Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі

Дата добавления: 29 Ноября 2011 в 17:32
Автор: a************@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (116.54 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Акмарал курсовая 3курс.doc

  —  322.00 Кб

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

                                                                             «ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ  
 
 
 
 
 
 
 
 

«Кәсіпорын  экономикасы» пәнінен 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:  Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                           Ғылыми жетекші: Сатымова М.

                                                           Орындаған:           Атамбаева А.Қ.

                                                                                          «Экономика» 301-топ 
 

АЛМАТЫ  2008 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 

1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5

1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5

1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10 

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14

2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14

2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22 

3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27

3.1  Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27

3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     1993 жылдың қарашасынан бері дербес  макроэкономикалық саясат ұстанғанымызға 15 жылдан асса, нарықтық қатынастарға  өтуге кіріскенімізге 17 жыл толды.  Терең дағдарыстан есімізді жинай  бастауымыз сегізінші жылды алқымдап  қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді. Экономиканы алға сүйрелеуші локомотив ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспортты басымды түрде дамыды. Дүниежізілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар конъюктурасы қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының оң сальдосы мүмкін болды. Ақша несие саясатымен қатар бюджет-салық саясаты да уақтылы реформаланып, ұлттық капитал қордаланды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік-құрылымдық реформалардың аяқталмағандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің шарты ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік  деп айту әзірге ерте. Осы айтылатын ойлардың мақсаты – қазіргі экономикамыздың шынайы келбетін, бірқатар бекем және осал тұстарын                                                        көрету.    

      Елбасы  тарапынан барша қоғамға ұсынылған  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті  елу елдің қатарына кіруі жайлы  стратегиясында негізгі бағыт еліміздің  экономикасының қарқынды дамуы,  
Қазақстанның әлуметтік-экономикалық модернизациясын жеделдетуге қойылды.

     Белгіленген бағытта жетістікке жету үшін ортамерзімдік  перспективаның дамуының приоритеттік бағыттары анықталған - модернизация, экономиканың диверсификациялануы туралы сұрақтарды шешу барысы барынша актуалды көрінеді.

      Қазақстандағы  тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуші, теңестірілген экономикалық структураға көшуді ендіруші механизм ретінде 2003- 2015 жж. арналған индустриялды-иновациялық даму Стратегиясы саналады. Ол өңдеу секторының озық дамуына және осы негізде шикізатты бағдарлаудың біржақтылығының біртіндеп алдын алуына бағытталған.

      Экономиканың  шикізаттық бағытталуы әлі де болса  басым. Инвестицияның көп бөлігі өндіруші секторға бағытталған. Шикізаттық емес экспорт төмен деңгейде қалуда. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру аяқталмаған. Ірі жүйеқұрушы инвестиция бойынша нақты нәтижелер қатыстырылмаған. Міне осылардан диверсификациядағы өзекті мәселелер туындайды.

          Курстық жұмысымның мақсаты – еліміздегі әртараптандыру үрдісін қарастыру және оның әр салада дамуын қалыптастыру.

     Анықталған  мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер  шешілуі тиіс:

  • Еліміздегі диверсификацияның теориялық негіздері;
  • Диверсификацияның мәнін, түрлерін айқындап, оларға түсініктеме беру;
  • Отандық қызмет көрсетулердің диверсификациясын талдау;
  • Диверсификацияның  шетелдік озық тәжіребелерін қарастыру;
  • Қазақстанда диверсификацияны арттыру жолдарын ұсыну.

          Курстық жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған   әдебиеттер тізімінен тұрады.

        Кіріспеде Қазақстандағы диверсификалық үрдістердің өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері қамтылған.

        Бірінші бөлімде жалпы диверсификация  түсінігіне, оның мәні мен маңыздылығына,  экономикадағы қажеттілігіне түсініктеме  беріледі. Екінші бөлімде Қазақстандағы  телекоммуникация саласының әртараптандыру шаралары қарастырылады.

        Үшінші бөлімде шетелдегі диверсификацияның  даму үрдістерін талдау негізінде  Қазақстандағы диверсификациялық үрдістерді дамыту шаралары айтылады.

         Қорытындыда диверсификацияның  тиімділігі, жалпы айтылған мәліметтер бойынша қорытынды жасалған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ  ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
    1. Диверсификацияның мәні және маңызы
 

  Даму кезеңінің іліміне сәйкес барлық экономикалық объектілер, үрдістер және жүйелер қандайда бір уақыт аралығында соңғы айналым жасайды, және бұл өмірлік кезең әрқайсысы үшін белгілі бір шекті мүмкіндіктерді, алғашқы түрінен әрі қарайғы мәні бар күшке ие. Өнеркәсіптік кәсіпорынды жүйелік көзқарасқа сәйкес тіршілік қызметін қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтерден тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады: техникалық, технологиялық, еңбектік, қаржылық, ақпараттық және ұйымдық ресурстардан. Осы элементтердің саны, сапалы деңгейі, өзара байланыс дәрежесі кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін, яғни әлуетін айқындайды. Элементтерді бір бүтінге біріктірудің көптеген жай-күйден тұратын жүйенің күші бар үлкен нұсқаулар бар. Жаңа сапаны қамтыған жүйе элементтерінің даму жылдамдығы даму кезеңдерінің айырмашылығына немесе ішкі қарама-қайшылықтардың өзара шығындырға алып келу себептеріне байланысты біркелкі емес. Осыған қарамастан кәсіпорын әлуеті нарық жағдайында бәсекелестер әсерімен, жеткізушілермен қарым-қатынас, мемлекеттің экономикалық саясаты жөнінде үлкен сұранысқа ие және оларға қарама-қайшы шыға алады. Кәсіпорынның біртіндеп сыртқы жағдайлармен сәйкес келмеуі және жұмыс істеу тәсілдері сыни шекке жетеді. Осындай үйлесімсіздіктер әсері жүйеде өзгертулерді, кәсіпорынның келесі даму сатысын анықтау үшін элементтердің синхрондалуын қажет етеді.

      Кәсіпорын дамуы пайда болу және құрылу, даму, жетілу, құлдырау сатыларынан өтеді. Әрбір өмірлік кезең сатысында үйлесімсіздіктер әсерінен кәсіпорын алдына даму кезеңін жалғастыру үшін жаңа мақсаттар қойылады.  Даму және жетілу сатысында сыртқы орта жағдайы ұдайы өндіріс қызметінің жетіспеушілігіне алып келсе, ал әлуетті мүмкіндіктер қызметті өзгертуді, өндіріс жүйесінің құрылымын және басқа да параметрлерін өзгертуге мүмкіндіктері бар, кәсіпорын өзінің әрі қарай табысты дамуы үшін диверсификация стратегиясына жүгінуі мүмкін.

      Экономикалық әдебиетте диверсификацияның әртүрлі анықтамалары бар, осыған сәйкес мағыналық мәні де әртүрлі болып келеді. Барлық осы анықтамаларды екі қарама-қарсы көзқарасқа бөлуге болады. Бір авторлар диверсификация ұғымын өндіріс түрлерінің бір-бірімен байланыссыз біруақытта даму стратегиясы деп түсінеді. Басқа экономистер диверсификация ұғымын «кәсіпорын шығаратын өнім түрлерінің кеңеюі, өзгеруі, өндірістің жаңа түрлерін игеру» деп көлемді кең мағынада қарастырады. Бірақ өнім түрінің артуы саралау стратегиясының нәтижелеріне, технологиялық және экономикалық қатынастарда өткізу қолжетімді және кәсіпорын кезеңінің бастапқы сатысына енгізіледі. 

      Диверсификация  - өнім номенклатурасының кеңеюі ғана емес, сондай-ақ өткізу арнасы болып табылады деген ұғымдар кездеседі. Соңғы ұғым өндірісті мамандандыру стратегиясында да және өнімді саралау кезеңінде де орын алады.

      Әртүрлі ұстанымдарды талдау жасай келе өндіріс  диверсификациясы деп кәсіпорынның қызметі бір уақытта әртүрлі  өнімді шығаруын айтуға болады:

    1. “заттай” көзқарасқа байланысты өндірістер мен салалар;
    2. бір-бірімен өзара технологиялық байланысқан әртүрлі өндірістер;
    3. бір-бірімен технологиялық та заттай да байланыссыз өндірістер мен салалар;

     Диверсификация  түрлерін айта келе оның атауларында  еш бірлік мағына жоқтығын байқауға болады, осыған сәйкес ғалымдар да сол бір мағынаны пайдаланады, бірақ мәні мүлде өзгеше. О.С.Виханский және А.И.Наумов орталықтанған, көлбеу және конгломеративті диверсификацияны белгілеп көрсетеді. В.В.Гончаров диверсификация тік, көлденең бағытта және конгломеративті болуы мүмкін деп есептейді. Ресей Федерациясы бекіткен “тауар нарығының көлемі мен шекарасын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныста” стратегияның әртараптандырылған өсуін таңдайды, ол мынадай нысанда көрсетіледі:

    а) сала сыртындағы мүмкіндіктер;

    ә) шоғырланған  диверсификация;

    б) көлбеу диверсификация;

    в) конгломеративті диверсификация.

      Р.Б.Нодрезова  және Л.И.Цыгико фирма тауар түрінің  жалпы оңтайландыру міндеттерін  орындай келе маркетингтік стратегияны  саралауды, тік интеграцияны, диверсификацияны, тауарлық мамандандыру және әрі қарай шығарылған тауардың түрін оңтайландыру міндетінен шыға отырып, көлбеулі, шоғырланған және конгломеративті сияқты маркетингтік стратегияны бөлшектейді. Шетелдік әдебиеттерде сабақтас және сабақтас емес диверсификация ұғымы кездеседі. А.Гарнов, Ю.Байбиков және профессор У.Рор басқарған неміс ғалымдары диверсификацияның 3 түрін белгілейді: тік бағытты, көлбеу және латералды.

      Конгломеративті диверсификация жайында сөз болса немесе “латералды диверсификация” термині қолданылса, барлық авторлар кәсіпорынның қызмет сферасына оның өнімнің жаңа түрлерін игеруде профилімен байланысы жоқ ендіру деп түсінеді.

      Көлбеу  диверсификацияда мәндік мағынасынан  қарама-қайшылықтарды байқауға болады. Мұны біреулер технологиялық және құрылымдық қарым-қатынастарда ұқсас біркелкі бұйымдарды игеру есебінен өнім түрінің кеңеюі деп есептейді немесе кәсіпорын тауарларына ұқсамайтын өнім түрлерін бұйымдармен толтыру деп басқалары – номенклатураны сабақтас тауарларды игеру арқылы кеңейту, осыған сәйкес соңғысы нені білдіретіні түсініксіз. Көлбеу диверсификацияның тағы бір түсінігі бар, біз оған келісеміз, онда өндірістік бағдарламаны “заттай” жаңа өнімдерді қосу арқылы көбейтуге бағытталған.

      Шоғырландыру  диверсификациясын айта келе, ғалымдар мұнда да нақты анықтамалар бере алмайды. Мысалға, Р.Б.Ноздрева және Л.И.Цыгичко бұл кәсіпорын шығарып жатқан тауарлар, технологиялық және нарықтық қатынастарда аталған жаңа тауарлар түрі деп болжайды. Бұл анықтамалар әдебиеттерде кездесетін орталықтандырылған диверсификацияға ұқсас болып келеді.

      Сабақтас  және сабақтас емес диверсификация нысаны жайында да тура солай айтуға болады. Біздің ойымызша, сабақтас диверсификация қызметкер қашан пайдалануға болатыны, жақын технологиялар бір саладан екіншісіне, тауар маркасын тауардан тауарға нақты “стратегиялық сәйкессіздіктерге” ие бизнеске енгізуді айтады, яғни егер жалпы айтар болсақ бұл “сабақтас нарықтың сәйкестігі”, “өндірістік сәйкестік”, “басқару сәйкестігі”. Ұқсас “сабақтас” өте кең мағынада таралған. Ford компаниясының қаржы және кредитті басқару тәжірибелерінің несие-жинақ ассоциациясына автомобиль кәсіпорнына ауысуын мысалға келтіруге болады. Бірақ та мұны сабақтас деп атауға келе қоймас.

Страницы:123456следующая →
Описание работы
1993 жылдың қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғанымызға 15 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 17 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз сегізінші жылды алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді.
Содержание
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5
1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5
1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14
2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22
3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27
3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27
3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32