Өзін-өзі тану» - мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа пән

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:42, методичка

Описание работы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосындағы №9 Құлыншақ балабақшасы 2009-2010 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ алаңы болып жұмысын бастады. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жоспарына «Өзін- өзі тану» пәнінің енгізілуіне байланысты оқу- тәрбие жұмысы жалғасын табуда. Осы уақыт аралығында «Өзін- өзі тану» пәнінің іс- қимыл жоспарына сай балабақшада балаларды рухани- адамгершілік құндылықтар нәрімен сусындатуда оқу- тәрбие процесінде біршама жұмыстар жүргізіліп келеді.

Работа содержит 1 файл

Ғибатуллина Алма Сағындыққызы.doc

— 2.21 Мб (Скачать)

 «Өзін-өзі тану» - мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі

жаңа пән.


Ғибатуллина Алма Сағындыққызы,

№9 Құлыншақ балабақшасының

жоғары санатты әдіскері

Атырау облысы, Исатай ауданы,

Тұщықұдық селосы.

 

Жеке тұлғаның рухани – адамгершілік қасиеттерінің дамуы оның өміріндегі ең ірі өзгеріске кездесетін сәті  балабақша табалдырығын аттауынан басталып, оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосындағы №9 Құлыншақ балабақшасы 2009-2010 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ алаңы болып жұмысын бастады. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жоспарына «Өзін- өзі тану» пәнінің енгізілуіне байланысты оқу- тәрбие жұмысы жалғасын табуда. Осы уақыт аралығында «Өзін- өзі тану» пәнінің іс- қимыл жоспарына сай балабақшада балаларды рухани- адамгершілік құндылықтар нәрімен сусындатуда оқу- тәрбие процесінде біршама жұмыстар жүргізіліп келеді.

«Өзін- өзі тану» пәні бойынша білім беру мазмұны «Мен адаммын», «Қарым- қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» тараулары бойынша берілген. Бұл тараулардың тақырыптары әртүрлі болғанмен, мақсаттары бір арнаға келіп тоғысады. Әрбір жеке тұлғаға достық, отбасы, Отан құндылықтары туралы алғашқы қарапайым түсініктер беру; мейірімділікке, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, сүйіспеншілікке баулу, құрбы- құрдастарымен,өзінен кішілермен және үлкендермен ізгілікті қарым- қатынас, өзін қоршаған орта ғажайыптарын сезініп, табиғатқа зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеуге бағытталған.

Рухани –  адамгершілік тәрбие беру балабақшада  балалармен, ата- аналармен жүргізетін барлық– тәлім тәрбие, білім беру жұмысының барысында жүзеге асады.

Ата-анамен жұмыста  ата-анаға бұл пәнді енгізудің мақсат, міндеттері түсіндіріліп, болашақ ұрпақтың бойына имандылық құндылықтарын дарытып, жеке тұлғаны ізгілендіруде маңызды екенін, тек балаға ғана емес үлкен адамды тәрбиелеу пәні екені туралы кеңестер берілуде.берілуде.

Ата – анамен жұмыста сабақта беріліп отырған ұғымдар «Бүгін біз не үйрендік?» жартақтасы арқылы жарнамаланып, бала психологиясындағы өзгерістер туралы пікірлесіп отырылады.

«Өзін- өзі тану»  журналдарының кезекті сандарындағы іс- тәжірибелік мақалалар  талданып, балабақшаның оқу- тәрбие жұмысына ыңғайластырылып, тәрбиешілер өз жұмыстарына пайдалануда,

Психолог кабинетінде  «Рухани- адамгершілік білім беру»  бойынша кітап қоры жасақталу  үстінде.

 «Өзін- өзі тану»  пәні мектепке дейінгі білім  беру жүйесіндегі жаңа пән  болғанымен, ересектер және мектепалды дайындық тобы балаларының «білсем, үйренсем, көрсем» деген ынта- тілектерінің өз ішкі сезімдеріне қозғау салып, әр сабақты асыға күтетін деңгейге жетті. Бұл деңгейге жету себебін «Өзін- өзі тану» пәні әдіс- тәсілдерінің тиімділігінен және тәрбиешілердің әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білуінің нәтижесі деп айтуға болады. Балабақшада «Өзін- өзі тану» пәні бойынша сабақ жоспарын құруда тәрбиешілерге үнемі көмек көрсетуде, ең алдымен әдістемелік құралдағы берілген сабақ жоспарымен танысылып, әңгімелеуге берілген мәтін мазмұнының мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сәйкестігі анықтап алынады. Кейбір тақырып бойынша әнгімелерді өзгертіп алып, әдіс- тәсілдерді сол мәтін бойынша қолданып отыру тиімділігін ұсынылып отырылған сабақ құрылымынан көруге болады.

Сабақтың тақырыбы:      Достық көмек

Мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.     

Міндеттері: -достық көмек туралы түсінік беру.

                   -өзара достық қарым-қатынастарын дамыту.

                   -бір-бірімен тату,дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: әртүрлі символдағы бейнелер,гүлдер,желім, қайшы.

«Шаттық шеңберінде» балалардың қолына әр түрлі суреттер таратылады, балалар сол суретке сәйкес (ақ көгершін- бейбітшілік,  гүл-  әдемі, ана- мейірімді, құмырсқа- еңбекшіл, жұлдыз-батырлық, ана-мейірімділік т.б.) рухани- адамгершілік құндылық қасиеттерді білдіретін сөздерді (бейбітшілік болсын, еңбекшіл болайық, әдемі болайық...) бір- біріне ізгі тілекпен жолдап, қолдарын бір- бірінің иықтарына қояды. Міне, балалар сендердің ізгі тілектеріңнен «Достық шеңбері» құрылды деген кезде балаларда қуанышты көңіл- күй пайда болды.

Әңгімелесу  әдісінде « Менің досым» деген тақырыпты ұсынып, достары туралы балалардың пікірлері тыңдалып, балалардың сөздік қорлары, байланыстырып сөйлеу деңгейлері анықталды.

-Балалар сендерге жалғыз ойнаған  немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап  көріңдерші? деген сұрақ беру  арқылы, оқылатын мәтін мазмұнына дайындық жұмысы жүргізілді.

Әдістемелік құралда әңгімелеуге  берілген Д. Қайсеновтың «Балдырған нағыз жолдас» деген әңгіме мазмұны мектеп оқушыларына арналған, сондықтанда ол әңгіменің орнына Нүсіпбаева М.И.,Сейілғазинова С.А құрастырған Хрестоматия кітабынан (17- бет) Т.Благовещенская. «Ойыншықтар достығы» ертегісі алынды және бұл ертегі мазмұны негізінде жағдаяттар құрастырылып, жағдаяттарды талдау әдісі жүргізілді. Осы берілген жағдаяттарды рет-ретімен шешкен кезде бір-бірімен достаса білу, достық көмек ережесін құрастыратындары айтылды, бұл жерде балаларда ертегіні зейін салып тыңдауға деген жауапкершілік және қызығушылық пайда болды. Әр жағдаят ережемен бекітіп отырылды.

Мысалы:1-жағдаят: Ертеде бір әдемі қуыршақ болыпты. Қуыршақ өз әдемілігіне масаттанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Мақпал  Қонжық, Көжек, Маймыл,Қодық қуыршақты бірнеше рет ойнауға шақырды.Бірақ тәкаппар Қуыршақ әрқашан олармен ойнаудан бас тартатын болыпты.

  • Қуыршақ қандай? Мінезіне сипаттама беру.
  • Бұл жағдаяттан Қуыршақты ойнауға шақырған достар іс-әректінен қандай ереже шығарар едіңдер?

Ереже: «Дос болайық бәріміз».

2-жағдаят: Бір күні әлгі қуыршақ терезе алдындағы айнадан өзінің сұлулығына сүйсіне қарап отырады. Аяқ астынан қатты жел соғып,терезе қақпақтары ашылып кетеді.Қуыршақ еденге құлайды.Оның әдемі көйлегі жыртылып, шашы ұйысып,жылағаннан беті айғызданып қалады.Қуыршақ қатты жылайды.Оны байқаған басқа ойыншықтар Қуыршақты аяп кетеді. Маймыл қуыршақтың жыртылған көйлегін әдібін білдірмей тігіп береді. Көжек шашын сәндейді.Мақпал Қонжық басынан сипап,оны жұбатады, ал Қодық Қуыршақтың жерден көтеріліп,орындыққа отыруына көмектеседі.

  • Қуыршақтың достары қандай?
  • Бұл жағдаяттан достықтың қандай ережесін шығарар едіңдер?

Ереже: «Досыңның басына іс түскенде көмектес».

3 жағдаят: Қуыршақ өз-өзін айнадан көріп танымай қалды-ол бұрынғысынан да ажарлана түскендей.Ол өз қатесін түсінеді. Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады.Осы жағдайдан кейін Қуыршақ сұлулығына мақтанбайтын болыпты. Менмендігін ұмытыпты.Ол бәріне ендігі жерде Мақпал Қонжық, Көжек, Маймыл, Қодық сынды достары барын қуана айтып жүреді.

  • Қуыршақ достарының көмегін қалай қабылдады?
  • Бұл жағдаяттан достықтың қандай ережесін шығарар едіңдер?

Ереже: «Достық  татулықтан басталады».

Дәйексөз: «Жақсы дос- өзін сөзбен емес, іспен көрсетер» деген мақалды -дос қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қолындағысымен бөлісетін, қиналғанда бір- бірінің жанынан табылып, көмек беретін адамдар, деп дәйексөздің мағынасын ашып түсіндіре отырып, «Ойыншықтар достығы ертегісі мазмұнымен салыстыртылды.

Өзіммен-өзім   «Досыма қалай көмектесемін» музыка әуенімен көздерін жұмғызып, балаларға өздерінің достарына  қандай көмек бергенін,  көз алдарына елестету тапсырылды.

  • Досың сенен қандай көмек сұрады?
  • Сен досыңа қалай көмектестің?

Балалар елестету арқылы достарына қалай көмектескендерін мақтаныш сезіммен жеткізе білді.

«Досыма    сыйлық» шығармашылық жұмысында суретті сыйлықтар беріледі, сол суреттерден досына сыйлық таңдап қиып алып,  конвертке желімдеп  жапсыру және достарының атын жазу тапсырмасында балалардың ұл бала мен қыз балаға сыйлық таңдау ерекшеліктері де байқалды. Бейнелеу құралдарын қолдана отырып өз алдарына тапсырмалар берудің балалар шығармашылығын дамытуда маңызы зор.

Ойын  «Досым менің мақтанышым»

Шарты: Бір баланы ортаға шығарып  Сенің досың кім? Досыңды не үшін мақтаныш етесің? деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, ол баланың көзі байланады, балалар ішінен  музыка тоқтағанша досын табуы керек. Бұл ойын кезінде балалардың зейін, есте сақтау, қабылдау т.б. психологиялық қасиеттерінің деңгейі анықталды.

«Ғажайып сөздер»

Балалар бүгінгі сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Жаңа сабақ бойынша алған  білім, білік, дағдылары мәтін бойынша  ғажайып сөздер әдісі арқылы бекітілді.

-Дос болайық бәріміз.

-Достық татулықтан басталады.

-Досыңның басына іс түскенде  көмектес.

Қорытындылау.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін достарымыз туралы әңгімелестік. Досымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айттық. Достар бір- біріне әрқашан көмектесу керектігін түсіндік.

Жүректен- жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, бір- біріне қолдарындағы гүлдерін алмастыра беріп, досына жылы тілектерін білдіріп, «Дос болайық бәріміз»  әнінСөзі- Х.Талғаровтікі.    Әні- И.Нүсіпбаевтікі қосыла айтады.

Өзін-өзі тану сабағында  шығармашылық ізденіспен балалардың қызығушылығын, логикалық ойлауын дамыта  қолданып өткізген сабақта, балалардың бойында достарына деген сенім, құрмет, досына жасаған көмегі арқылы жауапкершілік сезімдері пайда болады және сабақты өткізген тәрбиешілерде шығармашылық жетістіктерге жетеді.

«Өзін- өзі тану» «Үздік сабақ» аудандық конкурсына балабақшадан қатысқан Нұрмұханова Айнұр Әлімбайқызы жоғарыда талданған «Достық көмек» тақырыбындағы сабағын «Шеберлік сабағы» түрінде көрсетіп аудандық байқауда І дәрежелі Дипломмен, облыстық байқауда «Жаңашыл мұғалім» номинациясы бойынша марапатталды.

 «Өзін- өзі тану, өзіңді тану»  тақырыбындағы аудандық семинарда  Есенгенжина Ғалия Рахметоллақызы  «Табиғатқа қамқормын» тақырыбында  сабақ өткізді. Бұл сабақта  «Өзін- өзі тану» пәнінің әдістерін  тиімді қолдана білуімен сабақ  жоғары деңгейде бағаланып, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың «Алғыс хатына» ие болды және «Атырау-Қазақстан» облыстық телеарнасынан көрсетілді.

Атырау облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен болған «Атырау облысында «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбындағы конференция жинағына балабақша тәрбиеленушілері Күнғали Дария Ерланқызының «Туған өлкем», Абілбашарова Сабинаның «Мен табиғаттың бөлшегімін» Тұқпатова Шұғыла Кенжебайқызының «Туған жерді сүйемін» тақырыптарындағы суреттері жинақ беттеріне басылды.

Адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында  ізденістер жүріп жатырған қазіргі  таңда,  рухани– адамгершілік құндылықтардың қалыптасуының түп негізі мен қозғаушы күшінің себебін анықтау – бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе болып отыр. Сондықтанда осы өзекті мәселені шешуде  «Өзін- өзі тану» пәні арқылы жалпы- адамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытуда,  яғни «әр сөзді жүректен өткізіп, кішкентай жүрекке жол тауып, жеткізуде»  педагог мамандарға жүктелер жауапкершілікте зор болмақ.


Информация о работе Өзін-өзі тану» - мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа пән