Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 15:58, реферат

Описание работы

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял —тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады.

Содержание

Кіріспе

1.1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.


ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қиялдың физиологиялық негізі.

2.2. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.


ІІІ. Қорытынды

3.1. Қиялдың даралық айырмашылықтары және балалардың

ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.

3.2. Қиялдың түрлері.

Работа содержит 1 файл

қиял туралы.doc

— 81.00 Кб (Скачать)


Кіріспе

              1.1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.

 

ІІ. Негізгі бөлім

              2.1. Қиялдың физиологиялық негізі.

              2.2. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.

 

ІІІ. Қорытынды

              3.1. Қиялдың даралық айырмашылықтары және балалардың

     ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.

              3.2. Қиялдың түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

 

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял —тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып көрсетуге болады:

а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады.

ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды.

б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А. В. Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді.

Физиолог И. М. Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.

в) Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.

 

Қиялдың физиологиялық негізі

Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі — мидағы оңашаланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация, оң және теріс   индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады.

Мұндай жүйкелік байланыстар екі түрлі: 1) сананың қатысуынсыз-ақ, кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми қабының жоғарғы бөліктерінің бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатын жүйкелік байланыстар. Мысалы, түс көру, галлюцинациялар. 2) Адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми қабығының тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар    қызметімен үйлесуі нәтижесінде туатын жүйкелік байланыстар. Бұл — ырықты қиял. Осы саладағы қиялға жетекші болатын нәрсе — екінші сигнал жүйесі. Ол — сөз.   Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың сипатын айқын ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды   дамытып, өрістетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта принципіне бағынады.  

 

Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан   туындайтын   себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық    әдебиеттерде ырықсыз қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.

Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да — осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес— қиялдың пассив түрі.

Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл — адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар — қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.

Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал бұл қиялдың психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ, ол — екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші снгналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады.

Қайта жасау қиялы — адамның   ой-өрісін   дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы, оқырмандар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп, пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқымаған адамдардың арасынан да жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектепте оқытылатын жеке пәндердің де қайта жасау қиялын дамытуда мәні   зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен пайдасын күнілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды. Қайта жасау қиялы адамның білімі мен бұрынғы тәжірибелеріне сүйенеді. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілекке сай екшеледі, бұрынғы қабылданған процестерді болмыстағы шындықпен жақындатады.

Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт — олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айталық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардың бейнесін жасау т. б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді, нақты    нәрселерді   ұсақ-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.

Қиялдың ең жоғары түрі — жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар — қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял — қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс! Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу — мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т. б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.

Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешімін табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. «Интуиция» латын сөзі — шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға «іштен жарқырау» не «құдыреттің күшімен тану» деген анықтама береді. Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, дүниені интуиция арқылы танып білу — ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген — И. П. Павлов зерттеулері. Ол «Ми алқабы көлемінің белгілі дәрежеде тежеліп жатқан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені — ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде ол шыға келуі мүмкін» деген болатын.

Ғылыми жаңалықтарды, келелі мәселелер мен істерді шешуге керекті жаңа байланыстар адам өзінің рухани қуатын сол проблемалар төңірегіне шоғырландырғанда ғана туады. Міне, осындай жағдайда адамда шабыт пайда болады. Шабыт билеген адам әрқашан да жемісті нәтижеге жетпек. Осы орайда, ғылым тарихынан бірнеше мысалдар келтірейік:

Ерте заманда өмір сүрген ғалым Архимед заттардың салмағын ажыратып білуді үйіндегі астауға шомылып жатқанда ашады. Сөйтіп, «таптым» — «эврика» деп айқайлап, көшеге жалаңаш жүгіріп шығады. Ал ағылшын инженері Дж. Уатт жаңа машина жасап шығаруды қиялдап жүргенде, пештің үстіндегі шәйнек қақпағының қайнаған судың буынан діріл қағып, орнынан қозғалғанын аңғарып қалады да, «бұл не деген күш!» деп таңданады. Осыдан кейін Дж. Уатт бу машинасын ойлап тапты деген сөз бар.

Кибернетика ғылымының негізін қалаушылардың бірі, атақты

американдық оқымысты Н. Вимер электрондық-есептеу машинасын адам миының қызметіне негіздей отырып  ойлап тапқан. Жалпы алғанда, ғылым мен техника, өнер мен білім жаңалықтарының ашылуы адамның шығармашылық қиялының жемісі болып табылады. Сондай-ақ, әрқилы құрал-саймандардың да адамның әр алуан іс-әрекеттері нәтижесіндем жасалғаны белгілі. Мәселен, тырна — қолдың бес саусағының бірігіп әрекет жасауының, ожау екі қолды қосып сұйықтықты ішудің жемісі  деуге  болады.  

К. Э. Циалковский: менің ғарышқа сапар шегу талабым фантастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта соңынан ақыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді,— дейді.

Қазақ халқының ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер жөнінде қиял-ғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде    нақты шындыққа айналып отыр. Қазіргі таңда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі – адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.

 

Қиялдың даралық айырмашылықтары

Әр адамның қиялы әр түрлі. Бір адамның қиялы бай, өрісі кең, шындықпен орайласып, тиісті  мақсат-мүддені жүзеге асырумен, шындықпен ұштасып жатады. Ал екінші біреулердің қиялы өрісі тар, жетілмеген, пәрменсіз. Шындыққа сай келетін қиялдардың   мазмұны терең, олар өмір тәжірибелеріне, білімге негізделген. Мысалы, американдық ғалым Эдиссон қиялы күшті дамыған адам болған. Ол бір машинаны үш түрлі жолмен жасауға болады деген пікірмен келіспей, оны 48 түрлі жолмен жасауды ұсынған. Мұндай   қиялдан жаңаны іздеп табу, белгісіз нәрсені  ашуға ұмтылу әрекеті  байқалады.

Шындық нәрсенің өңін айналдырып, теріс түсінетіндер де болады. Адамдардың қиялы бір-бірінен пәрменділігімен де ажыратылады. Мысалы, біреулер мәселені шешерден бұрын бар ақыл-ойын соның төңірегіне жинақтап, әр сөзін таразылап, терең ойланады, басқалармен кеңесіп, тәжірибе жасайды. Мұндай іс-әрекетте адам өз кейіпкерлерімен іштей араласып, сырласады, олармен бірге өмір сүреді. Қиялы әлсіз адамдар кітап оқыса, қызықты оқиғаларды ғана іздеп, оны түгел оқымайды. Шын мәнісіндегі қиял ғана адамды жемісті іс-әрекетке, белгілі мүддені орындауға жетелейді, оның рухани өсуіне де ерекше ықпал етеді.

Информация о работе Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы