Психология салалары

Дата добавления: 22 Ноября 2011 в 16:31
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (32.60 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері.docx

  —  35.04 Кб

 Ж..Б.  Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.

Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

 Ж.Әбиев,С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктерін психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес.Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін  сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.

Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психолгиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психолгиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктелді.

Педагогикалық психологияның қызметі адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу.Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы. 

Мединицалық психология дәрігер қызметі мен сырқат адам мінез-құлығының психологиялық мәнін зерттейді. Ол психикалық құбылыстардың ми физиологиялық құрылымдарымен байланысын айқындаушы нейропсихология; емдік дәрілердің адамның психикалық жағдайына ықпалуын белгілеуші фармакопсихолгия; науқасты емдеуде қолданылатын психикалық жағдайына ықпалын белгілеуші фармакопсихология;тарауларына бөлінеді.

Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Онда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологисы.

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін; қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиылық тараптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологияның әдістерін зерттейді.

Жас сатылар психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді де келесі салаларды өз ішінде қамтиды: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы.

Салыстырмалы психология психикалық өмірдің филогенитикалық формаларын зерттейді.

Психология  салаларын топтастырудың және бір жолы – қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай «Әлеуметтік психология» атымен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртұрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Жоғарыда  келтірілген деректер психологияның қолдану аймағының кең екенін хабар береді. Мұнда орындалатын міндеттердің де сипаты сан алуан: адамдардың қарапайым қабылдаудан зерттеуден бастап, жалпы өріс алған күрделі психикалық құбылыстарды тануға дейін. Психологиялық бітістерді қазіргі заманның дүниежүзілік проблемаларына байланысты да адамдардың күнделікті тұрмысына орай да зерттеп, олар бойынша қажетті шешімдерге қол жеткізуге болады. Бұлай болуы орынды да, себебі аталған проблемалардың бәрі қалайда адамға байланысты болғандықтан, бізді ең алдымен оның психикалық жан дүниесі қызықтыратыны сөзсіз. 

Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті психологияның әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының, дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология курысында жантану ғылымының теориялық принциптері мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығмен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде топтастырылады: психикалық процестер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері.

Адамның ішкі жан дүниесін ажырата білудің, сан алуан ғылым-білімдердің мән-мағынасын түсінудің, толып жатқан фактілердің іріктеп, жүйелеп алудың, кісінің өз басынан кешірген күйініші мен сүйінішін басқаға не өзіңе дұрыс сипаттап айтып беру оңай нәрсе еместігі хақ. Бұл ғылым адамның өзін-өзі тануы, оның өзін-өзі тәрбилеуі үшін аса қажет.

Адам жайындағы  сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Расында да, бұл ғылым араласпай отырғн өмірдің саласы жоқ деуге болады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін ғылымның аты – психология.

Қорытындыласақ, жантану ғылымы психология – психика деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.     

Ал педагогикалық  психология — оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми астарларын, олардың адамның жан дүниесіне орайлас заңдылықтарын зерттейді. Мұнда білім беру процесін басқару, ақыл-ой дамуының негізгі белгілері, олардың тиімді дамуының шарттары, ұстаз бен шәкірт арасындағы әртүрлі қарым-қатынастар, танымдық жан қуаттары мен қасиеттердің оқыту-тәрбиелеу процесінің ықпалымен қалыптасу жолдары қарастырылады. Осы саланың басты тармақтары: оқыту, тәрбиелеу және ұстаз психологиясы болып табылады. Оқыту мен даму және жанның жас кезендеріне орай даму проблемалары осы екі саланың қосарлана зерттейтін объектілері. Сондықтан да бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені оқыту, тәрбиелеу процесі адамның жас ерекшелік психологиясы мен органикалық бірлікте тоқайласып жатады.

Әскери психология (Военная психология) — әскери қызмет жағдайындағы адам психикасының зандылықтарын (түйсік, қабылдау, ойлау, сезім және т.б.) зерттейтін психология саласы. Әскери психология әскери қызметшілердің психологиялық, қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды, қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді. Бұл зерттеулердің нәтижелері қарулы күштердің жеке құрамы бойында кажетті ерік сапаларын тәрбиелеу кезінде тәжірибелік тұрғыдан қолданылады.[1]

 

Әскери психология — әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психологиялық мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін, жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұсында әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар пайда болып, мемлекеттің қарулы күиггерін және Отан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Әскери психологияның ғылыми астары оның теориясы мсн практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттардың жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеуге арналады. Әскери психологияның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогикалық психологиямен байланысты. Әскери психология: әскери-әлеуметтік, әскери-авиациялық, әскери-теңіз психологиясы салаларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әскери құрамалардың тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен зандылықтарды зерттейді. Әскери психология дербес ғылым ретінде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Онда ірі әскери құрамаларға басшылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан жағдайында әскери қызметтің сан саласында әскери психологияның іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Ол қазақ, орыс тілдерінде "Соғыс психологиясы" еңбегін жазды

Страницы:← предыдущая12
Описание работы
Қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Содержание
содержание отсутствует