Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 14:26, курсовая работа

Описание работы

Педагогика - акиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. Педагогикалық құзырлық түсінігі 4
2 Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары 5
ҚОРЫТЫНДЫ 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары.doc

— 125.00 Кб (Скачать)
Білім беруде педагогтың құзырлығы мен  тұлғалық сапалары
 
 
 
Тақырыбы;

Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары

МАЗМҰНЫ

  
КІРІСПЕ 3
1. Педагогикалық құзырлық түсінігі 4
2 Білім  беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары 5
ҚОРЫТЫНДЫ 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14
  
 
 

КІРІСПЕ

Педагогика - акиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін  және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық окиғаларды жалпылама түрде ғана "көшіре" салмайды, ол әрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.

Педагогика –  диалектикалық  материализмнің оқиғалармен  өзара жалпы байланысы жөніндегі қағидасын қоғам өмірінің басқа да оқиғаларымен органикалық байланыста қарастырады.

Педагогика ғылымы - қоғамдық құрылысқа, жаңа жағдайға сай  адамның даму заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық  тәрбиенің мәнін ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты жарасымды жетілген еңбекке негіздеуді, зерттеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылған.

 

Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту процестерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылымға жатады.

Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық  және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық  құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің  басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.

Педагогика –  үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді ғылыми –  теориялық, тәжірибелік жағынан  терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.

   

1. Педагогикалық  құзырлық түсінігі

«Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том, 96 б.) «құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.

Қазақ тілінде  «құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын  анықтауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынына көзіміз жетті. Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары бұрыннан қолданып келгені мәлім. Ал филология мен информатикада «коммуникативтік құзырлық» жиі қолданылады.

Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны – құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік  деп аталады.

Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымы: құзырлық – алған  білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

Бүгінгі таңда  «құзырлық» ұғымымен қатар «түйінді құзырлықтар» ұғымы да кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзырлықтар» бағытын ұстанатын Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді құзырлықтар саны жағынан да, мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзырлық, т.б.) әркелкі.

  

2 Білім беруде педагогтың    құзырлығы мен тұлғалық сапалары

  

Еуропада, Ұлыбританияда, АҚШ-та кеңінен таралған education термині (образование дегенді білдіреді) «образ» деген түбірі жоқ, алайда білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып, мазмұны бойынша кең ұғым болып табылады. Сол себепті білім беру оның мәдени сәйкестілігіне байланысты қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын интернационалдандыру ретінде оқыту мен тәрбие беруді өзара қосады. Сонымен бірге, оқыту мен тәрбие берудің өзара байланысы бұл процесте ажыратылмайды. «Тәрбие беру де, білім беру де ажыратылмайды, - деп Л.Н. Толстой ерекше атап өткен. Білім бермей тәрбие беруге болмайды, ал кез-келген білімнің тәрбиелеуші әсері бар». Бұл ойды ХҮІІІ ғ. аяғында И.И. Бец ерекше атап өткен. Соған сәйкес, білім беру шын мәнінде сырттан басқарылатын өзін-өзі оқыту болып табылып, яғни мәдениет бейнесі және оны ұдайы өндіру бойынша «МЕН» бейнесін жасау үш өзара байланысты тұрғыдан алынады: білім беру жүйесі; «қазіргі заманда жастарға білім беру» немесе нақты адамға білім беру, оның біліктілігін назарға ала отырып, осы процестің жеке немесе ұжымдық нәтижесі ретінде қарастырылады [2, 54-55б.].

Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншісі  – бұл нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты  формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір  курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына, оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны, әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрнісі екені мәлім.

Екінші тұрғыдан білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллектуалды, тұлғалық, мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады, ол жалпы және кәсіптік-мазмұнды бола алады. Осылайша, мектеп түлектерінің жалпы білімділігін қалыптастырады. Кез-келген жоғары оқу орнының түлегі осы негізде арнайы кәсіптік білімімен сипатталады. Адамды білімді ететін терең және жүйелі білім беру өмір ағымының ауыспалы кезеңдерінде сенімділік, бәсекеге қабілеттілік және өзінің ар-намыс сезімінің негіздерін салады [2, 60 б.].

Педагог іс-әрекеті  білім саласында кәсіби міндеттерді  шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі [3, 408 б.].

Құзырет - өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.

Құзыреттілік  – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі  және дағдылары негізінде нақты  кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті  атқара алу қабілеті.

Біліктілік –  адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат [1, 16-17б.].

Кәсіби оқытушы  педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.

Кәсіби оқытушы  педагогтың іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Кәсіби білім педагогы педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

 

Кәсіби оқыту  педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның еңбегінің педагогикалық және инженерлік интегралмен анықталады.

Оқушылардың  кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек [4]. сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.

Алғаш рет педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетуге әрекет жасаушының бірі П.Ф. Каптерев деп санауға болады. Ол объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан  төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарды (Кесте 1). Жалпы алғанда, келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

  

Кесте 1-Педагогтың жалпы қасиеттері

  
 
Арнайы
Объективтік (мұғалімнің           ғылыми дайындығы)
Субъективтік     (жеке мұғалімдік                          талант)
Тұлғалық (адамгершілік - еріктік қасиеттер)  
  
 
 

Н.В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі  мен құзырлықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, диференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық  құзырлық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби-педагогикалық. А.К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін:                                                                                                                                                                          

  

Кесте 2 - Субъектілік  қасиеттер құрылымы

  
 
Объективтік сипаттамалар
Кәсіби, психологиялық, педагогикалық   білімдер
Кәсіби  іскерліктер
 
Субъективтік  сипаттамалар  
Кәсіби психологиялық  позициялар, ұстанымдар
Тұлғалық     ерекшеліктер
           
 
 

Н.В.Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі.

Мысалға, егер Н.В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс-әрекеттің  басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А.К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс-әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды.

А.К. Маркова  бойынша, «педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық  қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқуылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлылықтың бес блогын құрайды)» кәсіби құзырлы.

Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипаттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара қатынаста болуы: оның технологиясымен - өзіндік педагогикалық іс-әрекетпен, педагогикалық қарым-қатынас және мұғалім тұлғасымен. Бұл А.К.Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкінді береді:

                                                                                  
 
 
 

МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕК СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

  

 

                                    

                      

Мұғалім тұлғасы

  

Мұғалім педагогикалық                                                        Мұғалім педагогикалық қарым-

іс-әрекет субъектісі ретінде                                                  қатынас субъектісі ретінде   

            

Екіншіден, ұсынылған  түсініктеме іс-әрекет пен қарым-қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету көмегімен қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз).

                                                       

Кесте 3- Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы модулі (А.К.Маркова  бойынша) 

  
 
Мұғалім еңбегінің  жақтары
Еңбектің  әрбір жағы үшін психологиялық модуль
Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілер   Мұғалім еңбегінің  психологиялық сипаттамасы  
Кәсіби  білімдер Кәсіби-педагогикалық  іскерліктер Кәсіби ұстанымдар Кәсіби-психо-логиялық ерекшеліктер

(сапалар)

Еңбек процесі Мұғалімнің  педа-гогикалық іс-әрекеті        
  Мұғалімнің  педагогикалық іскерліктері        
  Мұғалім тұлғасы        
Еңбек нәтижесі Мектеп оқушыларының білімділігі        
  Мектеп оқушыларының тәрбиелілігі        
            
 
 

Үшіншіден, А.К.Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік  іс-әрекеттік компоненті – іскерліктерді  түсіндіру келісі, авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.

А.К. Маркова  көрсеткендей, «кәсіп – бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны  меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер  болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы деген» Л.М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс-әрекет- қарым-қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды

Өзіне назар  аудартатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің  өздері де тікелей іс-әрекет тиімділігін  анықтаушы субъектілік факторлар  ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапалармен қатар  қойылған

П.Ф. Каптерев көрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды

Сондықтан, кәсіптік парыздылықты меңгерген педагог  қана оқушылардың психикалық күйлерін жете түсініп, жәрдем көрсете алады. Осыған байланысты зерттеушілер тарапынан педагогикалық деонтологияға үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті мен іс-әрекетінен жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Сонымен, деонтология  сөзі грек тілінде Deon, deontos – парыз, парыздылық және logos – ілім, сөз деген ұғымды білдіреді. Деонтология - парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы. Бұл терминді Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Педагогикалық деонтология - ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілік компоненті болып табылады

Біздің пайымдауымыз бойынша мұғалімге қойылатын  барлық деонтологиялық талаптар төмендегідей 4 негізгі ұстанымдар аясына саяды.

Оқушының (тәрбиеленушінің) ден саулығына, жан саулығына  зиян келтірмей әсер ету;

Барлық жүріс-тұрысымен, ой-өріс, іс-әрекеттерімен (әрекеттестікте, мәліметтеу, насихаттау т. с . с.) осы  ұстанымның кең тарауына және оқушы  санасына өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыруына жол ашу, қарайласу, соған себепкер болу:

Оқушының табиғатына үйлесімді дамуына жәрдемдесу;

Бүкіл жан дүниесімен, сана-сезімімен осы ұстанымдарды бұзуына зиян келтіретін салдарды жоюға  ынталану.

Яғни, педагогикалық  деонтология ғылымы бойынша ұстаздық әсердің ең негізгі мақсаттары: оқушының ден саулығын, жан саулығын сақтауды, нығайтуды көздей отырып, оқушы тұлғасының табиғатына сай дамуына жағдай жасау].

Қорыта келгенде, кәсіби оқытушы педагог үшін ең маңыздысы  оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

Кәсіби оқытушы  педагогтың міндеті – оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымы: құзырлық – алған  білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына  қатысты қабілеттер мен шеберліктерін  меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

Бүгінгі таңда  «құзырлық» ұғымымен қатар «түйінді құзырлықтар» ұғымы да кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзырлықтар» бағытын ұстанатын Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді құзырлықтар саны жағынан да, мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзырлық, т.б.) әркелкі.

Педагог іс-әрекеті  білім саласында кәсіби міндеттерді  шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық  – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын  жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Устемиров К. Шаметов  Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- 432 с.

Зимняя И.А. Педагогикалық  психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. М.: Логос; Алматы: ТST-company, 2005. – 368 б.

Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Ж.К. Аубакирова. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С. Аманжолов оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - 538 б.

Митина Л.М. Учитель  как личность и профессионал.-М., 1994

Ғ.М.Кертаева. «Рахат»  мектебі: жаңа ғасырға – жаңа мектеп. Павлодар, 2005. – 297 б.

Ақпараттық телекоммуникациялық  оқыту технологияларын пайдалану  ерекшеліктері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2005. - №4. - Б.182-189.

Оқыту теориясынан  дәрістер. - Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі. - №345, 27.10.2005 ж.

Білікті маман  даярлау – басты мақсат // Бастауыш мектеп. - 2006. - №7. - Б.11-13.

Педагогика пәнінен  білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері // Оралдың ғылым жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41.

 

Информация о работе Білім беруде педагогтың құзырлығы мен тұлғалық сапалары