Тұрақты даму концепциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:41, реферат

Описание работы

«Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы.
«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 34.74 Кб (Скачать)

        Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің  БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған  баяндамасында тұрақты дамуға  жетудің түйінді мәселелерін  шешудегі еліміздің белсенді  қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар  келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында  Қазақстан тарихта бірінші болып  ядролық полигонын жауып, ядролық  қарудан бас тартты, Аралды сақтап  қалуға арналған интеграциялық  процестердің ұйтқысы болды. 

        Қазіргі уақытта экологиялық,  экономикалық, әлеуметтік мәселелерді  интеграциялау саласындағы саяси  іс-шараларды анықтау жолдары  іздестіруліде. Олар:

-        бұзылған экожүйелерді қалпына  келтіруді қамтамасыз ету;

-        суды тиімді пайдаланудың нақты  шараларын анықтау;

-        жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының  тұрақты дамуын жүзеге асыруға,  биологиялық алуантүрлілікті сақтауға  бағытталған үйлесімді іс-шараларды  қабылдау.

 

8. Киото Хаттамасы (Жапония)

1997 ж желтоқсанда Жапонияның  Киото қаласында әлемдік қауымдастықтың  елдері ғаламдық жылынуға себеп  болатын парник газдарын атмосфераға  шығаруды бақылау жөніндегі тарихи  келісімдерді жалғастырды.

Олардың негізінен дамыған елдердің атмосфераға  шығарылатын парник газдарының шамасын 2000 жылдан 1990 жылғы деңгейіне дейін  қысқарту туралы өз еріктерімен, заңмен міндеттелмейтін мәлімдемелері  алынды. Бұл келісімнің берік экологиялық  және экономикалық негізі болуы үшін үш негізгі міндеттер белгіленді:

1. Қатысушы елдер үшін парник  газдарын шығаруды қысқартудың  нақты мерзімі мен көрсеткіштерін  белгілеу.

2. «Міндетті сызбалар мен шаралар»  ғана емес, көміртек қос тотығын  шығаруға салық сияқты икемді  нарықтық механизм ендіру.

3. Дамушы елдердің байыпты қатысуына  қол жеткізу.

Киото хаттамасының міндетін орындау мысалын  қарастырайық. Ол үшін АҚШ шығарады деп күтілген парник газдарының мәліметін  пайдаланамыз. АҚШ-та базалық (1990 жылы) парник газдарын шығаруды 5,842 млрд т  болды. 2010ж. болжам 7,241 млрд т. Киотода  қабылданған міндетіне сәйкес АҚШ 2008-2012 жылдары парник газдарын шығару шамасын базалық жылдығының 93% жеткізеді, яғни жыл сайынғы парник газдарын шығару шамасы 5,433 млрд т (5,842 х 0,93) болады. 5 жылда АҚШ шығаратын парник газдары  күтілген 36 млрд т орнына 27 млрд т (5,433 х 5) тең.

Сонымен, бірінші міндеттің орындалуы  төмендегідей.

Атмосфераға шығарылатын эмиссия көлемін  қысқартудың қатаң мерзімінің орнына АҚШ ұсынған ұзақ мерзімдік тұжырым  алынды. Ұзақ мерзімдік график мемлекеттерге  белгіленген көрсеткіштерді орындауға  икемді мүмкіндік береді. Әр жылға  емес бес жылға орташа көрсеткіш  белгілеу, әсіресе экономикалық даму болашағы белгісіз екенін ескерсек, шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қатысушы елдер белгілі көрсеткіштерге 2008-2012 жылдары жетуі тиіс. Бұл оларға шығындарының тиімділігін арттыра  отырып жаңа технологияларды біртіндеп  қолданысқа енгізуге, сөйтіп компанияларға  және жұмысшыларға ауырпашылығын жеңілдетуге  мүмкіндік береді.

Басты өнеркәсіпті дамыған елдерге  парник газдарын шығаруды базалық жылдарға (1990ж, 1995ж) қарағанда қысқартудың 6-дан 8%-ға дейін сараланған деңгейлері белгіленді. Кейбір әрекеттерді, мысалы, көміртек қос тотығын сіңіретін ағаш отырғызуды, яғни «табиғи тұтқыштарды» құруды шығарылымдарды қысқарту есебіне жатқызу туралы ұсыныс қабылданды. Бұл мәселені шешудің  экономикалық әдістерін қолдануға  жол бере отырып, пайдалы іс-әрекеттерді  – ағаш отырғызуды ынталандырады.

Екінші  міндеттің орындалуы келесідей  көрініс табады. Киото хаттамасында нарықтық механизмнің негізгі элементі – компаниялар және елдер енді парник газдарын шығаруға квотасын бір-біріне сату және сатып алу мүмкіндігін  алды. Яғни, квота – бағасы бар  тауар. Квотаны сату және сатып алуды  есептеу механизмі банк жүйесінде  ақшаны есептеумен бірдей. Артық ақшасы бар банк оны басқа банкке өзі  сатып алғаннан жоғарырақ өсіммен  сатады. Алған табыстарын банк өз қажетіне жұмсайды. Оған керісінше, сатып алушы  банк қарызын қайтару үшін қаржы  алады. Нәтижесінде, банкаралық операцияларға  қарамастан банк қаражатының жалпы  шамасы өзгіріссіз қалады.

Енді  квота сату мен сатып алу мысалын  қарастырайық. Үш елді: А, В және С  алайық. Хаттамамен белгіленген шығарылымдар лимиті жылына 150, 100 және 200 млн т.

Айталық А елі 20 млн т парник газын сатады және басқа бір себептермен 10 млн  т сатып алады. Нәтижесінде, А  елінің жол берілетін шығарылымы жылына 140 млн т (150 – 20 + 10) болады. В  және С елдерінің жол берілетін  шығарылымдары да осылай есептеледі. Сонымен, алғашқы үш елге лимит шамасы 450 млн т өзгеріссіз қалады. Бірақ  әр ел үшін жол берілетін шығарылымдар алғашқы бөлінетін газ мөлшерінен өзгеше. Олардың әрқайсысын бөліп  шығаратын газдардың соңғы мөлшеріне  экономикалық мүдде – квота саудасынан түсетін пайда итермеледі. Оның үстіне бұл мысал «квота саудалаудан  табиғат зиян шеге ме?» - деген сұраққа  жауап береді. Жауап айқын, өйткені  сауда шығарылымдарды ұлғайтпайды, тек қана елдер арасында қайта  бөледі. Белгі мен шектеулерді  сақтай отырып оны орындаудың ұтымды жолдарын табу мүмкін болады.

Киото хаттамасының үшінші міндеті дамушы елдердің қатысуына байланысты.

 

 

1992жылдың маусым  айында Рио-де-Жанейро қаласында  өткен БҰҰ-ның қоршаған орта  мен даму бойынша өткен конференциясы  «Тұрақты даму» концепциясын  және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне»  атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.  Бұл бағдарламада шешілуі болашақта  тұрақты дамуды қамтамасыз ететін  жалпы мәселелер қарастырылған.  Оның нәтижесі төмендегі кестеде  көрсетілген.

 Кедейлікпен күрес  Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен  2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын  өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын  сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен  күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен  және басқа зілді аурулармен  күрес;

- бала өлімін  кеміту;

- халық денсаулығын  бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер  мен әйелдердің өздерінің балалрының  саны мен туылу уақытын анықтауға  құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз  су және таза азық-түлікпен  қамтамасыз ету;

- балалардың  денсаулығын қорғау;

- қоршаған  ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан  тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау. Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану.Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес.Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес .Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен  азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен  шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану.Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен  тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың  әрбір тұрғынын бір адамға  шаққанда ең кемінде күніне 40литр  ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру  ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық  аудандардың  тұрғындарын   экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз  ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің  95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен  шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады.  2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды  жоюРадиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру  мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің  жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м  жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың  тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі  рөлі.Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы  елдерде   - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.


Информация о работе Тұрақты даму концепциясы