Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:30, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 6
1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориясын қарастыру 6
1.2. Қарулы күштердің қызметтің құрылымы мен психологиялық мазмұны 15
1.3. Әскери қызметке тұлғалық-кәсіби бағыттылық мәселелері 19
1.4. Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың мәселелері 35
ҚОРЫТЫНДЫ 44
Пайдаланған әдебиет тізімі....................................................................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Курсттық жұмыс Тола.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

Психологиялық стрестерден шығару жауынгерлерді  ұрыс жағдайы кезіндегі тұрақтылықпен  психологиялық дайындықты қалыптастыру, бөлімшелерде психологиялық ахуалды  реттеу мәселесімен айналысуы қажет. Ең бастысы әдістемелердің өзін дұрыс қолдану, алынған мәліметтерге терең талдау жасау. Мұндағы қиыншылықтар әскери қызметкерлерге, ұйымдарға зиянын келтіріп қана қоймай, олардың психология ғылымына деген сенімін жоғалтады. Осы қиыншылықтарды болдырмау үшін психологиялық қызмет көрсету штаттарындағы мамандар кәсіби этикалық және құқықтық қағидалық ережелерді сақтау қажет.

Бірінші маманның барлық зерттеу әрекеті бөлімдердің  тіршілік әрекеттерінің процестерінде  қолдануға мүмкіншілік беруі  қажет. Бұл үшін штаптың қолбасшылары мен офицерлерімен бірге есеп құжаттарында берілетін материалды нақты мақсатын уақытын және қандай жағдайлары болатытын анықтау қажет.

Екіншіден әртүрлі  әдістемелердің көмегімен әскери қызметкерлерде сенімді қарым-қатынас орнату және жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді ешкімге жарияланбайтынына сендіру.

Үшіншіден алынған  мәліметтерді басшыларға жалпыланған  түрде және оларды жауынгерлік мәселелермен таныстыру мәселелрін шешуде тиімді пайдалану үшін ұсыныстар беру қажет. Осыған байланысты алғашқы алынған ақпараттар мен статистика құпия сақталуы қажет. Ол тек жалпыланған мәліметтерді іс жүргізу мақсатымен сай келуі тиіс. Сонымен қатар, зерттеуші алынған нәтижелерді және оның жүріс-тұрыс формасының саналы түрде жасалуына жеке жауапкершілікте болуы қажет. Зерттеу жүргізілген мәліметтердің психотерапиялық тиімділігін алдын-ала біліп отыру және оларды күнделікті тәжірибеде қолдану. Қарулы күштер қатарында психологиялық қызмет жауынгерлік және моралдық психологиялық дайындықтарды ұйымдастыруға және жүріс-тұрыстарының ауытқушылықтарын байқауға әскерлерге төтенше жағдайларда психологиялық көмек көрсетуге арналған. Полк психологы жауынгерлердің психологиялық дайындығына жауап береді. Ол полк қолбасшысының көмекшісіне тікелей бағынады.

Офицер-психологиялық  іріктеудің ұйымдастырушысы ретінде  топтасқан әскери ұжымның жауапкершілік  әзірлігін тәртіптілік жағдайы  оның уставтық міндетін қаншалықты орынды өтелуде. Сержанттың қызметіне оқу  бөлімшелерінен үйрету курсынан өткен  әскери қызметкерлерді тағайындайды. Әскери және теңіз флоттарындағы бөлімшелерге іріктеу нақты жүйеде жүреді. Оның құрамының бір бөлігі кәсіптік түрде оның мүшелерін психофизиологиялық талдаудан өткізу. Курсанттарды кәсіпке шыңдай өз-өзінен барлық мәселелерді шешпейді. Ол курсанттармен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізгенде олардың жеке адамдық қасиеттерін зерттеуде болашақта қолбасшы міндетін атқаруға қабілетін нақты бағалауға көмектеседі.

Курсанттарды  іріктеумен офицер айналысады. Ең бастысы  таңдау кезінде жақсы әдістемелерді қолдануы тиіс. Курсанттарды психологиялық таңдаудан курсанттар өз міндеттерін табысты орындауға көмектесетін психологиялық қасиеттер жиынтығын таңдай процестері жүргізу болып есептелінеді. Психологиялық таңдау келесі кезектер арқылы жүзеге асады. Алғашқы таңдау курсанттарды қарулы күштерді нақты қызметтер түріне талдау, жас жауынгерлерді оқу бөлімшелеріне таңдау. Оқу бөлімшелерінің бітірушілерін әскери ұжымдағы міндетке таңдау, жақсы жауынгерлерді бөлімшелердегі қызметке таңдау, курсанттарды шағын ұйымдарда әскери қызмет атқаруға таңдау. Бұл бағыттың әрқайсысының өз ерекшеліктерімен таңдау принципі бар. Ең бастысы жүйелі жекелік бағыт талдау әдістемелердің қолайлылығымен сенімділігінің ғылымилығы.

Курсанттарды  іріктеу кезінде саяси іскерлік қасиеттеріне, оның саналы сенімділігіне, өмірдегі көз қарасының белсенділігіне, адалдығына, еңбек сүйгіштігіне және адамдармен жұмыс істегісі келетін ықыласына көңіл аударуы қажет. Іріктеу ғылымының принципінде қолбасшылар мен саяси жұмыскерлер жағынан психодиагностикалауды және психологиялық талдаудың тиімді әдістемелерін және алдыңғы қатардағы жауынгерлік тәжірибелердің үлгісін пайдалану керек. Курсанттың жеке адамдық қасиетін зерттеудің негізінде жеке адам құрылымының динамикалық қызметінің концепсиясы жатыр. Ол төрт құрылымның өзара байланысынан тұрады. Биопсихикалық қасиеттер, жастық және тұқымқуалаушылық ерекшелігі инстинкт пен нышандар, темпарамент пен жүйке жүйесінің түрлері жатады.

Психикалық  процестерге түйсіну және қабылдау мен ес, елестету, зейін мен ойлау, сөйлеу, эмоциямен ерік әлеуметтік қасиеттерге: мінез қабілеттері, жеке адамдық бағыттылықтар  жатады. Жіктеу әдістемелердің оңай және сенімді болмысының негізгі кандидаттарын таңдауда уақытты үнемді пайдалану. Іріктеудің сенімділігі зерттеушілер саннан сапалық белгілерді ажырату. Бұл жағдайда сенімділік ретінде әдістемелер көмегімен алынған нәтижелердің тұрақтылығы түсініктеледі. Бұл жердегі міндет жеке адамның  психологиялық қасиеттерін толық зерттеудегі қамтамасыз ету, әскери оқуға жарамдылығы, жарамсыздығын тексеру. Іріктеудің тиімділігімен сенімділігін маманның зертттеуші сарапшы жұмысына ұйымдастырушылық және психологиялық әдістемелер дайындығы арқылы анықталады. Офицер курсанттар әрекетіне, әскери-техникалық жағдайына жақсы біледі. Сондықтан ол жауынгерлік күзетте тұрғанда, дайындық сағаттары кезінде және казармадағыларда жұмыстарына мұқият талдау жасай алады.

Курсанттарды  психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық  ұйымдастыру, басқарушының сапаларын  қалыптастыруды біледі. Осыған орай офицер нақты әрекет түріне қарап курсанттың психологиялық портретін қарастырады. Курсанттарды оқуға қабылдаудағы жарамдылығының қорытындылары психодиагностикалық салыстырылады. Зерттеушілерді үш топқа бөледі.

  1. жарамды, яғни таңдаудағы барлық белгілерге сәйкес келеді.
  2. шартты түрде жарамды.
  3. жарамсыз.

Белгіленген белгілерге ешқандай келмейді. Әрбір жағдайда таңдаудың ойланатын жақтары  қарастырылады. Кей-кезде біраз уақыт  өткеннен кейін жарамсыз топтағы  курсант ең жақсы көрсеткішке  ие болуы мүмкін екені ешкімге  де құпия емес. Оған керісінше алғашында жақсы деген бағамен оқуға түскен курсант әскери тәртіп бұзушылыққа түсетіні. Осыған байланысты таңдау кезінде негізгі екі жағдайға көңіл аударылады. Бірінші курсанттардың нақты әрекеті қызметіне психологиялық талдау жасау және оларға тиісті белгілерді жасау, екінші жағдайға курсанттардың жарамдылық дәрежелерін бағалайтын психодиагностикалық әдістемелерді қолдану. Іріктеудің сапасын көтеру үшін психодиагностикалық және психологиялық мәселелерді шешетін ережелерді құру қажет.

Офицер курсанттарды психологиялық іріктеудің ұйымдастырушысы. Осы жұмысқа жарамды жауынгерлерді тағайындайды. Іріктеу тобы әскери дәрігерлермен, оқу бөлімшелерінің мұғалімдерімен, қолбасыларымен біріге отырып жұмыс істейді. Әскери ұйыммен тығыз байланыста болу, таңдау әдістемелерін түзетуге көмектеседі.

1.4. Қазақстандағы  әскери қызметке кәсіби  даярлаудың  психологиялық мәселелері

Қазақстанның  жауынгерлік дәстүрі арқылы ерлікке  баулудың маңызы маңызы зор. Халқымыздың  жауынгерлік және ерлік тәлім-тәрбиелік  мұрасының тарихи алыс ғасырлар қойнауынан басталады. Халықтың жоғалып кетуі қаупі бір сәт толастамаған сол кезеңдерде күнделік қаракеті, тұрмыс-салты, елін, жерін, арын қорғауға бағытталған. ұлттық  тарих қайтадан жазылып жатқан шақта психология ғылымы ауыз әдебиеті үлгісін жазушы шығармаларын негізге алады.

Қазақстан халқының ерлік және жауынгерлік тарихи мұрасы мол болғанымен әміршілдік саясаты  әсерінен әскери, тарих, психология бойынша  зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін  ұлттық мұраға аса мән беріліп отырғанын басылымдардан, ғылыми зерттеулерден айқын аңғарамыз. Соңғы жылдары жарық көрген белгілі ғалым А.Бақаевтың еңбегі қазақ әскерлерінің тарихы азамат соғысы жылдарындағы атқыштардың іс тәрбиесі бүгінгі Қазақстандағы әскери саясатпен доктринасына өзек болады. А.Бақаевтың еңбектерінің маңызы әрбір әскер ұлттық ерекшелікті, салт-дәстүрді ескеру керектігін айтады.

Неміс ғалымы В.В.Радлов Өзінің “Сібір жазбалары” атты еңбегінде  “Қазақстанның өткен 100 жылдың тарихынан  бізге мәлім болып отырғандай, егерде шексіз далада соншалықты ұрыстар мен шапқыншылықтар басынан өткерген болса, кез-келген отырықшы тайпа мұндай жойқын күшке төтеп бере алмай, баяғыда ақ қырылып, жойылып кеткен болар еді. Ал, керісінше көшпелі халықтың бұл бақытты кезеңі болды, өйткені нақ осы жағдайда Қазақстанның ерлік даңқы топтасқан, жауынгерлігі ықпалы артқан еді” деп қазақ халқының басынан өткен тауқымет, соғыс зардабын өткерсе де өздерінің жауапкершілік, ерлік сезімдерін жоғары ұстап елін-жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін артындағы ұрпағына мәңгілік қоныс етіп қалдырған, қазақ деген атауға лайықты ел екеніне тоқталады. Қазіргі кезде Егемен Қазақстан мемлекеті қорғаныс қабілетін сақтау үшін Қарулы күштерін құрып жатқанда ұлттың әскери ерекшеліктерімен қатар, оған психологиялық жағынан тиімді пайдаланса әскер нышаны айқындала түсер еді.

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы және әскери құрылыс  тұжырымдамаларында ұлттың тәлім-тәрбие жеке адамды қалыптастыруда ұлттық негіздегі  әскери  дәстүрдің маңызы ерекше. Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алуынын және Біріккен Ғлттар Ұйымына қабылдануы жас қазақ мемлекетінің алдына үлкен мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Қазақ елінің тәуелсіздігінің егемендігін сақтап қалу әрбір азаматтың борышына айналды.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, Республика президенттің “Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін құру” туралы жарлығы жарық көрді. Қазақстан Республикасының әскери доктрина және әскери құрылыс тұжырымдамасында “Біз Егеменді мемлекетпіз және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ішкі және сыртқы саясаттың жалпы құрылымының өзегі болуға тиіс. Сондықтан  бізгі қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақталған жоғары даярлықтан өткен жақсы үйретілген Егемендік мүддемізге  қорғау үшін кез-келген жағдайда іс-қимыл жасауға даяр тұратын армия қажет. Ал мұндай армияны әскери құрылыстың тарихи тәжірибесіне және қазіргі заманғы саясат негізде ғана құруға болады” делінген.

А.Бақаевтың  “Армия және ұлт санасы” деген  мақаласында кезінде КСРО қарулы күштер қатарында жоғары әскери қарауында қазақ ұлтының өте аз адам болғаны олардың әскери ғылыммен айналыса алмауы және қазақ тарихындағы әскери жетістіктен ұлттың озық тәжірибелі зерттеуге мүмкіндік жасамағаны туралы айтылды.

Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың “Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде біздің тағы бір маңызды идеологиялық міндетіміз — Қазақстанды өз Отанын сүйгіштікке тәрбиелеу. Әрбір азаматтың өзін-өзі айқын білуін қалыптастыру, шынайы  Отан сүйгіштікті нағыз азаматтықты қалыптастыру және жеке бастың Өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін өз Отанын сапалы таңдауын көздейді” делінген.

