Құқықтық мемлекет

Дата добавления: 23 Апреля 2013 в 16:55
Автор: f*******@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (36.67 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Cаясаттану (сем. жұм.).docx

  —  39.70 Кб

Құқықтық  мемлекет

 Жоспары:

  1. Құқықтық мемлекет идеясының саяси ой-сана тарихында қалыптасуы.
  2. Құқықтық мемлекет туралы жаңашыл пайым: негізгі белгілері мен ұйымдастыру принциптері.
  3. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.

 

 

1. Қоғам кең мағынасында адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе тар мағынасында әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.

Мемлекет  саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет – әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда мағынасы жағынан кең болып келеді, себебі қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.

Мемлекет  қоғамда орталық орынды және басты  рөлді иеленген. Мемлекет қоғамға  қатысты оның істерін шешу, басқару  құралы рөлін атқарады. Қоғам мен  мемлекеттің хронологиялық шектері  де әртүрлі болып келеді: біріншісі  екіншісіне қарағанда ерте пайда  болған және бай даму тарихына ие. Дамыған  қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

Тағы бір  ескертетін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда  да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген  ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен  бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мақсатты орындау –   мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу – адамдардың  міндеті.

Құқықтық  мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі  мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары – Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель  “Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ” деді. Феодалдық дәуірде  

Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп ойланып, біраз пікірлер айтып кеткен болатын.

Құқықтық  мемлекет орнату концепциясына пікір  айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар – Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.  Гроцкий қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді. Ал Монтескье мемлекет туралы ойын “Мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады” деп атап көрсетсе, Локк “Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны – халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау” деді. Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді. Гегель қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Ал азаматтық қоғамды құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды деген.

Маркс  құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. “Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде-мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады” деп тұжырымдаған.

Құқықтық  мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері  қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың  топтардың мүдде-мақсатына қатысты  болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі  идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.

Бұл жерде  ескерте кететін бір мәселе Кеңес  дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.

Қазіргі заманда  құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары  бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық  болады.

Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші —  адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын  басқаруға қатыстыру қажет.

 

 

 Құқықты  мемлекет – адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.

Құқықтық  мемлекеттің мәнін  қарастыруда  оның негізгі  екі жағын (екі негізгі  кағиданы) бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды  жағы – адам  мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын  мейлінше толық көлемде қамтамасыз  етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтыру;

2) формальды-заңды  жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтыру.

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар  да жатады:

- билікті   заңсыз  пайдалануды болдырмау  мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;

- заңның  үстемдігі, яғни, биліктің жоғары  органымен барлық конституциялық  тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық  билік актілерімен жоққа шығарылуы,  өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін  емес;

- мемлекет  пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

- қоғамдағы  құқықтық сана мен құқықтық  мәдениеттің жоғары деңгейі;

- азаматтық  қоғамның болуы және тарапынан  құқық субъектілерінің заңдарды  орындауына бақылау жүргізілуі.

Құқықтық  мемлекет теориясындағы аса маңызды  мәселелердің бірі - биліктерді бөлу қағидатын  құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье  болып табылады. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот   (бұзылған құқықтарды  қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.

Ш.Монтаскье: «Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара ұстап тұратын  тәртіптер жүйесі қажет» деп дәлелдеді.

Г.Едлинек  құқық және заңның үстемдігі идеясын  алдыға тарта оты-рып, сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын  ұсынды. Орыс заңгерлері Н.М.Коркунов, П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.

Жоғарыда  айтылған идеялар негізінде кейінде  төмендегідей белгілерімен ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:

1. Өркениеттің  тұрақты дамуының кепілі ретіндегі  азаматтық қоғам-ның — автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының  және құқықтық мемлекеттің өмір  сүруіне қажетті жағдайдың болуы.

2.  Мемлекеттің  құқықпен байланыстылығы, ол:

а) мемлекеттің  құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,

ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді  білдіреді.

3.  Мемлекеттік  билікті ұйымдастырған кезде  билікті бөлу қағидатын іске  асыру. Соған сәйкес мемлекеттік  биліктің қалыпты өмір сүруі  үшін оның ішінде салыстырмалы  түрде бір-біріне тәуелді емес  мынадай биліктер болуы тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа  тиесілі соттық. Мұндай бөлудің  мәні биліктің бір тұлғаның  немесе адамдар тобының қолында  жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және авторитаризмнің  алдын алумен негізделеді.

4.  Заңның  үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл  жоғары заң күшіне ие және  мемлекеттің нормативтік құқықтық  актілерін құрайтын Конституция  негізгі заң болуы тиіс дегенді  білдіреді.

5. Құқықтық  мемлекетте сот әділеттің және  шынайы сот төрелігінің салтанат  құратын органы болуы керек.  Сот— қандай да бір ықпалдан  тәуелсіз қорғау және бұзылған  құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін  орган.

6.  Құқықтық  мемлекеттің негізі — тұлғаның  бостандығының, оның құқықтары  мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және кепілділігі.

Сөйтіп, құқықтық мемлекет — бұқаралық билікті  жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық  және заңның үстемдігі негізінде  жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін  қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Констиуцияда  бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік  жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот  билігінің нақты бір билік  түріне қатысты құқықтық шектеулерінің 

жиынтығын білдіреді. Мысалы заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқық шектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

Қазіргі заманда  құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында  ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта  да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Сондықтан болашақта  құқықтық мемлекет бірнеше дамыған  елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ  ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе  нысанында объективтік ерекшеліктері  болады.

Құқықтық  мемлекеттің мазмұнының негізгі  талаптары:

1) Құқықтық  мемлекет азаматтық қоғамның  объективтік даму процесіне сәйкес  ескіріп, жаңарып жататын көп  қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте  адамның толық егеменді болуы  қажет, олардың мемлекеттің билік  жүргізетін органдарын кұруға  қатысуы заңды түрде бекітілуі  керек.

2) Құқықтық  мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік  қатынас және көп меншіктік  шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық  мемлекетте меншіктің басым көпшілігі  - өндіруші мен тұтынушылық билігінде  болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың  жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз  ету үшін оларға толық бостандық  беруі керек. Сонда ғана қоғамның  әлеуметтік, экономикалық жағдайын  көтеруге, нытайтуға болады.

3)  Құқықтық   мемлекеттің    әлеуметтік негізі  — өзін-өзі басқаратын азаматтық  қоғамда адамдардың бостандығын,  теңдігін қамтамасыз етіп, олардың  жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс  жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның  әлеуметтік жағдайының жақсаруы  құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл  екі процесс бір-бірімен тығыз  байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен  бірге әлеуметтік мемлекет.

4)  Құқықтық   мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың  қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі.  Осы жоғары дәрежедегі принциптер  болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың  рухани сана-сезімі де жоғары  дәрежеде болады.

5) Құқықтық  мемлекеттің саяси негізі —  халықтың, ұлттық тәуелсіздігін  қалыптастырып қоғамдық билікті  жан-жақты дамытып, адамдардың  бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті,  демократияны орнату, қарым-қатынастарды  реттеп басқару.

Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

Құқықтық  мемлекеттің негізгі белгілері:

- мемлекеттік  билікті үш түрге бөлу, олардың  ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық  қоғамның калыптасуы;

- қоғамда  жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің  қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің   жақсы дамуы;

- мемлекеттік  аппараттың, лауазымды тұлғалардың,  қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың  өмірдегі қарым-қатынастарда өзара  жауаптылығы;

- қоғамның  экономикалық, әлеуметтік бағытында  әділеттікті, теңдікті қамтамасыз  ету үшін антимонополиялық  органның  қызметін қатаң бақылау;

- қоғамның  ішкі құқық   нормалары мен  халықаралық құқықтың өзара қатынасын  бақылап, жақсартып отыру;

- қоғамда  заңның үстемділігін орнату, азаматтық  қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның  құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға  тиіс емес. Бұл туралы өмір  тәжірибесінен қалыптасқан мынадай  өсиет сөз бар:

Заң — мемлекеттің  ақылы.

Сот — мемлекеттің  жүрегі.

Мәдениет  — мемлекеттің тәртібі.

Міне осы  үш қағидалы өсиет өзара бірігіп  қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары  көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.

Страницы:123следующая →
Описание работы
Құқықтық мемлекет идеясының саяси ой-сана тарихында қалыптасуы.
Құқықтық мемлекет туралы жаңашыл пайым: негізгі белгілері мен ұйымдастыру принциптері.
Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Содержание
содержание отсутствует