А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 01:05, реферат

Описание работы

Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1. А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы. 5
2. М. Жұмабаевтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы. 7
3. Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы. 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12

Работа содержит 1 файл

Этнопед Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек.doc

— 115.00 Кб (Скачать)

   « Білімге деген ынталанушылық,-деп  жазды ол,- адам бойындағы ой  еңбегі кұшінің қайнар көзі, сондай көздерінің көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, өркендету өнері- мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек». Сондықтанда әрбір мұғалім, сабақ беру процесінде қызықты мағлұматтармен балаларды шабыттандырып, олардың ынта ықыласын, зейін-зердесін, білімді меңгеруге бағыттау үшін төмендегі шарттарды орындауы тиіс. Олар:

  • жаңа берілетін білімді баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
  • жаңа білімді таныстыру арқылы сабақтың  мазмұнына оқушылардың ынта-ықыласын аудару;
  • оқушыларды жаңа білімді меңгеругебағыттайтын сұрақтар қою арқылы олардың ынта -ықыласын ой еңбегіне аудару, т.б. деп оқу –тәрбиелеу ісінің ғылыми әдістемелік, дидактикалық әдіс тәсілдерін де жан –жақты сөз етеді. Сөйтіп, ол психология, педагогика, методика ғылымдарына сүбелі үлес қосушылардың бірі болып, Қазақстанның мәдениет тарихында өшпес із қалдырды.
 

Қорытынды

 

     Халық педагогикасы - ежелден халықпен бірге  жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық  педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ.

   Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап, «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата-тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

        Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

   Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың  жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді  талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес  жасқа дейін патшадай қара, он бес  жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ыңтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

    Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, үшеуінің қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың ( халық педагогикасы мен педагогикалық ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының дамып қалыптасу жолдарын көрсетті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

 
 
  1. Этнопедагогика ( оқулық) –    С. Қалиев, Ж. Ж. Молдабеков,                Б.І. Иманбекова. Астана: Фолиант, 2010
  2. Этнопедагогика ( оқу құралы) – Б.Мұқанова, Р. Ильясова, Астана: Фолиант, 2008
  3. Қазақ этнопедагогикасы (оқу құралы) – Ә.Табылдиев, Алматы: «Санат»,2001
  4. Бес арыс – Д.Әшімханов. –Алматы: Жалын, 1992

Информация о работе А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы