Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:32, курсовая работа

Описание работы

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Содержание

Кіріспе
I-тарау Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық урдістері және топтар
2 тарау. Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастық Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курсовой Меру.doc

— 280.50 Кб (Скачать)

Бірлескен жұмыстағы келесі қадам деп 1993 жылы қыркүйекте Экономикалық Одақ құру туралы шартқа қол қоюды айтуға болады. Аталған Одақты тиісті мемлекеттердің ерікті түрде қатысуы, егемендікті, аумақтық тұтастықты құрмет тұту, құқықтар теңдігі, сондай-ақ шарттың ережелерін іске асырудағы өзара жауапкершілік негізінде құру жоспарланды. Тұңғыш рет ТМД шеңберінде осы шартқа қатыспайтын бір мемлекеттің немесе бірнеше мемлекеттердің тарапынан Уағдаласушы Тараптардың кез келгеніне қатысты экономикалық агрессия жүзеге асырылған жағдайда позицияларды үйлестіру және шаралар қабылдау мақсатында өзара консультациялар өткізу қажеттігі қуатталды. Экономикалық Одақтың негізгі мақсаттары мыналар:

      Уағдаласушы Тараптар халықтардың тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында олардың экономикасын тұрақты дамытуға жағдайлар туғызу;

      Нарықтық қатынастар негізінде кезең-кезеңімен ортақ экономикалық кеңістік құру;

      Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін тең мүмкіндіктер туғызу және кепілдіктер беру, экологиялық мәселелерді бірлесе отырып шешу, сондай-ақ табиғи зілзала мен апатттардың салдарын жою.[51]

ТМД мемлекеттердің басшылары Экономикалық Одақ интеграцияны кезең–кезеңімен тереңдету, экономикалық реформаларды жүзеге асыруда іс-қимылдарды үйлестіру арқылы құрылады деп келісті. ТМД-ң он бір елдерінің арасында Экономикалық Одақтастық құру туралы шарт экономикадағы интеграциялық процестерді практикалық іс-қимылға көшіруге негіз қалады. Дегенмен интеграция процесі баяу жүріп жатты. ТМД институттары жеткілікті түрде тиімді жұмыс істемеді. Осы тұрғыда Ресейге тұңғыш ресми сапары барысында Н. Назарбаевтың 1994 жылы 29 наурызда МГУ-ң профессорлық–оқытушылық құрамы алдында сөйлеген сөзі интеграциялық саясатты қисынды түрде дамытуға арналады.

6 қаңтар 1995 жылы Ресей Федерациясы мен Беларусия Республикасы, кейін 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Кедендік Одақ туралы келісімге қол қойды.[52] Іс жүзінде, үш мемлекет ұйымдық түрде, көптен бері ойлаған нәрселерін бекітті, бірақ мұны Достастықтың барлық 12 мемлекеті жүзеге асырмады. Бұл қадам экономикалық интеграцияны тереңдетудегі келесі қадамды білдіреді. Бұл одаққа 1996 жылы наурызда Кеден Одағына Қырғызстан Республикасы қосылды. 1996 жылы 26 ақпанда Тәжікстан Республикасы оның толық құқықты мүшесі болды.

Кеден Одағының құрудағы басты мақсат болып мыналар жариаланды:

      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін экономикалық қарым–қатынасына теріс әсерін тигізетін кедергілерді ысыру жолымен мемлекеттердің әлеуметтік–экономикалық прогрессін қамтамасыз ету;

      Тұрақты экономикалық дамуды, еркін тауар айналымын және шынайы бәсекелестікті қамтамасыз ету;

      Жалпы экономикалық кеңістікті құруда жағдай жасау;

      Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің әлемдік рынокқа белсенді шығуына жағдай жасау;

Кеден Одағы мынадай қағидаларға негізделетін экономикалық бірлестік ретінде:

а) Кеден Одағына мүше–мемлекеттердің біртұтас кедендік территориясының болуы;

б) Бірыңғайландырылған заң шығару және рыноктық шаруашылығына негізделген, біртипті экономикалық механизмін реттеудің болуы;[53]

Кеден Одағында атқарушы органдар ретінде төрт мемлекеттің интеграциясын басқарудың бірлескен органдары – Мемлекетаралық Кеңес пен Интеграциялық Комитет құрылды. Парламентаралық комитет алдына біртұтас экономикалық кеңістіктегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бірегей заңнаманы әзірлеу міндеті қойылды.

Жылдамдығы әр-түрлі интеграция үрдісіне тиісті серпін беруге ұмтыла отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының Президенттері 1996 жылы 29 наурызда экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойды. Оның басты мақсаты – тауарлардың, көрсетілген қызметтің, капиталдардың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің тікелей байланыстарын нығайтуға, ортақ ақпараттың, білім беру және гуманитарлық кеңістікті құруға қажетті алғышарттар болып табылады.[54]

Интеграциялық ынтымақтастық одан әрі 1996 жылы 2 сәуірдегі Беларусь пен Ресейдің қауымдастық құру туралы келісіммен тереңдей түсті.  Бұл  - келісім жалпы транспорттық және біріккен энергетика жүйесінде қысқа мерзімде іс-шаралар жасау; ақша–кредиттік және бюджет жүйелеріндегі бірыңғайлық, жалпы валютаны енгізуге алғы-шарттар жасау, әлеуметтік жағдайларды бірыңғайлау т.с.с. шарттарды қарастырады. 1997 жылы 2 сәуірде Ресей мен Беларусь арасында Одақтық келісімге қол қойылады, ал бұл өз кезегінде осы мемлекеттер арасындағы интеграцияның жан жақты тереңдеуіне алып келеді.

Атап айтуымыз керек, жалпы ТМД мемлекеттермен экономикалық байланыстарды реттеуде үлкен іс-шаралар жасалынды. Әрине, кейбір келісімдер бірінші кезеңде жүзеге асырылмай өз өмірін тоқтатып жатты. Егер де, екіжақтық келесімдер, әдетте байланыстардың құқықтық реттеуіне қажеттілікпен айқындалса, көпжақты келісімдер, тек өзара қатынастар емес, қалаулы қатынастар үшін жаңа формалар іздеу қажет болды. Осы жерден ТМД мемлекеттері арасындағы экономикалық көпжақты келісімдерге тән теріс сипат: бір келісімнен екінші келісімге бірыңғай ережелер мен декларациялар көшіп жүреді, олар кредитті-қаржы саясаты, сауда – экономикалық дамуға ықпал ету, жағдай жасау т.с.с. Нәтижеде, жылдар бойы ТМД-ғы ынтымақтастық тағы біртұтас экономикалық кеңістік құрудағы прогресс аз байқалады, Достастықтың кейбір мемлекеттері жүктелген міндеттерін өздерінен аулақ ұстауды дұрыс деп шешеді, интеграция саласындағы деструктивті саясат, ішкі рынокты қоршау ұлттық ағымы әлі де күшті.[55] Президент Н. Назарбаев 1998 жылдың басында тағы бір бастамамен шықты, бұл бастама “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам жасайық” атты бастамасы[56] осы бағдарламалық құжатта Достастық халықтарының күнделікті өмірін жеңілдетіп, олар бір елден екінші елге өткен жағдайда, азаматтық алғанда, басқа да құқықтарын жүзеге асырған жағдайда проблемалар туғызбайтын шаралар қабылдау туралы әңгіме болды. Мемлекет басшысының ұсынысы шын мәнінде ТМД-да біртұтас гуманитарлық және ақпараттық кеңістік құруға бағытталған болатын. Президент Н. Назарбаев “Қарапайым адамдарға қарапайым он қадам туралы” мәлімдемесі Кеден Одағы үкіметтерінің басшылары қол қойған, келісімдер мен жобалардың оның қамтиды. Мәлімдеменің негізгі мазмұны мыналарды құрайды:

Құжаттардың кейбіреуі практикалық тұрғыдан жүзеге асты. 1998 жылы 24 қарашада Алматыда Кеден Одағына қатысушылардың (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) кезекті кездесуі болды. “Төрттік” үкіметтерінің басшылары білім, ғылыми дәрежелер және атақтар туралы құжаттардың өзара танылатындығы және барабарлығы туралы, сондай-ақ мемлекеттердің азаматтарына оқу орындарына түсу үшін тең құқықтар беру туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұйымдық, техникалық және экономикалық шаралады жүзеге асыруда, телевизия және радио бағдарламаларын өзара тарату үшін қолайлы жағдайлар туғызуда үкіметтер өздеріне міндеттемелер алуға келісті. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі келісілген саясатты жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қабылданған бірлескен бағдарлама салық салу, материалдық өндіріс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында, сондай-ақ инвестициялық салада шағын бизнес субьектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде жеңілдіктер орындауды көздеді.

              1998 жылы сәуірде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Президенттері саяси шешім қабылдады, осы шешім аталған елдердің интеграциялық бірлестігіне Тәжікстанның кіруіне жол ашты. “Төрттік” кеңеюі оның тиімділігі туралы, демек, осы интеграциялық ұйымның тартымдылығы туралы куәландыратын процесс еді. Кіші аймақтық бірлестіктің ТМД шеңберінде жұмыс істеуі, егер олар о баста оқшаулықты мақсат тұтпаса, интеграцияға теріс ықпал ететін тенденцияларды туғызбайды, қайта керісінше Достастықтың бүкіл жүйесінің тұтастығын нығайтады.

              Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда Астанадағы Саммитттің барысында Еуразилық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы мәлімдемеге және шартқа қол қойды.[57] Бұл жаңа халықаралық бірлестік және ол Кеден Одағымен Достастықтағы басқа мемлекеттер мен бірлестіктерден ұйымдық құқықтық айырмашылығы бар. Оларға мыналар жатады:

      Белгілі, дәл механизмнің, бұрынғы міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру. 2000 жылы 10 қарашадағы жаңа құжат – Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықты құру туралы келісім (ЕурАзЭқ) жарияланған мақсаттарды жүзеге асыруды қарастыруды, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясына және жақындасуына негізделген  халықаралық ұйым альянс ретінде құрылады. Қауымдастықтың ақтық мақсаты мемлекеттердің экономикалық дамуы, халықтардың өмір сүру деңгейінің өсу қарқынын жылдамдату және тұрақты даму;

      Жаңа ұйымның анық көрсетілген халықаралық статусы ЕурАзЭқ халықаралық құқықтық субъектік статусы бар ұйым, ал Кеден Одағы болса өзіндік халықаралық ұйым болған емес. ЕурАзЭқ Қауымдастық мемлекеттердің мүдделерін қорғап және өкілдік ете отырып, Қауымдастықты халықтардың сауда рыноктарына шығуға, 3 мемлекеттен, олардың бірлестіктерімен, ДСҰ қосқанда өзара тиімді келісімдер жасауға жағдай жасайды.

      Алдыңғылардан да жақсы, интеграциялық формула. Қоғамдастықта әрбір мемлекет, интеграцияның барлық басқару органдарындағы жұмыстарға қатысады. Шешімдер барлық мемлекеттермен қабылданады. Келісімдер қатысушылардың ішкі мемлекеттік процедуралар жасағаннан кейін ғана өз күшіне енеді. Мұндай шарт біртұтас әдістер, жақтардың халық акт-ды толықтай жүзеге асыруға жол береді және шешімдер ЕурАзЭқ-ң барлық мүшелерге міндетті

      Шешім қабылдаудың жаңа түрі. ЕурАзЭқ-ң құрылу туралы келісім бойынша жағдайдағы орган – Мемлекетаралық Кеңес – барлық шешімдерді консенсус арқылы қабылдайды. Оның құзіретіне интеграцияның стратегиясы, оны дамытудағы бағыттары мен перспективалары мәселелері жатқызылады. Аталған Кеңестің құрамына мемлекеттер және үкіметтер басшылары кіреді. Дауыс беру саны оның экономикалық потенциалына сәйкестендірілген: Ресей – 40%, Белорусь және Қазақстан - 20%, Қырғызстан және Тәжікстан - 10%. Осылайша Ресейдің интеграциялық үрдістегі маңызы есептеледі. Сонымен қатар ол өзінің басқа әріптесіне өз айтқанын жүктей алмайды. Қоғамның басқа мүшелерінің қолдауына арқа сүйеуі керек. Осы схема бойынша Қоғамға қатысушы мемлекеттердің үлесін жарналары;

      Шешімдерді орындауды бақылаудың жаңа жүйесінің құрылуы. Қауымдастығы келісімдер мен шешімдерді орындауды бақылау, бақылау органдардың өз құзіреттерінің шеңберінде ғана жүзеге асырылады;

      Заң шығарудың бірыңғайлылығы мен жақындасуындағы жаңа әдістер.

      Мүшелікке деген жоғары талаптар. Мүшелік өз міндеттерін орындамаған жағдайда Мемлекетаралық Кеңестік шешімімен тоқтатыла алады. Осындай істі жалғастыратын жағдайда Қоғамдастықтан шығарылып тасталады. Бұл жағдайда қоғамдастықтың бюджетін қаржыландыруына байланысты міндеттемелерді орындамағанда да осындай шаралар қарастырылған.[58]

Интеграциялық комитет (ИК) – Қоғамдастықтың тұрақты жұмыс істейтін органы, оның құрамына үкіметтер басшыларының орынбасалары енеді. Қоғамдастықтың ағымды жұмысын қатысушы мемлекеттердің басшылары тағайындап, Тараптардың Қоғамдастықтың жанындағы тұрақты өкілдерінің комиссиясы қамтамасыз етеді.

              Мемлекетаралық Кеңес пен ИК қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету. Бас хатшы басқаратын ИК хатшылығына жүктеледі. Қоғамдастықтың жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасын – Бас хатшысын – ИК-ның ұсынысы бойынша Мемелекетаралық Кеңес ұйымдарға тағайындалады.[59]

2001 жылы 21 ақпанда Алматыда интеграциялық комитет Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның интеграциялық комитетінің мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін реттейтін негізгі құжаттарды дайындау жобасы туралы мәселе қарастырылады.[60]

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа алып келген құжаттарды сараптай келе, оқиғаның мынадай өрісін көре аламыз: 1. Экономикалық Одақ құру туралы келісім ТМД-ң 11 мемлекеті, ассоциациялық мүшесі Украина. 2. Еркін сауда зонасын құру туралы келісім – 1994. ТМД-ң 12 мемлекеті. 3. Кеден Одағы туралы келісім – 1995. Беларусь, Қазақстан, Ресей. 4. Экономикалық және гуманитарлық саладағы интеграцияны тереңдету туралы келісім - 29 наурыз 1996 жылы Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей. 5. Кеден Одағы туралы және Біртұтас Экономикалық Кеңістік туралы келісім – 26 ақпан 1999. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 6. Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы келісім – 10 қараша 2000 жылы Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан. 7. ЕурАзЭқ-ң құқықтық нормативті құжаттары 31 мамыр 2001 Минск. Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан.[61]

ЕурАзЭқ-тің берілуі экономикалық форумы осы жылы, яғни 2003 ж. 19-20 ақпан аралықтарында Москвада өтті. Бұл форумның өтуі өте маңызды. Өйткені бұл форум ЕурАзЭқ тоқтап қалмай дамып келе жатқанын көрсетеді және бірнеше ұсыныстар, шешімдер қабылданды. Соның бірі, бірінші экономикалық форумның декларациясы қабылданды. Бұл декларацияда сауда – экономиканың оң жақтары көрсетілген және биліктің айқын іс- әрекеттері көрсетілген. Қоғамдастықтың мүшелері арасындағы интеграциялық әріптетіктегі іс-әрекеттерін дамытуға бағыт–бағдарлар бар.[62]

Интеграциялық процестерге қатысты ТМД-ға қатысушыларының позициясы көп жағдайда тиісті елдердегі ішкі саяси және экономикалық жағдайларға, олардың геосаяси шындықтарды бағалауына, сондай-ақ ұлттық экономиканың оңтайлы үлгісі туралы түсінігіне байланысты. Әлемдік тәжірибе мынаны куәландырады: егер мемлекеттер өмірлік маңызы бар қоғамдық институттарды жетілдіруге және әл-ауқатын көтеруге бағытталған, келісілген шешімдерді ұстануға дайындығын білдіріп, интеграциялық процестерге ерікті түрде  қосылса, оның оң нәтижесі болары сөзсіз. Сонымен бірге интеграция процесі қатысушы елдердің ұлттық қайта өрлеу және олардың мемлекеттігін қалыптастыру процесімен қайшы келмеуі тиіс.

              Қазақстан принциптік тұрғыдан барлық мемлекеттердің экономикалық даму мен халықаралық саясаттың белгілі бір үлгісін таңдаудағы құқығының еркіндігі туралы пікірді ұстанады. “Екеудің” және “Төртеудің” енді міне, “Бесеудің” Одақтары – Достастықтағы интеграциялық процестерге кедергі келтірмейтіні былай тұрсын, қайта оған жәрдемдеседі. Оның үстіне ТМД-ң өмір сүруінің өзі анағұрлым тиімді интеграциялық байланыстардың жолдары мне нысандарын іздестірудегі мүмкіндікті кеңейтті. Оның нәтижесі Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясының арасындағы экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы шартты жасасу ЕурАзЭқ-ты құруға алып келеді. Мұның бәрі ТМД-да осы процеске қатысушылардың интеграцияға қатысты дайындығы мен күрделілігінің түрлі деңгейін ескеруге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың икемді тетіктері қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Осы бірегей үрдістің нәтижесі интеграцияның үш деңгейінің туындауы болады: 1 – Достастыққа қатысушылардың бәрінің ортақ ынтымақтастықтығы, екіншісі, анағұрлым жоғары – Кедендік Одақ, содан кейін құрамында Белорусь, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттері бар Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық.

Информация о работе Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан