Азаматтық құқық

Дата добавления: 04 Января 2012 в 11:02
Автор: s**************@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (34.06 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Документ Microsoft Office Word (2).docx

  —  36.31 Кб

Жоспар

1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Азаматтық  құқық туралы ұғым

2.2.Қылмыстық  процестегі азаматтық талап

2.3.Адамның құқығы  мен бостандықты қорғау

2.4.Азаматтық  кодекстегі талап қою ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 І.Кіріспе

Азаматтық құқық  дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар  мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін  нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық  заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая  дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген

Азаматттық құқытың  да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік  және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті  иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды  қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату —  сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі  топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы  мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей  мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық  меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа  талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың  қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға  құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен  байланыстылық сипат алады.

Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын  — мүліктік қатынастармен байланысы  жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа  келтірілген зиянның нақты ақшалай  құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары  істің мән-жайына байланысты денсаулыққа  келген зиянның орнын толтыруды  реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).

Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге  қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.

Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа  жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық  қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің  тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін  білдіреді.

Дүкен иесі тауар  жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар  туралы келіседі жене бұл әрекеттерді  келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

 Тарихта адамның  ажырамас абсолюттік құқықтары  доктринасының ескі тәртіпті  жоюды талап еткен түрліше  революциялық ақыл-ойдың шабыттануы, ұлт-азаттық қозғалыстарының толқуыныңда  қайта едәірлеп отырғаны тегін  емес. Мұның жарқын мысалдары ретінде Адам мен азамат құқықтарының деклорациясын (Франция, 1789ж), Тәуелсіздік декларациясын (АҚШ,1776ж), «Құқықтар туралы билльді»(АҚШ,1791ж), Вирджиния штатының конституциясын(АҚШ,1776ж) алуға болады. Адамның ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасы көптеген қазіргі мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ,Франция,Италия,Испанияның конституцияларында көрініс тапты. Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды.

      Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы  құндылық екені, оның құқықтары  мен бостандықтарының ажырамастығы  туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.

 Адамның табиғи  ажырамас абсолюттік құқықтары  доктринасының адамның ең жоғарғы  құндылық екендігі туралы идеяны  бекітуде оң роль атқарғаны  даусыз.

 Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

 Адам құқықтарының  жалпыға бірдей деклорациясымен  басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.

 ҚР Конституциясында  тек әлеуметтік мемлекеттің ғана  емес, сонымен бірге құқықтық  мемлекеттің де қағидалары дамытылады.Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.

1997 жылы қылмыстық  және қылмыстық іс жүргізу  заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына  сай адам мен азамат құқықтары  мен бостандықтарына берілетін  кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары  мен бостандық тары мен мүдделерін  басымдылықпен қорғау қағидасын  бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

 Конституцияда  адамның құқықтары мен бостандықтарының  үлкен тізімі бекітілген. Бұл  арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

 ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.

 Жалпы алғанда  ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

 Қазіргі заманда  адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі  бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.

 Осылайша, қазіргі  адам құқықтарының тұжырымдамасы  мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Азаматтық заңдармен  тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.

Азаматтық құқық  нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын  жақтар арасындағы қатынастар азаматтық  құқық қатынастары деп аталады.

 Азаматтық-құқықтық  қатынастардың нормалары реттейтін  объектіге қарай азаматтық-құқықтық  қатынастардың мынандай түрлерін  ажыратады: 

(Продолжение  скрыто)  Курсовые РК скачать,  курсовая Казахстан скачать, контрольные  РК скачать, контрольная Казахстан  скачать, рефераты для РК, реферат  для Казахстана  

 Азаматтық-құқықтық  қатынастардың субъектілері билік  пен өзара бағыну қатынастарында  болмайды, өзара міндеттермен және  құқықтармен ғана байланысты  болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға  қатысушылардың бірінің екіншісіне  міндеттерін орындау жөнінде  талап қоюы биліктің өкілеттігіне  емес, оған тиесілі субъективтік  азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық  қатынастар субъектілерінің теңдігі  олардың мүліктік дербестігіне  сүйенеді.

 Курстық жұмыстың  мақсатына сай мына міндеттері  орындалады:

 азаматтық-құқықтық  қатынастар мазмұны және олардың  түрлерін қарастыру;

 азаматтық-құқықтық  қатынастар ретіндегі мүліктік  және мүліктік емес қатынастарға  сипаттама беру;

 азаматтық-құқықтық  қатынастардың пайда болу, өзгеру  және тоқтатылу негіздерін талдау.

 Курстық жұмыс  кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан  тұрады.

 Курстық жұмысты  жазу барысында отандық және  шетел авторларының ғылыми еңбектері,  басылымдары және Қазақстан Республикасының  нормативтік-құқықтық актілері мен  заңдылықтары қолданылды.

(Продолжение  скрыто)  Курсовые РК скачать,  курсовая Казахстан скачать, контрольные  РК скачать, контрольная Казахстан  скачать, рефераты для РК, реферат  для Казахстана  

1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ  ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  ТҮРЛЕРІ

1.1. Азаматтық-құқықтық  қатынастардың мазмұны

 Азаматтық-құқықтық  қатынастар ұғымынан бұл —  құқыққа қабілетті адамдар арасындағы  заң нормалары реттеген қатынас  деген түсінік келіп шығады. Демек,  құқықтық қатынастар тууы үшін  құқықтық норма болуы тиіс, ал  ол осы түрдің құқықтық қатынастарының  және оның қатысушылары бола  алатын субъектілердің құқық  қабілеттілігінің пайда болуын  көздейді. Алайда мұндай мән-жайлардың  болуы өзінен-өзі белгілі бір  қатысушылар арасында белгілі  бір құқықтық қатынастарды туғыза  қоймайды. Бұл — оның пайда  болуының қажетті абстрактілік  алғышарттары ғана.

 Өздерінің  қажеттерін қанағаттандыру барысында  азаматтар мен заңды тұлғалар  үнемі өзара әр түрлі қатынастарға  түсуге мәжбүр болады. Адамдар  (олар құрған ұйымдар — заңды  тұлғалар) арасында қалыптасатын  нақты қатынастар сан түрлі  болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік  нормалар, атап айтқанда, моральдық  және этикалық нормалар реттеп  отырады. Мұндай қатынастардың  айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды  реттейді, олар құқықтық қатынастар  нысанына ие болады. Құқықтық  реттеудің нәтижесінде қолданыстағы  қоғамдық қатынастармен қатар,  әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар  пайда болмайды. Құқықтық қатынастар  дегеніміз — бұл нақты қоғамдық  қатынастардың нысаны ғана.

(Продолжение  скрыто)  Курсовые РК скачать,  курсовая Казахстан скачать, контрольные  РК скачать, контрольная Казахстан  скачать, рефераты для РК, реферат  для Казахстана  

Страницы:1234следующая →
Описание работы
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген
Содержание
1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Азаматтық құқық туралы ұғым

2.2.Қылмыстық процестегі азаматтық талап

2.3.Адамның құқығы мен бостандықты қорғау

2.4.Азаматтық кодекстегі талап қою ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе