Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды қолөнер арқылы балалрдың шығармашылығын, қоршаған орта ерекшеліктерін жетік түсіндіре білу.
Зерттеудің міндеттері:
Қазіргі таңда мектепке дейінгі балаларды қазақтың қолөнерін жетік білуге, бағалауға, қолдана білуге баулу.
Зерттеудің көздері: мектепке дейінгі ұйымдардың тарихынан педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибелерді мектепке дейінгі ұйымның практикасына ендіру мәселесіне байланысты ресми құжаттар; оқу-әдістемелік кешен; балабақшаға арналған журналдар,статьялар.

Содержание

КІРІСПЕ 3-4
1 Қолөнер туралы түсінік 5-11
1.1 Киімді әшекейлеу. 12-17
1.2 Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері. 17-20
1.3 Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек. 20-23
2 Ұлттық киімдер туралы түсінік 24-25
2.1 Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет
Әйелдер киімі
Ерлер киімі
25-30
3 Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы 31-32
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Дана курсовой.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

      Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.

      Қошқар  мүйіз – ою-өрнегі – байлық пен  молшылықтың нышаны. Қошқар мүйіз  бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік, пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «иық», «үшкіл», «түйе табан», «қос ирек», «жұлдыз гүл» т.б. аттарымен аталады.

      Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне  лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін  тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек  бір-бірімен өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған. Ою-өрнек түрлері өте нәзік  түрде түскен. Жалпы ою-өрнек жасаушы  шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек. Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:

  1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
  2. Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
  3. Уақытқа қарай бейімделу.

    Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан  үш түрлі ұғымды бейнелейді:

  1. Мал өсіру мен аңшылық.
  2. Жер-су, көшу-қону.
  3. Заттардың сыртқы бейнесі.

              Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып араласып отырады. Ою, сызу, бедерлеу ру, тайпалардың таңбаларында, малдың ең-таңбасында, ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды өңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептеледі. Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау. Осы салада отыз жылдан аса уақыттан бері ұлттық ою-өрнекті дамытумен айналысып келе жатқан менің басты мақсатым – мүмкіндігінше ұлттық нақыштағы ою-өрнекті зерттей отырып, нәзік те күрделі  өнердің сырын ашу, жасалу жолдары мен оны тұрмыста пайдалану реттерін өнерпаз жастарға ұсыну. Қажетіне жаратамын деген талапкерге көмектесу, ұлттық мемлекеттік деңгейдегі мәдениетімізді дамытуға үлес қосу, сол арқылы ұлтымыздың мәдени өнерін басқа елдерге насихаттау, тұрмыстық заттар шығаруды өндіріске еңгізу, оқулықтар шығару, зергерлік қолөнерді дамыту жолдарын оқырманға қарапайым тілмен түсіндіру, құзырлы орындарға ою-өрнекті дамыту туралы өз ұсыныс, пікірімді жеткізу. Ою-өрнекпен айналысқан отыз жылдан аса уақыт ішінде ешқандай ою түріне қарамай ұлттық бағыттағы басты ою түрі «қошқар мүйіз» айшығын сақтай отырып, бір жарым мыңдай үлкенді-кішілі, ірілі-уақты әр түрден ою түрлерін жасадым. Басты мақсат – қошқар мүйіз оюын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар шығару. Бұлардың ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар топтамалары да, зергерлік бұйымдарға арналған түрлері де бар. Мақсат жасалған оюлардың жасалу ерекшелігін толық түсіндіре отырып, пайдалану жолдарын ұсыну, оюдың өндіріске енуіне ықпал жасау. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім түрлері өзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін өзгерткенмен түрін, пішінін өзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән ерекшеліктегі ою-өрнек, кие қасиет. Осы киіммен халқымыз тарихи дәуір өткізген, досы, қасы да таныған. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-өрнек тілінен шеберлер ойын да, көңіл күйін де, уақыт жағдайларын да жеткізе білген. Әр шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген. Әрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры болады. Бұл менің өз ұғымым. Түбірінен бастап өрбіп жайылып, ерекшеленеді, бір-бірімен астасады, сәнді шеңбер жасай отырып «табақ» тектес күрделі ою құрайды.      «Табақ» ою түрі – жиегіне су жүргізіп ішіне алуан түрлі ою салу. Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнектері сан алуан. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет өнеріне, тұрмыстық заттарға кең қолданылады. Ою-өрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпытастарға да салымды. Ер адамға құлпытас тұрғызылса, найза, айбалта, ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпытас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да басқа заттар бейнеленген.

    Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою-өрнек үш топқа  бөлінеді:

  1. Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
  2. Зооморфтық (жан-жануарлар).
  3. Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).

          Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

ІІ. Ұлттық киімдер туралы түсінік

            «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау  құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.

Киім  – адам киетін, денесін ыстық, суықтан  қорғайтын бұйым.

Тымақ – аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім.

Бөрік – жиегіне аң терісін салған, төбесіне үкі қадалған, сырты әшекейленген, ерлер де қыздар мен жас келіншектер  де киетін бас киім.

Бөкебай  - түбіттен тоқылған әйелдердің бас  киімі.

Тақия – қыздардың үкілеген, әсем зергерлік  бұйымдар тағылған бас киімі.

Қасаба  – қымбат матадан тігілген қыздардың  бас киімі.

Қалпақ  – ер адамдардың бас киімі.

Төбетей – төбеге киетін жаздың шағын бас  киімі.

Құлақшын (малақай) – қыстық бас киім.

Жалбағай  – малшылардың жаздық бас киімі.

Сәукеле – ұзатылатын қыздың қымбат бас киімі.

Сәлде – молдалардың орап киетін бас  киімі.

Желек – сәукеленің не қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын  жібек мата.

Жаулық  – тұрмыстағы әйелдің тартатын орамалы.

Шәлі (салы) - әйелдердің басқа тартатын шашақты  сәндік орамалы.

Көйлек - әйел киімі.

Киіт  – құдалыққа ұсынатын киім, бұйым.

Күрте – ерлердің жейде сыртынан киетін жұқа киімі.

Шапан – тізеден төмен түсетін қалың  сырт киім. Түрлері: қаптал шапан, қималы шапан, сырмалы шапан.

Иткөйлек  – жаңа туған нәрестеге кигізетін  көйлекше.

Кебенек – жауынды, боранды күні киім сыртынан киетін су өтпейтін киім.

Етік  – былғарыдан тігілген қонышы ұзын аяқ киімі.

Астама  етік – байпақ салып киетін қысқы  етік.

Байпақ  – етік ішінен киетін киізден тігілген аяқ киім.

Жым етік - өкшесі аласа, қисық табан етік.

Шоңқайма  етік – еркекке де, әйелге де арналған биік өкшелі, түрлі түсті жіппен тігілген сәнді етік.

Ұлтарма – жұмысқа киетін оңай тігілетін  етік түрі.

Шулық – жалаң аяққа киетін жүннен тоқылатын  киім.

Шәрке – жазда киетін жұқа аяқ киім.

Шұлғау  – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын  жұмсақ мата.

Пима  – жүннен басылған жылы, қыстық аяқ  киім.

Кебіс – былғарыдан қонышсыз тігілетін  аяқ киім.

2.1. Қазақ халқының  ұлттық киімдері  туралы мәлімет

         Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнеріменде ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу.  Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреуін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады. Қалыңдыққа сәукеле кигізу сондай-ақ, көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жатыр.

     Қазақта еркектердің киімі әйелдердікіне  қарағанда біркелкілеу. Тіптен жейдені (көйлек-дамбал), қаптал шапанды, түйе жүн  шекпенді, сеңсен тонды барлық жерде бірдей киген. Ал жалпыға тән еркек киімінің кешенінде көйлек-дамбалдан басқа бешпет, көкірекше, шапан, шалбар, бөрік, қалпақ, тақия секілді бас киімдер, көксауы саптама етік болған. Осындай еркек киімі ғасырларды артына салып бізге жеткенімен оның құрамында, киімінде, тігісінде уақыт талабына сай әр түрлі ұрпақ еңгізген сапалы өзгерістер болып келгендігі даусыз. Әсіресе жігіттің киімі сымбатымен көз тартатын болған. Олар ойық немесе тік бұрышты координаталар жүйесі жағалы болып келетін ақ жібектен, шыттан тігілген көйлек пен дамбалдың үстіне белі қымталған денеге мығым қонатын бешпет, кеудеше, жүріп-тұруға ыңғайлы болу үшін ауына үшкіл салған. Шалбар киетін де балағын етіктің қонышына салатын. Бешпет пен шапанды белдікпен, кездеме белбеумен буынатын болған. Үйлену салтанатына киілетін қалыңдықтың да, күйеудің де киімдері аса сәнділігімен, әшекейлерінің үйлесімділігімен, кәдеге асқанның құндылығымен ұқсатылуымен көз тартатын. Оқамен көмкерілген, бірінің үстіне бірі  киілетін камзол, бешпет, шапан болған. Күнделікті тұрмысқа ыңғайсыз болғанымен өте сәнді сәукеле, айырқалпақ сияқты бас киімдер, алтын-күміспен апталған әткеншектермен, ширатпалармен безендірілген шолпы, алқа, тамақша, нәзік, белдік, кемер белбеу, асыл тастар қондырылған сақина білезіктер, мәнерлі кебіс, зерлі кебіс, көксауыр сияқты аяқ киімдер үлкен талғамды қажет еткен. Сондықтан да олар әдетте қалыңдықтың жасауына, күйеудің салтанаттық киіміне кіретіндіктен алдын-ала дайындалатын болған. Қазақтағы жауынгерлік киім жалпыға мәлім, әскердің, аңшының киім кешегі іспетті болған. Қазақ қан майданда жауынан оқжалаған сауытты, қалқанды, сүңгі найзаны, қылыш-қанжарды да кәдесіне жаратқан. Металдан кіреуке тоқытуға мүмкіндігі бола бермейтіндер сыртқы киімнің астына көнмен қаптатып, арасына жүн, қыл салып сырылатын көкірекше киген.

Ерлер киімі

       Тымақ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған, яғни арғын, жалайыр мен найман тымағы немесе Семей, Торғай тымағы деген түрлері болған. Тымақ – биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етегі бар жылы бас киім. Сыртын берік, қымбат маталармен тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе берік ағаштан тиек жасап қадайды. «Ескілік киімі» деген өлеңінде данышпан Абай былай деп жырлаған.

Күләпара  бастырған, құшпал тымақ,

Ішкі  бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан  кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге  қыстарған бас құрысқақ.

      Тымақ қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды. Оған аяқ тигізбейді. Жақсы  кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Бұрыңғы  кезде қазақтар шала туған баланы неше күні кем болса, сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қоятын болған.  Бұл – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс. Ұлтымызға жарасатын бас киімнің бірі – бөрік. Бөріктің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат матадан тігіледі. Оның жазғы, қысқы түрлері де болады. Жиегіне қымбат бағалы аң және мал терілері ұсталады. Көмкерілген тері түрлеріне қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, күзен бөрік деп аталады. Бөрік үш, төрт немесе алты қиықтан құралады да, оны тиісінше үш, төрт немесе алты сай дейді. Бұл бас киімді ерлер де, қыздар да киеді. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі немесе конус тәрізді биіктеу болып келеді. Сәндік үшін төбесіне үкі, жиегіне моншақ, шашақ, түрлі асыл тастар, түйме, оқа, зер, күміс тағылады. Жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөркіне үкі тағып, зерлеп, өрнектеп киген. Мысалы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай бөріктерінің төбесіне үкі тағып жүрген.

      Тон – қойдың терісінен тігілетін  қыстық жылы киім. Ол үшін теріні шелінен  арылтып, әбден илеп, оны қынамен талдың қабығымен, томар бояумен боятады. Бояудан кейін тері қоңыр,  сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады. Осы теріден жүн ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына, кейде жең аузына сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады. Әйелдер тонының иығына, жең ұшына өңірі мен етегіне кесте жіппен ою-өрнектер салады. Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады. Тонның ең әдемі, жылы, қымбат, бағалы түрі – қамқа тон. Оны бұрын хан, би, бай мырза, ханша сияқты ауқатты, белгілі адамдар ғана киген. Киімнің бұл түрі ондатр, құндыз, бұлғын, жанат сияқты бағалы аң терілерінен түгі сыртына қаратылып, астарланып тігіледі. Иін әбден қандырып, қынаға бояп, аң (қой) терілерімен жиектеп тігеді. Жоғарыда аталған тон түрлері күні бүгінге дейін сәнді киімдер қатарында зор  бағаланады.

      Күпі  – қазақтың ертеден киіп келе жатқан киімдерінің бірі. Ол – ішіне  қойдың, түйенің, жабағы жүнін салып, бидай шүберекке сырып, сыртына  берік бір түсті матадан тігетін  жылы әрі қарапайым киім. Күпі жеңіл  әрі ыңғайлы болады. Қажетті бұйымдар мен тігілуі оңай болғанымен, мұны бұрыңғы қазақтың бәрі де киген. Киімнің бұл түрі көктем мен күзде киіледі.

Информация о работе Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы