Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:53, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің маңызды мәселелерінің бірі - әрбір адамның қызығушылығына, мүмкіндігіне және талабына сай компьютерлік техника мен телекоммуникациялық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып білім беру болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері.doc

— 255.00 Кб (Скачать)

    Сонымен, қорыта келе порталды ұйымдастыру барысында төмендегі психологиялық - педагогикалық талаптарды ескерген жөн:

    1.Порталда  берілетін ақпарат ғылыми дәлелденген  және де ғылымның қазіргі кездегі  жағдайына сай болып, қоршаған әлемнің ғылыми тану әдістерімен таныстырып отыруы тиіс:

- Ғылыми  материал дидактиканың жүйелілік,тізбектілік,  практикамен байланысы және т.б.  ұстанымдарымен жүзеге асырылуы  тиіс;

-  Берілетін  ақпарат пән бойынша сәйкес  болуы тиіс;

- Материал  мәселелік тұрғыдан қарастырылуы, яғни ғылымилықпен қатынаудың тиімді ара қатынасы көрсетілуі тиіс;

- Әдістемелік  материалдың берілуі және ұйымдастырылуы  бағытталған сипаттамада болуы  тиіс.

    2. Ақпараттық-білім беру ресурстарының  мазмұны, көлемі және тереңдігі  бағдарлама мазмұнына сәйкес болуы тиіс;

- Білім  алушылардың міндетті білім көлемі  мен жүйесін, және де білім  алушылардың қажетті білім мен  дағдыларын қалыптастыру мақсатында  тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін  тиімді жасау барсын анықтайды;

- Нақты  логикалық, яғни тізбектілік ұстанымын  қанағаттандыратын  жүйеде берілуі  тиіс;

- Білім  берудің жүйелік ұстанымын жүзеге  асыру үшін ғылыми фактілердің,  гипотезалардың, теориялардың нақты  логикалық жүйеде берілуі қажет.

    3. Берілетін ақпараттық-білім беру ресурстары білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және де дайындық деңгейлеріне сәйкес келуі тиіс.

    4. Берілетін ақпараттық-білім беру ресурстары заманауи әдістермен білім беру формасын ұйымдастыруда қажетті болуы тиіс.

    5. Портал бетінің пайдаланушы интерфейсі, онда орналасқан ақпаратқа көрнекі, интуитивті түсінікті, яғни тақырыпшаларға немесе басқа да бетке жылдам әрі логикалық ауысуды қамтамасыз етіп отыруы тиіс.

    6. Курс бөлімдері бойынша берілетін ақпараттық-білім беру ресурстары бақылау мен тәжірибеге арналған өзіндік жұмыс пен практикалық сабақтарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын тапсырмалар, материалдардан құралуы тиіс.

    7. Мультимедиялық материалды қарастырғанда келесілерді ескерген жөн:

- ақпаратты  - мазмұндық;

- құрылымды  - компоненттік;

- композициялық формасы.

    Тәжірибелі-эксперимент жұмысы «Болашақ» университетінде жүргізілді.

    Педагогикалық экспериментті жүргізу үшін  В.П.Беспалько  ұсынған көрсеткіштерді пайдаланайық.

    Әрбір сапа көрсеткіштерін қарастырайық:

    Оқу материалын көрсететін көрсеткіш деңгейлері сипаттамадағы абстракцияның түрлі даму сатысына сәйкес келеді. Оқу материалы түрлі формада берілуі мүмкін. Жалпы жағдайда оқу материалын берудің төрт формасын атап өтсек болады:

- Сипаттау  сатысы, мұнда табиғи тілді пайдалана  отырып  тек қана сипаттайды, құбылыс пен процестерді  белгілейді;

- Аналитикалық - синтетикалық  форма (сапалы  теориялардың сатысы), мұнда табиғи - логикалық тілде жеке құбылыстардың  теориясын баяндайды;

- Математикалық  сипаттама (сандық теориялар сатысы), мұнда жеке құбылыстардың теориясын математикалық тілде баяндайды.

- Аксиомалық  сипаттама, мұнда пәнаралық бірлікке  ие заңдарды тұжырымдайды.

