Этнопедагогика

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2011 в 20:22, реферат

Описание работы

Қазір әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Әсіресе, білім беру жүйесінде этнопедагогика (халықтық педагогика) атау-ұғым ретінде ғана емес, білім беру мен тәрбиенің өзекті ұстанымына айналуда.

Содержание

1.Этнопедагогика – тамыры терең тәрбие
2.Қазақ этнопедагогикасы негізінде әдептілікке тәрбиелеу
3.Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, жеке тұлғаны тәрбиелеуде
этнопедагогика және этнопсихологияның маңызы

Работа содержит 1 файл

этнопедагогика.docx

— 26.91 Кб (Скачать)

 

  1. Этнопедагогика – тамыры терең тәрбие

Қазір әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Әсіресе, білім беру жүйесінде этнопедагогика (халықтық педагогика) атау-ұғым ретінде ғана емес, білім беру мен тәрбиенің өзекті ұстанымына айналуда.    

Этнопедагогика  – халқымызда ертеден жинақталған  игі істердің зерделі ұрпақтың болашағына дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт  беріп, олардың зиялылар санатына қосылып, әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына септігін тигізетін ежелгі үлгі, қанатты да қадірменді сөз,  байырғы қасиетті де киелі дәстүр.

 Этнопедагогика  – халықтық тәлім-тәрбиені, оның  тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым.

Осымен үндес  ойды М.Шоқай 1931 жылы “Яш Түркістан” журналына былай деп жазыпты: “Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта  тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың  қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы  азамат шықпайды... “Түрі ұлттық, мазмұны пролетарлық болсын” деген формула халықтық рухқа сай келмейді. Халықтың рухани дүниесі (мәдениеті) біртұтас құбылыс. Оны “мазмұнға” және “формаға” бөлуге болмайды. Кез келген рухани мәдениет өзінің формасымен де, мазмұнымен де айқындалады”.

Мұндай ақиқат ойларды Қазақстандағы білім  жүйесінің ахуалымен шендестіргенде, өзінен-өзі жоталы-жоталы проблемаларға маңдай тірейміз. Қазақстан сияқты көптеген ұлттардың өкілдері шоғырланған мемлекеттің алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, жас ұрпақты қазақстандық мәдени-рухани қайнарлардан сусындату тарихи қажеттілік болып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, қазақстандағы мектептердің мәдени-кіріктіруші және мәдени-түлетуші қызметін танытатын әлеуметтік мұраттарын бажайлауға болады. Бұлар:

Біріншіден, оқушының ұлттық дүниетанымын әлемдік мәдени құндылықтар мен диалектикалық тұтастықта жетілдіріп отыру қажеттілігі ден қойдырды.

Екіншіден, ұлттық құндылықтар жүйесін сақтай білуге және оны белсенді түрде басшылыққа алуға оқушыларды баулу мәселесі назар аударады.

Үшіншіден, жас  ұрпаққа білім беру барысында, бір жағынан, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға, екінші жағынан, өз елінің этномәдени, тарихи, әлеуметтік-экономикалық ахуалын терең тануға айрықша көңіл бөлу қажет. 
 
 
 

Мұндай мақсаттардың орындалуы көп жағдайда білім мазмұнына тікелей байланысты. Әсіресе, Білім мазмұнының гуманитарлық компоненті негізгі рөл атқаратынын айрықша атап өткен жөн. Яғни, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті Қазақстандағы мектептердің ең бір басым ынтамен көңіл бөлетін, қызғыштай қорғайтын оқу пәндері болуға тиіс. Мұның өзі түптеп келгенде, сөз болып отырған отаншылдықты өмір шындығына айналдырудың ең бір пәрменді тетігі екеніне мән беретін мезгіл жетті.

Қазақ этнопедагогикасы негізінде – патриоттыққа тәрбиелеу

Оқушының азаматтық  түлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері тек қана білім мен тәрбие барысында қалыптасады. Бұл ретте, Отан, ел-жұрт, төлтума мәдениет, салт-дәстүр, моральдық-этикалық нормалар туралы білім мен біліктің қайнар көзі қоғамдық ғылым пәндерінде екені, әсіресе, сол пәндердің қазақ тілді мәтіндерінде екені басы ашық ақиқат. Өкінішке орай, пән­дерді саралау мен білім мазмұнын айқындауда осы мәселелерге ойдағыдай мән берілмей келеді. Рас, отаншылдық сияқты асыл қасиетті ұрпақ бойына қалыптастыру тек қана білім жүйесінің мойнындағы міндет емес. Отаншылдық кез келген ұлттық-мемлекеттік жаралымның өмір салтына, өмір сүру нормасына айналуға тиіс. Яғни, жас ұрпақты отаншыл етіп тәрбиелеу мемлекеттік маңызды да жауапты істердің бірі болып табылады.

Білім мен тәрбие тетіктерін ұрымтал іске қосу арқылы ұрпақ бойына отаншыл болатындай асыл қасиеттерді дарыту, түптеп келгенде, Отан әлеуетін нығайтудың ең сенімді  кепілі. Бұл мәселені Президент Н.Ә.Назарбаев  бір сәт қаперден тыс қалдырмай, тіптен жеке басының қадір-қасиетімен отаншылдықтың, елжандылықтың тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқанына куәміз. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының қаламынан туған “Ғасырлар тоғысында”, “Тарих толқынында”, “Қазақстан-2030”, “Сындарлы он жыл” сияқты терең мазмұнға толы еңбектерінде шын мәнінде Отанын шексіз сүйген, сол жолда қажыр-қайраты мен білім-білігін жан-тәнімен жұмсай білген жанның отаншылдық рухы айқын аңғарылады. Содан да болу керек, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде айтқан мына ойлары біздің әрқайсымыздың жан-жүрегімізді отаншыл болуға үндеген өсиеттей баурады: “Біз Отанымыздың қасиетті байтақ даласын қантөгісті шайқастарда қорғаған батыр бабаларымыздың рухына лайық болуымыз керек. Олар тәуелсіздікті аңсады, біртұтас, қуатты мемлекет құруды армандады. Осы ұлы мұратты жүзеге асырудың асқақ абыройы біздің ұрпақтың пешенесіне жазылды. Біздің тарихи міндетіміз елімізді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу, сөйтіп келер ұрпаққа өркенді де өршіл Қазақ­станды табыстау”.                                                                                                                                          

Жас ұрпаққа  білім мен тәрбие беретін оқу  орындарына қойылатын талап –  тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, жастардың ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік  көзқарастарын қалыптастыру. Ал ұлттық тәрбие берудің ең басты жолы – ұлттық қадір қасиетті дәріптеп, ана тілімізді сақтап, мәдениетімізді дамыту, Егемен еліміздің өзінің экономикалық және саяси дербестігін алғанына 18 жылдан асты. Тәуелсіздік еліміздің алдына жаңа мақсаттар мен талаптар қойып отыр. Солардың бірі – азаматтардың бойына патриотизмді қалыптастыру. Біз бұл тұрғыда қазақ этнопедагогикасы арқылы патриоттық тәрбие беруді қарастыруды жөн санап отырмыз.

Халқымыздың патриоттық үлгісін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сынды қазақ қайраткерлері жасап берді деуге негіз бар.

Әйтеке би «Өмірім  халықтікі, өлімімғана өзімдікі» деп, халыққа қызмет етудің, патриотизмнің айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан бері қазақ қоғамында патриотизм байлықтан да жоғары бағаланады.

Қазақстан Республикасының  Ата заңында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежедегі мәселе ретінде жариялаған. Бірақ бізде патриотизмді қалыптастыруда шешілмеген мәселе көп. Шынына келсек, өте көп күрделенген мәселелер бар. Оның ішінде ұлтымыздың өзінде патриотизмнің деңгейі жоғары деп айту қиын. Осыған байланысты қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің жолдарын қарастыру өзекті мәселе болып отыр.

Тәрбиенің іргетасы қаланатын тұсы – отбасы мен тұрмыс. Сондықтан өмірде жастар арасында кездесіп жататын ана тілін ұқпау, салт-дәстүрді білмеу, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіздіктердің пайда болуы, отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі ата-ананың бала тәрбиесіне аса мән бермеуінен болып отыр. Осыған орай Бауыржан Момышұлының мынадай сөзін келтіре отырып «тәрбиенің қайнар көзі – ата-ана. Олардың тыныс-тіршілігі, өмірге көзқарасы, рухани өрісі, өзара қарым-қатынасы, қысқаша айтқанда, бүкіл болмысы балаға тәрбие» деген сөзінде, ар-ұят, намыс, имандылық секілді адамның азаматтық қасиеттерін насихаттауға болады.

Адамның бойында  ұят сезімі қалыптасқан күнде  ғана Отан алдындағы парызды орындау  үшін саналы түрде қауіп қатерге бас тіге алады. Б.Момышұлы «Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті» деген. Бұны отбасында өсіп келе жатқан жас буындарды патриотизмге тәрбиелеуде ерен үлес қосатын аса маңызды әлеуметтік орта деп ой түюге болады. Сол себепті де жастарды  патриотизмге тәрбиелеуді ғылыми-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруды қарастыру өз алдына бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселесі екендігін атап көрсетуге болады. Ендеше жастарды оқытумен қатар тәрбиелеу үрдісінде қазақ этнопедагогикасын басшылыққа алу қажеттігі сезіледі.                                                                                                       

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен, азаматтық  пен білім керек» деп ұлы Шоқан Уәлиханов өте орынды айтқан. Ендеше жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күн талабы. 
 
 
 
 
 

2.Қазақ этнопедагогикасы негізінде әдептілікке тәрбиелеу

Этнопедагогика  ғылымында балаларды ұлттық мінез-құлық әдептері негізінде тәрбиелеуге көңіл бөлінген. Халық салтында имандылық бастауын әдептен алған. Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс тұрыс әдептері, адамдармен қарым-қатынас әдептері болып үшке бөлінеді. Мінез-құлық әдептеріне: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілдік, кеңойлылық, бауырмалдық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімділік, ұқыптылық, тындырымдылық, адамгершілік, қайырымдылық, адалдық қасиеттері кіреді. Жүріс-тұрыс әдептеріне: есіктен сәлем беріп оң аяқпен кіру, нанды екі қолмен үзу, тамақты оң қолмен жеу, айға қарап қол шошайтпау, тамақ ішкенде жамбастамау, киімді оң жақпен киіп, сол жақпен шешу, үйге қарай жүгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау, табанды тартпау, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, киімді жадағай жамылмау, аяқты айқастырмау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау және т.б. қасиеттер кіреді.Қатынас әдептеріне: үлкеннің алдын кеспеу, үлкенге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу, үлкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, кішіге-ізет, үлкенге-құрмет көрсету, үкеннің алдында жамбастамау, ата-ананы құрметтеу, затты өзгеге оң қолымен беру, ата-анаға қарай аяқ созбау, төрт түлікті қастерлеу, мазарға қол шошайтпау, қазаны құрметтеу, дәм тұзды ақтау және т.б. қасиеттері енеді.

Бұл көрсетілген  әдеп нұсқаларын өсіп келе жатқан жас ұрпақты жарасымды әдептілік пен ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуді халқымыздың тәрбие қағидалары деп түсінуге болады.

Адамдар бір-біріне кездескенде «Ассалаумағалейкум», яғни, «Сізге нұр жаусын», «Уағалайкум ассалам» қазақша «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені. Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне тілеулестігін, ізгі-ниетін, достығын білдірген. Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі, салауатты салты болған.

Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік: адамның аты-жөнін құрметпен атау. Адамның аты-жөнін құрметтеп, оны өз аталуында атамай жоғары құрметті атаумен атау сыйласым, азаматты ардақтау болып табылған.   

Қазақ отбасында  ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз бала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп таныған.

Оқушылар арасында әдептілік бағытына сәйкес ата-аналардың  қатысуымен тәрбиелік іс-шаралар  ұйымдастырылады. Мысалы: «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», «Қоғамдық орындардағы  әдептілік деген не?», «Жастардың әдептілігі» және т.б. әдептілік  тәрбиесі бағытындағы іс-шаралар  өткізіледі. Тәрбие жұмыстары қыз  балаларға тән әдептілік пен ізеттілікке, ұл балаларға тән әдеп әрекеттері бойында қалыптасқан үлгілі әдептер мен қарым-қатынас әдептеріне баға беріледі. Олардың көзқарастары мен ойлау қабілеттеріне назар аударылады. Тәрбиелік іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру олардың белсенділіктерін арттырады.

Бұл ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру арқылы әдептілік тәрбиесін жақсартуда, оқушылардың әдептілік қасиеттерін қалыптастыруда жоғары мүмкіндіктер туатынын дәлелдейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, жеке тұлғаны тәрбиелеуде

этнопедагогика  және этнопсихологияның  маңызы

Дала мінезді  қазақтың көңілі шалқар, кейде сағымдай бұлдырап, жұмбақ болып қалатын сәттері  де бар, өрлік пен кеңдік, батырлық рух, патриоттық сезім бойына дарыған қазақ халқы ешқашан өз рухын түсірмек емес. Көшпенді күй кешсе де, үлкен мәдениет тұрғызды., отырықшы күй кешсе де, далаға тән рухын, өзіндік болмысын сақтап отырды. Орта адамды қалыптастырады, оның даралық қасиеттерін айқындай түседі. Олай болса, халқымыздың ұлттық рухын, этнопедагогикалық құндылықтарын қастерлеп, жастардың патриоттық сезімдерін жоғарылата түсу керек деп есептейміз.

Қазақ этнопедагогикасында  патриоттық тәрбие берудің көкейкесті ізгі мақсатты іске асыру жолында  мынадай тәрбиелік ұстанымдарды басшылыққа алу қажет.

1.Болашақ маманның  елін, жерін сүйетін намысшыл  азамат болуын ойластыру. Бұл  алдымен, қадірлі қариялардың,  көпке сыйлы үлкендердің бата-тілектерінде өзекті орын алады.

2.Студенттерді, оқушыларды еңбексүйгіш, елгезек  азамат етіп тәрбиелеу. Бұл мақсаттағы ой-пікірлер қазақтың халық шығармашылығында мол кездеседі.

Информация о работе Этнопедагогика