XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы Ресейдегі ғалымдардың педагогикалық көзқарастыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:03, реферат

Описание работы

Николай Иванович Пирогов (1810-1881) көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог. Ол – Москва университетінің медицина факультетінің түлегі. Дернт университетінде (қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы) медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғайды.26жасында Дерпт университетінде ол хирургия профессоры атағын алады.Петербургтің медициналық хирургия академиясында профессорлық қызмет атқарады.

Работа содержит 1 файл

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы Ресейдені ғалымдардың педагогикалық көзқарастыры.docx

— 33.54 Кб (Скачать)

        Тәрбиенің негізгі шарттары мен  тәсілдері және оқушылардың арасында  саналы тәртіпті қолдау ретінде  Добролюбов төмендегілерді атады:  мұғалімнің шәкірттерге ерекше  қамқоршы болуы, көңіл бөлуі,  оқушыларды дер кезінде міндеттерімен  таныстыру, мұғалімнің оқушыларға  қойған талаптарын, табандылық және  бірізділік, кішіпейілділік пен  қамқорлық қатынастардың ұштасуын  қамтамасыз ету, мұғалімнің үлгісі  және оқушылардың мінез-құлқындағы  жағымды үлгілерді қолдану, оқушылардың  тәртіпті орнатуға ынталылығы, олардың  тәртіпті бұзушылыққа күреске  қатысы.

        Добролюбов Пироговтың ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне қарсы шығуын  қызу қолдады. Бірақ Пирогов  өзінің бұрынғы айтқан бағытынан  ауытқып, “кейбір жекеленген  жағдайларда” ұрып-соғуды қолдануға  болады дегеннен кейін оған  қарсы өзінің атақты “Дүремен  қиратылған бүкілресейлік иллюзиялар”  атты мақаласында Пирогов пікірінің  екіжақтылық сипатын қатты сынға  алды. Пирогов 1860 жылғы өзінің  жауабында Добролюбовтың сын-ескертпелеріне  қарсы шығып, өзін ақтамақшы  болды. Осыдан кейін “Тамшыдан  теңізге” атты мақаласында тағы  да Пироговтың келісімпаздығын,  бұрынғы ұстанған бағытынан бас  тартқандығын қатты сынға алды.

        Чернышевский және Добролюбов  Радищевтің, Белинскийдің және Герценнің педагогикалық көзқарасын дамытты және тәрбие, педагогика туралы революцияшыл-демократиялық ілімнің жүйесін негіздеді. Олар мектептің оқу және тәрбие жұмысының мазмұны және әдістемесі туралы ілімді толық талдады.

        Революцияшыл демократтардың педагогикалық  мұрасы өзінің идеялық-саяси бағыттылығы  және ғылыми деңгейі бойынша  Маркске дейінгі кезеңде тең  келетін болмады және тәрбие  мен оқытудың алдыңғы қатарлы  жүйесі үшін Ресей прогрессивті  күштерінің күресінде көрнекті  роль атқарады.

        Чернышевский мен Добролюбовтың  революцияшыл-демократиялық педагогикалық  ойлары Ресейдегі прогрессивтік  педагогиканың және білім берудің  дамуына үлкен ықпал жасады. Осы  педагогикалық мұраның көптеген  мәселелері қазіргі кезеңге дейін  өз құндылығы жоқ. 
 

  1. Николай Иванович Пирогов қандай университеттің түлегі?

                   Н.И.Пирогов Москва университетінің  түлегі.

  1. Н.И.Пирогв   Қырым соғысына  өз еркімен қай жылы және не үшін аттанады?

    Н.И.Пирогв   Қырым соғысына  1854жылы жарақаттанғандарды емдеуге аттанды.

  1.    “Адам болу – бұл тәрбиенің негізгі мақсаты болу керек” қай ғалымның сөзі??

     Николай Иванович Пироговтың айтқан сөзі

  1. Николай Гаврилович Чернышевский  алғашқы білімін қай жерде алды?

       Н.Г.Чернышевский  алғашқы білімін үйде алған  болатын

  1. Н.Г. Чернышевский Петербург университетін бітіргеннен кейін қандай гимназияда мұғалім болып жұмыс істейді?

           Петербург университетін бітіргеннен  кейін Н.Г. Чернышевский                                                               Саратов гиназиясында  3 жыл  әдебиет пәнінің мұғалімі болып      жұмыс істейді

  1. “Өмір сүретіннің барлығы – материя, материясыз сана болмайды, болуы да мүмкін емес” деп айтқан кім?

              Н.Г. Чернышевский айтқан

  1. Николай  Александрович  Добролюбов  жоғарғы білімін қандай институтта алады?

              Петербургтегі педагогикалық институтында алады

  1. Н.А.Доролюбов Петербургтегі педегогикалық институтты бітіргеннен кейін қандай жұмысқа орналасады?

        Н.А.Доролюбов  педагогикалық институтты бітіргеннен  кейін                                            Современник журналының  редакциясына  жұмысқа орналасады. 
     

ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық

қозғалысқа  жалпы сипаттама.

       ХІХ ғ.60-жылдары Ресейде өндіргіш  күштердің дамуымен және бұл  дамуды тежейтін крепостниктік  қатынастардың арасындағы қайшылықтарға  байланысты үлкен қоғамдық қозғалыстың  кезеңі болып табылады. Шаруашылықтың крепостниктік түрі капиталистік дамудың жолындағы кедергі болды. Крепостниктік құрылыстың іріп-шірігендігі және әлсіздігін Қырым соғысы көрсетті. Ресей экономикалық және техникалық артта қалудың, жоғары әскери басшылықтың дұрыс емес стратегиясының салдарынан соғыста жеңілді.

        Алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының  және ойшылдарының крепостниктік  құрылысқа қарсы шығуы крепостниктік  тәртіппен келіспеушіліктің өсуіне  көмектесті. Осының бәрі, қосып алғанда, 50-жылдардың аяғында Ресейде қоғамдық  қозғалыстың пайда болуын даярлады.

        Қоғамдық қозғалыстың құрамды  бөлігі сол кездегі күшті дамыған  педагогикалық қозғалыс болды.  Крепостниктік тәрбиені қатаң  сынау сословиялық мектепке қарсы  күрес ой-өрісті дамытуға дінсіз  білім беруүшін адамды, азаматты  тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім  беру үшін, догматизм мен схоластикаға, құрғақ жаттау мен муштраға  қарсы күрес баланың жеке басын  қастерлеу, прогрессивтік негізде  дидактикалық мәселелерді талдау, халық мектептерінің кең жүйесін,  жоғары мектептің автономиясын  талап ету –    ХІХ ғ.60-жылдарындағы  орыс прогрессивтік педагогикасының  ұсынған негізгі мәселелері осындай  болды.

        Педагогикалық қозғалыс біртекті  болған жоқ. Әртүрлі қоғамдық  бағыттарға ұстанған педагогтар  негізгі мәселелрді әртүрлі көзқарас  тұрғысынан түсіндірді.

        Бұл кезеңде әртүрлі қоғамдық  қозғалыс пайда болды, олар  өздерінің алдында педагогикалық  теория мен практиканың өзекті  мәселелерін шешу мақсатын қойды.

        1859 жылы Петербург педагогикалық   жиналысы құрылды, кейін Петербург  педагогикалық қоғамына айналды.  Оның жұмысына П.Г.Радкин, К.Д.Ушинский, В.Я.Срюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.еменов, А.Н.Герд және көптеген басқа  да педагогтар мен методистер  қатынасты.

        Қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың  әсерімен бұл жылдары педагогикалық  журналистика дамиды, журналдардың  беттерінде тәрбие мен оқытудың  басты мәселелері қызу талқыланды.

        “Тәрбие үшін журнал” 1857 жарық  көрді, 1860 жылдан бастап “Тәрбие”  деген атпен шығып тұрды, онда  К.Д.Ушинскийдің бірнеше мақалалары  басылды, 1860 жылдан 1870 жылға дейін  “Орыс педагогикалық хабаршысы”, “Мұғалім” журналдары жарық  көрді, бұл басылымдар негізінен  халық мектебінің мәселелеріне  арналды.

        1864 жылдан бастап “Педагогикалық  жинақ” журналы шығарылды, ол  тәрбие мен жалпы білім беретін  мектептің жалпы мәселелеріне  арналды; 1861-1862 жылдарда Л.Н.Толстойдың  ұйымдастыруымен “Ясная Поляна”  журналы шығып тұрды, онда Ясная  Поляна мектебінің тәжірибесі  жарияланды, шетел және патша  үкіметі мектептерін өте қатты  сынға алды және т.б.

        Тәрбие және халыққа білім  беру мәселелері әдеби және  саяси журналдарда жарияланды  революцияшыл демократиялық бағыттағы  “Современникте” Н.Г.Чернышевскийдің  бірнеше статьялары жарық көрді,  Н.А.Добролюбовтың “Тәрбиедегі беделдің  маңызы туралы”, “Дүремен қиратылған  Бүкілресейлік иллюзиялар” және  басқалары жарияланды.

        Тәрбиенің жалпы мәселелеріне 60-жылдардың  бас кезінде тіпті кейбір арнаулы  журналдар да өз беттерін арнады. 1856 жылы алдыңғы қатарлы “Марской  сборник журналында Пироговтың  “Өмір мәселелері” атты белгілі  мақаласы жарияланды. 

      

    1. 1857жылы қандай журнал жарық көрді?

           “Тәрбие үшін журналы” жарық  көрді.

    1. 1861-1862 қай ғалымның ұйымдастыруымен “Ясная Поляна” журналы шығып тұрады?

            Л.В.Толстойдың ұйымдастыруымен 
       
       
       
       

     Пайдаланған әдебиет:

    1. Қадыржан Сейталиев. Педагогика тарихы. Алматы.2008
    2. www. massagan.com сайты.

Информация о работе XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы Ресейдегі ғалымдардың педагогикалық көзқарастыры