Оқу орындарында Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары

Дата добавления: 29 Января 2014 в 14:46
Автор: s**********@mail.ru
Тип работы: дипломная работа
Скачать полностью (108.86 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

док.doc

  —  476.50 Кб

Олар мынаны істей білуі керек:

    • бөлімше атысының карточкаларын құрасытыру;
    • кез келген жергілікті жерде қарсылас атысының астында қозғалу;
    • бөгеттерден (кедергілерден) өту;
    • бақылау және ату үшін орын таңдау, сондай-ақ ұрыста өз-өзіне оқпана қазу;
    • ядролық жарылыстың тұтануы кезінде ашық жерде әрекет жасау;
    • әуелі сандар бойынша атыс жүргізу;
    • «Радиациялық қауіп!», «Химиялық дабыл!», «Әуе!», «Бөлімше,ұрысқа !» дабылдары бойынша әрекет жасау.

Оқып үйретілетін  материалға және пәнге қызығушылықты артыру үшін оқушыларды мыналармен таныстырған жөн:

    • Қарулы Күштер мен әскери өнердің даму тарихымен,
    • Қазіргі замандағы жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуымен ;
    • Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттегі іс әрекеттерімен;
    • Бөлімше атысын басқару және бөлімшелер арасындағы өзара қимылдарын жүзеге асыру тәсілдерімен ;
    • әр түрлі жағдайдағы шабуылдағы бөлімшенің іс-әрекеттерімен;
    • шабуылда қарсыласты жою тәсілімен.

Оқушылардың қару және оқ дәрілердің құрлымын, ұрыстық қасиеттері мен арналуын, қару бөліктерімен механизмдерінің атыс кезіндегі жұмыс принциптерін, қаруды күтіп ұстау және сақтау ережелерін білуі оларды ұрыста тиімді қолдану мен үнемі ұрыстық әзірлікте ұстауды қамтамассыз етеді. Бұл білім, әдетте қарудың материалдық бөлігін оқытуға арналған сабақтарда үйретіліп, атыс алаңында өткізілетін атыс жаттығуларында жетілдіріліп бекітіледі. Қарудың материалдық бөлігі бағдарлама талаптарына сәйкес, оқулықта берілген жүйелілікте оқытылып үйреттіледі, атап айтқанда, қарудың жалпы құрлымы, ұрыстық қасиеттерімен арналуы, қаруды бөлшектеумен жинақтау; қару, керек жарақ пен оқ дәрілер бөлшектері мен механизмдерінің құрлымы және арналуы; қару бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, атыс кезіндегі кідірістер және оларды жою тәсілдері; қаруға күтім жасау, күтіп ұстау және сақтау; қаруды қарау және атысқа дайындау. Қарудың материалдық бөлігін оқып-үйренудің басқа да тәртібі болуы мүмкін. Мысалы, қаруды бөлшектеумен жинақтауға үйретуден кейін, оқушыларға қаруды тазалауға және майлауға дағдыландырып, оларға күтім жасау және оларды сақтау ережелерін үйрету. «Атыс дайындығы» тарауын оқып-үйрену мақсаты -әрбір оқушының қарастырылып жатқан қару үлгісінің материалдық бөлігін білуі. Қарудың материалдық бөлігін оқып-үйрену кезінде оқушыларды қаруды бөлшектеу, жинақтау, тазалау және майлау, оны жиналған және бөлшектенген түрде қаралып, атысқа дайындау, атыс кезінде кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамассыз ету, ал атыс кезінде кідірістердің пайда болуы жағдайында-себептерін белгілеу және оларды жою мақсатында қарумен практикалық сабақтар өткізу; өз қаруын сенімді қорғану тәсілі ретінде қабылдап, дұрыс күтім жасай білуге тәрбиелеу қажет. Қарудың материалдық бөлігін оқып-үйрену бойынша сабақтарын бұрын  қарастырылған сұрақтарды қысқаша қайталаудан бастаған дұрыс. Өткен материалдарды қайталау, әңгімелеу әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оның барысында мұғалім оқушыларды сұрақтарды қалай меңгергенің немесе жаттығулар әдісі арқылы, яғни қарумен практикалық әрекеттер жасау, мысалы, қаруды бөлшектеу мен жинақтау және т.б. біледі.

Қаруды материалдық  бөлігі бойынша жаңа сұрақтарды оқып-үйрену үрдісінде негізгі әдістердің бірі оқу үлгілерінде түсіндіре көрсету және оқушыларды жаттықтыру болып табылады. Сонымен бірге плакаттар мен сызбаларды да қолдануға болады. Мұғалім тақырыптың материалдарын оқып-үйретуде, практикалық жұмыстарын жоспарлау және әдістемелік материалдарын дайындау кезінде оларды негізге алу керек. Әрбір тақырып бойынша оқу және тәрбие мақсаттарын анықтау кезінде оқушылардың түрлі деңгейлік дайындықта екенін есте сақтау қажет. Бұл әдіс АӘД пәніне үйрету бағдарламасында қарастырылған.

Қазіргі уақытта  атыс қаруының барлық түрлері бойынша  қажетті әдебиеттер бар, онда басқа  сұрақтармен қатар атыс ережелеріде  баяндалады. Нысананы кез келген жағдайда алғашқы кезекте (атыстан ) жою өнерін меңгеру үшін атыс ережерімен тәсілдерін білуі қажет. Атыс қаруына атыс жүргізу ережелері мен тәсілдерінің және жарықшақты қолгранаттарын лақтырудың теориялық негіздердің оқып-үйретудің мақсаты-оқушылардың практикалық қолдануында бастапқы дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі қару түрлерінен ату тәсілдері бір-біріне ұқсас болады. Оларды мына жүйелікпен оқып-үйренген жөн: оқжатарды патрондармен  жабдықтау және патрондарды одан алып тастау-қаруды оқтау және оқсыздандыру, атуға оңтайлану, жатып(қолдан, тіреуден), тізерлеп отырып, әртүрлі тасалар артынан, оқпанадан тұрып, жүріп келе жатып, қысқа аялдама жасап атыс жүргізу және тоқтату. Оқушыларды патрондармен  жабдықтауға үйренту кезінде оларды жаттығу, оқсыз және ұрыстық патрондарды ажыратуға және байқау жүргізуге үйрету қажет. Бұл кезде оқушылардан жарамсыз патрондарды қолданбауын және оқжатарды жабдықтауын білуді талап ету керек. Оқушылар оқжатарды дұрыс жабдықтауға үйренген соң, тәсілдерге үйретуге кірісуі қажет.

Әдістемелік нұсқауларда атыс қаруына атыс жүргізу ережелерімен тәсілдері бойынша ұрыстық қаруды қолдану әдістемесі баяндалған. Бұл кездейсоқ емес, өйткені мұғалім оқушыларды ұрыстық қарумен әрекет етуге үйретеді. Сабақта жаттығу  қаруы немесе ұрыстық қаруы ретінде оның макеті пайдаланылады. Ұрыстық макетпен және жаттығу қаруы арасындағы айырмашылық елеулі, бірақ мұғалім оларды ерекшеліктерін теория жүзінде әңгімелеу, түсіндіру, анықтау арқылы және басқа түсінікті әдістермен толықтыру керек. Ұрыстық қаруының ( гранатаның )жоқ болуы мұғаліммен оқушылардың оқылып жатқан сұрақтаға үстіртін қарауға және сабақта атыс жүргізу ережелері мен жарықшақты қол гранаттарын лақтыру талаптырн сақтамауға себеп болмауы керек.

Оқушыларды саптық дайындыққа үйрету мектептегі тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Саптық дайындық сабақтары оқушылардың барлық іс әрекетімен өміріне жағымды әсер етеді. Оқушылардың сапта тұруы және сабаққа қатысуының өзі оларды тәртіптілікке үйретеді, ал саптық пәрмендерді орындау мұғалімге (аға командирге) бағынуына мәжбүр етеді. Саптық дайындық оқушыларды ерік-жігері шыңдайды, ілтипаттылық, жинақтылық, байқағыштықтығын дамытады, тәртіпке келтіреді және оларды белгіленген тәртіпті сақтауға үйретеді ұжымды нығайтады. Іс әрекеттін үйлесімділігімен ширақтылығы, саптық тәсілдерді бір уақытта орындау оқушылардың рухын арттырады, өз іс әрекеттеріне және сенімділікті ұялатады. Саптық машықтау оқушыларды түрлі тәсілдерімен әрекеттерге ие болуларына, сондай-ақ тактикалық, атыс дайындығымен дене шынықтыру және басқа пәндерге қажетті дағдылардың қалыптасуына көмегін тигізеді.

Практика көрсеткендей, саптық машықтануда оң нәтижелерге  мынандай ережелерді орындау кезінде  қол жеткізуге болады.

    • саптық дайындық сабақтарын дұрыс жоспарлағанда, оның әдістемелік талапқа сай дұрыс өткізгенде және нақты ұйымдастырғанда;
    • әрбір оқушы Саптық жарғы талаптарына сәйкес әрекеттер мен тәсілдерді саналы және ерікті түрде оқып-үйренгенде, сондай-ақ оларды жетілдіргенде ;
    • нұсқау көрсету және жоспарлы сабақтарды тұрақты өткізіп тұрғанда;
    • күнделікті өмірдегі қозғалыстарда және сапқа тұрған кезде сабақтарда саптық дағдыларды үйренуді жүзеге асырғанда.

        Сапты үйретуде оң иәтижелерге  қол жеткізу үшін мұғалімнің  жеке саптық машығының, оның  саптық әрекеттері мен тәсілдерінің  үлгісін көрсете алуы, сондай-ақ оқушыларға талап қоя білуінің ерекше мәні бар.  Мұғалімнің жеке үлгісі, әдістемелік деңгейі оқушыларды саптық машықтануға үйретудің негізі болып табылады. Сондықтан да мұғалім саптық дайындық бойынша өз оқушыларын үйрететін барлық әрекеттер мен тәсілдерді өзі жасай алуы тиіс. Саптық дайындық - бұл барынша практикалық іс-әрекет. Саптық тәсілдерді орындау элементтері дүркін-дүркін жасалатын жаттығуларымен игерілуі тиіс. Сабақ кезіндегі саптық дайындықты мүмкіндігінше оқу тобының (бөлімшесінің) құрамында, жұптап (екі-екіден) өткізу керек. Мұғалімнің оқушыларды үйретуде нақ осындай тәсілмеп ықпал етуі, олардың барлығын практикалық сабаққа тартуға мүмкіндік туғызады. Сонымен дербес дайындық үрдісінде ғана оқушылар жіберген қателіктерді      көруге және байқауға болатынын есте сақтаған жөн. Мұғалім оқушылардың жіберген барлық қателіктерін байқауы және өз уақытында оны түзеп отыруы тиіс. Сабақ мақсатына жетуі үшін тек бір ғана мұғалімнің талпынуы жеткіліксіз. Әрбір оқушының саптық тәсілдерді үйренуге деген талпынысы мен ықыласы болуы қажет. Мұғалімге нұсқау, көрсету сабақтарын өткізу мен саптық үйретулерді насихаттау ұсынылады. Оқушыларды саптық дайындыққа үйрету бағдарламасы мынадай мақсаттарға қол жеткізуге мумкіндік береді.

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің  Саптық жарғысы талаптары мен жалпы ережелерін білуге
  • Күнделікті өмірде, сондай-ақ сабақ кезінде барлықтәсілдермен әрекеттердеі дұрыс және нақты орындай білуге.

Саптық дайындық сабақтары мақсатты түрде мынадай  әдістемелік нұсқауларды сақтаумен өткізіледі.

Жалпы әдістемелік  нұсқаулар оқушыларды саптық дайындыққа үйрету мектептегі тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Саптық дайындық сабақтары оқушылардың барлық іс-әрекеті мен өміріне жағымды әсер етеді. Оқушылардың сапта түруы және сабаққа қатысуынын өзі оларды тәртіптілікке үйретеді, ал саптық пәрмендерді орындау мұғалімге (аға командирге) бағынуына мәжбүр етеді. Саптық дайындық оқушылардың ерік-жігерін шыңдайды, ілтипаттылык, жинақылык, байқағыштықтығын дамытады, тәртіпке келтіреді және оларды белгіленген тәртіпті сақтауға үйретеді, ұжымды нығайтады. Іс-әрекеттің үйлесімділігі мен ширақтылығы, саптық тәсілдерді бір уақытта орындау оқушылардың рухын арттырады, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті ұялатады. Саптық машықтану оқушылардың түрлі тәсілдер мен әрекеттерге ие болуларына, сондай-ақ тактикалық, атыс дайындығы мен дене шынықтыру және басқа пәндерге қажетті дағдылардың калыптасуына көмегін тигізеді. Практика көрсеткендей, саптык машықтануда оң нәтижелерге мынандай ережелерді орындау кезінде кол жеткізуге болады:

  • саптык дайындық сабақтарын дұрыс жоспарларанда, оны әдістемелік талапка сай дұрыс өткізгенде және нақты ұйымдастырғанда;
  • әрбір оқушы Саптык жарғы талаптарына сәйкес әрекеттер мен тәсілдерді саналы және ерікті түрде оқып-үйренгенде, сондай-ақ оларды жетілдіргенде;
  • нұскау, көрсету және жоспарлы сабақтарды тұрақты өткізіп тұрғанда;
  • күнделікті өмірдегі қозғал<span class="dash0410_0431_0437_0430_0446_0020_0441_043f_0438_0441_043a_0430__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size: 14pt; text-decor

Страницы:← предыдущая123
Описание работы
Жастарды әскери қызметке жақсы дайындау мақсатында Бастапқы әскери дайындық туралы ҚР Үкімет қаулысына сәйкес бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша барлық оқу орындарында оқу материалдық базалары болуы керек. Бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі
Содержание
Кіріспе .........................................................................................................................3
1. Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру
1.1 Бастапқы әскери дайындықты жүйелі жоспарлау және оқыту түрлері................................................................................................................6
1.2 Бастапқы әскери дайындықты оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдер.............................................................................................................11

2. Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары
2.1 Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізудің тиімділігін арттыру......................................22
2.2 Әскери патриоттық тәрбие беру – Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың маңызды бөлігі.................................................................30
2.3 Бастапқы әскери дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша оқу орындарындағы қарастырылатын мәселелер.......................................32

Қорытынды .............................................................................................................66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................68