруды, онда болудың, ғимараттың ішінде жүріп-тұрудың қолайлылығын, оңалту және ойын-сауық іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнаулы құралдармен жабдықталады.

МӘҰ ғимаратының ішкі үй-жайлары көлемі, орналасуы және конфгурациясы жағынан сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

Құрылтайшы МӘҰ-ды казіргі заманғы техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етеді.

МӘҰ-да ұстаудың бес күндік (алты күндік) режиміне рұқсат етіледі.

Қамқорлықтагы адамдар бөлмелер бойынша денсаулығының жай-күйі. жынысы және жеке бас мүдделері ескеріле отырып, орналастырылады.

МӘҰ-да тұратындар қатарындағы ерлі-зайыптыларға бірге тұру үшін оқшауланған үй-жай бөлінеді.

Әлеуметтік қызмет түрлері әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көзделгеннен кем емес көлем мен түрлерде көрсетіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қамқорлыктағы адамның жасы мен денсаулығының жай-күйі, мүгедекті оңалтудын жеке бағдарламасының мазмұны ескеріледі.

Қамқорлықтағы адамға көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерінін кезеңділігі мен түрлерін МӘҰ директоры бекітеді.

МӘҰ-да тұрудың тәртібі, уәкілетті орган немесе кұрылтайшы бекітетін Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленеді.

Қамқорлықтағы адамдардың бағалы заттары және құнды қағаздары, оларды иесі немесе мұрагері талап еткенге дейін, өздерінің қалауы бойынша МӘҰ әкімшілігіне тапсырылуы мүмкін.

Егер денсаулық жағдайы бойынша осы жұмысты істеуге тыйым салынбаса, қамқорлықтағы адамдар жалақысы еңбек заңдарына сәйкес төленіп, жалпы үлгідегі МӘҰ кіші қызмет көрсетуші персоналының немесе жұмысшылардың штаттық лауазымдарына жұмысқа қабылдануы мүмкін.

Қамқорлықтағы адамдарға зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де әлеуметтік төлемдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленеді.

Қамқорлықтағы адамды МӘҰ-нан шығару:

1) қамқорлықтағы адамның өтініші бойынша;

2) мүгедекке үшінші топ мүгедектігі тағайындалғанда (ММӘМ-де тұратын адамдар үшін) жүзеге асырылады.

Қамқорлықтағы адамның жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына МӘҰ әкімшілігіне жазбаша хабарланып, МӘҰ дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып рұксат етіледі.

Туыстарына (өзге де адамдарға) барып-келу сапарына байланысты шығыстар өтелмейді.

Қамкорлықтағы адамдарды МӘҰ-нан психоневрологиялық медицималық-әлеуметтік мекемеге ауыстыру медициналық ұйымның қорытындысы негізінде уәкілетті органнын жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

Бір өңірде орналасқан МӘМ-нен өзге өңірде орналасқан МӘҰ-ға ауыстыру құрылтайшылардың немесе тиісті өңірлердің уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болған кезде қамқорлыктағы адамдар арнайы мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емделуге ауыстырылады.

Қамқорлықтағы адамдар мынадай жағдайларда:

1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын қабылдау, ішімдікке салыну, тауар-материалдык құндылықтарды және өзге де кұндылықтарды бүлдіру, құқыққа қарсы әрекеттер жасағанда;

2) қамқорлықтағы адам соттың шешімі бойынша ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарды колданудың салдарынан әрекет ету қабілеті шектеулі деп танылған;

әрекет ету кабілетінің шектеулілігі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда қамқорлықтағы адам жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін;

3) камқорлықтағы адам, МӘҰ әкімшілігін хабардар етпей, МӘҰ аумағынан өз бетімен шығып кетіп, екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда шығарылуға тиіс.

МӘҰ аумағынан шығып кеткен адам жалпы негізде ғана қайта қабылдануы мүмкін, ал маңызды себептер бойынша, бірақ ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам қайта қабылданады.

МӘҰ әкімшілігі қамқорлықтағы адамды шығарған, ауыстырған немесе шығарып жіберген кезде МӘҰ-ның шығару немесе ауыстыру эпикризін рәсімдейді.

Қамқорлықтағы адамның шығарылуы, уақытша шығарылуы, ауыстырылуы немесе біржола шығарылуы МӘҰ директорының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

Камқорлықтағы адамды шығару, уақытша шығару, ауыстыру немесе біржола шығару кезінде жеке және өзіне бекітілген маусымдық киімі мен аяқ-киімі, МӘҰ-да сақталатын құнды заттары беріледі.

МӘҰ директорын уәкілетті орган немесе кұрылтайшы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Директор МӘҰ жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ санитарлық-гигиеналық және техникалык жай-күйі, қамқорлықтағы адамдарды ұстаудың, оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы үшін, сондай-ақ қамқорлыктағы адамдардың МӘҰ аумағындағы әрбір мертігуі және табиғи емес өлім жағдайлары үшін дербес жауапкершілікте болады.

Директор сенімхатсыз МӘҰ атынан әрекет етеді, мекемелер мен ұйымдарда оған өкілеттік етеді, заңдарда белгіленген тәртіппен МӘҰ мүлкін және қаражатын басқарады, келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді, оның ішінде қайта сенімгерлік құқығымен сенімхаттар береді, банктерде МӘҰ шоттарын ашады.

Информация о работе Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс