Байланыстыра сөйлеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа

Описание работы

Кез келген адамзат баласынөзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек.

Содержание

Жоспар.
І Кіріспе:
Байланыстыра сөйлеу туралы жалпы түсінік.......................................3-5
ІІ Негізгі бөлім:
1) Байланыстыра сөйлеудің түрлері.........................................................6-9
2) Әр жас топ балаларын байланыстыра сөйлеуге үйрету................9-11
3) Әр жас топ балаларын монолог және
диологты сөйлеуге үйрету.......................................................................12-18
ІІІ Практикалық бөлім.................................................................................19-23
ІV Қорытынды.....................................................................................................24
V Қолданған әдебиеттер.....................................................................................25

Работа содержит 1 файл

Байланыстыра сөйлеу.doc

— 128.00 Кб (Скачать)

                        Аламыз, сүртеміз,

                        Жейміз.

-         Балалар бүгін біз не жайында сөйлестік, әңгімелестік?

-         Мына суретте не бейнеленген?

-         Жылдың қай мезгілі екен?

-         Балалар кім маған аюдың дене мүшелерін атап береді?

-         Аюдың неше қонжығы бар екен?

-         Аюдың қонжықтары не істеп жүр?

-         Олардың түстері қандай?

-         Балалар күзде жапырақтың түстері қандай болады?

-         Ауа-райы қандай болады?

Қорытынды: бүгін біз сендермен күз мезгілі кезеңіндегі орманда жүрген аюлар туралы әңгімелестік. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, соның ішінде Марат, Жалғас, Анель жақсы қатысты. Сендер солай сабаққа қатысып жүріңдер. Сендерге рахмет сабақ осымен аяқталды.

 

Әңгіме

Тақырыбы: Менің туыстарым

Мақсаты:

І. Балаларға туыстары туралы түсінік беру.

ІІ. Олардың аттарын атай білуге үйрету.

ІІІ. Туыстық қарым-қатынастарын, тілдерін дамыту.

Туыстарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Құрал-дабдық: Сурет

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме.

Барысы: Балалар шеңберге отырып бір-бірлеріне жылуларын береді.

               Қане, қане тұрайық

               Үлкен шеңбер құрайық

               Шеңбер құрып болған соң

               Алақанды ұрайық

Барысы:    

-         Балалар сендердің туыстарың бар ма?

-         Олар сендердің үйлеріңе қонаққа келеді ме?

-         Сендер оларға барасыңдар ма?

-         Сендердің апаларың, ағаларың, інілерің бар ма?

-         Кімнің туыстары көп?

-         Оларды сендер қалай атайсыңдар?

Енді балалар мына суретке қарайықшы. Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар. Олар не істеп отыр?

Сергіту сәті: Құстар ұшып келеді?

                      Қанаттарын қағады

                      Суға келіп су ішіп

                      Оңға солға қарады

Мына суретте Қанаттың папасы мен мамасы және апасы отыр. Оларға Қанаттың папасының ағасы келіп отыр. Ол екі баласымен келіпті және мамалары да бар. Олар Жандос пен Айгүл, Қанат папасының алдында отыр. Жандос Айгүлдің туған інісі ол папасының жанында отыр. Қанаттың ең үлкен апасы қонақтарға шай құйып отыр.

Мен әңгімені әңгімелетіп болғаннан кейін балаларға әңгімелетемін. Балалар мен сендерге «Менің апам» өлең жолдарын айтып берейін.

                        Мен гүлдерді жұламын

                        Торғайларды қуамын

                        Айтқан сөзін тыңдаймын

                        Апамды мен сыйлаймын

Балаларға отбасы туралы тақпақ айтқызамын.

Жан апам

Жанет                              Көз алдыңнан кетпедім,

                                          Шықпаймын-ақ түсіңнен

                                          «Бөпем ішсін деп-менің»

                                          Сүтті де ол пісірген

                                          Ақыл толған межеде

                                          Көзімде іске жараған

                                          Сені күндей төбеме

                                          Көтерейін, жан анам!

 

Қайсар                            Күлімдеген көзіңнен

                                         Күннің нұры сезілген

                                         Бала болып кетесің

                                         Бірге ойнап өзіммен

Қорытынды: Балалар сендермен бүгін кімдер туралы әңгімелестік? Сендергше не ұнады? Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Әңгімені жақсы құрастыра алады екенсіңдер. Рахмет сендерге, деп балаларды мадақтаймын.

 

Дидактикалық ойын

«Жаңылтпаштарды жаңылмай айтам» ойыны.

Мақсаты: Жаңылтпаштар айту арқылы дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру.

Ойынның шарты: Балалар тәрбиешінің артикуляциясын жақсы көретіндей болып, оның қарсы алдына отырады.

Тәрбиеші ойынды бастайды:

-         Менің «жаңылтпашты» қалай айтатынымды тыңдап алыңдар.

Соңынан мен шақырған бала оны дәл осылай немесе бұдан да жақсы етіпайтып беретін болсын. Жаңылтпашты жаңылмай айтқан бала жеңімпаз атанады.

«Жұмаш! Көзіңді жұм, аш!» Енді мұны балалар кезек-кезек қайталайды. Жаңылтпаш біртіндеп күрделене түседі:

«Әжем- анамның анасы,

Әжем- әкемнің анасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі кішкене балаларды байланыстра сөйлеуге үйретуде барлық ересектер, яғни, үлкендер үлкен еңбек сіңіруі керек. Ал осылардың ішіндегі ең үлкен ықпал етушілер ата-ана мен балабақша тәрбиешісі болып табылады.

Бала тілін байланыстра сөйлеуге дағдаландыруда диалог пен монолог басты рөл атқаратындығы белгілі нәрсе. Сондықтан бала тілін дамыту кез келген уақытта жүзеге асырылды.

Баланы жуындыруда, оны ойнату да, киіндіруде де серуендетуде де диалог үлгісін жүргізе аламыз, ал монолог түріндегі сөйлеуге үйрету үшін ата-ана да, тәрбиеші де еріндей еңбек етіп, монолог түріндегі сөйлеуге үйрету үшін арнайы уақыт бөлінгені жөн.

Қазіргі кездегі актуальді мәселе ұрпағымыздың аз ана тілінде еркін сөйлей алмауы болмағандықтан бүгінгі тәрбиешілеріміз бала тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуі қажет. Сондықтан, тәрбиеші өз ісін білетін, білімді жетік меңгерген, ізденісі мол, шығармашылығы шыңдалған болған абзал. «Баланы бастан деп халқымыз айтқандай болашақ өмір иелері нақты сөйлей алатын білімді болып өссін десек ерінбей еңбек етіп, балабақша жасынан бастап оларды байланыстырып, жүйелі түрде сөйлеуге үйреткеніміз жөн».

Мен Астана қаласындағы №2 «Батыр» балабақшасында жұмыс істеймін. Жұмыс барысында баланың тілін дамытып, сөздік қорларын молайту үшін курстық жұмыстан таңдап алған тақырып «Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету» көп көмегін тигізеді. Тіл дамыту сабақтарынан сабақ өткізгенде көптеген дидактикалық ойындар өткіземін. (Мысалы: «Кімнің дауысы?», «Кім жоқ?», т.б.) Сабақта сурет бойынша әңгімелесуде толық жауап берулерін талап етемін.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.      «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту»

     Л.П.Федеренко, Г.А.Фамичева, В.К.Латарев М-1984ж

2.      «Развитие речи детей» Н.В.Новоторцева Я-1997ж

3.      «Воспитание правельной речи»

     В.И.Городилова, Е.И.Родина М-1981ж

4.      «Методические рекомендаций к программе воспитания и обучения в детском саду». (1986ж)

5.      «Балабақшадағы оқыту» (А-1987ж)

6.      «Занятие по развитию речи в первой младшей группе детского сада» В.В.Гербова, А.И.Максаков М-1999ж

7.      «Сауат ашуға арналған дидактикалық материал» (А-1990ж)

8.      «Сауат ашуға арналған дидактикалық материал»

     Ш.Әуелбаева, М.Молдатаева А-1999ж

9.      «Речевое развитие дошкольников»

     М.М.Алексеева, В.И.Яшина М-1999ж

10. «Развитие речей детей 6 лет»

     Л.М.Козырева, Ярославль  - 2001ж

11. «Развитие речи» Ящина Москва 2000ж

12. «Занятие по развитию речи в первой младшей группе»

      В.В.Гербова Москва 1986 ж

13. «Занятие по развитию речи в средней группе»

     В.В.Гербова Москва 1983 ж

14. «Занятие по развитию речи в старшей группе»

      В.В.Гербова Москва 1984 ж

15.«Развитие речи» Ф.А.Сохина Москва 1984ж

25

 



Информация о работе Байланыстыра сөйлеу