Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Диагностикалық жазба жұмыстары оқу- жылының басында жылда өткізіледі. Бұл жұмыстардың негізгі міндеті мыналарды табу:
• тексерген кездегі бағдарлама талаптарын меңгеру сатысы, осы кездегі математикалық білімді, білікті меңгеру сатысы.
• бүлінуге сипаттама, қателерді табу, олардың сатыларын анықтау.
• негізгі психикалық деңгей мен оқушылардың дағдысының даму деңгейін анықтау.

Содержание

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….3
І ТАРАУ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР…………………………………..5
1.1 Түзете дамыта оқытудың педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері……………………………………………………………………5
1.2 Жалпы педагогикалық әдістер......................................................................10
1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны.............................................................................................16
ІІ ТАРАУ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАР....22
2.1 Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және
тәжірибелік қағидалары.....................................................................................22
2.2 Арнайы білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық
Құжаттамалар......................................................................................................26
2.3 . Балаларды оқытуда тиімді әртүрлі әдістер және тәсілдер.......................30
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................34
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курсовая.арнайы педагогика.doc

— 191.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

1.2 Жалпы педагогикалық әдістер

 Біздің заманымызда,  адамдардың дұрыс өмір сүруіне,  қоғамдық өмірде дұрыс болуына,  сол адамдардың жеке басының ерекше қасиеттері көп әсер ететіні белгілі. Бұл әсіресе адамның күш – жігеріне байланысты. Ол адам – күшті, жігерлі, мықты, денсаулығы зор, қиындықтан қорықпайтын, өз мақсатына жете алатын болуы қажет.

Нашар жігер - өте  көп жетіспеушіліктер әкеледі. Мұндай сау емес ауру жігерді емдеу, түзету қажет.

Оны түзетпес бұрын, осы «жігер» терминіне аздап  талдау жасасақ.

Бұрынғы спиритуалдық көзқарастарға қарасақ, адам өзінің жаратылысынан қоршаған ортаға қарамай, ойына келгенін істеген дейді; адамның осы қасиетін жігер деп атаған.

Осы жігерге  байланысты адамдардың тұлға ретінде  қоршаған ортадан айырмашылығын  анықтаған. Дегенмен, қазіргі философия  мен психология, басқаша айтады: адам баласы барлық қасиетімен, қоршаған ортаға бағынышты дейді. Бұл дегеніміз, адамдар бір іс істер алдында, осы қоршаған ортаның әсері болады. Осындай қоршаған ортаға адамдардың өз тарапынан кез келген жағдайда таңдауы – жігер болады. Физиологиялық жағынан алғанда, адамдардың мұндай іс әрекеті, ми қабығының жолдарымен байлынысты. Медицинада осы ми қабығы зақымданса, онда адам энергиясынан, күшінен айырылып, баяулап, ақырындап, аз қозғалып, көп ұйықтайтын болады; сонда дәрігерлер бұл адамның жігері ауырады дейді. Сондықтан, жігер әлеуметтік – экономикалық және биологиялық, адамның іс әрекеті.

Дұрыс дамыған  баланың күш – жігер тәртібі  өзінің дамуында әр түрлі сатыға бөлінеді.

Олар туралы А.П. Блонскийдің  еңбегінде жақсы жазылған. Кез  келген педагог балалардың жігеріндегі  кемшілігін зерттегенде, олардың жас  ерекшелігіне қарайды.

Жігерді тәрбиелеу үшін американдық ғалымдар айтқандай – жігерді дамыту емес, мысалы, қиын жағдайды бастан өткерсе ғана емес, біздің іс әрекетімізге түрткі болатын себепті табу керек. Баладан шығатын іс әрекеттің себебін тауып, оны орта балаға қарай бейімдеуі керек.

Дәрігерлік  – педагогикалық жігердің кемшілігін түзету төмендегідей болады.

Нашар, ауру жігерді  емдеу, бекіту жүйелі түрде жүруі  керек. Бұл үшін тәрбиешінің жігері мықты болуы керек; бала тәрбиешіден  күш алып отыруы керек, өйткені жігер  біреуден – біреуге беріліп отырады. Жігерсіз адам, мықты жігерлі адамды тәрбиелей алмайды.

Жігерсіз балалардың көңілі дұрыс болмайды: мұндай бала бәріне бірдей қарайды; оған бәрі қызық, бірақ барлық жаңа зат, оған тез ескіреді, жалықтырады, өйткені ол тек қана заттың сыртқы бейнесіне ғана көңіл аударады. Сондықтанда, әр түрлі қаланың өмірі, жігерсіз балалардың энергиясын алып қояды, күні бойы жүрген соң ол шаршап, миы шатасады. Мұндай болдырмау үшін баланы қаланың шуылынан алыста ұстаған жақсы. Неғұрлым қабылдау аз болса, соғұрлым дамуы көбейеді. Бала аз көріп, естісе, заттың қасиетіне терең үңіліп, мән беретін болады.

