Ядролық қаруды таратпау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ядролық мәселесі – барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Оның бәрін ойластыру біздің ұрпаққа жүктеліп отыр. Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.

Работа содержит 1 файл

курсовая ядро.docx

— 97.89 Кб (Скачать)

     Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам  уақыт бойы әлем назарында ең күрделі, ең қатерлі мәселе болуда. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс  кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты  жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі  өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі. Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ  халқындай азап шеккен бірде-бір  халық болмағанын атасақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың  ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан  Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресей ресми мәліметтері жобалайды. КСРО-ның ядролық зобалаңынан 1 млн. қазақ халқы шейіт болып, осы күндері 0,5 млн адам неше түрлі ауру-сырқатқа шалдығуда. Туылған сәбилер арасында адам көрмеген, естімеген, ойламаған хайуан сияқтылары да кездесуде. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан жұрты неғұрлым жағдайда тұра алмайды. Ол қаруды жоюға біздің ел 1992 жылы қолындағы 1150 ядролық оқ тұмсықтан бас тартып, өзін ядролық қарусыз мемлекет деп жариялауы да әлемді толғатқан. Өйткені сол күш біздің елді дүние жүзіндегі 4-ші орынға шығарған болатын. Ал кейінгі он жылда Иран елінің ядролық бағдарламасы халықаралық сахнада дау туғызып, аймақтағы тыныштыққа өз әсерін тигізуде. Ол туралы, әсіресе АҚШ және Израиль тарапы дүркін-дүркін Иранды бомбалау керектігін «дәлелдеп» келді. Олар жақын арада Иран атом қаруын игеріп, басқа елдерге қарсы қолданудан тайынбайды-мыс деген мәліметтерді таратып, Орталық Азия, Парсы шығанағындағы елдерді шошындырды. Дж. Буш бастаған Вашингтон әкімшілігі кейінгі 4-5 жыл ішінде неше рет осы мәселені БҰҰ ҚК талқыға салғызып, 3 қарар қабылдатқызған. Иранның Бушердегі атом электр станциясын салғызуын, оған жарамды уранды байытуға арналған жабдықтарды іске қосуын атом қаруын жасауға бағытталған жоспар деп Тегеранды кінәлаған. Иранға Халықаралық атом қуатына қатысты агенттігінің (МАГАТЭ) өкілдерін  жібергізіп, бақылау шараларын да жүргізген. Олар көптеген орталықтарды тексеріп, қазіргі кезде ядролық қару жасауға кіріспегені, керек болса шамасыздығы да ескерілмеген. Ол туралы МАГАТЭ  басындағы М. Бараден бірнеше рет мәлімдеген. 2008 жылы 15 қыркүйектегі баяндамасында осы Агенттік Ирандағы ядролық заттар есептеулі және әскери бағытта пайдаланбағандығын жария еткен болатын [15, с.12]

     Иран  болса ядролық ізденістерді 40 жылдан астам бұрын бастаған еді. 1950 жылдары  ол бағытта АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция  сияқты елдер өздеріне дос болғандарға  осы салада зерттеу жүргізуге  көмектескен. КСРО-ның ынтымақтасуымен  ядролық реакторлар Қытайда, Солтүстік  Кореяда, басқа социалистік және дамушы мемлекеттерде салынған. Дубно  қаласында олардың мамандары  даярланған.

     1957 ж. Иран үкіметімен АҚШ ядролық  қуатты бейбіт мақсаттарда қолдану  туралы келісімшарт жасасқан  болатын. Содан кейін Америкадан  Иранға қажетті ядролық жабдықтар  жеткізіліп, оларды игеретін мамандар  жіберілген. Иран жастары мен  ғалымдары АҚШ-тың оқу орындарында,  арнайы зерттеу орталықтарында  тәжірибе алуға мүмкіндігі болды.  Он жыл өткенде батыс елдерінің  көмегімен (оған АҚШ жағынан  берген жәрдем басым болғаны  мәлім) Тегеран университетінің  физика факультетіндегі ғылыми-зерттеу  орталығында шағын қуатты (5 Мвт)  реактор іске қосылған. Ол әр  жылы 600 г плутоний игеруге шамалы еді. Алғашқы кезде оған жарамды шикізатты Аргентина жіберіп тұрған. Бұл іс-шаралар МАГАТЭ бақылауында болып, заңды түрде жүргізіліп жатты.

     Иран 1968 ж. өмірге келген ядролық қаруды таратпау шартын қолдап, мәжілісте  ратификация-лады. 1974 ж. мамырда Иранның  ядролық зерттеулері бейбіт бағытта  болуын мойындай, МАГАТЭ кепілдік келісімге  қол қойды. Иран атом электр станцияларын (АЭС) салу арқылы ядролық қуатын пайдалануды  ойластырған. Алғашқы кезекте Батыс  Германия, Франция, сондай-ақ АҚШ фирмалары  оған атсалысқан. АЭС жұмыс істеу  үшін байытылған уран қажет, елде оны  өңдеу де қарастырылған. Алғашқы  бағдарлама бойынша Иранда 20-дан  астам энергоблок салу көзделген. Үкімет тұсында атом қуаты бойынша арнайы орган құрылып, оған уран қорларын іздестіру, ядролық отын өндіру мәселелерін  жүктеген. АҚШ бастаған бір топ  Батыс елдерінің компаниялары Бушерде  және Азвазда екі-екіден төрт энергоблок құруға кірісіп, оларды 1980-1981 жж. және 1983-1984 жж. аяқтауды жоспарлаған. Аталған құрылыстар қыза түскенде Иран халқы сатқын шаһ  билігін құлатып, елде жаңа тәртіп орнатты. Ұлттық мүддені алға тартқан күштер өкіметті қолға алды. Оның саясаты  АҚШ-қа мүлдем ұнамады. Батыс елдері Иранмен ынтымақтастығын үзуге  кірісті. Шеттен келген мамандар кетіп  қалды. Бушер түбіндегі бірінші  энергоблоктың дайындығы - 90%, онда орнатылған жабдық көлемі - 60%, ал екіншісі 40-75%-ға дейін  дайын болған еді. Олар аяқтаусыз  қалды. Ал 1980 ж. күзде Ирак Иранға қарсы  соғыс ашып, ядролық кешендерді бомбалай тастады. Сегіз жылға соғыс кезінде  Иран басшылығы қазіргі кездегі  қару-жараққа ие болуды өзекті мәселе ретінде қарастыруға барған. Содан  бері зымырандарды игеруге қол жеткізді. Аймақтағы Израиль 1970 жылдары, Үндістан мен Пәкістан 1990 жж. атом бомбаларын иеленгені бұл елге өз әсерін тигізбей қоймаған, әрине Парсы шығанағында  орныққан АҚШ әскери базалары мен  жүздеген мың әскери бөлімшелері  де Иранды сескендіріп тұрғаны белгілі. Бұл жағдай 1991 ж. Ирактық Кувейтке қарсы шабуылынан кейін одан әрі  қарай шиеленісіп кеткен. Батыс елдері Иракты тырп еткізбей ұстап, анда-санда  оны жазалап тұруы бүкіл Таяу және Орта Шығысты үрейлендірді.

     Соғыс біткенше ядролық бағдарлама қолға  алынбаған. Тек 1990 жылдары Иран КСРО-мен, Солтүстік Кореямен, Қытаймен, Үндістанмен, т.б елдермен келіссөздер жүргізіп, ядролық құрылыс-тарды қайта жандандыруға кіріскен. Әрине, ол оңайлыққа түскен жоқ. Бірақ бос қалған нарыққа  қызығушылық білдіргендер де табылған. Сонда да неше түрлі тосқауылдарды реттеу үшін бірнеше жылдар өткен еді. Тек 1990 жылдардың аяғында Иран-Ресей арнайы келісіміне барып, құрылысты жалғастыру істері ұйымдастырылды. 2008 жылдың аяғында Бушердегі атом станциясын құру жұмыс-тары аяқталып, енді уран отынын орналастыру шаралары қарастырылуда. Қазірше уран твелдерімен Ресей қамтамасыз ету белгіленген. Оның қалдықтарын Ресейге қайтару да шешілген. Өйткені солардан плутоний жинақталып, ядролық қару жасауға жарамды болады.

     Осы істерді Халықаралық атом қуатына  қатысты агенттік толық бақылауы қажет. Екінші мәселе Иран үкіметі келешекте  өз тарапынан уранды байытып, атом станциясы  өзі қамтамасыз етуі ойластырылуда. Соған орай Исфахан және басқа  қалаларда арнайы орталықтар іске қосылуда, әрине зерттеу институттары да қызмет атқаруда. Бір сөзбен айтқанда, Иран бұл салаға қатысты істерді толық  өз қолында ұстауды қалайды. Оған Батыс  елдері қарсы. Ресей де күдікпен қарайды.

     Келешекте Иран тағы да бірнеше атом станциясын салуға ниет білдіруде. Оларды салу, уран отынымен жабдықтау өте көп пайда  беретіні белгілі және ол саланы игеріп алу саяси-әскери қауіпсіздікке  тікелей қатысы бар. Иран әрекеттері жалпы бейбіт істер, оған әр егемен мемлекет құқылы. Жақында Иран президенті М. Ахмединежад Астанаға ресми сапар  жасағанда осы мәселені қарастырған. Екіжақты келіссөздер кезінде Қазақстан  президенті Н. Назарбаев «Иран басқа  елдер сияқты бейбіт атом қуатына  толық құқықты» дегені көпшілік арасында қолдау тапты. Бірақ АҚШ, Израиль, кейбір Парсы шығанағы мемлекеттері қарсылық көрсетуде. Олар Ирандағы билік халықаралық лаңкестікті қолдауда-мыс, Израильді мойындамауда, тіпті еврей мемлекетін құртуға бел байлаған деп кінә тағуда. Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Али Ларижанн америкалық журналиске берген жауабында өз елінің Палестинадағы «ХАМАСты», Ливандағы «ХИЗБАЛЛАҺты» жақтайтынын дәлелдеді. Керек болса қаржылай көмектесуін мойындады. Олар ұлт-азаттық күрес жүргізуші ұйымдар, лаңкестік топтар емес. Тек Иранда олардың әскери лагерлері жоқ, Иран азаматтары аталған ұйым қатарында кездеспейтінін атай өтті.

     Батыс баспасөздері ХАМАСшылар Израильді  Иранда жасалған зымырандармен атқылауда  деп жазады. Ал Ливанда ХИЗБАЛЛАҺ жауынгерлері, Ауғанстандағы талибандар, Сомалидегі лаңкесшілер Ресей автоматтарымен, зымырандарымен қаруланғанын алға тартпайды. АҚШ-та, Ресейде шығарылған қару-жарақтар әлемде таратылуда емес пе? Жыл сайын осы екі алып мемлекет сан алуан әскери техника мен қару-жарақ, оқ-дәрі сатып, әрқайсысы оннан астам миллиард доллар табыс табады ғой. Ол саудаға Қытай, Ұлыбритания, Франция, Израиль, т.б. елдер кеңінен қатысып келеді. Қазіргі кездегі қаптаған аймақтық жанжалдар баяғы найза, қылыш, шоқпар емес, осы заманға сәйкес қарулармен жүргізілуде. Сондықтан қаруларды экспорттауға тыйым салған жөн болар еді.

     Ең  қызығы, жақында ғана АҚШ барлаушы органдарының басшылары ресми түрде  Иранда ядролық қару жасау бағдарламасы жоқ екенін жариялады. Демек, Дж. Буш  кезіндегі саяси бағыттың негізсіздігін  мойындады. Осыдан кейін Барак Обама  әкімшілігі жаңа қорытындылар жасауы мүмкін. Бірақ Израиль бас штабының бастығы генерал Габи Ашкенази Иранның  ядролық орталықтарын жоюға даяр болуға әскери күштерді бағыттауда. Еврей мемлекеті 1981 ж. Бағдад түбіндегі ирақтық ядролық объектілерін, 2007 ж. Сирияның құпия әскери кәсіпорындарын ұшақтармен қиратқаны белгілі. Араб елдері ол заңсыз қылмыстық әрекеттерге тойтарыс беруге шамасы келмеді, ал мұндай жағдайда Иран жағы қарап жатпас. Иран әскери қауқары қазір күшейген. Жақында ол ғарышқа «Үміт» атты жасанды серік жіберуі де соғыс құмарларды ойландыруы керек. Демек, ол ел баллистикалық зымырандарды игеріп алғандығын көрсетеді ғой. Онымен Израиль ғана емес, алыстағы жаулар да соққы жейтінін ескеруі қажет. Сондықтан да АҚШ, Франция, т.б елдерде Иранның ғарышқа шығуынан күдіктеніп, әшкерелеген болды.

     Иран  атом қауқарын бейбіт істерге пайдалануына соншама дуылдатып жүрген АҚШ  та, Израиль да өздерінің қолындағы  ядролық қаруды жоюға, болмаса қысқартуға барғысы келмейді. Ақырға мәліметтерге қарасақ, АҚШ он мыңға жуық ядролық оқ тұмсықтарын сақтауда, олардың 5737 тұрақты түрде әскери дайындықта, алтауы шет елдерде (Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Нидерландия, Түркия, Германия) орналастырылған, Израильде 100-ге жуық, кей мәліметтерде 400 атом бомбасы мен снарядтар шоғырланған. Аймақтағы Ирак пен Ауғанстанның тағдырын, Палестина, Ливан, Сирия жағдайларына талдау жасай, өзін отыз жыл бойы қысымға алып, әне шабуылға шығымыз, міне шабуылға шығамыз деп шошындырып жүрген елдер саясатына тізе бүкпей, қарулы күштерін нығайтып келген Иранды түсінуге де болады. Әрине, ядролық қарумен ойнауды, оған талпынуды қолдау керек емес. Қазақстан басшылығы ол қарудың таралмауын біртіндеп қысқартып, түбінде жоюды қолдап отыр. АҚШ-тың Барак Обама бастаған жаңа әкімшілігі Ресеймен келіссөз бастай, стратегиялық қаруларды қысқарту туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге Чехия мен Польша жерінде зымырандарға қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыруда АҚШ тарапы Иранның ядролық бағдарламасынан бас тартуымен байланыстырып, енді Ресеймен ынтымақтаса түсіп, Иранды қысымға алуды көздеуде.  Оған Медведев – Путин тобы қалай қарайтынын жақын арада білетін боламыз. Орталық Азиядағы жағдайды бейбіт жолдармен реттеу аймақтағы қауіпсіздікті ұжымдаса отырып, әділетті негізде орнату уақыты туындауда құр жазасыз елдерді үрейлендіру, оларды даму жолына түсірмеу туралы саяси мақсаттар сәтсіздікке апаратынын және бірде-бір елге жақсылық әкелмейтінін ұмытпаған жөн. Сондықтан оны тек саяси-дипломатиялық жолдармен реттеу - күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.  

     XXІ  ғасыр адам баласының жаһандану  кезеңіне аяқ басып, әлемді  жаңарту бағытында көптеген ғылыми  өзгерістерімен таңдандыруда. XX ғасырдың 40-жылдарынан бастау алған  ядролық қарудың негізі  адамзат қоғамының  қауіпті дертіне айналып,  «Атом өндірісінің» бағыттары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда.

