12 жылдық білім беру жүйесіне сай құзіретті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 20:38, доклад

Описание работы

Еліміздегі қазіргі білім саласын заман талабына сай дамыту керек екендігі күмән туғызбайды. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғары білім берудің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында орта жалпы білім берудің мерзімін ұзартуды талап етеді. Білім мен ғылым – әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы, прогресске апаратын жол десек, 12 жылдық білім беру жүйесі – бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті мәселе.