Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:54, реферат

Описание работы

Ғылыми зерттеудің мәні. Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеудің міндеттері. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің кезеңдері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

9 Дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу.docx

— 35.15 Кб (Скачать)

9 Дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу

Ғылыми зерттеудің мәні. Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеудің міндеттері. Әлеуметтік-педагогикалық  зерттеудің кезеңдері мен әдістері.

Ғылыми зерттеудің мәні

Дәріс тақырыбында үш сөз: зерттеу, әлеуметтік-педагогикалық  зерттеу және әдістер. Мұндай бірізділікте біз дәріс мәнін аша түсеміз. Ең алдымен, зерттеудің  кез келген ғылымда қандай рөл атқаратындығын түсіндіріуміз керек, көп жағдайда белгілі қызмет аймағындағы байланыстар мен заңдылықтар туралы толық түсінікті беретін ғылыми білімді ұйымдастрыудың жоғары формасы ретінде оның теориясының өңделу деңгейіне  тәуілді. Ғылыми білім кез келген ғылымның соның әлеуметтік педагогиканың дамуы үшін қажет.

Ғылыми зерттеу – ғылыми білімді өңдеу процесі, ғалымның танымдық қызметінің бір түрі. Кез келген ғылыми зерттеу белгілі ерекшіліктерімен объективтілікпен, жүзеге асуымен, айғақтылығымен және нақтылығымен сипатталады.

Ереже бойынша ғылыми зерттеулермен  осы бағытта кәсіби дайындалған  ғалымдар айналысады, олар тәжірибелік және зерттеханалық құралдары бар ғылыми мекемелерде жұмыс жасайды. Әр ғылым жаңа білімге қол жеткізуі үшін ғылымның ұғымдық және категориялық апаратын қолданады, ғылыми ақпараттың жүйесін меңгереді.

Зерттеу үрдісіндегі білім  не алғышарт ретінде, не құрал ретінде, не ғылыми зерттеу нәтижесі ретінде  көрініс табады.

Ғылыми зерттеудің екі  түрі ажыратылады: эмпирикалық және теориялық. Эмпиризм – сезімтал тәжірибе білімнің жалғыз қайнар көзі деп танитын  философиялық ілім. Эмпирикалық таным  шынайы ақиқаттық пен практикалық  тәжірибе негізінде құралады. Әдетте, эмпирикалық зерттеулермен тәжірибелілер айналысады – әр түрлі қызмет саласының (мұғалімдер, әлеуметтік педагогтар, психологтар және т.б.) кәсіпқойлары. Теориялық зерттеулермен, біз атап өткендей, осыған арнайы дайындалған адамдар айналысады: профессорлар, доценттер, ғылыми мекемелерде қызмет атқаратын ғылыми қызметкерлер, сонымен қатар жоғары оқу орындарында.       

Эмпирикалық зерттеулерде қадағалау, сипаттама, эксперимент әдістері қолданылады; теориялық зерттеулердеосы әдістермен қатар абстрактциялау, дәріптеу, аксиоматизациялау, құлыптастыру, модельдеу әдістері қолданылады, срнымен қатар эмпирикалық және теориялық деңгейлерде талдау-синтез, индукция-дедукция секілді логикалық әдістер де пайдаланылады, олар туралы толығырақ төменде айтылады.

Эмпирикалық және теориялық  зерттеулер сонымен қатар алынған  нәтижелерімен  ажыратылады. Бірінші  жағдайда олар бекітілім, ереже, ұсыныстар ретінде, екінші жағдайда – бұл теориялық білімдер: ғылыми тұжырымдамалар, заңдар және заңдылықтар, жаңалықтар, өнертабыстар және т.б. ретінде анықталады. Эмпирикалық және теориялық танымдардың салыстырылуы кестеде келтірілген.

Эмпирикалық таным

  1. Эмпирикалық зерттеулер кәсіби қызметпен айналысатын тәжірибелік қызметкерлермен жүзеге асырылады.
  2. Танымдық қызмет жүйелі және мақсатқа бағытталған сипатта болмайды.
  3. Таным әдістері – қадағалау, сипаттама, эксперимент және т.б.
  4. Алынған білімдер бекітілім, ереже, ұсыныстар және т.б. ретінде анықталады.

Ғылыми таным

1. ғылыми зерттеулер осыған арнайы дайындалған ғалымдармен жүзеге асырылады.

2. ғылыми қызмет жүйелілік және мақсатты бағдарлы сипатқа ие.

3. арнайы танымдық әдістері: абстрактциялау, дәріптеу, аксиоматизациялау, құлыптастыру, модельдеу және т.б. 

4. алынған білімдер ғылыми тұжырымдамалар, заңдар және заңдылықтар, жаңалықтар, өнертабыстар және т.б. ретінде көріністер.

Эмпирикалық және теориялық  білімдер өздерінің айырмашылықтарына  қарамастан бір-бірімен тығыз байланысты: теориялық зерттеулер шынайы ақиқатты зерттеу үрдісі кезінде алынған  фактілер мен білімдер негізінде  құралады. Эмпирикалық деңгей шынайы ақиқатты меңгеруге, жаңа фактілер мен  құбылыстарды анықтауға, солардың негізінде қорытындылар жасауға, тәжірибелік ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Теориялық деңгейде бұрын ашылған факттар мен құбылыстардың байланыстарын түсіндіруге мүмкіндік беретін, болашақ оқиғалардың дамуын болжамдауға негіз болатын заңдардың қалыптасуын қамтамасыз ететін жалпы заңдылықтар ұсынылады. Бұл ғылыми зерттеулердің, жаңа ғылыми заңдардың ашылуының тек жалпы сызбасы-нұсқасы. Эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге өту білім саласындағы сапалы қадам дегенді білдіреді.

Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулер міндеттері

Әлеуметтік педагогиканың  Ресейде ғылыми білім саласы және тәжірибелік қызмет ретінде қайта дамуы 90-шы жылдары басталды. Әлеуметтік педагогика мәселелерімен елдің көрнекті ғалымдары айналыса бастады: В.Г.Бочарова, В.И.Загвязинский, А.В.Мудрик, Л.Я.Олиференко, Г.Н.Филонов және басқа да ғалымдар Ресей білім академиясында – елдің алдыңғы қатарлы ғылыми-педагогикалық мекемелерінде, Мәскеудің,  Санкт-Петербургтың, Омск, Екатеринбургтың жоғары оқу орындарында және т.б. ғылыми қоғамдастықтарда зерттеулер жүргізілді (әлеуметтік білім беру Академиясы, әлеуметтік ғылымдар Академиясы және т.б.). 

Әлеуметтік педагогика саласында  ғылыми зерттеулерді әлеуметтік-педагогикалық деп саналады: ол әлеуметтік педагогиканың мәні, оның мазмұны, әдістері мен әлеуметтік педагог қызметінің формалары туралы жүйеленген теориялық білімдер дайындалатын арнайы ұйымдастырылған таным үрдісі. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің өзгешілігі, оның күрделілігі дамушы адамның оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының барлық жүйесі, әлеуметтік байланыстардың толық алуан түрлілігі зерттеудің пәні болып табылатындығымен анықталады. Бұл үрдіс динамикалық, дамушы, өсіп жатқан және күн сайын өзгеріске ұшырайды. Әлеуметтік педагогиканың құрылуы мен дамуы ғалымдар алдында үш үлкен топқа бөлінетін міндеттер кешенін қояды. 

Бірінші топ әлеуметтік педагогиканың  теориялық мәселелерімен байланысты. Оларға зерттеу ғылымның объектісі  мен пәнін нақтылау, оның шетелдерде және отандық мәдениетте, сонымен қатар заманауи қоғамның нақты шарттарында қалыптасу негізінде түсініктік-категориялық жүйесін дайындау: ғылыми қызметтің осы садаларының қағидаларын айқындау және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің критерийлерін бағалау, ғылымның зерттеу әдістерінің өзгешеліктерін анықтау. Теориялық мәселелер заманау әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психъологиялық, философиялы-әлеуметтік, тарихи-әлеуметтік және әлеуметтік педагогиканың басқа да тұжырымдамаларының құрылуымен, әлеуметтік – педагогикалық құбылыстарды диагностикалау және болжамдаумен байланысты.  Мысалы, Ресейдің балалық шақтың әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін дайындау: елдің әрбір аймақтарында балалар үйлерін дамыту; балаларға арналған әлеуметтік қызметті басқарудың федералды, аймақтық және муниципалды жүйелері және т.б Ондай жүйелер тіпті жоқ деп айтуға болмайды, керсінше, практика жүзінде олардың интенсивті түрде дамуын байқауға болады. Бірақ олардың болжамдары мен дамуы, әдетте, мылқау-эмпирикалық деңгейде жүргізіліп отырады.    

Ғылыми зерттеулердің  екінші үлкен тобы тікелей әлеуметтік-педагогикалық  қызметтің зерттеу мазмұнына  қызмет көрсететін, әлеуметтік педагог  өз қызметінде пайдаланатын әдістер мен құралдармен, әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік жұмыстармен байланысына, арнайы және коррекциондық педагогикамен, әлеуметтік педагогика тарихымен, әр түрлі педагогикалық мекемелерлегі түрлі балалар тобымен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтың қызмет технологияларын дайындауға қатысты теорияларды қалыптастырумен байланысты. Мысалы, әртүрлі социумдағы балалармен жұмыс істеу мазмұны мен әдістерін дайындау, әлеуметтік педагогтың мүгедек баласы бар отбасылармен жұмыс жасау; әлеуметтік педагогтың тәртібінде ауытқулары бар балалармен жұмысы, әлеуметтік педагогтың тәлімдік отарларда жұмысы және т.б.

Үшінші топ мәселелері әлеуметтік педагогты кәсіби деңгейде дайындау, осы дайындықтардың тұжырымдамаларын дайындау, әлеуметтік педагогтың кәсіби дайындығының стандарттарын айқындау, оқу құралдары кешенін дайындау: әлеуметтік педагогика бойынша, әлеуметтік педагогика тарихы, әлеуметтік-педагогикалық  технологиялар бойынша және т.б., семинар сабақтарының, лабораториялық жұмыстардың мазмұнын, әдістері мен  формаларын құрастыру,  тәжірибе өткізудің практикумдарын, формалары мен әдістерін дайындау, оқу орындарының түлектерін аттестациялау мен байланысты.

Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулер тиімділігі көбінесе өзінің шығармашылық қызметінде қандай қайнар көздерді пайдаланатынына байланысты: технологиялар, кейіптер, жолдар, идеялар  және басқа. В.И Загвязинский қайнар көздердің бес түрін атап көрсетті: 1. Әлеуметтік қоғам тапсырысында көрініс тапқан жалпыадами гуманистикалық идеалдар; 2. Адам туралы ғылымдар кешендерінің барлық жетістіктері: психология, педагогика, валеология, сонымен қатар философия, әлеуметтану, әлеуметтік жұмыстар; 3. Теориялық тұжырымдамалар, шетелдік және отандық тәжірибе; 4. Баланы қоршаған әлеуметтік ортаның педагогикалық әлеуеті (отбасы, мектеп, мәдениет мекемелері); 5. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің (әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерле, әлеуметтік психологтар) шығармашылық әлеуеті.

Әлеуметтік –  педагогикалық зерттеулердің кезеңдері  мен әдістері

Ғылыми зерттеулер үшін мақсат пен зерттеу мақсаттарын нақты  қою, зерттеу аймақтарын шектеу аса  маңызды (кеңістікте және уақытта), басқаша айтқанда, ауқымды нәрсені ұстау мүмкін емес, сондықтан зерттеу логикасын дұрыс таңдау, зерттеу жоспарын жасау ғалымның жұмысындағы маңызды сәт.

Жоспар – минималды  шығындар кезінде максималды нәтижеге қол жеткізудің ең қарапайым құралы. Жоспарлау кезеңінің ұзақтығы орындаоған жұмыстың сапасы мен жоспарды жүзеге асыру уақытын қысқартуда аса  маңызды рөл атқарады.

Жоспар -  зерттеуші пайдаланатын жұмыс құралы. Ол өзгере алады, нақтылана  алады және түзетулер енгізе алады. Ең жақсы жоспар – жоспарды өзгерту жоспары. Жоспарды дайындау зерттеу қадамдарының тізбектілігі көбінесе жұмыс барысында алынған нәтижелер мен жаңадан пайда болған мәселелермен анықталатын  зерттеу логикасының қалыптасыуна ықпал етеді.

Зерттеу логикасын құрастырудың үш кезеңі бар: қойылымдық,  меншікті зерттеу, рәсімдеу-енгізу.

Зерттеудің бірінші кезеңі – зерттеу аумағын таңдау, мәселені анықтау, зерттеу тақырыбын анықтау, гипотезаны және зерттеу міндеттерін  алдын ала құрастыру.  Кез келген ғылыми зерттеулер мәселені анықтаудан басталады: жауабы бізге белгісіз және оған жауап беру міндетті теориялық  немесе практикалық сұрақтардан. Мәселе – ғылымда әлі белгісіз құбылыс, белгісіз нәрседен белгілі нәрсеге  апарушы көпір. Көбінесе «мәселе – бұл білімсіздіктің туралы мән» деген сөз айтылады.

Шын мәніндегі әлеуметтік – педагогикалық қызмет кең ауқымды  және көп қилы, сондықтан, ең алдымен  зерттеушінің назары ауып тұрған объективті саланы тап көрсету керек. Көрнекі  түрде айтқанда, ғалым қарауға  тиіс «зерттеу даласы» ұғымы бар. Зерттеу объектісін таңдау көп факторларға байланысты, зерттеу үшін саланың қаншалықты өзекті екені, зерттеу нәтижесінде ғалым қандай жаңалық ашатыны, әлеуметтік педагогика үшін бұл білім саласының даму перспективасы қандай, зерттеуші үшін бұл тақырып қаншалықты қызықты, осы салада жұмыс істеу тәжірибесі қандай екені.  Практикадан және практиекалық қызмет тәжірибесінен өту барысында «зерттеу даласын» толық зерттеу қажет және оның зерттелмеген бөлігін табу керек – зерттеу пәні болатын «ақ дақ». Бұл ізденіс ұзақ уақытты қамтиды.  

Бір жағынан, зерттеуші білетін  шыншыл ақиқат, екіншісінен – оның күмәндары, ғылым үшін бұл қаншалықты көкейкесті, мүмкін бұл мәселе зерттеліп  қойған шығар, бірақ ол оны білмейді, күмәндар, сенімсіздік, жорамалдар және т.б. ғалымның ізденістерін үнемі серік етіп жүреді. Масалы, балалардың әлеуметтік-педагогикалық қалпына келтіру мәселелерімен айналысқыңыз келеді. Бұл тақырып өзектілігі қоғамның қажеттіліктерімен шартталған және бейімсіз балалардың қалпына келтіру әлеуметтік-педагогикалық мекемелерде осы жүйенің соңына дейін жетілмеуімен шартталған. Бірақ бұл «зерттеу даласы» кең ауқымды және көп қилы, сондықтан жоғарыда айтылғандай, өзіндік «аймақ» - зерттеу пәнін белгілеп алу керек. Ол үшін зерттеуге белгілі шектеулер енгізу қажет. Бұл салада келесідей шектеулер болуы мүмкін: зерттелетін жасөспірімдер жасы 13-14 жастан 17 жасқа дейін болады, бұл жас аралығы жасөспірімдердің қызығушылықтарының қалыптасуы, балалардың қажеттіліктерінің, олардың тәртібіндегі ауытқулардың пайда болу кезеңі: екінші шектеу жасөспірімдердің қалпына келуі жүзеге асатын социумның анықталуымен байланысты болу мүмкін, жасөспірімге позитивті немесе негативті әсер етуші бұл үлкен қала. Зерттеу объектісі мен пәнін анықтау тәжірибелі зерттеуші үшін де аса күрделі мәселе, сондықтан жаңадан зерттеумен айналысушы ғалым зерттеу пәні мен объектісі бір біріне жақын орналасқан түсініктер емес екендігін ұмытпауы қажет, объект және пән жалпы және жеке немесе туыстық және түрлік түсінік, объект және пән бір біріне бағынышты.

Зерттеудегі келесі маңызды  кезең – тақырыпты құрастыру, бұл мәселе де бастаушы зерттеуші  үшін күрделі. Ғалым үшін  дұрыс  тақырып таңдау өте маңызды. Зерттеу  тақырыбы зерттеу жұмыстары барысында  нақтыланады, түзетіледі, бірақ ол үнемі  зерттеу пәнінің шеңберінде болуы  тиіс. Зерттеу тақырыбын құрастыруда  белгілі талаптар бар: тақырыпта мәселенің аты, зерттеу аумағы мен шектеулер көріну керек; тақырыпта белгілі, зерттелген мәселеден белгісіз мәселеге өту жолы көрсетіледі, тақырып «мәселе» (ол қойылмайды, шешіледі), «рөл» (жұмыста ашылатын өзектілік), «көмегімен» (жұмыста көрсетілетін әдістер) деген сөзден құралмауы қажет, тақырыпта «және» немесе үтірлер қойылмауы лазым, ондай болмаса сіз бір емес бірнеше мәселені қарастыруыңызға тура келеді.

Келесі маңызды процедура  – зерттеу гипотезасын анықтау. Гипотеза – дәлелдеуі міндетті гипотетикалық болжам. Гипотеза мағынасын түсіну үшін біз ғалым гладиолустардың жаңа сортын шығарумен айналысып жатыр делік. Осы жұмыспен айналысу барысында ғалым оның қандай гүл, олар қалай өсетінін, олардың жаңа түрлерін қалай шығару керек екендігін, және қандай сорт шығарғысы келетіндігі, оның түсі, формасы, ұзындығы және де басқа сипаттамаларын біледі. Ғалым ұсынып отырған сортын сипаттап, ол үшін не істеу керек екендігін белгілейді. Ол барлық нәрсені болжамдап, жасалатын жұмыстар жоспарын құрастырып, іске кіріседі – осы сортты шығарады, эксперименттер мен тәжірибелер қойып, өзінің болжамдары қаншалықты дұрыс екенін тексереді. Гипотеза ғылыми зерттеу нәтижесінде ақталуы мүмкін, жартылай ақталуы мүмкін немесе толық ақталмай қалуы мүмкін. Ғылымдағы теріс нәтиже – ол да ғылыми нәтиже. Жоғарыда келтірілгендей, гипотеза зерттеу жұмыстарының басынан аяғына дейін қатарласып жүреді. Гипотеза жұмыс нәтижесінен биік болуы қажет, оның нәтижелерін жалпы сипатта айқындау керек, жұмыстың бкелесі кезеңдері нәтижеге баңытталған баспалдақтар болады. 

Гипотеза тұжырымы – зерттеуші  үшін оңай жұмыс емес. Ол үшін зерттеуші  логиканың белгілі бір білімінен, ғылыми зерттеудің мәні туралы хабардар болуы тиіс, зерттелуші мәселе шеңберінде тәжірибелі, білімді құрау және қайта құрауға икемді, ойша модельдеу,  болжамдауға бейімді болуы қажет. Нгипотеза қойылатын бірнеше талаптарды атап өтуге болады. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беру керек: зерттеу пәнінде ең маңыздысы не, зерттеудің маңызды құралы немесе әдісі қандай, зерттеліп отырған пәннің құрамы мен құрылымы қандай, зерттеу пәні қалай дамып жатыр, қойылып отырған мәселердің шешімі қаншалықты шешіледі. Мысалы, «жасөспірімдердің ірі өнеркәсіптік қалада әлеуметтік-педагогикалық қалпына келуі әлеуметтік қызмет жүйесі қызмет еткенде жүзеге асады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің негізінде үш компоненттен тұратын модульді құрылымдық-функционалдық модельдің болуы міндетті. Функционалды компонент диагностикалық – балардың және олардың қажеттіліктерінің әлеуметтік дамуы, қызметтік – жүйелерді қалыптастыру қызмет түрлері, болжамдық – әлеуметтік қызмет міндеттері компоненттерден тұрады.  Құрылымдық компонент – микросоциумда қоғамдану мекемелерінен, қалпына келтіру қызметтері мен реттеуші ғылыми – әдістемелік орталықтардан құралады; модульді компонент  бала мен социумның қажеттіліктеріне байланысты әлеуметтік қызметтер түрлерін шығарады».

Информация о работе Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу