Ұстаз болу жүректің батырлығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 20:38, реферат

Описание работы

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Работа содержит 1 файл

ұстаздық дастаны.doc

— 315.00 Кб (Скачать)

 

С.Сарғасқаев. Ұстаз. Жазушының бұл кітабында жас ұстаздың алғашқы адымы, еңбек жолы, әртүрлі қызықты жайлармен әңгімеленеді.

... Оқып жүргенімізде  көптеген аудандардың мектептеріне  практикаға барғанымыз бар. Сонда  жаңадан жұмыс істеп жүрген  жас  мұғалімдер өздерінің  алғаш қалай келгенін әңгімелейтін: “ой, несін сұрайсың, біз алғаш келгенде, оқу бөлімі қошаметпен жылы қарсы алды. Күтпеген едік ондайды”.

“Оған неге таң қаласыңдар? Дүниедегі ең құдіретті, құрметті мамандық иесі бұлай қарсы алуға тұрмай ма? Туған ана мен сүйікті ұстазын тани білген адамдар әсте осылай болар”, - деп тақылдап, біздің өзімізді ұялтқандар да кездескен.

Басқасын қайдам, аудандық оқу бөлімі кеңсесінің табалдырығынан көтеріле бергенде: “Қызылтауға жіберсе  екен” – деген бір тілек  көңіліме сап ете түсті.

Күні кеше имене басып  табалдырығын аттаған, он жыл оқып білім  алып, өнерге үйренген, алғаш еңбек  жолына тәй-тәй қадам басқан, Жамал  Төлендіқызы апайдай ұстаздан тәрбиеленген өзім де Қызылтауға енді ұстаз болып  баруым  кезінде арман еді-ау... Адам кейде мақтануды да сүйеді. Оның өзі бір сәт көңілді марқайтады да. Кеше шәкірт болған мектебіңе, бүгін ұстаз болып есігін ашсаң, ондай мақтаныштың несі айып. Адам  сұлулығы бет-ажар көркінде емес. Адам өз бақытын түсіне білсе, соған қанағаттана білсе, жүрегінің қалауымен өмір сүре білсе, нағыз сұлулық сонда екенін де түсініп, жүрегіме түйдім ғой. Сол жүрек әмірімен, енді мұғалім атанып келіп отырмын ғой... Бұл жас мұғалімнің ішкі жан-дүние сезімі. Қандай нәзік толғаныс десеңізші! Тілі тартымды, оқиғасы қызықты.

 

Р.Сыздықова. Ғалым-азамат. Бұл еңбекте Қ.Жұбановтың профессорлық –ұстаздық қызметін айрықша атауға болады. Әріптестерінің, шәкірттерінің, көз көрген замандастарының айтқан, жазған естеліктерінде, оның абзал  жанды үлкен азамат, абыройлы ұстаз  болғанын байқаймыз. Оқығаны да, сол оқығанынан тоқығаны да мейілінше мол, бірнеше тілді, әсіресе орыс, қазақ тілдерін бірдей меңгерген, ғылымның алуан саласынан хабардар қарапайым Қ.Жұбанов өзінің білімімен де, жүріс-тұрысымен де сан адамның ақылшысы, тәрбиешісі, ұстазы болған.

Қазақ ССР Ғылым академиясының  академиктері атақты жазушы, ғалымдарымыз Ісмет Кеңесбаев пен Мұхтар Әуезов те айтқанды: “Мейірімі мол, сезімтал жолдас әрі барынша кішіпейіл  адам бола тұра Құдайберген сонымен  қатар жастар мен студенттердің  қатал, талабы күшті ұстазы болды. Қ.Жұбановты барлық жерде – ғылым, искусство, мәдениет, әдебиет қызметкері арасында тегіс құрметтеуші еді” (Қазақстан мұғалімі газеті, 1957 жыл, 5 желтоқсан)...

Құдайберген Жұбановты - ана тіліміз туралы үлкен ғылымның жаңа кезеңін – ғылыми-теориялық зерттеулер кезеңін бастаушы деп танимыз.

Олжас Сүлейменов айтқандай, “тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық”  өлшемінен пайымдайтын болсақ, Құдайберген  Жұбановтың алдында қазақ тілін  зерттеуші Ахмет Байтұрсынов  сияқты заңғардың тұрғанын, Халел Досмұхамедов, Қошке Кемеңгеров, Телжан Шонанов сияқты биіктердің болғанын көрсете отырып, білім-ғылымымыздың тарихында әрқайсысының өз орны барын баса айту керек.

Қ.Жұбановтың үлгі боларлық тағы бір қасиеті – оның полиглот (көп тілді білген) болғандығы. Оның араб, парсы, неміс, ағылшын, француз, көне түркі, моңғол тілдерін, қазіргі өзге түркі тілдерін әжептәуір меңгергені, тіпті жапон тілін зерттей бастағаны белгілі. Әсіресе неміс тілі мен көне түркі тілдерін жақсы білсе керек.

 

Сөйтіп, аса көрнекті ғалым, белгілі ағартушы, қоғам қайраткері, педагог - ұстаз, ұлт кадрлары арасынан шыққан маман-лингвист, профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихында елеулі орын алады.

Ендеше, атақты ұстаз, ғалым-азамат туралы білгенге не жетсін. Біле, жүрейік, оқиық, оқырмандар!

 

Жетпісқалиев С. “Сейтен  тағылымы” ұстаз – ғалым, жазушы Сейтен Сауытбековтің өмірі мен  шығармашылығын зерттеуге арналған еңбек.

Қазақ мәдениетінің тарихында  алаш қайраткерлерінің ғылымға, білімге, өнерге қосқан үлестері өлшеусіз. Олардың алаш жұртына сіңірген зор еңбегін жасымыз да, кәріміз де әрдайым ілтипатты мақтанышпен ұлықтап жатамыз.

Арғыдағы алаш қайраткерлерін айтпаған күннің өзінде берідегі кеңес  дәуіріндегі кезеңнің өзінде алаш жұртының қамы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қазақ ғылымын, өнерін, мәдениетін дамытуға, оның керегесі мен уығын бүтіндесуге өздерінің бойларындағы зор дарын қуатын, күш жігерін аямаған Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани секілді марқасқаларымыздың есімдерінің өзі неге тұрады?!

Бұл кітап белгілі  журналист, ақын, әдебиетші Серік  Сапарұлының “Сейтен тағлымы” атты зерттеу кітабының кейіпкері  болған, алдынан елімізге танымал  азаматтар Герольд Бельгер, Еслам  Зікібаев, Есенғали Лимоновтар тәрбиеленіп  білім алған, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім, ақын, жазушы, араб және шығыс тілдерін зерттеуші ғалым, әрі физик, математик, суретші және қоғам қайраткері, соғыс ардагері Сейтен Лиманұлы Сауытбеков.

 

Атақты адамдардың С.Сауытбеков туралы айтқандарынан үзінділер:

Жазушы Сәбит Мұқанов  Сейтен Сауытбековты “шын мәніндегі  Халық мұғалімі, ұстаздардың ұстазы”  деп бағалауы оның бүкіл  еңбек  жолын, атқарған игілікті істерін нақты  білгендіктен берілген талассыз, лайықты  баға.

Мұзафар Әлімбаев, Халық  жазушысы: “С.Сауытбеков ертегілері мен аңыздары, прозалық мысалдарының бастауы қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннен басталады. Оның үзілмес дәстүрінен нәр алған, өрнек алған дүниелер”.

 

“С.Сауытбековтың жазу мәнеріндегі тағы бір айрықша  өзгешелігі сөз байламдарындағы құлаққа майдай жағар саздылық, дыбыс үндестігі, ішкі ұйқастар толқыны дер едім”.

 

М.Әлімбаев С.Сауытбеков шығармашылығы туралы ғылыми тұжырымдар, мәністі пайымдауларға толы аталмыш  ұзақ мақаласына қоса,

“Ұлағатты ұстаз, ақын Сейтен Сауытбековке” деп он шумақтан тұратын өлеңін де арнаған.

Профессор, филология  ғылымының докторы, Халықаралық  жоғары мектеп академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасының  ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Тұрсынбек  Кәкішұлы Сейтен Сауытбеков туралы естелігін “Ұлы мұғалім” деп атапты. Енді осы мақаладан үзінділер келтірейін.

“Сейтен Сауытбековтің  атын естігенде, неге екенін анық білмеймін, шын мәніндегі ұлы мұғалімнің келбетін, мінез-құлқын көз алдыма елестетемін. Ұстаз демей мұғалім деп отырғанымның мәні бар. Әдетте ұстаз атына ие болғандар сабақ берудің, дәріс оқудың үстіне ананы былай, мынаны олай істеу керек деп ақыл айтатын, нұсқауы басымдау адамға ылайық сияқты да, ал мұғалім бәрін өз қолымен тындыратын пәндеге ылайықтау ма деймін.

Мен Сейтекеңнің сабақ бергенін де, мектеп директоры болғанын да көрмеген адаммын, бірақ ол кісінің майда үнінен, сабырлы мінезінен шын мәніндегі Мұғалімнің бейнесін көріп тұрмын деп әсерленуші едім. Әрине, әркім өз биігінен көрінеді ғой. Маған Сейтекең бас әріппен жазылатын Мұғалім болып көрініп еді, әлі де сол бейнесінде көзіме елестейді” – деген.

 

Герольд Бельгер, жазушы:

“Ұстаз, ұлағат, тағлым, тәлім-тәрбие, имандылық, зейін-ынта, руханият, құштарлық “білімдіден шыққан сөз”, “ұстаздық еткен жалықпас, мейірімділік, инабаттылық, парасаттылық, ізденгіштік, жаңашылдық, ізгілік тектес терең де көп мағыналы ұғымдардан шынайы азамат Сейтен

Сауытбековтың адами, қоғами, рухани кескін-келбетін құрастырып, оның әмбебап тұлғасын зерделеуге болады”.

Осындай үзінділерден кейін  С.Сауытбековтің артына қалдырған мұрасы мол, сан-салалы, талай тағлымды томдарға жүк боларлық екеніне көзіміз жетеді. Прозасы, поэзиясы, қай жанрға болмасын жазған шығармаларының айтары, мақсат-мүддесі біреу-ақ. Ол – тәрбие, Ұрпақ тәрбиесі, ұлт тәрбиесі.

Жас мұғалім-ұстаздарға берер көмегі мол, тілі тартымды.

 

Қаратаев М. Әдемілікке үйрететін ұстаз

Адамзаттың ежелгі арманы – бақытты өмір. Мұның мағынасы кең де терең. Ол “тамақтың  тоқтығымен, көйлектің көктігімен” әсте шектелмейді. Әдемілікке қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ. Бірақ осы қызығу мен сүйсінудің мөлшері бірдей емес. Әдемілікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі әр түрлі. Мұның себебі тәрбиеде. Әдемілікті ұнататын табиғи сезім туа пайда болғанмен, жүре дамиды. Оның дамуы, бірде жоғары, бірде төмен болуы адамның көркемдік мәдениетіне, көркем өнер туындыларын біліп, ұғынып, ләззат алып дағдылану тәжірибесіне байланысты. Әдемілікке үйрететін ұстаз еңбегі қандай зор десеңізші!

 

Боранбаев С. Ұстаз. Жинаққа  енгізілген әңгімелер негізінен  балалардың балалық мінезіне, олардың іс-әрекетіне құрылған. Ұстаз әңгімесінде:

... Несін жасырайын  біздің бесінші сыныпқа тарих  пәнінен сабақ беретін мұғаліміміз  Айткен ағаймен көпке дейін  үйренісе алмай-ақ қойдым.

Өзі сұсты да салмақты еді. Оқыс қылықтарыңды қиядан байқай қоятын. Тіпті, не мектепте, не далада оқыстау ойнап, ожарлау сөйлесең де бәрін көріп, бәрін еститін. Көрерін көріп, естерін естіп кете берсе бір сірә ғой. Жоқ олай етпейді. Айқайлап ақырып-жекірмейтін, салмақтап сөйлеп-ақ сазаңды беретін. Сондықтан оның алдына екінші рет кінәлі болып барудан өзің де қашып жүретінсің. Ол, әсіресе үйге берілген тапсырманы сұрағанда аяғыңды қия бастырмайтын. Дайындықсыз келіп көр сабаққа. Онан жалтару да, бірдеңе етіп сылтау айтып құтылу да мүмкін емес. Ойлағаныңның бәрін біліп қояды. Бірақ жақсы жағын да айта кету керек қой, сабақты жақсы дайындалып келсең, сені рахаттана тыңдап, жайнап отырар еді... Бұл шәкірт ойы.

Оқиғаның әрі өрбуі  қызықты, тартымды жазылған. Мұғалім  мен шәкірт арасындағы қарым-қатынас  сыйластық сезім, әдемі суреттелген.

 

Молдағалиев Жайсаңбек. Құс жолы атты жинағына қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин туралы повесі мен “ел суреттері” деген атпен бір топ әңгімелері еніп отыр. Жинақ тартымды оқылады.

 

Айтматов Ш. Ақ кеме. Бетпе-бет. Алғашқы ұстаз. Повестері мен  әңгімелері енді. Аударманың тілі жатық, оқиғалары қызықты, оқырманын бірден баурап алады. Танымдық, тәрбиелік, эстетикалық  әсері мол. Жас оқырмандардың дүние танымын еселеп, ой-өрісін кеңейте түсері даусыз.

 

Соқпақбаев Б. Менің  атым – Қожа.

Қай-қайсымызға да экраннан көріп жүрген Қожа туралы кітапты  жазған Бердібек Соқпақбаевты жақсы  көрмеуіміз мүмкін емес. Қожа  әрқайсымыздың  жанымызға жақын да таныс кейіпкер. Біздің ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз, аға-апаларымыз Соқпақбаевтай қадірлі қаламгер шығармаларын оқып өсті. Әлі де оқып келеді. Жазушының кез-келген шығармасын қолыңа алсаң, әрі қарай қазықтырып, жетелей жөнелетін сияқты. Бердібек ата өзінің балалық шағынан алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай, сол ғажайып көңіл мен көріністердің өзін оқырмандарына жеткізе білген жазушы. Жеткізіп қана қоймай классик жазушыға, балалардың сүйікті жазушысына айналды. Балалық шақта жазушы өзінің кейіпкеріне қатты ұқсапты. Олар сияқты ауылдың қара сирақ баласы болған.

... Өмір дегенді ойлап  отырсаң, қызық нәрсе. Бірімен-бірінің  қалайда тұзы жараспайтын кереғар  жаралған адамдар болады. Майқанова   екеуміз соның дәл өзі секілдіміз. Біздің  кикілжіңіміз күзде, ол осында мұғалім болып келген бетте-ақ басталды. Былай болды: Жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр дегенді естідім де, әжемнен ақша ала салып, жүгіріп дүкенге келдім. Рас, сатып жатыр екен. Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті.

Қайтсем екен деп біраз  ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым. Өйткені  соңындағыларға жетпей қалатын азабы  да болушы еді. Сонан соң көрінгеннің  оқулығына міңгесіп, жалынасың да жүресің, бұл- күн емес. Өзге ештеңең  болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: оқулығы сай бала – көңілі жай бала.

Сығылысып есіктен енді кіре берсем, бойы менің бойымдай ғана, тықылдаған бейтаныс көк көз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді.

- Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр, - дейді. Осы арада тілі құрғыр өтірікті менің еркімнен тыс айтып салды:

- Мен оқулық емес, қант аламын, - дедім. Өйткені магазиннің арғы азық-түлік сататын бөліміне қарай адамдар еркін өтіп жатыр.

Көк көз келіншек мені жіберді. Мен сыр бермейін деген оймен әуелі қант сататын жаққа өтіп кеттім. Бірақ қанттың қазір маған түкке керегі жоқ. Маған қажеті бесінші кластың оқулықтары. Прилавканы жағалап, адамдар арасымен ептеп кітап сатып жатқан жаққа қарай сырғи бастадым. Енді бір ұмтылғанда, жетіп те қалатын едім. Кенет әлгі көк көз келіншек желкемнен бұріп ұстап:

- Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады, - дейді.

- Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз, - деп, жұлқынып қалдым да, прилавкаға бір-ақ барып жеттім.

Көк  көз келіншек сатушыға дауыстап жатыр:

- Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

Ол бұл сөзді айтып  үлгергенше, Қожекең сұр кепканы  қойынға сүңгітіп жіберіп, тақыр  бас қара бала болып шыға келді. Балалар  ананы-мынаны сұрап, азан-қазан болып  жатқанда, мен ләм деместен сақ еткізіп, елу сомдықты сатушының қолына ұстата салдым. Сөйтіп, қажетті оқулық-дәптерлерімді бір құшақ етіп алып, шыға бердім. Есік алдында көк көз келіншек иығымнан қатты ұстап (қолы мұндай қатты болар ма!):

- Ой, ұятсыз. Қай класта оқисың? – деп бір жұлқып қалды.

Бірнеше күн өткеннен кейін, оқу жылы басталды. Мәссаған, керек болса, әнеугі маған дүкенде  жекіретін көк көз келіншек тыпың-тыпың  етіп, қағаздарын қолтықтап біздің класқа кіріп келе жатыр. Қожекеңнің сол мезет қандай күйге түскенін көрсеңіз. Бірақ бойымды тез жиып, ала қойдым да, сыр бермеуге тырыстым. Мүмкін, ол мені танымас деп ойладым.

Информация о работе Ұстаз болу жүректің батырлығы