Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 13:16, реферат

Описание работы

Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз.

Работа содержит 1 файл

Бала психологиясының мәселелері.doc

— 132.00 Кб (Скачать)

Сонғы ерекшелік. Баланың дербестік тілі мен оның мағынасы сәбидің өзінің белсене қатысуымен қалыптасады.

Әрбір сәбидің  дамуындаш дербестік тіл шындык фактор. Бұл жайт сәбилік кезеңдегі  дағдарыс деп саналады. Алайда сәби алдағы даму кезеңдерінде сөйлеу әрекеттерін  ересек адамдарға еліктеу нәтижесінде қалыпты жағдайға түсіп, мұңдай дағдарыс кезеңді женетін болады.

Кейбір авторлар баланың дербестік тілі жайындағы  теорияны қатал сынап, бұл тілді  тек сәбидің өзі ғана жасайды  дейді. Мысалы, В.Элиасберг бала өзгелерді  өзінің тілінде сөйлеуге мәжбұр етті дейді. Бұл сәбидің өзінің тілі деп санау қате болар еді. Кейбір ретге бұл дұрыс та сияқты. Мысалы, К.Штумфтың аласы 5 жасында оған айтылған сөздерді жете түсінбесе де, басқа тілде сөйлескісі келді. Алайда бұл тілді әдеттен тыс ерекше не төтенше жағдай деп қарауға болмайды. Өйткені сәби үнемі өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынаста болып, оларға еліктейді.

Баланың дербестік  тілінің кейбір ерекшеліктерімен танысып, баланың бірқалыпты және оңдағы кемістіктің  пайда болу себетерін анықтаған  фактілерді баяндауға кірісейік. Баланың дербестік тілде сөйлеу сатысындағы екінші жылғы өмірінен ірнеше мысалдар келтірейік.

Нона – 1 жыл 3 ай. Қыз, если тобынан. Оның дербестік  тілінде небәрі 17 сөз бар. Солардың ішінде «Мы-к» деген сөз мысықты  және т.б. бірнеше заттарды білдіреді. Біздер бала сөйлеуінің өзіндік ерекшеліктерін жүйелі бақылау нәтижесінде олардың сөздерін құрастырып айтуында әр алуан болып отыратын қызықты жайттарды жиі көреміз.

Энтелина – 1 жыл 3 ай, «Ка» деген сөз оның бүкіл  дамуында 11 тұрлі мағынаға ие болады. Бастапқыда (11 айда) бұл өзі ойнайтын сарытас болды. Содан кейін ол жұмыртқаны, сабынды, бұдан соң кез келген түрлі-түсті барлық тастарды солай атады. Кейін 1 жыл 1 айға дейін ботқаны да осылай атап, келі келе-келе қанттың үлкен түйірі, бұдан соң барлық тәтгі дәмдер, кисель, котлет, қарындаш пен сабын қорабы және сабын да солай аталды. Бұл сөздерде қарындаш пен қалам белгісінің өз аталған заттармен ұқсастығы жоқ. Дегенмен, бұл ретте «қа»қарындаш, қалам сөздерінің «ерсектер сөздеріңдегі осы сөздерің бастапқы буыны. Мұнда дыбыстық ұқсастық бар. Сәби тек қана алғашқы «ка» буынды ғана ұстап қалған.

Кейбір заттар бұл сөздің мағыналық құрамына бір  ғана белгісі бойынша, басқа заттар екінші белгісі бойынша енеді. Мысалы, сары сабын түсінің белгісі не сәйкес қалам мен қарындаш дыбыстың ұқсастығы лайықты анықталады. бұл мағыналардың бәрі жалғыз ғана «қа» деп аталатын сөз арқыл бейнеленетін заттар тобын құрайды.

Осы «қа»-ны түсінуге бола ма? Сол сәби-қыздың әкесі күнделік жүргізген физиолог маман екен. Ол былай деп жазады «қа» деген атау сәбидің нені мезгеп отырғанын анықтау қиынға соқты, оны түсіну әрқашанда көрнекі нәрселердің көмегіме шешіледі. Егер осы сөздердің түсініктері нақты жағдаймен үйлеспейтін болса, онда сөздердін мағынасын түсіну мүмкін емес

Ересек адамдардың сөздері белгілі жағдайдың орындары өзге сөздермен -жеткізе алар еді, ал дербестік тілде мұндай сөздепр  жоқ, ол тек бір ғана жағдайды ұғындыра алады. Оларда бағыттау қызметі мен  атау қызметі бар, бірақ жоқ заттар мен мағыналарды білдіретін қызметі жоқ.

Бұл жағдай баланың  дербес тілінің негізгі қасиет Дербестік  тілдегі сөздердің мәлімдеу және атау қызметі бар бірақ таңбалық қызметі жоқ. Олар жоқ заттың орнын  таңбамен білдіру мүмкіндігін әлі  игере қойған жоқ. Бірақ көрген кезде  оның кейбір жақтарын не бөлшектерін көрсетіп, сол бөлшектерге ат беруі мүмкін. Сондықтан сәби дербестік тілді көмегімен өзі көрген заттар туралы ғана сөйлейді, ал көз алдында жоқ заттар жөнінде сөйлеуі тіл дамуының алдағы кезеңдерінде пайда болады.

Баланың өзіндік  тілінің әдеттегі сөйлеу тілінен тағы бір ерекшелігі – сөздердің жеке мағыналары арасындағы қатынас. Баланың сөздерді жекелеген сөздердің мағыналык қатынастары белгілі жүйемен дамытып отырудың маңызы ерекше, тәжірибелік-дефекгология институтының (ЭДИ) тіл клиникасындағы бір кезде үстел, орыңдық, шкаф деген сөздерді білетін, бірақ мебелі деген сөзді білмейтін сәби болды, Мебель сөзі үстел, шкаф деген сөздердін жинақы мағынасы. Бұл ұғым. Баланын дербестік тілінің жоғары сатыға көтеріліп, топтастыра алмау себебі оның жекелеген сөздердің мағыналары арасындағы жалпы ерешелікті аңғарып біле алмауы.

Жалпылық қатынас  дегенмізі не? Біз мебель мен орындық  деген сөздердің мағыналық қатынасын  жалпылап қатынас деп атаймыз. Оның біреуі жалпы ұғым, екіншісі – жалқы  ұғым. Үстел мен орындық арасындағы қатынас бір-біріне бағынышты емес, бұл қатьшас біртекті қатар ұғымдар, баланың дербестік тілінде жалпылық және даралық қатынас болмайды. Сәбидің сөздігінен мынаны көреміз: Оның тілінде біріне-бірі қатысты не жалпы сөздерден емес, өзара катар жатқан тек сөздерден құралады. -

Сіз дербестік  тілдің кез келген сөздігінен алып көріңіз де мебель мен үстел, орындық; гүл мен райхан сияқты қатынаста  біріне-бірі бағыныңқы немесе даралық  пен жалпылық қатынаста тұратын  сөздерді таба алмайсыз. Өйткені сәбилердін сөйлеу ерекшелігі мен сөэдерді қолдануы дербестік сипатта болуымен қатар, әрбір зат пен басқа нәрселерді нақты атаумен шектеліп, ойлауындағы пайымдау (абстракциялау) әрекеттері жетіспей жатады. Бұл сәби тілінің дамуындағы психологиялық және табиғи заңдылық. Баланың дербестік тіліндегі сөз мағынасы тұрақсыз. Ол жағдайдын өзгеруіне сәйкес құбылмалы болып отырады.

Ерекше даму кезінен бір мысал келтірейік. Клиникада бір сәби зерттелді. Ол сәби жасыл дегенді ашық түс ретінде, ал көк дегенді күңгірт түс ретінде қолданады. Егер сіз сәбиге екі парақты: ашық сары және күңгірт сары түсті парақты берсеніз, олардың алғашқысы жасыл деп , ал екіншісі көк деп аталады. Ал егер сіз сәбиге сол күңгірт сары парақты қойсаңыз, онда енді сары түс жасыл деген атқа, коңыр түс – көк деген атқа ие болады. Бір түстің өзі оның жаныңда жатқан түске байланысты түрліше аталады. Сәби ашык пен күнгіртті ажыратады, ал нақты түстің қасиетін ол біле бермейді. Салыстырмалы түрдегі неғұрлым ашық, неғұрлым күңгірт деген түстер бар. Сөздің мағынасының заттық тұрақтылығы жоқ.

Штумф ұлын бақылағанда  дәл осындай жағдайды кездестіреді, ол да бір түске әртүрлі атау береді. Ағы басым жасыл түс пен  қарасы басым жасыл түс олар қабылдайтын  түйсік құрылымына байланысты түрліше  аталады.

Женя деген бала – 5 жыл 6 ай – еститін, бірақ тілі.кеш шыққан және дербес дамуы қиын балалар тобына жатады. Оның анасы клиникаға келіп, сәби тілі дұрыс дамымай отырғандығын және басқалардың тілін нашар түсінетіндігін айтьш шағынды. Әдетте тілі нашар дамыған деп дербестік тілін пайдаланатын балалар жайында да айтылады. Бала сөйлеуінде түрлі зақымға ұшыраған себептерін анықтай отырып, оның дербестік сөйлеуі өзгелермен қарым- қатынас жасауына қиындық тудыратынын да ескеру керек болады. Мұндай жағдайда баланың қате айтылған сөздерінің мағынасын білетін және оларды біздің тілімізге аудара алатын тілмаш қажет болады. Женя сөздігінен оған ұсынылған суретгерді көрсетіп, онымен сөйлескенде анықталған сөз мағынасы былай. Шағын көзілдірік көздері ол үшін жылқы мағынасын білдіреді. Оның сөздерінен біз бастапқы фразаларды атауын естиміз. Ол ересектер сөзін жақсы түсінгенімен дербестік тілінің кешеуілдеуіне байланысты ойын өзгелерге жеткізу қажетгігі туады да, сәби тіпті өзіңдік тілімен фразаларды атаумен түсіндіргісі келеді. Бұл фразалар тілдегі синтаксистік байланысты білдіргенімен, қалыпты еөйлеу тілінен өзгеше болып тұрады. Олар көбінесе сөздік сүлбесін ғана атап, тілдегі «мен сені ал» деген сияқты жартыкеш фразаларды ғана айтады.

Нақты көріністі  қызметіне қарай атауы тағы да екі түрлі жағдайды біддіреді. Сәби «жу» сөзі арқылы – жүру, серуендеуге шығу деген мағынаны да айтады, содан кейін серуендеуге қажетті нәрселерді: аяк киімді, галошты, бас киімді білдіреді. Бұдан кейін «жу» мағынасы сүттің ішілгенін де, серуенге шығуын да білдіреді.

Ф.А.Рау дербестік  сөзі дамыған және кейбір тілдерде болатын сөз құрастырудын ерекше түрін байқай білетін кішкентай  қыз туралы былай дейді. Мысалы, «ф-ф» – от «динь» – қозғалатын зат  ұғымын, осыдан келіп «фадинь» –  поезд түсінігін білдіреді. Бұл  атаулар кәдімгі тілге айналмайтын баланың өзіндік дербестік тіліндегі жекелеген сөздер тұбірінен туратын күрделі сөздер құрылымы. Біз бұл жерде нәрселердің бейнесін білдіру түрімен ұштастырамыз.

Кейбір балада насеком, құс сияқты осындай жалпы  ұғымды білдіретін сөздер кездеседі. Оның «әти» әтеш деген сөэі, біздің құс деген сөзімізді білдіреді. Мұңдай неғұрлым тұрақты мағынасы бар дербес тілдің белгісінен кәдімгі қалыпты сөйлеуге көшуіне мүмкіндік тудырады.

Әр түрлі даму сатысында сәбилер өзінің мәнін, баланың ойлау ерекшеліктеріндегі тілі қалайша дамитынын айта кеткен жөн. Бала тілінің табиғатын анықтап алғаннан кейін оны оңай пайымдауға мүмкіндік беретін сияқты.

Біріншіден, жоғарыда аталғандай бала тіліндегі сөздердің  мағынасы әрқашан белгісіз жағдайға тәуедді. Сәби көрнекі қағдайдан тыс болса, сөз көмегі арқылы ойлай алмайды. Сөйтіп дербестік тіл сатысында сәбидің ойлауы сөздік ойлаудың кейбір қасиеттеріне ие болады. Сондықтан сәбидің сөздік атынасы :өрнекілік пен сөздік ойлау арасындағы байланыс затгық түрінде ұштасқанда ғана оның қажетіне айналады. Бұл орайда дербестік тіл сөздердің мағынасы өзара сабақтасу жағынан бірікпейді. Мысалы, мебель сөзінің орындык сөзімен қатынасы жоқ.

Екіншіден, сөздердің  өзара байланысы. Мұндай байланыс тек  сәбидің көз алдында тұрған заттардың бірігуі сияқты болып көрінеді. Айталық, поезд келді (пот келді). Олар өз әсерінің байланысын білдіру арқылы ғана сөздер байланыса алады. Заттар арасындағы байланыс бала тілінің осы сатысында әлі де ойлау жүйесіне көне бермейді. Сондықтан ойлау да дербестік қасиетіне ие бола алмайды. Бұл кезенде баланың өз ойын тілдіріп, сөйлеуі негізінен оны таңдану сезімі мен ашу-ызасының ырқында болып, оның ойының мәні айқын көріне қоймайды.

Бала сөзінің  сезімдік-әсерлік мазмұнын қалай  түсіну ерек? Оның мәнін бала тіліндегі айтылған сөздер біздің таңдану, сезімдік үн қатуымыз мағынасында болады. Осындай ерекшеліктер көңіл-күйі мен ерік-жігер арқылы айқын көрінеді.

Егер біз баланың  дербестік тілінің мазмұнын және оран сәйкес келетін ойлау сатысын  талдасақ, онда бала тіліндегі сезімдік күйінің мазмұнын байқаймыз. Ол түйсік пен қабылданған әсер сияқты. Бала ойының мұңдай сипаты ақыл-ойдан әлі де қашық, тек еліктеу мен таңдану сипатында болатындығын көрсетеді. Алайда бала ойлауының бұл кезеңін анып білгенін пайымдап, онан ой қорытындысын шығара алады деуге болмайды.

Баланың дербестік  сөйлеуі оның дамуындары ерекше кезең  болып саналатын өмір жолы екенін білдіреді. Соган орай бұл кезеңде  баланын сөйлеуі мен ойлау  деңгейі де оның даму ерекшелігіне сәйкес болып отыратындығын көрсетеді.

Алғашқы жылғы  өмірінде дені сау сәби дербес тілінде  сөйлейді. Оның басталуы мен аяқталуы алғашқы жылғы дағдарыс кезеңіне тұспа-түс келеді. Бұған қарап  баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі деп санауға бола ма? Менің  ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына сәйкес оның бойында жаңа құрылым пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой қорытуға сын көзбен қарауды талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір кезеңнен жоғарырақ кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз.

Біз бала дамуының кезеңдеріндегі ең өзекті деп саналатын  жаңа құрылымдардың сырын ашьш көрсетуді  мақсат етіп қоямыз.

Баланың дербестік  тілі жалпы сөйлеудің дамуындағы алғашқы басқыш, оның сөйлеуінің өзге түрлерінен ешқаңдай түбегейлі айырмашылығы жоқ деп санайтындар тіл жайындағы зерттеулер мен Штерн ашқан теория арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеуге бола ма? Дербестік тіл өзінің мәні жағынан біздің сөйлеуіміздің бір ерекшелігі болып табылады деп мәселені төте қоюға бола ма? Мүмкін ол біздің тілімізбен сөз құрылысы және мағынасы жағынан емес, ішкі «табиғаты» бойынша бірдей шығар?

Мен мұндай сұрақтарға былай деп жауап берер едім; «ішкі табиғат» – баланың дербестік  тілінің мәні – біздікі болуы да, болмауы да мүмкін, сөздік қатынас пен сөзсіз қатынас арасында өтпелі құрьшым ретіндегі оның барлық ерекшелігі де осында. Оның біздікі болуы қалай және одан не туындайды? Оның біздің тіліміз екендігіне дау жок, сондықтан бұған тоқталмаса да болады. Ал оның біздікі емес екендігін айтудың маңызы әлдеқайда зор. Менің ойымша, ол сөздің дыбысталу жақынан да, мағынасы жағынан да біздің сөзге ұқсамай-тындықтан ғана біздікі болмай отырған жоқ, сонымен қатар оның менің терең ұғыну тұрғысынан да ол біздікі болмай шығады: оның құрылымы біздің тілге қарағанда мүлдем басқаша, өйткені онда ешқашан тұрақты мағына болған емес. Енді дәл осыған ұқсас мысал келтіріп көрейік. Кёлер тәжірибесіндегі маймылдардың мінез-құлқын алайық. Кейбір жағдайда хайуан жәшікті немесе таяқты құрал ретінде пайдаланады. Сырттай қарағанда мұңдай әрекет адамның ақылды әрекетіне ұқсайды. Соның нәтижесінде шимпанзенің таяқты пайдалану әрекеті мен қимылы адам әрекетімен бірдей деп, келер қорытынды жасауына себеп болды.

Бұл жайтты сынаушылар былай дейді: егер маймыл тұғыр ретінде пайдаланған жәшікке біреу келіп отырса болды, жәшік маймылдың қаруы болудан қалады, ол жататын немесе отыратын зат болып қана қалады. Ал бұл жағдайда маймыл аланда аласүрып жүреді де, жеміске секіріп жетуге тырысады, сосын шаршайды да, ол басқа маймыл жатқан жәшікке отырады, сөйтіп терін сүртеді. Бұдан шығатын қорытынды, ол жәшікті көреді, бірақ маймыл оны осы жағдайда қажетті құрал ретінде пайдалана алмайды. Нағыз кажет емес жағдайда өзінің құрал ретіндегі қасиетін жоғалтқан зат құрал бола ала ма?

Қарапайым адам жер қазуға пайдалану үшін таяқты алдын ала дайындайтындығын Кёлер  өзі айтты. Оның үстіне бұл жағдайда маймылың әрекетінде қандай да болсын жаналык бар деген сөз, бірақ  ол карапайым адамның қимьшына ұксамайды, құралды қолдануға итермелейтін бір нәрсенін, оған жақын жерде болуына қарамастан, мұнда құралды пайдалану әрекеті жоқ.

Информация о работе Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс