Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:30, реферат
Психологиялық көзқарасы. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның кептеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, пед. әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психологиянегіздері, ұлттық мінез-құлықты.
Абайдың психологиялық көзқарасы
Психологиялық көзқарасы. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның кептеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның-жан мен тәннің арақатынасы, адамның психология даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, пед. әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психологиянегіздері, ұлттық мінез-құлықты. б.) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда адамның психология өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қоймайды. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасы, нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің кез қарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б. өлеңдерін де ойшыл-ақын адамның денесі ғана еледі, ал жаны ешқашанда елемейді деп тұжырымдайды: «Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі. «Мен» елмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі». Абайдың емектің жаны кәсіби әрекет негізінде қалыптасқан, сөз енері арқылы сыртқа шығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған деген ұғымын:
«Өңдеуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?»
жолдарымен тұжырымдауға
болады. Абай қоршаған ортаның шындығын
мойындай отырып, ақыл мен сананың
еңбек барысында
«Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуісіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек...» -
деп, Абай адамның ішкі жан
дүниесінің ақыл, сөзім және қайрат
секілді қуаттарын біртүтас етіп
алады. «Он жетінші сөзіне» (қайрат,
ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек
бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана
күш алатын адамның үш түрлі жан
құбылысын әдеби публицист. тұрғыда
көрсетпек болады. Ойшыл-ақын негізгі
үш бастау - ақыл, сөзім және қайрат
арасындағы тартыс арқылы адам мінөзінің
қарама-қайшылықтарын дұрыс
Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сөзіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сөзім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?» - деп көрсетеді. Сөзімнің басқа да танымдық құбылыстармен, дәлірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсіктермен байланысты екенін ашып айтады. Осыған байланысты Абай: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсыз ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі», -деп жазады. Ақын:
«Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей,
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сезді бұрын кермей,
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей...» -
деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтпағанымен психология құбылыстың осы мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сезді түсіну қиын деп тұжырымдайды. Ақынның ес туралы пікірлері де қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастың себептер» деген психология термин енгізген. Ол осыған орай Отыз бірінші сөзінде: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы бөрік болмақ керек; екінші - нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер», -деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті, қуанышты көңіл күйлерін тану барысындағы өстің маңызы жайлы айта келіп, адам «... сезді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» - деп түйіндейді. Ақын шығармаларынан тек адамға ғана тән қуаттарының негіздері - сөз бен қиял хақындағы пікірлерін жиі кездестіруге болады. Абай:
«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әрнерсеге өзіндей баға бермек», -
деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең, ақылды адамдарды жоғары бағалайды. Ақын:
«... білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза (ойласу, пікір алысу) ..., екіншісі - берік мүхафаза (сақтау, қорғау)... Бұлар зораймай, ғылым зораймайды»,-
деп жазды. Абай жан қуаттарын адамдардың бір-бірімен жәй түсінісуі үшін ғана емес, сонымен қатар олардың көңіл-күйіне, бүкіл психологиясына әсер ететін күшті құрал ретінде түсінеді. Адамның саналан қызыққа толы сөзім өлімі - ақын шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі. Адамның ішкі жан дүниесін оның үш қырымен (ақыл, сөзім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте сезімнің аса маңызды қызмет атқаратынын атап көрсетеді. Адам рухани дамуы үшін ең алдымен жан-дүниесі бай, сөзімтал болуы қажет. Ақын адамның адамгершілік, имандылық, моральдық, эстетикалық сезімдеріне айырықша мен береді. Осындай сезімдерді бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді.
«Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Керсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», - деп ескертеді. Абай әсіресе адамның танымдық қызметін арттыратын сезімдерге баса көңіл бөледі. Ол жастарды білім-ғылымға шақыра отырып, төк қажырлылықтың, құштарлықтың арқасында ғана ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Абайдың түсінігінде құмарлық ғылым жолында табысқа жөткіретін ең күшті сөзім: «... білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил (тыныштық, рахатшылық) болады»,- дейді. Білімге ынтықтық сияқты құмарлықтың да адамның жасампаздық қызметін арттыра түсері сезсіз. Ақын сондай-ақ, біржолата құмарлық билеген адам тап сол сәтте қай нәрсенің аса маңызды екенін аңғармай, тек жөке басын күйттеп кетуі де мүмкін деп ескертеді. Егер құмарлық ақыл таразысын басып кетсе, ол жемісті еңбек етуге кедергі келтіреді, кейде құбылысты теріс бағалауға әкөп соқтырады: «Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әр түрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки енмін, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі жастық пайда болады екен», - деп суреттейді. Абайдың ойынша, құмарлық жаңадан білім алуға көмектессе ғана адамның рухани өсуінің қуатты күшіне айнала алады. Адамның көңілін көтеріп, бойына қуат беретін сезімдердің бірі - қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл», - деп отырып, қуаныштың ғана шын жеңілден күлкі шығаратынын мегзейді. Ақын сонымен қатар «... қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемісілік үшін күлетін бояма күлкінің» «Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме...» - деп жастарды басына іс түскенде сары уайымға беріліп, жүнжіп кетпей, өмірге құштарлығын жоғалтпауға шақырады. «Әрбір орынды әрекеттің езі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды әрекетпен азайт!» - дейді Абай. Өзінің қадір-қасиетін, өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай-қайсысында да мақтаныш сөзімі болады. Абай мақтанышты адамның еркөкіректік, мақтаншақтық, менмендік сияқты мінөзінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды. Мақтанышты үлкендік деп алған ақын: «Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Мысалы, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез-ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі», - деп тұжырымдайды. Ашу - Абай түсінігінде жағымсыз сөзім. Ол ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі - оқыс қимылдар мен ащы сөздер арқылы сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді де, екіншісі - сыртқа шықпай, жасырын қуатын ішке бүгеді. Ашу туралы бұл ойларын ақын: «Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егерде аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ, я қорқақ», - деген қанатты сөздермен түйіндейді. Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі - ар-ұят, арлылық, ұждандылық. Абайдың түсіндіруінше, ар-ұят адамның іс-әрекетіне қатысты. «Отыз алтыншы сөзінде» адамның осы секілді қастерлі сөзімін былайша сипаттайды: «...олай болғанда білмек керек, ұят езі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты... ұялмас нәрседен ұялған ұялу - ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиырлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі - ондай қылық езіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын кергенде, сен ұялып кетесің... Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғақылдықтан ез бойыңнан шыққандығынан болады», Деп жазды. Абайдың пікірінше, өзіне-өзі сын көзімен қарап, өзін тізгіндей білген адам көлеңсіз қылықтардан аулақ жүріп, әр қадамын ұят таразысына сала алады. Абай шығармаларында достық, махаббат сияқты сезімдерді сипаттауға да көңіл бөліп, оларды адамның ең жоғары, асыл қасиеттері деп бағалаған. Достықтың өмірді байытып, оның мәнін айқындай түсетін қуатты күші бар, ол адам басына ауыртпалық түскен жағдайда оған қуат беріп, көмектесіп отырады. Ақын бұл хақында: «Кемді күн қызық дәурен тату еткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз. Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз», - деген тұжырымға келеді. Абай ер мен әйелдің махаббат сезімдерін, бір-біріне деген сүйіспеншілігін, көңіл-күй құбылыстарын түсіндіруге ерекше мән берді. «Қызарып, сұрланып...», «Көзімнің қарасы...», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді...», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл...»деген өлеңдері сүйіскен, ұғысқан жүректің жан сырын суреттеуге арналған. Адамды кездеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, ғылым-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі - ерік-жігер, қажыр-қайрат. Ерік-жігер адамның ез мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әр түрлі кесапаттардан, пайдасыз құмарлықтардан қорғайды. Абайдың айтуынша «жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе... Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар... ол жоғалса, адам баласы хайуан болды, адамшылықтан шықты». Ақын: «... ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!» - деп, адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері мен қажыр-қайратының ғана кезектесетінін еске салады. Адамның бірқатар жағымды да, жағымсыз қасиеттерін көрсете келіп, олардың табиғатын түсіндіруге тырысады.
«Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпуың,
Не түсер қу күлкіден жыртың-жыртың...»,
- деп тиянақтылық пен
«Уайым - ер қорғаны, есі барлық,
Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.
«ЕҺе-еҺе» ге елірме бозбалалар,
Бұл - бес күндік бір майдан ер сынарлық»,
- деп түйіп, уайымның
өзін ұстамдылыққа бастайтын,
кісіні орынсыз жел өкпеліктен
сақтандыратын қасиетке
Пайдаланған әдебиет