Көп ұлтты Қазақстан  халқы үшін отансүйгіштік сезімінің  рухани саладағы тату-тәтті, тірлік азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да  тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркниетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын  алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Патиотизм Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту патриотизм элементтері қалыптаса бастады.

Б.Момышұлы патриотизм деп — Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлектті нығайту дегеніміз — жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда патриотизм — мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни, оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Тарихта қазақ деп аталатын жұрттың ежелгі сақтар, үйсіндер мен ғұндардың жаужүрек ұрпақтары екенін тарихшы-ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеген болатын.

Біз ұрпақ тәрбиесінде  отбасы, Отанның, өскен ортасының әсерінің орасан зор екенін байқаймыз. Ер елдің ық жағының панасы, қорғаны деп бағалаған ата-бабамыз “ерлік  тәрбиеден туады”-деп ұққан. Батырлық соғыс жағдайында соғыс тәсілдерін жетік меңгеріп, ірі жағдайда жауынгерлердің ерекше көзге түсуі. Батырлықтың ерекше белгісі соғыс жағдайында көрінеді. Батырлық соғыс өнеріне, стратегиясына жетік, ірі жағдайда жауынгерлерді ерекше көрсету. Жауынгерлік ерлік — жай уақытта да, күнделікті өмірде де ел-жер мүддесі үшін  қауіп-қатерлі істерге, ерекше қимылдарға бару әрекеті. Ерлік тәрбиесі дегеніміз, ата-бабалардың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін табандылық, батырлық қасиеттерімен бірге ұлттық намысты қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жауынгерлік тәрбие қазақ әскери тәрбие мағынасында беріледі.

Әскери тәрбие жұмысында саяси сапалық, өз Отанына  шексіз берілгендік, рухани баулу жүктелген  міндетті, тыңғылықты орындауға, адалдыққа, қырағылыққа соғыс қимылына әзір тұруға, батыл қимылдады. Әскери қызметтің  ауыртпалығына төзімділікке даярлау, өзара жолдастық көмек көрсетуде жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған Т.Тоқтаров Б.Бұлқышев, Р.Қошқарбаев Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, т.б. батырлар жаумен айқастағы ерен ерліктері арқылы ұлттық дәстүрлік тәрбиенің үлгісін көрсетті.

Әскери  патриоттық тәрбиені жетілдіру жолында өткендегі  әскер тарихын зерттей отырып, бүгінгі өмір талабына сай мазмұнын, міндеттерін терең ұғыну керек. Әскери патриоттық тәрбие берудің басқа  тәрбие түрлерінен айырмашылығы бар. Оның негізінде әртүрлі жағдайда Отанын қорғау, әскери міндетін атқаруға бейбітшілік сақтау бағытындағы көлемді жұмыстар қалыптасады.  Әр адамның өз Отанынына деген мақтаныш сезімі ата-бабасының негізін салып кеткен игі дәстүрлерін мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Б.Момышұлы “Ұлттық мақтаныш — ұлттық материалдық әлеуметтік және мәдени жетістіктердің негізінде қалыптасқан, әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идея ой-пікірлер мен байып отыратын ұлт бостандығы және саяси әлеуметтік бостандық жолы идеясына күрестің тарихы мен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады” дейді.

Қазақстанды мекендейтін әрбір ұлт өзінің мемлекет алдындағы міндет — қоғамдық байлыққа, яғни мемлекеттің материалдық базасын нығайта отырып, ұлттық бірлікті сақтау. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісімішілік мүддесін халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығы болып отыр. Б.Момышұлы “Соғыс психологиясы” атты еңбегінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі халқымыздың ынтымағына, бірлігіне тоқтала келе, адамдарды қалыптастыратын жақсы қасиеттер мен бірге жаман қасиеттерге әскери психология тұрғысында анықтама береді. Жоғары сезімді парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қарапайымдылық, ал төменгі жағымсыз сезімдерге: опасыздық, ар ұждансыздық, үрейшілдік, қорқақтық сияқты сезімдерді жатқызады. Ол соғыс кезіндегі әрбір жауынгердің бойындағы ұрыс кезінде қалыптасатын қасиеттерге психология тұрғысынан талдау жасайды. Б.Момышұлы қазақ халқының жауынгерлік дәстүрлерін жинақтай отырып, ұлттық әскери педагогика мен психологияның негізін салушылардың алдыңғы қатарында деп айта аламыз.

Информация о работе Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы