Алматы облысы туралы мәліметтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 07:00, доклад

Описание работы

Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртүтас жалпы- еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды көздейді.

Работа содержит 1 файл

Болон процесі.docx

— 15.82 Кб (Скачать)

Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртүтас жалпы- еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат түтады. Болон процесінің басты мақсаттарының қүрамында еуропалық мәдени қүндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жүмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге сыйқүрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім қүжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. [1]

Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).

Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;

ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;

академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

білім сапасын бақылау;

студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

нәтижелерге және студенттікорталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттікорталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

 


Информация о работе Алматы облысы туралы мәліметтер