Білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау жұмысын үйымдастырудың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2012 в 07:37, доклад

Описание работы

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі — мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар.Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.Дипломдық зерттеу барысында осы проблеманы шешу жолдарын анықтап, оның қыр-сырына түсіну үшін тақырыпты «Оқушылар мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» деп анықтадық.