    Негізінен көрсету деңгейін (кейде ғылыми деңгей деп те атайды) коэффициентімен белгілейді. Ол мынандай мәндерді қабылдай алады =1,2,3,4

    Кей жағдайларда ғылыми коэффициентті  төмендегідей шығарады:

    K

=
/
(1)

    бұл жерде  - берілген оқу материалының деңгейі; - жобалау кешені тақырыбында ғылым дамуының деңгейі. Яғни, K [0.25,1]

    Ұсыну формаларынан бөлек оқу материалын меңгерудің түрлі деңгейлері де бар. Бұл көрсеткіштер білім алушылар үшін оқу материалының терең енуі мен игеру сапасының топтастыруын қамтамасыз етеді. Оқу материалын игерудің бес деңгейін қарастырайық:

- Нөлдік  деңгей (түсіну) – бұл деңгейде  білім алушының жаңа ақпаратты   түсінуі қаралады. Бұл деңгейді  оқу материалын меңгеру деңгейі деп айта алмаймыз, яғни білім алушының тек осы уақытқа дейінгі алған білімі деп білеміз.

- Бірінші  деңгей (тану) бұрындары меңгерген  білімдерін қайта қабылдау арқылы  оқып жатқан объектілері мен  процестерді тану болып табылады.

- Екінші  деңгей (еске түсіру) – бұл түрлі  жағдайларда алдында алған білімдері  мен пайдалануын еске түсіру.

- Үшінші  деңгей (қолдану), бұл деңгейде білім  алушы өзі меңгерген ақпаратты  өздігінен ақпаратты өндіріп  және түрлендіре алады.

- Төртінші  деңгей (творчестволық қызмет), бұл деңгейде білім алушы жаңа материалдарды жасай алады;

    Оқу материалын меңгеру деңгейін  коэффициентімен белгілейміз және оның мәндері =0,1,2,3,4 болады. Әрбір деңгейде оқу материалын игеру дәрежесін өлшеуде төмендегі коэффициентті пайдаланады:

    

= P1/ P2 (2)

    Мұнда  P1 – тестілеу процесінде дұрыс орындалған операциялар саны; P2 – тестілеудегі маңызды операциялардың жалпы саны.

    Жұмыс ұстанымы бойынша болса, онда оқу процесін жалғастыруға болады. Ал өзін өзі басқару процесі жүреді.

    Алған білімнің сапасын анықтайтын көрсеткіш  – игерудің автоматтандыру дәрежесі. Автоматтандыру дәрежесін өлшеу үшін төмендегі коэффициентті пайдаланамыз:

    

=
/
  (3)

    Мұнда: - маманның тест орындаған уақыты, - оқушының тест орындау уақыты.

    Жаңа  ақпаратты меңгеру сапасы оны  қабылдауына да байланысты. Қазіргі  таңда қабылдаудың үш дәрежесі бар  -1,2,3.

     =1 ағдайында білім алушы оқып  жатқан пән ақпаратына сүйене  отырып дәлелдейді.

     =2 ағдайында білім алушы   тек қана оқып жатқан пәніне  емес, аралас пәнге сүйене отырып  дәлелдейді.

     =3 ғдайында білім алушы пәнаралық  байланыстарды пайдалана отырып, түрлі пәндердің ақпараттарына  сүйене отырып дәлелдейді.

    Меңгеру деңгейімен оқу материалының күрделілігі тығыз байланыста. А меңгеру деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қиындықта жоғарылайды. Егер білім алушы бірінші деңгейде  материалды меңгерген болса, онда екінші деңгейге өту қиын болғанмен қолайлы болады.

    Енді маман даярлауда білім беру порталдарының тиімділігін анықтау мақсатында педагогикалық эксперимент сипаттамасына көшейік. Эксперимент Информатика мамандығының «Педагогикалық информатика» пәні негізінде жүргізілді.

    Білім беруге бағытталған интернет-порталдар негізінде студенттердің білім сапасының сандық бағаларын алу үшін топтастырылған эксперттік бағалау әдісін пайдаландық. Бұл әдіс біздің ойымызша осы саладағы мамандардың білімі, тәжірибесі  негізінде үлкен өніміділігімен, нақтылығымен ерекшеленеді. Эксперт пікірінің маңыздылық  көрсеткіші оның хабардарлық көрсеткішімен анықталады және де бұл дәстүрлі түрде өзара ұстанымдардан, өзін-өзі бағалаудан, дәлелдейтін бағалардан, анкеталық мәліметтер мен бағалау келісімімен  анкета әдісін талдау негізінде есептеледі.

    Білім беруге бағытталған интернет-порталдармен сайттарды оқу процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері эксперимент  негізінде жүзе асырылды және де ол екі этапта жүргізілді:

1) Іздеу  эксперименті;

2) Тексеру  (бақылау) эксперименті.

    Іздеу эксперименті 2009-2010 жж. «Болашақ» университетінің «Педагогика» факультетінің студенттерімен дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізу үрдісінде жүргізілді.

    Іздеу эксперименті бағытталды:

- Оқу  процесінде білім беру порталдарын  пайдаланудың үлгісін жасау;

- Әдістемелік  оқу жүйесінің элементтерін жетілдіру  негізінде порталды технологияны  пайдаланудың әсер етуін айқындау (мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру  формаларымен құралдарын);

- Порталды  технологияны пайдалану негізінде  студенттерді даярлауда портал мазмұнын таңдап алу.

    Эксперттік  топтың құрамына кіретін эксперттер «Болашақ» университетінің оқытушыларынан, әдіскерлерінен таңдалды. Олар іздеу  экспериментінің мақсатымен танысып  және де олар  хабардарлық, қызығушылық, іскерлік және объективтілік қасиеттеріне ие.

    Бақылау және эксперименттік топтарға «Болашақ»  университетінің «Педагогика» және «Техника, экономика және құқық» факультеттерінің 130 шакты студенттері таңдалды.

    Білім беруде порталды технологияны пайдаланудың сапасын анықтау үшін анкета әдісі ұсынылды. Оның мазмұны тек білім сапасын ғана емес, сонымен қатар білім беру технологиясының сапасын түзететін көптеген ретсіз элементтермен анықталды. Осы тұрғыдан келесі мәселелер ерекшеленді:

1) Білім  алушылардың мәселелік жағдайларда шешім қабылдауларының талдау шеберлігін қалай бағалайсыздар?

2) Білім  алушылардың оқу материалын жүйелеу  және меңгеру шеберлігін кандай?

3) Кеңейтілген  ортада жұмыс істеу шеберлігі  қандай?

4) Оқу  материалын меңгеру деңгейін  қалай бағалайсыздар?

5) Ақпараттық  ресурстарды ұсынудың түрлі деңгейлерін пайдалануы қандай?

6) Білім  алушылардың алған білімдері  мен дағдыларының автоматтандыру  деңгейі қандай?

7) Білім  алушылардың алған білімдерінің  ұғыну деңгейін қалай бағалайсыздар?

8) Оқу  процесінің интерактивті қамтылуын  қалай бағалайсыздар?

9) Дербес  оқу мүмкіндігі қандай?

10) Берілген  үлгі бойынша оқуды жалғастыру  мүмкіндігі қандай?

    20 эксперт үшін анкета әдісінің  нәтижесі   матрицасы түрінде  дайындалды. Матрицаның жолы мен  бағанының қиылысуында ерекшеленген  көрсеткіштердің сандық сипаттамалары көрсетілген. Сандық сипаттамалары 

0 ден  1 ге дейінгі  мәндерді қабылдайды. Әрбір эксперт сандық сипаттамаларды  эксперименттік және бақылау  топтарындағы студенттерге арналған  ерекшеленген элементтер арқылы  бағалайды. Эксперттердің жетік  меңгеру коэффициенттерінің мәндері сәйкесінше тең: 

Эксперт 
 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Жетік меңгеру

коэффициенті

0,85 0,93 0,75 0,62 0,78 0,81 0,79 0,82 0,68 0,65
Эксперт 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
Жетік меңгеру

коэффициенті

0,81 0,72 0,76 0,80 0,91 0,85 0,86 0,84 0,83 0,82

Информация о работе Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері