Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:17, доклад

Описание работы

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.

Работа содержит 1 файл

Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты.docx

— 97.33 Кб (Скачать)

Кезінде мән-мазмұнын ұлы Абай ашып берген осынау жат мінез, жаман мінез еліміз тәуелсіздік алып, өз билігіміз өз қолымызға тиген қазіргі шақта да кәрі қойдың жабағысындай жабысып қалмай жүргені еріксіз ойға қалдырады. Қол жеткізген азды-көпті жетістігімізге желпініп, жер-көкке сыймай жарыса мақтанғандарды көргенде осы құрғыр жаман мінез ұлттық мінезге айналып кете ме деп қорқамын. Қалайда жаманның жамандығын жаныңмен сезініп, одан аулақ болғанға не жетсін! [57.186]

Ұлттық  сананы зерттеуде құндылық мәселесінің  маңызы зор. Құндылық мәселесі қазіргі  таңда тек кана әлеуметтану мен философия саласының ғалымдарын емес,қоғамның барлык салаларын ойландыратын деңгейге жетіп отыр. Өйткені, ұлттың ұлттық санадан құндылықты іздеуінің өзі сол ұлттың руханилығьньң төмендеуі, ия артуы немесе бағалаушылық деңгейден айырылуы. Сондықтан да құндылықты кез-келген тұстан іздеу бүл қателік деп ойлаймын. Бүл белгілі бір идеалды нәрсе болуы керек. Мұндай қатынас тікелей, ия болмаса жанама түрде құндылықтың мәнділігінің жойылуына апаратыны сөзсіз. Ал құнсызданудың ар жағында дәстүрлі мәдениеттің дәрменсіздігімен ұлттық мұраттың утопиялық идеал екенін көрсетеді. Құндылык болса, өзінің болмыстық табиғаты бойынша бұл сапалық көрсеткіш. Сондықтан да қазіргі коғамдық ой-толғам шеңберінде ұлттық санадағы құндылық дегеніміз не? құндылық неден туындайды және казіргі таңдағы ұлтымыз үшін не құнды? деген сұрақтардың қойылуы заңды құбылыс деп ойлаймын.

Ұлттық  санадағы құндылықтық бағыт-бағдар мемлекеттің әлеумет экономикалық-саяси  жағдайының негізіне сай анықталуы  мүмкін. Мәселен, Кеңестік дәуірде ұлт  үшін ең маңызды құндылык ол партия идеологиясымен дәріптелінген Кеңестік ұлттардың моралдық-саяси бірлігімен мемлекет алдындағы борыштық парызы болса, Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Батыстан келген демократиялық басқару, нарықтық қатынастар, батыстық ойлау мен өмір сүру үрдісі біздің ұлттық санаға маңызды әсер етті. Бұл әрине, құндылықтың табиғатын күрделендіре түседі. Соның нәтижесінде қазіргі таңда құндылықты зерттеудің екі ұмтылысы анықталынып отыр. Ол:

1) санадағы бар, шынайы өмір сүретін құндылықтар;

2) жүрек  қалауындағы мақсат-мүдделер мен  идеалдар[58.161] .

Бұл бойынша  жаңакантшылдықтық Баден мектебі (неміс философы Виндельбанд үшін философияның өзі жалпымәнділікті құндылықтар туралы ілім. Жоғары құндылықтар ол ақиқат, игілік, сұлулық, қасиеттілік) дамытқан аксиологиялық трансцендентализм үшін құндылық эмпирикалықпен емес, трансцендентализммен арақататынасты норма болмысы, идеалды болмыс, немесе нормалық санамен арақатынасты болмыс. Құндылықтық бағыт-бағдар өзіндік түрде сананың өзегінде қалыптасқан идеалды нәрсе және ол сана деңгейінде де, денгейінде де әсер етеді. Бұдан түсінетініміз құндылықтар-адам өмірінің бағыттарын анықтаушы күш болып табылады. Сондықтан да құндылық, біріншіден, экцистенциалдық және сапалық мінездемелеріне қарағанда белгілі бір объектінің жағымды және жағымсыз мәнін көрсететін ұғым. Екіншіден, қоғамдык (субьекті санасының) бағалаушылық, нормативті жағын көрсететін ұғым. А.М.Коршуновтың есептеуінше кез-келген идеалдымәнділікті (сапалы) құндылық деп түсіндіруге болмайды. «Құндылық жағымды мәнділік немесе адамның коғамдық-тарихи іс-әрекетінің жүйесіндегі сол немесе басқа құбылыстардың қызметі. Сол арқылы біздер мәнділіктің бір формасы ретінде түсіне отыра, құндылық өрісін шектейміз. Қоғамдық дамуда жағымсыз ролдегі құбылыс жағымсыз мәнділік ретінде түсіндіріледі. Сондықтан да құндылықтық болып коғамдық прогресске қызмет ететіннің барлығы табылады» [59.341].

Ұлттық сананы жүзеге асырушы жеке адам санасы. Бұл тұрғыда субьекті өзінің таным логикасының процесі кезінде обьектіні бағалау актісі орындалады. Яғни обьектіні сезімдік сенситивті бейнеленуі кезінде салыстыру, белгілеу немесе керісінше ұқсамайтын нышандар, қасиеттерді айқындайды. Бұл түсінікте «бағалау» ұғымы «құндылық» ұғымымен арақатынасты. Бүдан түсінгеніміз құндылықтар бағалаудың негізінде жатыр [60.918]. Ұлттық сана үшін құндылықтың мәнін айқындаушы ұлттық сапаның бағалаушылығы. Бұл орайда сонау еліміз егемендік алған кездері біздің елде де өзіндік бір ұлттык ренесанс басталғаны белгілі. Соның нәтижесінде ұлттық санаөзіндік дүниеге көзкарасының негізінде қайта бағалаушылық жасап, өмірлік күндылықтармен катар, тәуелсіздік, бостандық, дәстүрлі мәдениет, әдебиет, тіл, тарих, атамекен, дін, мемлекет, ұлттық рух, ұлттық мұра, ұлттық болмыс секілді ұлттық құндылықтарды айқындады.Мұндай құндылықтар адамзаттың мәдени әлеуметтенуінің көрсеткішіне айналып, даму идеясын дүниеге әкеледі. Даму идеясы құндылық ретінде дүниеге көзқарастың ұйытқысы. Бұл орайда ұлттық сананы жүзеге асырушы жекеадам санасы даму процесі кезіндс ең алдымен өзі үшін не пайдалы, не пайдасыз екенін анықтайды. Ал жоғары құндылықтар әлі де болса алда. Өйткені біздің ұлттық идеалдар (оны мойындауымыз кажет) шетелдік идеалдарға ұласып, әлемдік жахандастыру өз әсерін ұлттық санаға тигізуде. Сондықтан да ұлттық санадағы басты құндылық:

  • тарихи процесс;
  • сананың тұрақтылығы;
  • тұрақтылық (меніңше әлеуметтік, саяси-экономикалық);
  • ұжымдық (рушылдық) [61.193].

Нәтижесінде ұлттық мәдениет ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, сакталып, дами түседі. Ұлттың рухани мәдениеті  бағалы құнды, өзіндік қайталанбас феномен. Мәселен, белгілі ғалым Мұхтар Арын үшін оның бес анығы бес құндылықты білдіретін секілді. Дегенмен де «ұлт үшін маңызды нышандардың бірі болғанымен де, тіл, дін,территория, мемлекеттік тәуелсіздік ұлттың болмысын анықтай алмайды. Ұлтты анықтайтын нышан ол тарихи тағдырының бірлігі. Бұл бірліктің санасы ұлттың санасы [62.18].

Құндылықтар ұлттық бірлік, тірлік, жігер мен  қайрат. Бұл жөнінде Абай алтыншы  қара сөзінде қазақтың «Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік» мақалы төңірегінде  ұлттық бірлік туралы ой толғайды. Абайдың  айтуынша бірліктің негізі ат ортақ, киім ортақ, дәулет ортақтық емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жолданып бірлік құрады. «Жоқ, бірлік-ақылга бірлік, малға бірлік емес»,-дейді Абай. Абайдың айтып тұрғаны дәстүрлі мәдениет дүниетанымындағы философиялык ой-толғамдармен тәлім-тәрбиелік үрдіс негізіндегі рухани құндылықтар. Бұл құндылықтар құндылықтардың ішіндегі ең құндысы [63.245].

Рухани  құндылық ең мағыналы құндылықтардың мекені. Егер ондай құндылықтар жоқ болса, рухани дүние де жоқ, ұлт та жоқ. Әрине, бұл жоғарыда айтылғандарсыз да өмір кешуге болады. Бірақ, белгілі құндылықты идеалдарсыз өмір сүру қиын. Бұл орайда карап отырсақ, Еураазиялық кеңістікте ұлт болып сақталып калудың өзі біз үшін құндылықты. Ұлтымызбен бірге дәстүрлі мәдениетіміз де сақталды. Ұлттық дәстүрлі мәдениет-ұлттық сананың негізі. Мәдениет-барлық құндылыктардың жиынтығы. Ол өзімен бірге құндылықтардың әмбебап жүйесін емес, тарихи әдіс арқылы анықталынатын терең мазмұнды, мәнді құндылықтар жүйесінің көптілігі.

Жалпы құндылық-әмбебап  категория ретінде адам өмірінің бағыттарын анықтаушы күш. Ол әлемнің  суретін жасаудағы ең басты категориялардың  бірі. Өйткені, қазіргі таңда ұлт  үшін құндылықты идеалдар шеңбері кең. Дегенмен ол ең алдымен ұлттың саналы бағалауымен койған мақсатына және де уақыт пен кеңістікке сәйкес жүзеге асады. Ол үлттың бостандығы. Бұл бостандық көп түрлі мәнділіктердің бәрін қамтитын түпкіллікті мән. Яғни, ұлт негізінде бостандыққа талпыныс болуы тиіс.Бостандық (немесе еркіндік) өзі мәндердің мәні. Бостандық-құндылық. Бостандық-өзінің жаның калаған нәрсені жасау. Бостандық - бұл еріктің бостандығы. Ерік-жігер-өзінің мәні жағынан әрқашанда еркінді ерік. Бұл катынаста біздің коғамымыздағы демократиямен азаматтық қоғам да құндылыктың ортасына дәлме-дәл келеді. Бұл жөнінде академик Асқар Жұмаділдаев: «Бостандық өзінің табиғаты бойынша салыстырмалы ұғым», «Бостандық ұлттық тәртіппен реттеліп, қазақ болмысына негізделуі қажет»,- деп атап көрсетті [64.53].

Ұлтымыздың  құндылықтарының бірі, ол – спорт. Спорт адамдардың денесімен қатар, рухын да шынықтырып, олардың дамып  жетілуіне жағдай жасайды. Әр адам өмірде денсаулығы мықты болып, денесінің  сымбатты болғанын қалайды. Адамдарға  оған тек спортпен айналысу арқылы қол жеткізуіне болады. Қазақ халқы  бұрын көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген спорттың түрлері қалыптасты. Көбіне ол ойындар жылқы малымен байланысты болатын. Атап айтар болсақ – бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т.б. Қазақ қоғамында онан да басқа спорттың түрлері көп. Мысалы, қазақша күрес, жаяу жарыс, асық ойындары, тағы басқа.

Спорт ойындарының  маңызы сол, олар тек жеке адамдардың денесін шынықтырумен шектелмейді. Жылда республика бойынша және халықаралық  жарыстарға еліміздің спортсмендері  қатысып, ол басқа елдің адамдарымен  арадағы өзара қатынасты нығайтуға  себеп болады және сол жарыста  жеңіске жеткен спортшыларымыз еліміздің  абыройын көтеріп, мемлекетіміздің  беделінің өсуіне ықпал етеді. Қазіргі  кезде республикамызда спорттың түрлері көбейіп, стадиондар, спорттық кешендер салынып, адамдарға спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасалып  отыр. Бірақ та қазіргі кезде ұлттық ойындар, соның ішінде ат ойындары өте  мардымсыз дамуда. Әсіресе қазақтар жиі орналасқан ауылдық жерлерде ұлттық ойындар жоқтың қасы деуге  болады.

Құндылықтар - кеңістік пен уақыт шеңберінде өлшенетін, адам және коғам табынатын идеялар, идеалдар. Ол идея-ұлттық идея. Ұлттық идея ұлттық сананың негізі. Адам, коғам, өркениет жоғары игілікті идеяларсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Сол идеялар өзінің мәнділігін мәдени байлықтан іздейді. Мәдени байлық және жеткен жетістіктер ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, өткен дәуіріміздің құндылықтарының жиынтығы ретінде мәдени мұраға айналады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтуынша «ұлт тарихын түгендеу, ұлт руханиятын қайта түлету», «халық бірлігі мен ұлттық тарихты нығайту. Міне, ұлт санасындағы басты құндылық осы» [65].

Енді  бүгінгі таңда қазак халкының сана-сезімінің өзгеру себептеріне  тоқтала кетелік. Өткен жолымызды  сараласақ, қазақ халқының сана-сезімінің өзгеруіне ғылым мен техниканың дамуы, саяси төңкеріс, экономикадағы алға басу, үлкенді-кішілі өзгешеліктер әкелді. Көшпенділер даласының каймағы бұзылмай тұрғандағы қазақпсихологиясымен қазіргі қазақтың білім болмасында коп өзгешелік бары талас тудырмайтын мәселе. Біздің пайымдауымызша, қазақ баласы психологиясының өзгеруіне әсер еткен құбылыстарды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші, қазақ даласын Ресейдің отарлауынан басталып, Қазан төңкерісіне дейін созылған уакыт аралығы Қазақстанның патшалық Ресейдің қол астына кіруі қазақ еліне, жеріне біраз өзгеріс енгізгендігі ақиқат. Екінші, қазақ психологиясының өзгеруіне көп әсерін тигізген Қазан төңкерісі. Бұл кезең 1917 жылдан басталып, Кеңес үкіметінің құлаған уақыт аралығы айтқанда, 1990 жылдармен аяқталады. Үшінші кезең 90-шы жылдардан бастау алып, бүгінгі күндері де өз жалғасын табуда.

Енді осы мерзімдердегі құбылыстарға тоқтала өтейік. Қазақ елінің біртіндеп тәуелсіздігін жоғалтуы - басқасын айтпағанның өзінде ел баскару ісіне көптеген жаңалықтар әкелді. Хандық жойылып, аға сұлтандық жүйесінің енгізілуі, дін арқылы халықты бағындыру саясатын жүргізу, сот реформасын іске асыру қазақтың Ресей патшалығына бағыныштылығын арттырды, дала демократиясына тиген алғашқы соққы болды. Енді жүзге бөлу, болыстық сайлаулар өткізу, партияға бөліну сияқты алдынала жоспарланған шаралар біртіндеп «басканың аузына қарау» психологиясының қалыптасуына әсер етті [66.304]. Халқымыздың ұлттық сана-сезіміне кері әсерін тигізетінін осы кезден бастап, қарастырған жөн сияқты. Айрандай ұйып отырған қазақ баласы жергілікті патша әкімшілігіне арыздану, қол жинау, ел ішіндегі дау-дамай өршіп, алауыздық туғызған халыктың бірлігіне кері әсерін тигізген құбылыстар осы кезде белең ала бастады. Алайда ол кездегі қалыптасқан жағдайлар халқымыздың психологиясын, оның қазақтың калпын айтарлықтай өзгерте алған жоқ.

Еліміздің өміріне әртүрлі жаналықтар кіргізген, жақсылықтан көрі жамандықты көбірек  әкелген халқымыздың әдет-ғұрпына, тіліне, дініне зор әсер еткен Қазан төнкерісі еді. Әсіресе кеңес өкіметі дәуірлеп тұрған кезде ұлттық мінез-құлық көп өзгеріске ұшырады. Дәл осы кезеңде қазақ тұрмысы жаңа арнаға түсіп, салт-дәстүрге жаңалық кірді. Елдің қалыпты дағдысы, өмір сүру тәсілі түрленіп шыға келді. Әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, қасиеттері, ерекшеліктері болатынын ескерсек аталмыш кезеңде казақтық, қалыпқа көп өзгешілік енді. Орталықтан бастау алған солақай саясат ұлтсыздану процесін мейлінше тереңдетіп жіберді. Әсіресе белең алған дінсіздік идеологиясы халкымызға кепрі әсерін тигізді. Қазақтың рухани-психологиялық қасиеттері орынсыз бұрмаланып күнделікті тұрмыстан шектелуге ұшырады. «Ескінің сарқыншағымен» күрес деген желеумен көптеген тарихи дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жойыла бастады .

Халық сана-сезімінің  көп өзгеруіне қазақтың туа біткен әсершілдігі де ықпал етпей калған жоқ. Әсіресе, тек халкымызға ғана тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге «жаңашылдық» кіріп, ел ішінде жат рәсімдер енгізіліп, тілдің шұбарлануына жол ашылды. Ата-бабалардың сара жолына, дініне іріткі салынды. Аралас неке дәріптелді. Ескіден безу мәдениеттілік деп түсіндірілді. Бұл дәуірде халқымыз басқалардың жақсы қасиеттерімен қатар жамандық жақтарын тез үйренді. Адамгершілік түрғысынан түкке тұрмайтын, имансыздыққа итермелейтін дәстүрлерді бойына сіңіре бастады. Бұлар ұлтымыздың табиғатына жараспайтын жат қылықтардың қалыптасуына әкеп соқты. Қазақ арақ ішуді дәстүрге айналдырды. Еліктегіш халқымыздың жер атаулары, адам есімдері өзгеріс тапты. Той-томалақ арақ-шарапсыз өтпейтін халге жетті. Мұндай «жаңалықтар» әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру басталған мезеттен халықтың әдет-ғұрпына тереңдеп кірді. Арабтан латынға, одан «кирил» әрпіне көшу ұрпақ арасындағы табиғи байланысты үзді. Әртүрлі дәрежеде тойланатын мерекелердің саны артты. 80-ші жылдардың ортасына қарай қазақ мектептері жабыла бастады.«Тірі ұлттық, мазмұны социалистік» деген ұран ұлттық дәстүр, тілді аяқ асты етті [67.104].

Қазақ халқының ұлтық және тілдік ерекшеліктері  бұзылып «біртұтас жаңа қауымдастық - Кеңес халқына» айнала бастағаны осы кезбен тұспа-тұс келді. Үкімет саясатынан берік орын алған құдайсыздық кағидалары адамды имандылық қасиеттерден ұзақ қалдырды. Дінге деген көзқарастың өзгеруі халық психологиясына кері әсерін тигізді. Кешегі инабатты, ибалы қазақ кызының мінезінде анайылық пайда бола бастады. Некесіз бала көтеру, ажырасу сияқты әрекеттер белең алып, көбейе түсті. Ел ішіндегі ағайын-туысқандардың қарым-қатынасында салқындық пайда болып, сыр берді. Бұл аталмыш - екінші кезең қазақтың өзіндік ерекшеліктеріне қатты әсер еткен үлкен соққы болды. Қазақ психологиясына, оның табиғатына түбегейлі өзгерістердің енуі халқымыздың түрленіп сала беруі - осы кезде тамырын тереңге жіберді.Аталмыш процестердің халық психологиясында қалыптасуына коммунистік идеология қызметкерлері аз тер төккен жоқ.

Информация о работе Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты