XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 06:19, реферат

Описание работы

XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған білімді, болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.
Екіншіден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығырып, оларға білім беріп, көздерін ашып, қалайша ақыл-ой арқылы бақытты өмір орнатуға болатыны жөнінде насихат жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

VI тарау.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы 

          XVIII ғ. Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берілді. Біріншіден, олар діннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған білімді, болмыс жөнінде айқын, түсінікті философиялық қағидалар тудырғысы келеді.

     Екіншіден, олар халықты надандықтың  құрсауынан шығырып, оларға білім  беріп, көздерін ашып, қалайша  ақыл-ой арқылы бақытты өмір  орнатуға болатыны жөнінде насихат  жүргізеді.

     Немістің ұлы философы И.Канттың  айтуына қарағанда, Ағарту дегеніміз – ол адамзат тарихындағы қажетті дәуір – оның негізгі мақсаты – әлеуметтік алға жылжудағы ақыл-ойдың, зерденің кеңінен пайдалануының керектігі. Ағарту дәуірін адамзаттың текті мәнінен шығатын құбылыс ретінде қарап, И.Кант оны ұзаққа созылатын процесс және соның шеңберінде адамдар моральдық және білімдік жағынан жетіліп, қараңғылық пен надандықтан құтылған ерікті қоғам құрады деп есептейді.

     Марксизм ағымы XVIII ғ. Ағарту философиясын өте биік бағалап, олардың тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани негізін жасағандығынан көрді.

     Жалпы алғанда, Ағартушылар ақыл-ой, зерденің зор мүмкіндігіне сенді.  Олар ақыл-ой, зерде арқылы діни, метафизикалық, схоластикалық, бұрыннан  қалыптасып қалған ой-өрістен  құтылу қажеттігін асыра көрсетті. Олар адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды залымдықтан құтқарып, мемлекетті басқарудағы зорлық-зомбылықты жоюды талап етті.

     XX ғ. Неміс философтары  М. Хоркхаймер мен Т.Адорно «Ағарту диалектикасы» деген еңбектерінде бүгінгі таңдағы ағарған қоғамда бұрынғыдай залымдықтың салтанат құрғанына қарамастан, Ағартушылар кең түрде ойлауды дамыту қажеттігін, адамдарды қорқыныш, надандықтан жұлып алып, өздерінің тағдырын өзгертуге болатындығына сенді.

     Ағартушылардың ұраны «Sapere aude!»  («Даналыққа ұмтыл!») осы ғасырдағы ойшылдардың зердеге деген терең сенімін көрсеткендей.

     Ағарту философиясының тағы бір  ерекшелігі – оның теоретиклық-жүйелік  жағынан гөрі практикалық, идеологиялық  жағының басым болуы.

     Бұл идеологияның негізгі қағидалары:

     а) адамның ақыл-ой зердесі арқылы адамзаттың жарқын болашағының келетініне сену;

     б) артта қалған дәстүр, әдет-ғұрыптардың  ақыл-ой тұрғысына сынап, адамдарды  олардың шырмауынан босату;

     с) ғылым мен техникаға кеңінен  жол ашу қажеттігі, олардың  бақытты қоғам орнатудағы рөлін көрсету;

     е) философия саласындағы дәлелдеуге  келмейтін абстрактілік-метафизикалық  жүйелерден бас тарту;

     ж) дін саласындағы соқыр сезімнен  құтылу, материалистік, атеистік  бағытқа бетбұрыс жасау.

     Мәселені нақтылай келсек, онда жоғарыдағы көрсетілген идеялар сол кездегі ұлы тұлғалардың еңбектерінде қалай бейнеленді, енді соған назар аударарлық. 

§1.XVIII ғ. Ағылшын философиясы 

     Ағылшын философиясының XVIII ғ. көрнекті  өкілі Джон Толанд (1670-1722 ж.ж.) Англия, Шотландия, Голландия елдеріндегі университеттерде оқып, білім алған.

     Негізгі еңбектері: «Христиандық құпиясыз білім», «Пантеистикон».

     Бұл еңбектерінде Д.Толанд христиан  дінінің мистикалық, ақыл-ойға сыймайтын  жақтарын қатты сынға алады.  Оның ойынша, қайсыбір Дүние жөніндегі ақпарат түсінікті болуы керек, ал істейтін іс мүмкін болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын, оған қайшы келетіннің бәрі жоққа шығаруылы керек, өйткені ол мүмкін емес, я болмаса еш нәрсе емес.

     Д.Толандтың ойынша, христиан діні  алғашқы пайда болған кезінде өте жақсы дін болған. Бірақ, жүре келе, діни қызметкерлер неше түрлі діни рәсім, ырымдарды ойлап шығарып, оның мән-мағынасын бұрмалаған.

     Өзінің онтологиялық (болмыстық)  көзқарастарында ол деистік қағиданы  ұстанған. Құдай материалдық Дүниені жаратқанда оған ішкі күш беріп, белсенділік қасиеттерін берген. Сондықтан материя өне бойы қозғалыста (moving force – қозғаушы күш).

     Ал адамның ойлау қабілетіне  келер болсақ, ол – адамның  миының қызметі. Идеяны денеден  бөліп алып қарауға болмайды. Ойлауды табиғи нәрсе ретінде көрсету үшін, Д.Толанд: «Бүкіл табиғат тірі (гилозоизм), өйткені оны тудырған Құдай – ғарыштың ақыл-ойы мен рухы», - деген көзқарасқа келеді.

     Келесі ағылшын философы –  Антон Коллинз (1676-1729 жж.) Итон және Кембридж университеттерінде оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Адамның еріктігі жөніндегі философиялық зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі қағидалар» т.с.с.

     Өзінің шығармаларында А.Коллинз адамның еріктілігіне қарсы шығып, адам – қажеттіліктің пендесі деген пікірге келеді. Адамның идеяларды қабылдауына, яғни оның түйсіктері мен дүниетануына келер болсақ, олардың бәрі де сырқы дүниеге, солардың бізге тигізетін әсеріне байланысты, біз олардан ерікті емеспіз. Сондай-ақ, адамның ойлау қабілетін алар болсақ, ақиқатқа жету де  сол қаралып жатқан біздің ойымыздағы заттардың табиғатына байланысты. Ал адамның ынтық болып тілейтінінің өзі де оның қажеттіліктерімен байланысты, ал оларды да ол сырқы Дүниеден табады.

     Ал біз іс-әрекет жасауға кіріссек, ол іс те сыртқы бір кедергі кездескен кезде заңды түрде тоқтап қалады т.с.с.

     Сонымен А.Коллинз қажеттілікті  асыра көрсетіп, адмның еріктігін  жоққа шығаруға тырысады.

     Ал өзінің болмысқа деген көзқарасында  А.Коллинз деистік бағытта болды,  Дүниенің алғашқы рухани себебі бар деген пікірге келді. Осы тұрғыдан алғанда, Дүниедегі қажеттілік – ол Құдайдың алдын ала бәрін болжауы.

       Сонымен қажеттіліктен еріктік  тумаса да, А.Коллинздің ойынша, еріктіктің  «екінші түрі» бар. Адам өзіне  қалай ұнаса, солай іс-әрекет жасай алады. Адам ерікті түрде Дүние, қоғам жөнінде ойлай алады. Әрине, ең соңында , біздің іс-әрекетіміз де, ой-өрісіміз де заттың өзіндік табиғатымен анықталады.

     Бірақ адамның ерікті ойынан  жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз  ақиқатқа бізді жеткізетін құрал – ол ерікті ой-өріс. Ақыл-ой арқылы тек қана табиғатты зерттеп қоймай, діннің қағидаларын да сынға алу керек. Өйткені ұзақ ғасырлар бойы діни қызметкерлер діннің негізгі мәселелері жөнінде ортақ пікір таба алмай, дауласып келеді.

     Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жоқ па? Ол ашуланып, я болмаса қуана ала ма? Ол кекшіл ме, иә тек ізгілікті жақтай ма? т.с.с.

  • Біреулер киелі кітап деп Библияны есептесе, екіншілер Құранды, үшіншілер Авестаны т.с.с санайды Христиан дінінің үштігі, қайта тірілу, о дүниедегі жұмақ пен тозақ, алғашқы күнә сияқты мәселелер бойынша осы уақытқа дейін дұрыс түсінік жоқ, - деп қорытыды А.Коллинз.

     Сондықтан әр адам өзінше ерікті  ойлау керек, сонда ғана діндегі  неше түрлі бұрмалаулардан құтылуға  болады.

     А.Коллинз дін саласында төзімшілдік керек екенін баса айтып, қайсыбір діни фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазіргі тарихтағы болған қандай оқиғаларды діни фанатизмнің қатыгездігімен салыстыруға болады? Дінге бола қаншама қан төгіліп, елдер дағдырап қалды? Бұл А.Коллинздің уақытында қойған сұрақтары бүгінгі таңдағы адамзатқа да өзекті мәселе емес пе?

     Джозеф Пристли (1733-1804 жж.) – ағылшын философы, Девентри деген жердегі Рухани академияда білім алған, жаратылыстану ғылымдарын зерттеген. Фотосинтезді ашқан, аммиакты жасап, оттегін ашқан адам. Негізгі философиялық еңбегі «Материя мен рухты зерттеу жөнінде» .

     Бұл еңбегінде Д.Пристли: «Материя дегеніміз – ол созылатын қасиеті, тарту мен итеру күштері бар субстанция», - деген анықтама береді.Материя енжар (inert) емес, ол өнешетүрлі күштерге толы субстанция. Егер сіз материяның тарту және итеру күштерін алып тастасаңыз, онда материя да жоғалады. Д.Пристли ғылымында ұстаған материяның өткізбейтін қасиеті бар зат деген пікірге қарсы шығып, заттар бірінөбірі өзара өткізеді деген пікірге келеді. Ол осы тұжырым арқылы материяның сезімі мен ойлау қасиеттерінің бар екенін дәлелденгісі келді.

     «Менің ойымша,-дейді Д.Пристли,-адам  құрамы жағынан біртекті, ал оның  қабылдау қасиет мен басқа  да қабілеттері мидың құрылымымен тығыз байланысты». Яғни адамның табиғатында екі бір-біріне тәуелсіз қарсы жатқан нәрсе жоқ-адам толығынан материалдық дене. «Адамның мүшелерінсіз, жүйке мен миынсыз бізде сезім де, идеялар да пайда болмас еді»,-деп қорытады Д.Пристли.

    Ойшының әлеуметтік-саяси көзқарасына келер болсақ, ол адамдардың саяси және азаматтық бостандықтарын қорғайды. Оның ойынша, «ең жетілген саяси бостандықтар болған жерде, барлық қоғам мүшелерінің саяси құқықтары тең болады». Ал мемлекеттің лауазымды қызметтеріне адамның тегі мен байлығына қарай қойған қоғамда ешқандай саяси бостандық жоқ. Барлық азаматтық биліктің қайнар көзі халықта болу керек.

     Ал енді азаматтық құқтарға  келер болсақ, ол әр адамның  өзінің қалауынша іс-әрекет жасау  құқы, оған мемлекеттің лауазымды иелері ешқандай қол сұқпауы керек. Мемлекет билігіне келер болсақ, оның негізгі мақсаты-әрбір адамның меншікке, өзінің қауіпсіздігіне, бақытты өмір сүруіне деген құқтарын қамтамасыз ету.

    Саяси бостандық пен азаматтық  бостандық өте тығыз байланысты. Бұл диалектикалық өзара байланыста саяси бостандық шешуші рөл атқарады. Егер саяси бостандық болмаса онда халық өзінің азаматтық бостандығын дұрыс қорғай алмайды. Саяси бостанық көбірек болса, онда азаматтық бостандық та күштірек болады.

