Басқару теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 00:03, реферат

Описание работы

Дүниежүзілік қауымдастықтың айтарлықтай бір ерекшелігі оған кіретін ұлттардың әрқайсысы әлемдік өркениет қорына қосатын өз үлестерінің жан-жақтылығында. Ұлттардың өзіндік төл ерекшелігі мен бірегейлігі — жалпы мойындалған аксиома. Бірақ әр елдің ерекшелігін оқып-үйрену басқа елдердің өмірінің әр саладағы жинақталған тәжірибелерімен таныспай жүзеге аспайды.

Работа содержит 1 файл

Басқару теориясы.docx

— 74.45 Кб (Скачать)

Өзін-өзі басқарудың даму жолдары

 

Басқару өзін-өзі  басқарудан ажыратылмайды. Әр қоғамдық құрылыс, рулық әдет-ғұрыптан бастап, қатаң тоталитарлық (фр. — бүтіндей) жүйеге дейін, өздерінін белгілі бір үйлестіктерімен сипатталады. Осындай үйлестікке байланысты парадигмалардың әр түрлілігі осы контексте "демократияландыру", "өндірістік өзін-өзі басқару", "жергілікті өзін-өзі басқару", "өзін-өзі ұйымдастыру", "өзін-өзі бақылау", "партисипативтік басқару", "бірлесіп басқару", "басқаруға қатысу (пайдада, капиталда)", "автономия", "автократия" (гр. — өзін-өзі қанағаттандыру), "өзін-өзі билеу", "озбырлық", "өзін-өзі қорғау", "коммуналар" және тағы басқалары сияқты көптеген терминдерді пайдалануға тура келеді.

Экономикалық  немесе одан да кең тұрғыда бұл түсініктер бірде еңбек ұжымымен, бірде әскери бөлімшелермен, бірде жұмыс немесе өмір сүретін ортаның жағдайымен, бірде мемлекеттік басқарумен, білімнің, мәдениеттің, медицинаның дамуымен байланыстырылады. Басқаша айтқанда, олардың әлеуметтік топтар немесе бүтіндей қоғам, яғни адам өмірінің кез келген өрісіне қатысы бар. Қоғамдық кұрылыстың дәрежесі, формалары мен жағдайлары қоғамдағы адамның өз орнын табуы мен өзін таныта білуді анықтайтын фактор деп санауға толық негіз бар.

Өзін-өзі басқару идеясы түрлі шаруашылық, құқықтық, әлеуметтік және басқа жағдайларда өте өзекті. Өзін-өзі басқару өте ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қазақ елінде рулық, тайпалық өзін-өзі басқару, бертін келе ауыл-ауылда, одан жоғары әлеуметтік құрылымдарда немесе Батыс елдерінде кең тараған қала республикалардағы оуэндік қоғамдық қалаларда өзін-өзі басқару тәсілдері дамыды. Айталық, біздің тарихымызда Қазақстанда XV ғасырдан бастап жергілікті жерлерде өзін-өзі басқарушылық салт-дәстүр айтарлықтай күшті болған.

Қазіргі кезеңде  Қазақстанда еліміздің экономикасын басқарудың жаңа жүйесі пайда болуымен байланысты өзін-өзі басқару мәселесіне көп көңіл аударылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" заңы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау салаларындағы қатынастарды реттегенде немесе Қазақстан Республикасының "Шаруа (фермер) қожалықтары туралы" Заңы шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілегенде, өзін-өзі басқару проблемаларына баса көңіл аударуды талап етеді.

Өзін-өзі басқарудың әртүрлілігі

Басқару сияқты, өзін-өзі басқарудың да түрлі-түрлі факторлары бар. Өзін-өзі басқарудың субъектілері, объектілері және деңгейлері, ұйымдардың мақсаттары, әдістері және факторлары бойынша айырмашылықтары бар.

Басқару мен  өзін-өзі басқарудың арақатынастары ішкі және сыртқы ықпалдар сияқты, тұтастай жүйеге тән басқару кескінінің ерекшеліктерінің туындысы. Мысалы, басқаруды дербестеу жағдайында ол дара және топтық өзін-өзі басқару болып бөлінеді.

Жеке өзін-өзі басқару "өзін-өзі ұстай білу" ұғымына жақын, яғни адам түрлі, оның ішінде экстремальды (лат. — төтенше), жағдайларда өзінің жеке басының қабілеттілігін нық ұстау. Дара өзін-өзі басқару өзінің сипаты бойынша немесе орындаушылық (мысалы, қызметкер еңбек процесінде, берілген тапсырманы орындау кезінде өзін басқара алады), немесе басқа адамдар үшін тапсырмалар беруге байланысты болуы мүмкін. Міне, осындай өзін-өзі басқару қабілеті қызметкерге формалды емес лидер, тағы сол сияқты кәсіби басқарушы болуға мүмкіншілік береді. Өзін билей алмайтын адам басқаларға да билігін жүргізе алмайды. Бұл мағынада басқаруды дербестеу өзін-өзі басқару, басқарудан бұрын болып өткен процестер. Ендеше, өзін-өзі басқару "басқаруды басқарудың" алдыңдағы сәт екендігінен байқалады.

Топтық басқару  топ мүшелерінің өз беттерімен немесе лидердің ықпалымен қол жеткен ішкі тәртіп, бәтуа және консолидация (лат. — нығайту) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл басқару мақсаттар мен себептер бойынша жоғарыдан көрсетілетін ықпалдармен сәйкестелуі және оларға (мақсаттар мен себептерге) "көмектесуі" мүмкін. Өзін-өзі басқарудың мұндай әр түрлілігі "кооперативтік өзін-өзі басқару" деп аталады. Егерде кооперативтік өзін-өзі басқаруға келісімдікке қол жеткізілмесе, онда басқаруға қатысы бар өзін-өзі басқару конфронтациялық басқаруға айналып, оған қарсы тұрады. Мұндай жағдай басқару өзін-өзі басқаратын төмендегіні есепке алмай, көзге ілмегенде пайда болады.

Жоғарыда  айтқандай, басқарудың иерархиялық  түріне байланысты әкімшілік жүзеге асыратын кәсіби өзін-өзі басқару, сондай-ақ демократиялық жағдайда қоғамдық органдар мен ұйымдар жүзеге асыратын қоғамдық өзін-өзі басқару пайда болады. Бірінші жағдайда басқару процесінде жүйе сыртқы ықпалды басынан кешіреді және сонымен қоса өр жүйе өзін өзі басқарады. Осы тезистерге байланысты Совет Одағында 80-жылдары кәсіпорындарындағы өзін-өзі басқару, әдетте, "демократиямен" теңестірілді. Атап өткен өзін-өзі басқарудың екінші түрін "жартылай формалды ұйымдарға" жатқызу ұсынылды. Формалды, яғни заңды, құқықтық ұйымдар, әдетте, жарғы, ереже нұсқаулар сияқты құжаттарға сүйеніп құрылады, бұл ұйымды кейде бюрократиялықпен теңестіреді. Бұл қате түсінік. Мұндай ұйым бюрократиялыққа тек ұйымдастыру процесінде елеулі кемістіктер жібергенде ғана айналады.

Рыноктық экономика елдеріндегі  өндірістік өзін-өзі басқару

 

Өзін-өзі басқару түрлерінен ішінде өндірістік өзін-өзі басқару ерекше орын алады.

Рыноктық  шаруашылық жүргізу жүйесінде кәсіпорындар формаларының әртүрлігі еңбекшілердің  өндірісте, еңбек ұжымдарында өзін-өзі басқару процесіне жан-жақты қатысуына мүмкіншілік туғызады. Айтылып жүргендей, өзін-өзі басқару шаруашылық жүргізудің социалистік тәсілі емес. Егерде басқаруға қатысу әуел басынан меншікке қатысынан анықталған болса, онда экономикалық өзін-өзі басқару мүмкіншілігі шын тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолына беріледі.

Соңғы жылдары  байқалған өзін-өзі басқарушылық үрдісінің күшеюі дамыған рыноктық экономикасы бар елдерден бастама алды. Әсіресе, бұл үрдіс бәсекелестіктің шиеленісуінен туған кәсіпорындардың өмір сүрін қиындықтан алып шыға алатын қызметкерлерден жоғары дәрежедегі даярлықты талап етті. Соған сәйкес, осы уақытқа дейін көңіл аудармай келген "адам капиталын" жаңаша "бағалау" жолға қойылды. Бұл жағдайда қызметкерлердің меншік пен басқаруға, оның ішінде өзін-өзі басқаруға қатысы тек еңбекті ұйымдастыру тәсілі деп қана түсіндірілмей, сонымен қоса "капиталды әлеуметтендіруге" мүмкіншілік туғызатын әлеуметтік серіктестік механизмі есебінде қабылданады. 80-жылдардың ортасында Канадада жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, басқаруға іскер қызметкерлер тартылса және олардың шешім қабылдауға әсерін тигізетін мүмкіншіліктері мол болса, компанияларда жұмыс зор қанағаттанғандықпен орындалады, басқарушыларға дұрыс көзқарас туады, басқарушылар жағынан аз қысым көрсетіледі; осы ұжымда топаралық қатынастар қолайлы қалыптасады және келіспеушіліктер тез шешіледі, қызметкерлердің өздерін өздері бағалауы жоғарылайды.

Өндірістік демократияның негізгі формалары: 

а) бірге  қатысу — еңбекшілердің кәсіпорын  жағдайы және әкімшілік жоспары  туралы ақпарат алу, қарсылық көрсетуге  дейін баратын өз пікірін айту, кеңесші дауыспен өндірісті басқаруға тартылу және басқару органдарында азшылық жағдайда өкілдік құқығы;

ә) бірге  басқару — шешімдер қабылдауға қатысу, кейбір әкімшілік өз бетімен қабылдаған өндірістік және әлеуметтік мәселелер туралы қаулыларға тыйым салу немесе уақытша тоқтату (вето — лат.), өндірісті басқару органдарында тең өкілеттілік құқығы;

Ұйым түсінігін анықтау

 

"Ұйым" ұғымының мағынасына әр түрлі түсінік беріліп жүр. "Ұйым" ұйымдастыру және басқару жөніндегі теориялық ілімдер бойынша экономикалық жүйенің басты сипаттамасы және оның атрибуты (лат. — жиынтық белгі) есебінде қаралады. Бұл мағынада "ұйым" іштей бір тәртіпке бағындырылған қоғамдық құрылымның өзара келісімге келтірілген жүйесінің бір бөлігі. "Ұйым" термині жүйені құру және оны жетілдіру бағытында жүзеге асырылатын басқарудың негізгі бір функциясы түрінде пайдаланылады. Көп жағдайда ұйымды әлеуметтік жүйемен теңдестіреді. Оған ұйымның көптеген жүйелі қалыптасқан анықтамалары дәлел. Мысалы, ұйым — жалпы мақсатқа бағытталған өзінің функционалдық еңбек бөлісі бар әлеуметтік топ немесе ұйым — артық элементтері жоқ, зерделі түрде үлестірілген әрекеттер түрі. Ұйымдардың саяси, ғылыми, әскери, творчестволық, спорттық, өндіріс - шаруашылықтық, тағы сол сияқты көптеген әлеуметтік түрлері болады. Бірақ олар қоғамның барлық жағын қамтитын саяси-әлеуметтік көптүрлілігіне қарамастан, осы ұғымның мәнін түсіндірудің бірнеше сипаттарын байқауға болады: біріншіден, ұйым — адамдардың бірлестігі. Адамдар өздерінің ерекше атқаратын қызметтерімен және алатын орындарымен ұйымның түрлі бөлімшелерін қалыптастырады; екіншіден, ұйым жалпы мақсатқа жету үшін және адамдардың белгілі бір кажеттілігі мен мүдделерін іске асыру үшін құрылады. Оның өз миссиясы (жалпы жүйелік мақсаты болуы мүмкін), ал ұйым мүшелерінің ұйым мақсатынан бөлек өз мақсаттары болады. Яғни ұйым мен оның мүшелерінің мақсаттары сәйкес келе бермейді. Себебі, ұйым иесінің немесе құрылтайшыларының, менеджерлердің және қатардағы қызметкерлердің алға қойған мақсаттарында көптеген ерекшеліктері бар.

Ұйымдарды басқару құрылымының  түрлері

 

Қазіргі замандағы  менеджмент теориясында ұйымдарды  басқару бюрократиялық және органикалық  болып екі түрге бөлінеді. Олар келешектегі дамуды және репертуарды  рационалды пайдалануды анықтауға мүмкіншілік беретін түрлі принципиалды және ерекше белгілері бар негіздерден құрылған.

Тарихи жағынан  бірінші болып бюрократиялық үлгі қалыптасты. Ұйымдастырушылық құрылым концепциясына сәйкес көзқарасты XX ғасырдың басында неміс социологы Макс Вебер дамытты. Ол осы уақытқа дейін өндірісте пайдаланылып жүрген коммуникация, есеп беру, еңбекақы, жұмыс құрылымы, қатынастар жүйелерін ұтымды өзгертетін нормативтік модельді ұсынды. Бұл модельдің негізінде өздерінің әрекеттері шеңберінде адамдарға, сол сияқты құрылымдарға қатаң талап қоятын кәсіпорындар туралы "ұйымдасқан ұйымдар" деген ұғым жатыр. Веберлік "ұйымдасқан ұйымдардың" басты үлгілері мен оларға қойылатын талаптары төмендегідей:

• ұйым — ең алдымен тәртіп, ал оның бастапқы сәті белгілі бір арнаға бұруға қажетті ұйым мүшелерінің еңбекке мінез-құлқы; 

• еңбекке қажетті мінез-құлық міндет бөлісін, ақпарат таратуды, қызмет бабын айқындап, ажыратуды жөнге салу арқылы орнатылады;

• реттеудің жалпы тәртібі иерархиялық байланыстың барлық деңгейін құру барысында пайда болады;

• иерархиялық ұйымның артықшылығы басқарудың барлық нышандары үшін бірдей және ұзақ уақыт еңбектің тиімділігін пайдалану мүмкіншілігіне, сыртқы әріптестер мен ұйым мүшелерінің өзара іштей араласу тәртібін алдын ала болжай алуға байланысты;

• қолданылып жүрген ереже қызметкерлердің мінез-құлқының шеңберін тежейді және бұл түрлі өндірістік бөлімшелердің мінез-құлық моделін байланыстыруға негіз болады;

• ең соңында, ұйымдастырушылық мінез-құлықты пайдалану кәсіпорнының сәйкестендірушілік тиімділігін күрт жоғарылатады.

Шаруашылық ұйымдардың түрлері

 

Дүниежүзілік  тәжірибеде ең кең тараған ұйымдардың түрі —акционерлік қоғамдар (корпорация). Корпорация өндіріс, көлік, сауда, банктік және сақтандыру ісі сияқты экономиканың барлық өрістерінде құрылады. Олардың өндірісте және ғылым - өндірістерінде жұмыс істейтіндеріне тоқталайық.

Акционерлік қоғам — жарғылық капиталдық акциялардан құрылатын ұйым. Акция иелері түрлі заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Акционерлердің басқаруға қатынасуға және дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқықтары бар. Көпшілік жағдайда акционерлік қоғамды басқару басқарма (директорлар кеңесі, әкімшілік кеңес немесе директоры), байқау кеңесі, акционерлердің жалпы жиналысы арқылы іске асырылады.

1990 жылы Совет  өкіметінің тұсында басталған  Қазақстанның кәсіпорындарын акционерлендіру,  еліміз тәуелсіздік алған соң,  өндірісті жекешелендіру процесімен қоса дами бастады.

Ірі өндірістік-шаруашылық ұйымдардың ішінде кең тарағандары концерн деп аталатын корпоративтік орта (лат. — қоғам, одақ) бірлестіктер. Бұл ұйымдар бір орталыққа өнеркәсіп фирмаларын, көлік ұйымдарын, сауда, құрылыс, банк өрістерін біріктіреді. Көп жағдайда концерннің құрамына өнеркәсіптік циклдерінің бірыңғайлылығымен біріккен ұйымдар кіреді. Сондықтан концерн пайдалы қазбаларды өндіру және ұқсатуға байланысты салаларда көп таралған. Қазақстан Республикасында, ұлттық шаруашылық құрылымын қайта құру барысында газ өндіру және оны тасымалдауға, мұнай өндіру және оны ұқсатуға, тыңайтқыштар өндіру және оларды пайдалану барысында қызмет көрсету, алтын, түсті металлдарды өндіру және оларды қорытуға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіретін концерндер құрылды. Олардың ішінде бұрынғы әскери-өнеркәсіптік кешендері азаматтық кәсіпорындарға бағыттау барысында диверсификациялық әрекеттерге байланысты бір-бірімен негізгі өндірісте тығыз байланысы жоқ, әр түрлі бизнеспен шұғылданатын фирмаларды біріктіретін концерннің басқа жаңа типі де бар. Концерндердің соңғы түрі XXI ғасырдың басында кең тарап, өндірісті диверсификациялау негізінде күшті конкуренттік рынок экономикасының бейімделуіне мүмкіншілік туғызады.

Шетелдік менеджмент мектептерінің  методологиялық тұрғыдан дамуы

 

Рыноктық  экономика жағдайында менеджменттің  дүниежүзілік тәжірибесімен танысу өте пайдалы. Оның орталықтандырылған шаруашылық құндылықтары мен паритеттерінен (лат. — бірдейлік, бұл ұғымды әлеуметтік теңдік мәнінде түсінген дұрыс) экономикалық бағыттар мен арақатынастардың және басқарушылық проблеманы шешуге қолданылатын тек өзіне тән амалдар жүйесімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері бар.

Осы замандағы  менеджмент ұзақ эволюцияның нәтижесі және қолданылып отырған амалдардың түрлері мен мазмұны түрлі  мектептер мен принциптерге, мақсат пен міндеттерге, басқару әрекеттеріне, оларды жүзеге асырудың әдістеріне теориялық  дәлел береді. Әр ғылыми бағыт қоғам дамуының белгілі бір кезеңі алдына қойылған басқарушылық проблемаларды шешу үшін тәжірибенің ұсынған аспаптарын зерттеп, оларға сипаттама береді 

XIX ғасырдың  соңы мен XX ғасырдың басында  және осы уақытқа дейінгі жинақталған тәжірибені қорытындылау менеджмент ғылымының негізін салды. Бұл кезеңнің әдістік аспаптары менеджменттің принциптерін жүзеге асыратын тәсіл есебінде қалыптасты. Мысалы, ғылыми менеджмент мектебін негіздеуші Ф.У. Тэйлор қалыптастырған өндіріс пен еңбекті басқару тұжырымдамасына сәйкес еңбек пен өндірісті рационализацияландыру әдістері жетілдірілді. Олардың ішінен, ең алдымен, барлық операцияларды құрамдас элементтерге бөліп және хронометраждың (гр. — уақытты өлшеу) көмегімен ең жоғарғы нәтижеге жеткен жұмысшының еңбек процесінің ең алдыңғы қатардағы прогрессивті элементін анықтайтын әдістерді атап өтуге болады. Ф.У. Тейлор барлық тиімсіз қимылдарды жойып, еңбекті интенсивтендіру және оның нәтижелігін жоғарылатудың негізінде жұмыстың "ең қолайлы" әдісін тапты.

Информация о работе Басқару теориясы