Бірте – бірте  баланың көңілін заттарға аударған сайын, оның алдында көптеген жаңалықтар ашқан сайын, бала көптеген жетістіктерге  жете алатын болады, бастаған істі аяқтауға, еңбектен рахат алуға үйретеді, өзіне - өзі келе бастайды.

Кейбір жігерсіз балалар, біртипті мектептерде оқығанда болады, өйткені мұндай мектептерде  олар өзін - өзі дамыта алмайды, ал қоршаған ортаға бейімделуге оның күші жетпейді. Мұндай кезде, олар басқа жұмыспен айналысады, сабақпен емес, өзіне ұнайтын іспен айналысады. Қол еңбегімен, кітап оқумен айналысады. Мұндай балалардың ата – аналары кінәлі, жас кезінен үйретпеген. Бұл балаларға 4 қабырғада отыру қиын, ол бостандықты іздейді, еркін ойнағысы келеді, басқа жұмыспен айналысады. Оның ойына алған ісін істеуіне жағдай жасау керек, сонда ондай балалар өзіне ұнаған ісін де, өзіне ұнамаған істі де жасайды.

Барлық балалар  еліктегіш. Егер жігерсіз балалар өзінің маңайында мықты, қатал, сөзге берік адамдарды көрсе, онда олар да осылардай болуға тырысады.

Кез – келген бір жұмысты бастар алдында, ол жұмыс  баланың күшіне, біліміне сай келуін бақылау керек. Жұмыстың мөлшері, баланың  жігерсіздігіне қарай жеңіл болуы  қажет.

Бірбеттілік, күштілік, белсенділік, мақсатқа жете білу, жұмыста төзімділік көрсете білу керек.

Бұл үшін, бір  жағынан, қызық құрастырылған жұмыс, екіншіден өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзін түзету, өзіне - өзі ие болу керек, мұндай міндеттер оңай емес, бірақ  орындауға болады.

Кей уақытта  ата – аналар қателеседі – қисық  – қыңыр, ерке баланың барлық талабын  орындай береді, тек қана бала жыламаса болды деп. Мұндай жағдайдан соң  бала ерке болып, нәзік болып, еріксіз, жігерсіз болып өседі. Өмірдің қиын кезеңдеріне – төзімді, өзін - өзі ұстай алатын болуы керек. Қайғыда төзімді болу керек. Көбінесе, кейбір қайғылы оқиғалар, алғашқы қиындықтар баланы жолдан тайдырып, жігерсіз балаларды әлсіздендіреді. Бұл - өмірдің осалдығы емес, бұл – тәрбиенің осалдығы.

Дұрыс қойылған мекемелерде, жақсы ұйымдасқан ұжымдарда – түзету ерекше түрде болады, өте тиімді болады.

Жігерсіздікті түзету, оны дамытуды және оны бекітуді физикалық жаттығудан бастаған жөн: жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, қайықта  жүзу, таза ауаға шығу – осының бәрі табиғи қимылдар.

Балалардың жігерсіздігін дамытуда, физикалық тәрбие үлкен қызмет көрсетеді, мінезіндегі осалдықты түзетуге көмектеседі. Физикалық тәрбие баланың бойындағы жетіспейтін: әлеуметтік көңілшектік, шыдамдылық, төзімділік, күштілік, ерлік т.б. қасиеттерді тамытады. Дене тәрбиесі көңілді, қызық өтуі керек.

Жігерді жақсы  дамыта бастаған сайын, әр түрлі еңбекпен айналысу керек (шеберханаларда, өзіне - өзі қызмет ету), мимен (баспен) жұмыс  істеу керек. Еңбек еткенде адам организмі қозып, демалысы жиілеп, қан айналымы жақсарып, ас қорыту жақсарып, организімдегі зат алмасу жүріп, мидың қызметі өсіп, мектептегі сабаққа деген ынтасы артады, кітапты өзі оқып, интелектісі дамиды.

Бірақ еңбек, жұмыс  істеу әсіресе нервысы жұқарған, жұмыс істей алмайтын балалар  үшін қызық болу керек. Бұл балаларда, жиі жұмысқа деген жеккөрушілік, ойлау қабілеті төмен болады. Осыны болдырмау үшін, балаларды қызықтыру қажет, әркімге ұнайтын жұмыс таңдау керек. Сонда ғана оларды дұрыс тәрбиелеуге болады, сонда олар дұрыс жұмыс істейді, аяғына дейін аяқтайды.

Өзі істеген  ісіне қуанып, оның нәтижесін көрсе, ол балада сенім пайда болады, сонда  ол өзінің не істей алатына көзі жетеді.

Балаларды, өз талабын, өз қолдауын орындауға үйрету керек. Бұл үшін оған әр түрлі тапсырмалар беру қажет. Бұл тапсырмалар балаға оңай болуы қажет, егер қиын болса, ол оны істей алмайды да, онда сенімсіздік пайда болады, бұл жігерсіздікке әкеледі. Баланың өзіне деген сенімі жайылып, өзіне - өзі күдіктене бастайды. Бұл күдік жігерсіздікке әкеледі. Онда тәрбиемен қатар емдеу қажет болады.

Ауытқуларды, жігерсіздікті  түзету үшін психотерапия көмекке келеді.

Нерв жүйесін сауықтыру: электротерапия, гидротерапия, аэротерапия, дәрімен емдеу арқылы іске асады.

Дұрыс қалыптасқан дәрігерлік – педагогикалық кесте, гигиеналық толықтырулар – жігерсіз балаларды емдеуге көп көмек береді.

2. Қорқынышты түзету.

Қорқынышты түзеткенде, түндеде, күндіз де қорқынышты оқиғаларды айтып, газет оқуға болмайды: бала өзінің ойымен еркін бөлісу керек, неге қорқатынын айтуы керек, одан арылту керек. Кейде, қатты айқалап қалғанда да т.с.с. жағдайларда қатты қорқу мүмкін, оған бала үйренуі керек.

Белгілі бала дәрігері әрі  педагогы Гуго Оппенгей, неміс психиатыры Теодор Циген айтқан эффекті гимнастикасын  пайдалануды ұсынады, балаларға  осы әдістемелік жаттығуларды орындату, сөйтіп біртіндеп қорқыныштан арылту керек дейді.

Оттан қорқатын балаға (сіріңке  шиі) шырпыны байлап қойып, бірнеше  күннен кейін шешу керек дейді. Әрі  қарай жанған шорпыны ауру баладан  алып, оған түсіндіру керек: енді сен  жауапкершілікті өзің қолыңа алуын керек деп. Кейін ол бала отты өзі сөндіріп, оны өзі лақтырып тастайды. Сөйтіп, өзін қорықпауға үйретеді. Бірінші рет, дәрігер міндетті түрде болуы керек, сөйтіп оған өз қорқынышын жеңуге үйретеді. Әрине, ол дәрігерге тұтастай сенуі қажет.

Қысқаша айтсақ, қорқыныш – бұл қозу, бала бұл жағдайда өзін - өзі ұстай білу керек. Сонда ғана ол қорқынышты жеңеді.

Жалпы айтсақ, бәріненде  балаға ақырын түсіндіру, көндіру, сендіру  жақсы көмек береді. Қатал түрде  ешқандай көмек бере алмайсын.

3. Елемеушілік  әдісі.

Мінезі ерекше балаларға еш уақытта да олардың  ерекше екендігін білдірмеу керек. Олардың бәрі де өздеріне ерекше көңіл  аударғанды ұнатады. Олардың мінездегі  кемшілікке көңіл аудармаса, психопаттық  ерекшеліктерін басады. Өздерінің сау  еместігін білмеуі керек, олардың кейбіреулері психикалық жетпеушілігін өсіріп айтады, ал кейбіруі жауапты болғысы келмейді.

Есірік балалардың мінезіндегі кемшіліктерді түзетуде елемеушілік әдісі жақсы нәтиже береді – олардың өздеріне көңіл  аударғысы келетін талаптарына  жақсы әсер етеді. Олар алдымен, жұмсарады, сосын есіріктік жойылып, өздерін тәрбиелей, түзете бастайды.

4. Дені сау  күлкі мәдениеті әдісі. 

Кейінгі кездегі  ғылыми зерттеулерде, американдық физиолог, психолог Джордж Дирборын – баланың  өмірінде жиі сағат сайын, минут сайын күлу, қуану, көңілді болу – үлкен маңызы зор дейді.

Қуаныш көңіл  – күйі – ұсақ қан тамырларын үлкейтіп, қан айналымын жақсартып, өмірге деген организімнің құштарлығын  оятады, – дейді.

Әрі қарай, қуаныш адамның денесіне, бұлшық еттеріне, нервісіне, ас қорыту, ақыл ой дамуына, дене тәрбиесіне – үлкен үлес қосады дейді.

Профессор Е.К. Сепп күлкіге психофизикалық маңыз  беріп, адам өміріне әсіресе шаршаған ми қабығына жақсы әсер етеді. Әрі  қарай, адам күлген кезде бас сүйекте  және кеудеде қан айналымы төмендейді; осы кезде қан қысымында толқу пайда болып, ол толқу біртіндеп көбейеді. Егер осы айтқанды қорытып ойласақ, осы процессті мидың вена жүйесіне апарсақ, онда жеңіл қан айналымы жүрген кезде ми қайтадан сұйықтың ағуын сезеді, сонда миға ерекше массаж жасалады. Сөйтіп, күлген кезде, ол миға массаж жасай отырып, миды қанмен толтырып, оны шаршатпай, мидың ерекше дем алуына көмектеседі екен.

Қуанудың әсері  әсіресе ерекше дамыған балаларға  да тиеді. Мысалы, өзімен - өзі жүретін, аутизм балаларды алсақ – мұнда дәрігер, педагогтар балаға дұрыс атмосфера жасап, оны қуанту керек. Бұл балаларға қуаныш – күннің жылуындай, ауадай қажет. Көңілді күлкі – ондай балалар үшін – дәрі тәрізді, ұдайы қолдану керек.

Осындай мақсатпен, біз мұналарды ұсынамыз: біріншіден, арнайы кітаптар қажет, ол кітаптарды оқығанда, балалар табиғатты жеңуге, ерлікке үйрену керек. Көңілді, күлкілі кітаптар қажет.

Көңілді, қалжындай  білетін педагогы болса, балаларға  тіпті жақсы.

Балалардың  арасында да, көңілді, сықақшы, әңгімеші балалар да болады. Олардың мұндай қасиеттерін дамытып отыру кажет. Тек қана, мұндай күлкі – қалжың шектен асып, басқа балаларды мазақтамаса болды, соны бақылау керек.

 

 

 

1.3 Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны

Дамуында ауытқулары бар балаларды түзетуде – күлкі, қалжың, жұмбақтардың орны ерекше.

Жақсы тәрбиеші жүйелі түрде дені сау күлкіні, мәдениетті күлкіні қолданады.

5. Бала қатты  қозған кездегі іс әрекет.

Бала қатты  қозған кезде, оған психикалық әсер ететін, қоршаған үлкен адамдар болады. Тәрбиеші, бала аффект кезінде қандай қиын болса да, өзінің мықты күшімен баса алады.

Тіпті қиын болған жағдайда, баланы төсекке жатқызып орап тастау керек, немесе ваннаға апару  керек.

Қатты қозу кезінде, жазалауға болмайды, өйткені бала жартылай ессіз, жауапсыз жағдайда болады, сондықтан, қолына түскен затпен ұрып жіберуі, немесе айқайлап жылауы т.с.с. әрекет етуі мүмкін.

Қатты қозу - өзін - өзі ұстауына мүмкіндік бермейді; сондықтан да оны да, адамдарда  да аулақ ұстау керек. Бір рет дұрыс емес қимыл жасаса, бар өмірін өзгертуі мүмкін.

Ұзақ қозу болса, онда жеке бөлмеге, құлып салмай, төсекке  жатқызып ұстайды. Көзден таса қылмау керек. Ауру адамды күткендей болып, температурасын өлшеп, дәрі беріп т.с.с. жанында болу керек.

Есірік балалардың ұстамасы ұстаған кезде, көзден таса қылмай қарау керек, олар кейде өзін - өзі өлтіруге дейін барады.

Жазалауға да болмайды – психикалық паралич болуы мүмкін.

Профессор Н.Н. Тарасевич, әңгімелесу әдісін ұсынады. Бала тынышталған соң, жеке жерде  онымен әңгімелесуге жеңіл болады, бұл жағдайда педагогы балаға өте жақын келіп, оның тәртібін жақсы түсінуіне мүмкіндік туады. Мұндайда, тәжірибе қажет, педагогикалық такт керек.

Бала, педагогын  жақын тартып, қорғаушысы ретінде, сезінуі  қажет.

Кейде, мұндай қозу барлық коллективте болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, оның себебі:

а) дұрыс тамақтандырмау, аш болу;

б) педагогтардың  дөрекі, қатыгез мінез көрсетуі;

в) мекеменің  күн тәртібіндегі кемшілік – таза ауаға шығармау;

г) бірқалыпты, ішпыстыратын, дұрыс дем алмау;

д) көсем –  балалар, басқаларды қорқытып, итермелейді, - нәтижесінде қатты қозу – аффект – дәрігерге, педагогқа, директорға қарсы шығады.

Информация о работе Арнайы психология пәнінің негізгі ғылыми және тәжірибелік қағидалары