    Адамдардың өмірге, еріктікке, меншікке деген табиғи құқтарын сақтау үшін олар мемлекет құруға келіседі. Ал бірақ жасалған шарттың қағидалары бұзылса, «холық ол шарттын бас тартып, жаңа тәртіп орнатуға құқы бар»,-деген Д.Притлидің ойы оның демократиялық қайраткер екенін көрсетеді. 

Шефтсберри  мен Мандевиль. Моральдық  мәселелер 

    Антони Шефтсбери(1671-1713жж.) философия  тарихына жазушы-моралист ретінде  кірді.

    «Адамдардың, әдет-ғғұрыптардыың,  пікірлер мен уақыттың мінездемелері»  деген еңбегінде ол «әсемдік  пен ізгілік-бір»,-деген пікір айтады.

    А.Шефтсбери моральдық құндылықтарды адамның ізгі табиғатынан шығарады. «Әсемдік, әділеттілік, адалдық жөніндегі түсініктер мен принциптер адамның табиғатынан шығады, басқа олардың қайнар көзі жоқ»,-деп ашық айтады. Бұл мәселе бойынша ол Т.Гобос пен Д.Локқа қарсы шығып, «Ізгілік пайда табу жолында, я болмаса марапаттау мен жазалау мүмкіндіктерін пайда болатын қорқыныш сезіміне емес, ол өз-өзін тудырады, ізгілік жолындағы адам өзін бақытты сезінеді. Ізгі адам өзінің сана-сезім, іс-әрекеттерімен өзі мүше болып отырған әлеуметтік топтың, қоғамның жетілуіне бар күшін салуы керек.

    Ізгілік адамның ішкі табиғатында  орын алғаннан кейін, әрине,  ол Құдайғ сенумен тікелей  байланысты емес. Керсінше, діннің  қағидаларының өзі моральдық сананың сынынан өтуі қажет. Өйткені, адамзат тарихи діннің көп жағдайда моральдық санаға тигізетін теріс ықпалын көрсетеді.

     Кімде-кім ізгілікке Құдайдың  мейірбандығы тиюі үшін, я болмааса  жамандыққа Оның жазалауынан  қорқып бармаса, оны моральдық пенде деп атауға болмайды. «Ондай адамда адамгершілік, ізгілік, әулиелік шыншырға байлап қойған арыстанның момындығынан көм емес»,-деп қорытады А.Шефтсбери.

     Алайда бұл келтірілген пікірлер  ол Құдайды мойындамаған екен  деген пікірге әкелмеуі керек. Оның ойынша, «Құдай дегеніміз-әсемдіктің негізгі қағидасы, себебі, қайнар көзі». Оның негізгі рөлі – сондай әсем, тәртіпке келген Ғарышты тудырғанында. Осы сырқы әсемдікке адамның ішкі рухани өмірінің «бақтары мен көгорайы» сәйкес келуі керек, - деп өзінің моральдық философиясын қорытыды А.Шефтсбери.

     Екінші осы замандағы көрнекті  ағылшын философы Бернард Мандевиль (1670-1733 жж.) А.Шефтсберидің моральдық философиясының іргетастарын аударып тастап, оған қарама-қарсы жатқан идеяларға келеді. Негізгі еңбегі – «Аралар жөніндегі ертегі».

      Араның ұясында байлық пен қайыршылық, күнбе-күнгі той-думан мен ауыр еңбек қатар өмір сүріп жатыр. Онда бәрі де сатылады. Ашқарақтық, тәкаппарлық, көреалмаушылық, алдап-арбау қай жерде болмасын кең етек алып, бәрі де баюға тырысып жатыр. Осының нәтижесінде араның ұясында гүлдеу, жақсы өмір сүру байқалады.

Информация о работе XVIII ғасырдағы Ағарту философиясы