     XX ғасырдың бірінші ширегінде әлемдегі  ұлы державалар арасында қару-жарақ  бәсекелестігі орнаған болатын.  Алғашқы ядролық қаруды жасау  мен сынаудағы бестік мемлекеттер: 1945 жылы Америка Құрама Штаттары, 1949 жылы Кеңес Одағы, 1952 жылы Ұлыбритания, 1960 жылы Франция, 1964 ж. Қытай Халық Республикасы. Ядролық қарудың пайда болғанынан бастап әлемдегі ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге саясатта өз өктемдігін жүргізе бастады. Ядролық державалардың мұндай әрекеті мемлекеттер арасында тұрақсыздық тудыратыны анық еді. Осы аталған елдер Халықаралық Атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) бақылауымен 1967 жылы 1 маусымда Венада Ядролық қаруды таратпау келісімшартына (ДНЯО) қол қойды. Ядролық қаруды таратпау келісімшартының келесі тармағының IV бабына сәйкес ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге «Бейбітшілік мақсатта ядролық энергияны өндіруге, пайдалануға, зерттеуге» құқылы екендігін жеткізді. ЯҚТКШ-ның кейбір тарауларына келіспеушілігін білдірген бірнеше мемлекеттер келісім-шарттың ұлттық алалау сыңайларының барын атап өтті. Үндістан, Пәкістан, Израиль, ОАР және Бразилия өздерінің ядролық қаруларын жасауды бастады. ХХ ғ. 80-жылдарында ОАР мен Бразилия өзінің ядролық арсеналын жойды. Алғашқы бес ядролық алпауыт мемлекеттер кейінгі мемлекеттердің ядролық қару жасау әрекетіне кедергі бола алмады. Олар өздерінің ядролық зерттеу жұмыстарын ЯҚТКШ-ның негізінде жүргізді. Ядролық державалардың ішіндегі әлемдегі алғашқы АЭС-тің негізін қалаған Кеңес Одағының ғылымға қосқан жаңалығы ядролық технологияның жетістігінде әскери және саяси, бейбітшілік маңызы жағынан әлемдегі елдердің қызығушылығын тудыратыны анық еді. Келісімшарт негізінде Кеңес Одағының жетпіс жылдық билігінен кейін, кеңестік билігіндегі мемлекеттер өз егемендігін алып, шет мемлекеттермен байланысын жаңа тұрпатта жүргізе бастады. Әлемді дүр сілкіндіріп, дүрбелең дүниені діңгегінен ұстаған Кеңес үкіметі өз құдіретінен айырылды десек болар еді, бірақ Ресей Федерациясы өзінің ықпалын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында (ТМД) жоғалтпады. Әлемдік саясаттағы дағдарыстың ықпалы көптеген елдермен бейбітшілік тұрғыда қарым-қатынасты шешті деп айта алмаймыз. Кеңес Одағының ыдырауы бақталас державаның бірі АҚШ және Еуропа мемлекеттері үшін үлкен жеңіс болды. АҚШ-тың Таяу Шығысқа және Орта Азияға ықпал етуіне кедергілер болмады. Америка Құрама Штаттары мен Еуропа мемлекеттері үшін Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясымен  уран өндіру және атом электр станциясын (АЭС) қолға алуы үлкен қобалжулар тудыруда. Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы ядролық бағыттағы бірлескен іс-жобалар саяси әлемдік деңгейде маңызды орынға ие болуда. Ресей Федерациясы 1992 ж. тамыздағы Иран территориясында АЭС «Бушер» жобасын бейбітшілік бағытта қолдану және іске асыру келісімшарты негізінде қосымша келісімшарт 29.08.1998 ж. «Атомстройэкспорт»  жасалды. 1997 жылы  Ресейдің атом саласының көрнекті маманы академик, атом энергетикасының министрі болған В.Н. Михайлов  Ғылыми жиында ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта қолдануда ешбір тосқауылдың болмайтындығын,  ядролық энергетиканы меңгеруде мемлекеттер санының артатындығын айтқан [14].

Информация о работе Ядролық қаруды таратпау