ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіөзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді.

Работа содержит 1 файл

қаз-гы кәсіп дамыту проблемалары.doc

— 191.00 Кб (Скачать)

    Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа  да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

    Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей  орталық банктің жанама құраддары  арқылы жүзеге асырылады.

    Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие  саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:

    -         қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

    -         ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

    -         мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

    -         анктерге және үкіметке несие беру;

    -         валюталық нарықтағы басқыншылық;

    -         кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

    -         ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.    
 

    1.2 Ақша – несие саясатының түрлері   

    Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

    ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен  басқа шетел валюталарына қатысты  тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

    Ақша-несие  саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

    Шаруашылық  конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

    1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

    2. Экспанцондықақша-несие саясаты.

    Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін  шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.

    Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие  беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы  ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар.

    Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты  көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

    Сыйақы  мөлшерлемелерін белгілеу;

        -         Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;

        -         Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

        -         Банктерге және үкіметке несиелер беру;

        -         Валюталық нарыққа интервенциялау;

    Кейбір  жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен  көлеміне тікелей сандық шектеулер  енгізу.

    Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың  ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

    Ұлттық  банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

        -         ресми қайта қаржыландыру мәлшерлемесі;

        -         ресми есептік (дисконттъщ) мөлшерлемесі;

        -         РЕПО және кері РЕПО операииялары бойынша сыйакрі мвлшерлемесі;

        -         «овернайт» займдары бойынша сыйақы мәлшерлемесі;

        -         күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

    Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі —  ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

    Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі —  ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен  ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді  және Ұлттың банктің коммерциялың вексельдерді қайта есепке алу операцияларында  қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдың пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлың вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

    РЕПО  және кері РЕПО операциялары бойынша  сыйақы мөлшерлемелері — жылдың пайыздық, мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

    «Овернайт»  заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды  дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады.

    Күндізгі  заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде  ашқан корреспонденттік шоттары  бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

    Ұлттың  банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін  төмендегідей 1-кестемен беруге болады.   

          1-    Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері

    пайыздар, кезеңнің соңына

    Сандық  мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған №6(92) 2006 ж  

    Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж. бастап, мерзімдер бойынша  күн сайын белгіленеді.

    Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

    Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар  және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің  бүгінгі даму жағдайында резервтік  талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

    Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20%мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

    Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте  жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің  қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін  нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.    
 

    1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің  шетелдік тәжірибиесі  

    АҚШ пен Германияда міндетті резервтік  нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялың банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық, банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

    Федералды резервтік жүйе экономикалың құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

    Ұлттың  банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді  орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

    1. Міндетті резервтер;

    2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

    Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50%көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.   
 

    2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ  

    2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша  – несие саясаты  

    Осы бөлімде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына  шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Кеңесінің  оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

    1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында  ұлттық валютаның енгізілуіне  байланысты Қазақстанның Ұлттық  Банкіне ақша-несие жүйесінің  жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

Информация о работе ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары