Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:47, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
1. «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәнін зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
3. Бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру
4. Зерттеу барысында алынған тұжырымдардың тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.
Білім қоғам мен адам мәдениетінің құраушы бөлігі болып табылады. Мәдениет феноменінің көпқырлылығымен, күрделілігімен және қарама-қайшылығымен ерекшеленетінін айқындай келе, француз ғалымы А.Моль оның 250-дей, ал А.Е.Кертман 400-ден астам түсіндірмесін келтірген. Ол жөнінде Д.Қ.Пошаев «Дүние жүзілік әдебиетте оның 250-ге жуық анықтамасы бар дейді. Бұл мәселе, мәдениет ұғымының күрделілігімен қоса, оның әлеуметтік тұрғыдан көпмәнділік екенін аңғартады» деп өзінің ойын түйіндейді.
Сурет 2 – Болашақ мұғалімді даярлаудың мазмұндық сипаты
Жүргізілген талдау мәдениет феноменінің көптүрлі және көпаспектілі екендігін көрсетеді. «Мәдениет» ұғымы әлеуметтік-философиялық білімнің іргелі категориясы болып табылады және оның қазірге дейінгі зерттеулер (В.П.Андрущенко, О.В.Ханова, В.И.Межуев, Л.Н.Коган, М.С.Каган, Ж.М. Мүтәліпов, Т. Ғабитов, т.б.) көрсетіп отырғандай аяқталған, белгіленген теориялық мәртебесі жоқ. Мәдениет ұғымының мазмұны, көлемі мәселесі бойынша оның басқа категориялармен қатынасы әртүрлі көзқарастар барын көрсетеді. Мәдениет табиғат, қоғам және адам, құндылық және шығармашылық, белгі коммуникативті жүйе және іс-әрекет ұғымына қатысты. «Мәдениет» ұғымының көп мәнділігі оның әртүрлі ой мен қатынаста пайдаланылуы мен қолданылуы, біріншіден, мәдениеттің күрделі және көпжоспарлы құбылыс екендігімен; екіншіден, мәдениет қандай да бір өзінің элементіне сәйкес келмейтінімен және қандай да бір тұтастық, күрделі жүйе ретінде қарастырылмайтынымен түсіндіріледі.Мәдениет заттың өзі емес, адам әрекетінің материалдандырылған және заттық нәтижесі. Мәдениет осы заттар, объектілер арқылы өмір сүреді, бірақ олармен тікелей теңестірілмейді. Мәдениет солар арқылы танылуы ықтимал, тек сол заттардың кейбір жақтары, оларда көрінуі, жүзеге асырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, табиғаттан тыс туындаған адамның «жасанды» белсенді және шығармашылық іс-әрекетінің өнімі ретінде мәдениет өзінің тасымалдануында барлығын көрсетеді (В.С.Семенов, В.М.Межуев, А.И.Арнольдов, Н.С.Злобин, т.б.).
Іс-әрекеттік, кәсіптік тұрғыдан қарастырғанда да мәдениет – заттық емес функционалдық объект болып табылады (Е.А.Климов, Б.А.Душков және т.б.). Е.А.Климовтың пікірінше, ол белгілі тәжірибелер мен шеберлікті игерген адамның өмір сүруінде ғана болады. Ал, материалдық және рухани құндылықтар мәдениеттің нәтижелері. Ғылыми-зерттеу еңбектерінде «мәдениет» ұғымына берілген анықтамаларды зерделей келе, мәдениетті «қоғамның және адамның түрлендіруші іс-әрекетінің барлық түрінің жиынтығы және нәтижесі» екендігін айқындап, оның адамға тән сипатына байланысты көрінісін төмендегідей етіп белгілеуге болады: іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері; адамның шығармашылық күші мен қабілеті; адамның қоғамдағы даму деңгейі; адамның өзін және қатынастарын жасау үдерісі; адамның рухани игіліктері (Сурет 3).
Сурет 3 – «Мәдениет» ұғымының мазмұны
Әдіснамалық ұғым ретінде мәдениетті оның жалпылама түсіндірулері-нен адамның материалдық іс-әрекет сферасын қамтитын материалдық және рухани бастамаға тән технологиялық мәдениет деңгейін бөліп көрсетуге болады. «Технологиялық мәдениет» ұғымын анықтау және оның педагогика ғылымында қалыптасуын зерттеу мәселесі осы бағыттағы қарастырылған заманауи философиялық, психологиялық, педагогикалық, социологиялық әдебиеттерге жүгінуді көрсетеді.
Соңғы онжылдықта мәдениет,
іс-әрекет және адам мәселесіне үлкен
назар аударылуы, технология мәселесінің
субъективті аспектілерін талдауға
алып келді. Технологияның өзін айқындайтын
адамның түрлендіруші ойы жөніндегі
болжам мүмкіндігі адамның түрлендіруші
іс-әрекетіне ие болуы себепті
технологиялық мәдениетті адамның
қоғамдағы функцияларына
Сурет 4 – Адамның қоғамдағы функцияларына сәйкес технологиялық мәдениеті
Білім беру тұрғысынан қалыптастырылуы
тиіс технологиялық мәдениетті: технологиялық
іс-әрекеттерді сапалық
Біздің пікірімізше, оқушылардың технологиялық мәдениеті дегеніміз - өндірістік технологиялық үдерістерді танып білу мен оны сапалық тұрғыдан жүзеге асырудағы ұйымдастыру түрлерін орындау үлгілері; оқушылардың техникалық-технологиялық шығармашылығы мен қабілеті; оқушылардың технологиялық білім, іскерлік және сапалық қасиеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін үдеріс ретінде анықталады.
Технологиялық мәдениет өмірге, жеке тұлғаның әдетіне енгенде, танымдық әдебінде, оның түрлендіруші іс-әрекетінің барлық жиынтығында көрініс тапқанда, шын мәніне айналады. Осыдан туындайтыны, технологиялық мәдениеттің қалыптасу мәселесін шешу үшін іс-әрекет теориясының әдіснамалық мәні ұғынықты бола түседі.
Іс-әрекет теориясы (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.) шеңберінде және осыған негізделген дамыту, оқыту теориясы (Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов) баланың дамуы деп жеке тұлғалық типті және оқыту мен тәрбие үдерісінен шығатын олардың қабілеттеріне сәйкес іс-әрекеттерді меңгеруді, содан келіп, оларды жүзеге асыруды түсіндіреді.
Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері негізге алынады. Технологиялық мәдениеттің негізгі құраушыларына білім мен еңбек іскерліктері қатысты екендігі зерттеу жұмысында қарастырылады.
Мұғалім және оқу үдерісі үшін оқушылардың ойлауы үлкен мәнге ие. Оларды білімді меңгерудің әдістері мен тәсілдері ретінде де қарастырады. Бұл ойлау түрлері білім түрі, білімді меңгеру, оқу әдістері, логикалық тәсілдер ретінде де сипатталады. Сондықтан да ойлау үдерісінің кейбіріне ғылыми жұмыста түсінік берілді (Сурет 5).
Сурет 5 – Оқушылардың технологиялық мәдениетінің құрылымы
Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлауда олардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру басты мәнге ие.
Болашақ мұғалімдердің технологиялық мәдениетін философиялық категория тұрғысынан қарастырғанда, онда төмендегідей тізбеде елестетуге болады: жалпы (мәдениет) → жалпы негізгі (педагогикалық мәдениет) → ерекше (кәсіби педагогикалық мәдениет) → жеке-дара (өндіріске тән технологиялық мәдениет) (Сурет 6). Ал технология пәні мұғалімдерінің технологиялық мәдениеті туралы айтқанда, онда қарастырылып отырған мәдениет түрлері кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құраушысы болып табылады.
Сурет 6 – Технология пәні мұғалімдерінің еңбекке дайындық бағытына тән технологиялық мәдениетінің жалпы мәдениеттегі көрінісі
Педагогикалық тұрғыдан технологиялық мәдениет – бұл білім берудің бөлігі емес, заманауи білім беру үдерісінің мақсаты немесе нәтижесі. Технологиялық мәдениет әмбебап мәдениеттің, жалпы және кәсіптік мәдениеттің іргелі компонентінің бірі болып табылуы қоғам және адам өмірінің барлық жақтарына ықпал етеді.
Жалпы мәдениеттің бөлігі
бола тұра, аталған ұғым қоғамдық мәдениеттің
экономикалық, рухани, эстетикалық
және басқа да жақтарымен тікелей
байланысты. М.М.Левина мұғалімдердің
технологиялық мәдениетін қалыптастыру
әдістерінің бірі ретінде технологиялық
тапсырмаларды құрастыру мен
оларды шешуді оқытуды ұсынады. И.Ф.Исаев
мұғалімнің технологиялық мәдениетіне
педагогтің белгілі оқыту мен
тәрбие технологиясы жүйесін, сондай-ақ
педагогикалық үдерістегі баламалы
педагогикалық технологияны талдау
іскерлігін меңгеруді теңестіреді.
В.А.Сластениннің, И.В.Никишинаның еңбектерінде
технологиялық мәдениеттің
Біздің ойымызша, «Мұғалімнің технологиялық мәдениеті» ұғымы төмендегідей сапалармен анықталады: мұғалімнің педагог ретіндегі рухани игіліктерімен, педагогикалық позициясы және кәсіби-жеке тұлғалық сапасымен; педагогикалық білімі (оның ішінде педагогикалық технология) және үдерісті нәтижелі ұйымдастыру іскерлігімен; мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы және қабілетімен.
Сонымен мәдениет контексі тұрғысынан кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі «технологиялық мәдениет» ұғымына тән: «болашақ технология пәні мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі технологиялық мәдениеті - педагогикалық іс-әрекет және оны ұйымдастыру бойынша білімдерді; педагогикалық үдерісті танып білу мен оны педагогикалық технологияларға сәйкес «нәтижелі» етіп ұйымдастыруға дайындықты; педагогикалық шығармашылық пен қабілетті; өзіндік педагогикалық білім мен іскерлігін жетілдіру бойынша ізденістегі ұмтылысты қамтитын кіріктірілген сапасы» деп білеміз.
Жоғары оқу орындарында
болашақ мұғалімді даярлау
Сурет 7 – Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау бағыты
нен туындайтындығын көрсетеді. Өндірістік талдау жүйесін қолдану мен соның негізінде оқытуды жүзеге асырумен С.Я.Батышев, К.Н.Катханов, Д.Қ.Пошаев, т.б. педагог-ғалымдар шұғылданған.
Біздер зерттеу тақырыбына байланысты дидактиканың қазіргі жүйелеріне сәйкес оқыту жүйесін негіздеу қажет деп білеміз және ол мектептегі педагогикалық үдерісті толық мәнді түсініп, оқыту үдерісін жүзеге асыруды қамтуға болашақ мұғалімдерді даярлауы тиіс. Ол: «педагогикалық үдерісті проблемалық талдау жүйесі».
Біз «педагогикалық үдерісті проблемалық талдау жүйесі деп, болашақ-тағы педагогикалық үдерісті танып білу мен ұйымдастырудағы сұрақтар мен міндеттер кешенін зерделеу, іс-әрекет объектісі шешімін табу, тексеру мақсатындағы бағдарлы оқу жұмыстарының жүйесін түсінеміз». Зерделенетін педагогикалық үдерісті талдау жолымен барлық оқу материалдары өзіндік жеке мәні бар жекелеген оқу проблемаларына бөлінеді: берілген проблема және педагогикалық үдерісті реттеу бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті болашақ мұғалімдердің ақыл-ой іс-әрекеттері функциясы, іс-әрекеттің бағдарлық негіздері бойынша педагогикалық үдеріс жинақталатын элементтер анықталады.
Проблемалық талдау жүйесі
педагогикалық үдерістің үш сабақтас
кезеңдерінен тұрады; 1) жекелеген ситуацияларды
зерделеу және оларды орындау; 2) барлық
педагогикалық үдерісті (немесе бөліктерін)
зерделеу; 3) педагогикалық
үдеріс барысын реттеу және бақылау
бойынша тапсырмаларды
Педагогикалық үдерісті проблемалық талдау жүйесі қарастырылып отырған үдерісті тану барысында туындайтын сұрақтар немесе тұтас сұрақтар кешенінің мәнін, мазмұнын, құрылымын анықтау мен дұрыс шешімін табуға бағдарланады.
Педагогикалық үдерісті проблемалық-талдау жүйесі төмендегідей әдістеме бойынша жүзеге асырылады.
Талдау реттілігі: а) функциясы: болашақ мұғалімдердің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға дайындығын жүзеге асыруда жаңа білімдерді түсіну мен іскерліктерді меңгеруде кездесетін қиындықты айқындау және жеңу; жаңа ұғымдар жүйесін және іс-әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша іс-әрекеттерін конструкциялау, модельдеу; ә) мақсаты: педагогикалық үдерістер мазмұнындағы оқытуды, дидактикалық жоспардағы құраушы элементтерді зерделеу және олардың мәніне педагогикалық баға беру, педагогикалық тапсырмалар мен еңбек объектілерін іріктеу және олар жөнінде мәліметтерді жинақтау; б) объектісі: педагогикалық үдерістің ұйымдастырылу шарттары; субъектісі: мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті; в) пәні: педагогикалық үдерістердегі мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің элементтері.
Мазмұны бойынша - педагогикалық үдерістің өзі (оқыту мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері), педагогикалық тапсырмалар, теориялар, заңдылықтар.
Құрылымы бойынша – педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезеңдері, құрылымдары (сабақтың, пәндердің, оқу жұмыстарының, СӨЖ, ОБСӨЖ), дидактикалық жоспарлары, дидактикалық шарттары.
Педагогикалық үдерісті проблемалық
талдау жүйесін басшылыққа алу және
болашақ мұғалімдерді дайындауда қолдану,
алдымен оқытудың мазмұны, әдістері,
принциптері, формалары, т.б. ұғымдар
мен соларға сәйкес мазмұнды зерделегеннен
кейін, мұғалімнің сабаққа дайындығын
қамтамасыз етеді.Оқушылардың
Келесі кезекте болашақ мұғалімдерді оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлауды жүзеге асыру үшін тұжырымдама жасалды. Тұжырымдама жасауда кәсіби қағидалар басшылыққа алынды, олар педагогикалық үдерістің мақсаттылығы, теория мен практиканың байланысы, даярлық тұтастығы, болашақ маманның кәсіби бейімделуі.
Информация о работе Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің әдіснамалық аспектілері