Франциядағы ағартушылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:17, реферат

Описание работы

Ағартушылық бағыт сол дәуірдегі жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегі құрамды бөліктерінің бірінен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік адамгершілік идеалдар мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен сипатталады. Адам қасиеттерін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті жеңуді, рационалды білімді халык арасына кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды талап етті.

Работа содержит 1 файл

ағартушылық.docx

— 28.68 Кб (Скачать)

Оның ілімінің едәуір бөлігі "билікті бөлу" концепциясына арналған. Локктың билікті бөлу идеясын одан әрі дамытқан Монтескье мемлекеттік билікті теріс пайдалану жағдайында саяси бостандық бос сөзге айналатындығын, сондықтан да мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу қажеттігін айтады. Билікті бөлудің басты мақсаты — өкімет билігін теріс пайдалануды болдырмау. Биліктің бөлінуі мен олардың теңдігі және әрқайсысының жосықсыз әрекеттерді өзара тыйып отыруы саяси бостаңдықты мемлекеттік құрылымда қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.

"Егер,— деп жазды  Монтескье, заң шығару және  атқару билігі бір адамның қолына шығарылынса, бостандық болмайды, өйткені, монарх немесе сенат өзі тиімді пайдалана алатын заңдар шығарады". Сот билігі заң шығару және атқару билігінен бөлінбеген жағдайда да бостандық бола алмайды, өйткені судья өзі шығарған және орындаған заңдар бойынша ғана әрекет етеді. "Заңда міндеттелмеген істі ешкімнің де күшпен орындатуға өкілеттігі жоқ және заң тиым салғанды істеуге де мәжбүр етуге де болмайды".

Монтескье сонымен бірге  саяси бостандық ойына келгеннің  бәрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заң мен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьенің заңдар туралы ілімінің құрамды бөлігі оның зандарының әртүрлі разрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдайлык құқықтармен (діни құқық), шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

Монтескье заң құрастыру  мен заң шығару техникасының түрлеріне  арнайы көңіл бөледі. Заң шығарушы ең алдымен, заңның нақты, қарапайым  және қысқа болу ережесін басшылыққа алуы тиіс. Заң сөздері мен терминдері барлық адам үшін түсінікті бір ғана ұғымда болуы шарт.

Монтескье шығармаларындағы заң теориясының талдаулары заң  шығару тарихының тәжірибелеріне сүйеніп жасалған. Ол римдіктердің заң шығару ілімін, Франциядағы азаматтық зандардың пайда болуы мен өзгерістерін және басқа елдердің құқық тарихын жан-жақты зерттеген және пайдаланған. Оның "заңдар рухы" және билікті бөлу туралы ілімі одан кейінгі саяси-құқыктық ойдың, әсіресе құқықтық мемлекет теориясы мен практикасының дамуына едәуір ықпалын тигізді.

 

Жан Жак Руссо  саяси және құкықтық ілімдер тарихындағы  жарық жұлдыздардың бірі. Оның саяси-құқықтық және әлеуметтік көзқарастары "Адамдар арасыңдағы теңсіздіктің пайда болуы мен негіздемесі туралы ойлар", "Саяси экономия туралы", "Мәңгі әлем туралы ойлар" және "Қоғамдық келісім немесе саяси құқық принциптері туралы" шығармаларында көрініс тапқан. Оның қоғам, мемлекет, құқық мәселелері туралы ілімі халықтың егемендік идеясы мен принципін қорғауға негізделген. Сол кездегі кең тараған табиғи жағдай ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухани өмірінің қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады.

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойынша, жеке меншік болмайды, барлық адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни дене қабілеттерінен ғана. Жеке меншіктің және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болу себебінен табиғи теңдік бұзылып, кедейлер мен байлар арасында күрес басталған. Руссо бұл туралы "теңдіктің жойылуына адамдар тарихыңдағы ең бір ауыр кезең — күштілердің әлсіздерді, байлардың жарлыларды ұрып-соғуы мен тонауы басталды, ауыр күнәға батқан адамзат ұрпағы кейін қайтар жолды да таба алмады және дәулеттілер бұл мүмкіндіктен қайта айрылғысы да келмеді" деп жазды. Байлар үшін өз мүдделерінің заңдылығын бұзбастан мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы барлық адамдар бағынышты болатын мемлекеттік билік пен заң орнату туралы келісім жасау болды.

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол  салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостаңдықты қайта келместей  етіп жойды, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды". Жеке меншіктегі теңсіздікке саяси теңсіздіктің қосылуы Руссо ілімі бойынша, деспотизмдегі абсолюттік теңсіздікке алып келді, ал деспот алдында өзінің құлдығы мен теңсіздігі жағынан барлық адам тең.

Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы концепцияға  сай құрылған мемлекеті. Осы мемлекеттің  саяси қатынастары мен заңдары  ғана табиғи жағдайдан азаматтық  жағдайға ауысуын әділдік пен  құқықтық және сана тұрғысынан ақтай алады. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдік пен меншік мәселелеріндегі қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіреді. Феодаддық қоғамда өмір сүру құқығы заңға емес, күштілікке негізделгенін және әлсіздердің өз құқықтарын қайтаруға кез-келген уақытта құқылы екендігін айтады. Мемлекет пен оның заңдарындағы жалпы ерік үстемдігін қолдаған Руссо әртүрлі жеке ассоциацияларды, партияларды, топтарды аяусыз сынға алады. Өйткені олардың еркі өз мүшелері бойынша жалпы, ал мемлекет бойынша жеке ерікті білдіреді. Бұл азаматтардың нағыз жалпы еркіндігін қалыптастыру процесіне қайшы келеді, яғни "дауыс берушілер қанша адам болса сонша емес, қанша ұйым болса соншалықты".

Руссоның  ойынша билік өзі шығарған зандарға бағынышты емес. Халық үшін міндетті заңдар, тіпті қоғамдық шарт та билік үшін міңдетті болып табылмайды.

Руссо зандарды төрт түрге  — саяси, азаматтық, қылмыстық және салт-дәстүрлер мен қоғамдық пікірге боледі. Қоғамдық шарт тақырыбына тек саяси зандар ғана кіретіндігін атап көрсетеді. Кез-келген зандар жүйесінің басты мақсаты — бостандық  пен теңдік. Бостандықтың өзі де тендіксіз өмір сүре алмайды. "Сондықтан да,— ден жазды Руссо, материалдық зат күші әр-дайым тендікті жоюға үмтылады, ал заң күші әрдайым оны қорғауға тырысуы тиіс".

Зандардың күші мен ықпалы сол елдің географиялық жағдайы  мен табиғатына, тұрмысына, халықтың әдет-ғүрпына да байланысты. Сондықтан да халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды ұсына беруге болмайды. "Ерте қабылданған заңдар барлық еңбекті зая кетіреді". Руссо I Петрдің реформаларын асығыс қабылданған әрекеттер ретінде сынға адды. Зандар жүйесін жасау ұлы да, мәртебелі және терең білімді, көп күшті қажет ететін ауыр еңбек. Заң жасау үшін мемлекет пен халықтың бар тынысы, оның мүмкін болар қажеттіліктері мен ықтимал зардаптары, әрбір тұлғаның жалпы құқығы терең ойластырьшуы тиіс. Руссо ұлы заң жасаушылар мемлекеттің негізін салушы қайраткерлер, саясат жөне қүқық саласындағы реформаторлар деп біледі.

Ж. Ж. Руссоның мемлекетті ұйымдастыру принциптері мен қоғамдық шарт туралы концепциясы және жайлы ерікті білдіретін заң мен заң шығару билігі туралы ілімі мемлекеттік-құқықтық ойдың жөне әлеуметтік-саяси тәжірибенің одан кейінгі дамуына терең ықпалын тигізді. Оның саяси-құқықтық қағидалары мен тұжырымдамалары ұлы француз революциясын дайындау мен өткізу кезінде оның идеялық қызметін атқарды.

 


Информация о работе Франциядағы ағартушылық