Германияның мемлекеті жəне құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 11:37, реферат

Описание работы

Дербес мемлекет ретінде Германия Франк мемлекетінің ыдырауы нəтижесінде пайда болды. Алғашқыда ол Тевтон мемлекеті деп аталды, оның құрамына Швабия, Бавария, Франкония, Саксония жəне Лотарингия кірген (славяндар Тевто
нияда өмір сүретін халықтарды немецтер деп атаған, «немой» — славян тілдерінде сөйлей алмаушы).

Работа содержит 1 файл

Германияның мемлекеті жəне құқығы.doc

— 62.50 Кб (Скачать)


Германияның мемлекеті жəне құқығы

 

Дербес мемлекет ретінде Германия Франк мемлекетінің

ыдырауы нəтижесінде пайда болды. Алғашқыда ол Тевтон

мемлекеті деп аталды, оның құрамына Швабия, Бавария, Фран-

кония, Саксония жəне Лотарингия кірген (славяндар Тевто-

нияда өмір сүретін халықтарды немецтер деп атаған, «немой»

— славян тілдерінде сөйлей алмаушы).

Германияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:

1 кезең — ертефеодалдық монархияның — герман

халқының Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.);

2 кезең — Германияның княздықтарындағы сословиелік-

өкілдік монархияның қалыптасуы жəне нығаюы жəне

курфюрсттер олигархиясының орнауы (ХIV-XVI ғ.ғ.);

3 кезең — герман мемлекеттерінде княздық абсолютизмнің

орнауы (ХVII-ХІХғ. басы).

а) Ертефеодалдық монархия

Аумақтың көршілес халықтардың (славяндардың) кеңеюі

нəтижесінде Еуропаның орталығында құрамына барлық

германдық герцогтықтар, полабтық славяндар мен Солтүстік

Италияның күштеп қосылған жерлері кірген империя пайда

болды, ол ХІІІ ғасырда «герман халқының қасиетті Рим

империясы» атауын иеленді. Бұл əр түрлі халықтарды —

немістерді, славяндарды — императордың билігіне күштеп

біріктірген мемлекет болды, алайда əлсіз болғандықтан, мұнда

саяси дербес княздықтар мен жекелеген неміс қала —

республикалары қалыптасты.

Қоғамдық құрылым. Бұл кезеңде халықтың негізгі бөлігін

феодалдар құрады, олар үстемдік құрушы топ пен рыцарь-

лардан тұрды (бұлардың екеуіне де ортақ белгі болып сю-

зереннен алынған ленді иелену мен сюзереннің əскеріне қыз-

мет ету міндеті табылды). Халықтың екінші бөлігі шаруалар-

дан тұрды, олар бірнеше санаттарға бөлінді: еркін шаруалар —

өз жерлерінің иесі; чиншевиктер — бөтен жерді пайда-

ланушылар жəне сол үшін алым-чинхи төлеушілер; басыбайлы

шаруалар мен халоптар; қалалықтар — саудагерлер мен қо-

лөнершілер, жеке бостандық пен меншікті иеленген.

Мемлекеттік құрылым. Германиядағы мемлекеттік құры-

лымның өзіндік ерекшеліктері болған:

а) патшалар (императорлар) сайланбалы болатын;

ə) жергілікті феодалдардың, əсіресе, князьдардың билігі

ерекше мəнге ие болғаны соншалық, олар дербес мемлекет

басшыларына айналды. Формальды түрде герман патшасының

билігі ауқымды болса, іс жүзінде ол діни жəне ақсүйек

феодалдардың артықшылықтарының нəтижесінде шектелетін

болды, сөйтіп феодалдар орталық биліктен экономикалық жəне

саяси тəуелсіз болды. Хғ. басқарудың сарайлық — вотчиналық

жүйесі бекітілді. Жергілікті жерлердегі патша шенеуніктері —

графтар мұрагерлік ленниктерге айналды, олар өз иеліктерінің

басқару аппаратын қалыптастырды, сөйтіп орталық органдар

жергілікті жерлердегі басқаруға араласа алмайтын болды.

Əскер. Бұл кезеңде Германияның қарулы күштері рыцарь-

лардан — императордың вассалдарынан құралды. Феодалдар-

дың əскери қызметі 6 аптамен жəне белгілі бір аумақпен

шектелді. Қажет болған жағдайда патша қолына шаруалар

шақырылатын.

Сот. Императорлардың сот билігі шектелген болатын. Жо-

ғарғы юрисдикция ақсүйек жəне діни феодалдардың қолында

жинақталды; сословиелік соттар пайда болып, өзімен тең

тұлғалармен соттасу қағидасы бекітіледі. Шаруаларға қатысты

сот билігін феодалдар жүзеге асыратын болды.

ə) Сословиелік — өкілдік монархия

Қоғамдық құрылым. Таптық құрылымдағы өзгерістер орта

феодалдардың жоғалуынан, орта феодалдар сословиесі ретін-

дегі рыцарьлар тобының құлдырауынан жəне қалалардағы

қаналушы тап өкілдерінің санының өсуінен көрініс тапты. Діни

қызметкерлер екі топқа бөлінді: жоғарғы діни қызметкерлер —

ірі жер иеленушілер жəне төменгі діни қызметкерлер —

қаланың жəне селоның дін қызметшілері. Қала халқының

арасынан жоғарғы топ — патрициат, орта топ — шеберлер

жəне халықтың пиебей бөлігі — шеберлердің көмекшілері

бөлініп шықты.

Мемлекеттік құрылым. Князьдардың экономикалық кү-

шеюінің нəтижесі ретінде Германияның саяси ыдырауының

өсуі орын алды. Бұл кезеңде мемлекетте 324 аумақтық бірлік

болды, олар дербес мемлекеттер құқығын иеленді, сонымен

қатар, 1475 еркін рыцарьлықиеліктер болды. ХІV ғасырдан

бастап мемлекетті іс жүзінде жеті ірі князьдардан құралған топ

басқарды, олар: маркграф Бранденбургский, герцог Саксон-

ский, пфальцграф Рейнский, Чехия мен Богемия патшалары

жəне үш епископ — Кельнский, Майнцкий жəне Трирский.

Бұлар курфюрсттар, яғни, сайлаушылардың князьдары атауын

иеленді. Курфюрсттар əрбір императордың сайлау кезінде

оның билігін шектеуге қатысты өздерінің шарттарын қабыл-

дауына бар күшін салды. Бұл шарттар сайлаушылық капиту-

ляциялар деп аталды.

ХІV ғасырдан бастап имперлық сейм — Рейхстагтың

өкілдік органының ұйымы тұрақты сипатты иеленді, ол үш

алқадан құралды: курфюрсттер алқасы; князьдер, графтар жəне

еркін тұлғалар алқасы жəне қалалар өкілдерінің алқасы. ХVІІ

ғасырдан бастап бұл алқалар имперлік сословиелер немесе

чиндер атауын иеленді. Əрбір мемлекетте өз сословиелері

(чиндер) пайда болды, олар өз артықшылықтарын иеленді жəне

тұйық корпорацияларға айналды. Басым көпшілік мемлекет-

терде бір-бірінен тəуелсіз жəне тұйық үш курия құрылды: дін

қызметкерлерінің куриясы, рыцарьлар куриясы жəне қалалық-

тар куриясы.бұл куриялардың жиналыстары ландтагтар деп

аталды.

Қалалар өздерінің саяси мəні бойынша үш топқа бөлінді:

имперлық қалалар (патшаның тікелей вассалдары болып та-

былды, өздерінің жоғарғы соты, əскері болды, тиын шығарды,

императорға адалдық антын білдірді, жыл сайын императо-

рлық салық төлеп əскерді жасақтауға жəрдемдескен), еркін

қалалар) ұқсас құқықтарды иеленген, алайда салықтар мен

əскерді жасақтаудан босатылған) жəне княздық немесе жергі-

лікті қалалар (өз кеңестері болған, алайда олардың құқықтары

шектелген болатын).

1495 жылы импер соты құрылды, мұнда барлық істер рим

құқығының негізінде қарастырылатын болды, содан кейін ғана

екінші кезекте неміс құқығы қолданылатын.

б) Шексіз монархия

Германиядағы шексіз монархияның өзіндік ерекшеліктері

болды. Біркелкі емес экономикалық дамудың нəтижесінде

мемлекет ұзақ уақыт бойы ыдыраушылық жағдайында болды,

алайда империяның құрамына кірген əрбір жеке мемлекетте

ХVІІ ғасырға қарай шексіз монархия орнады. Бұл княздық

немесе облыстық абсолютизм еді.

XVII-XVIII ғ.ғ. герман империясының қоғамдық құрылысы

өзгеріссіз қалды. Император билігі құрметті атаққа айналды.

Князьдар əскери міндеттен босатылып, императорға салықтар

төлемейтін болды. Рейхстаг өз мəнін жоғалтты. Импер соты-

ның орнына имперлық сарайлық сот келді. Ландтагтар тек көз-

бояушылық үшін жиналатын болған.

в) Пруссия

Барлық герман мемлекеттерінің арасынан XVIII ғасырда

Бранденбург маркграфствосы ерекше күшейді, ол 1702 жылы

Пруссия патшалығына айналды. Бұл полицейлік мемлекет еді,

оның негізгі қағидасы болып азаматтардың кезкелген жеке

құқықтарын жоққа шығару жəне шектен тыс бюрократизм

табылды.

Пруссия мемлекетінің басшысы болып патша табылды, ол

курфюрсттердің имперлық алқасына кіретін. Патшаның жа-

нында құпия кеңес-мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы

əрекет етті, ол үш департаментке бөлінді: шетелдік істер, ішкі

істер жəне юстиция департаменттері. Пруссиядағы жергілікті

басқару ақсүйектік өзін-өзі басқаруға негізделген болатын.

Ақсүйектер өз қатарынан ландраттарды сайлайтын, олар то-

лығымен орталық билікке бағынған болатын. Пруссиядағы бас-

қарудың жүйесі төменгі буындардың жоғарғы буынға толы-

ғымен бағыну қағидасына — шенеуніктік иерархия қағидасына

негізделген болатын.

Құқықтық негізгі сипаттары. Х-ХІІІ ғасырларда Герма-

нияда біртұтас құқықтық жүйе болмаған: əрбір саяси бостан-

дығы бар аумақта өз құқығы болатын, бұл кезеңдегі құқықтың

негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын.

ХІІІ ғасырда əдет-ғұрыпты жазуға қатысты алғашқы

талпыныстар орын алды, олар жеке сипатта болды, олардың

ішіндегі аса əйгілілері Саксондық зерцало мен Шваб зерцалосы

еді.

Саксондық зерцалоның негізгі қайнар көзі болып солтүстік-

шығыс Германияның əдет құқығының нормалары табылды. Ол

екі бөліктен құралды: 1) жергілікті құқық — еркін тұлғалар

арасындағы азаматтық, қылмыстық — іс жүргізушілік жəне

мемлекеттік-құқықтық қатынастарды реттейтін жəне 2) лендік

құқық — феодалдар арасында пайда болатын вассалитет

қатынастарын реттейтін.

Шваб зерцалосының қайнар көздері болып ежелгі герман-

дық шындықтар — Бавар жəне Аллемен шындықтары, импе-

раторлардың капитулярийлары, римдік жəне канондық құқық,

сонымен қатар Саксон шындығы табылды.

Құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар мыналар да

жатты: қалалық құқық — Магдебург жəне Любекс құқықтары,

бұлар адамдарды еркін жəне тəуелді деп бөлмейтін жəне

барлық қатынастарды реттейтін; рим құқығы, ол XVI-XVII

ғасырларда негізгі қайнар көз болып табылды; канондық

құқық. 1532 жылы рехстаг жалпы германдық қылмыстық жəне

қылмыстық іс жүргізушілік ереже қабылдады, ол «Каролина»

деп аталды, бұл ереже жергілікті əдет-ғұрып пен заңдардағы

олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған болатын.

Каролинаға сəйкес қылмыстардың келесі түрлері ажыра-

тылды: 1. Дінге қарсы қылмыстар — құдайдан безіну, дуалау,

антынан таю. 2. Мемлекеттік қылмыстар — сатқындық, би-

лікке қарсы көтеріліс, бейбітшілікті бұзу, жалған ақша жасау,

қарақшылық. 3. Меншікке қарсы қылмыстар — ұрлық, тонау,

өртеу. 4. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар — адам өлтіру, адам-

ның мүшелеріне зиян келтіру, зорлау, қорлау, ар-ұятқа нұқсан

келтіру. 5. Имандылыққа қарсы қылмыстар — екі əйел алу,

некедегі адалдықты бұзу, зинақорлық, жақын туыстарымен

жыныстық қатынасқа түсу, кəмелетке толмағандармен жыныс-

тық қатынасқа түсу. 6. Əділ сотты жүзеге асыру тəртібіне

қатысты қылмыстар — сот алдында өтірік ант беру жəне

жалған куə болу. 7. Сауда тəртібіне қатысты қылмыстар

жеткізбей өлшеу, асыра өлшеу. Жаза түрінде өлім жазасы, дене

жазалары, мелекеттен қуу жəне айыппұл көзделген.

 



Информация о работе Германияның мемлекеті жəне құқығы