Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері мен есебі

Дата добавления: 29 Октября 2013 в 15:38
Автор: m**********@bkl.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (25.19 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Халық денс реф.docx

  —  27.76 Кб

Оңтүстік    Қазақстан    мемлекеттік               фармацевтика   академиясы

 

 Мейірбике ісі кафедрасы

Анестезиология және реанимация курсымен

 

СӨЖ

Тақырыбы:  Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері мен есебі.

 

 

Орындаған: Қожамжар А

Тобы:   305 «Б» МІК

Қабылдаған: Султанова Ж

 

Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а)  Халық денсаулығын кешенді бағалау.

б)  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

в)  Тегін медициналық көмектің түрлері.

г)  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ.

       Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.

      Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.

      Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының  жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш. Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.

        Тұрғындар денсаулығы сынды күрделі түсініктің мәліметтерін түпкілікті сандық сипатқа енгізудің мүмкін еместігін біле тұрсақ та, өлім көрсеткіштері тұрғындар денсаулығының жай-күйіне тікелей және жанама әсер ететін (медициналық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және т.б.) жайттардың күрделі әсерлері көрініс табатын едәуір дұрыс көрсеткіш болып саналады. Екінші жағынан, мерзімінен бұрын келетін өлімді болдырмау денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады, ол оған қажетті ресурстарға ие. Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындар өліміне өзінің іс-әрекетімен ықпал ете отырып, өмірдің орташа ұзақтығына, яғни тұрғындар денсаулығының жай-күйіне әсер етеді. Өлімнің көрсеткіштері аурудың мәліметтерімен салыстыру бойынша көбіне нақтылығмен және дұрыстығымен ерекшеленеді. Ауруды сипаттайтын басты ақпарат көзі емдеп алдын алу ұйымдарына қаралу туралы мәліметтер болып табылады. Қаралу туралы мәліметтердің негізгі кемшілігі ауру туралы толық көріністі бере алмайтындығы болып отыр: біріншіден, аурулардың бірқатары медициналық көмекке жүгіну ғана болмайды( бұл көбіне созылмалы ауруларға қатысты); екіншіден, қаралу деңгейі ауруға қатысы жоқ бірқатар жайттарға байланысты; соңында, қаралулардың санына жүгіну аурудың сандық қырын ғана ескеруге мүмкіндік береді, оның сапалық салалары, ең алдымен, аурудың ауырлық дәрежесін ажырату еленбей қалмақ.

          Дене бітімдік даму дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі.  Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Дене бітім дамуының мәліметтері вариациялық қатарлар құруымен, орта көлемдерді есептеуімен, орта шаршылық ауытқуларымен және т.б. санақтық өңдеуге душар болады. Алынған мәліметтер дене бітім дамуының арнайы кестелері (стандарттар) бойынша жүргізіледі, ол нормаға сәйкестігін және стандарттан ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың  шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.

         Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы  өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:

- адам дамуының индексі (АДИ)  – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын,  білімін және өмір деңгейін  көрсететін үш негізгі компоненттерден  тұратын интегралды көрсеткіш

- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың  жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін  ескере отырып түзетілген өмір  жасының саны) сапалық интеграциялық  бағалау көмегімен аурудың жаһандық  ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады 

- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір  сүрген жылдарды көрсететін индекс

- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау  күйде өмір сүрудің күтілетін  орташа ұзақтығы 

- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде  өмір сүру ұзақтығы

- мүмкін болатын өмірдің жоғалған  жылдары – мерзімінен бұрын  болған өлімнің салдарынан жоғалған  өмір жасының санын анықтауға  мүмкіндік беретін көрсеткіш.

- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік  мүмкіндігі – тұрғындардың алда  тұрған еңбек қызметінің жылдары  санының еңбек қызметі жылдарының  мүмкін болатын санына пайыздық  қатысы, егер ол аурулармен немесе  жарақаттанулармен шектелмеген  болса.

- медициналық-демографиялық игіліктердің  көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық  көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік  берген дәрежелік бағалау әдісіне  лайықталған индекс.

Зерттеушілер (дәрігерлер, психологтар, социологтар  және т.б.) денсаулықты интегралды бағалаудың әмбебап ұстанымдарын іздеу барысында  өмір сапасына жиірек назар аударады. Бұдан басқа, өмірді заманауи жағдайларда  бағалау мен сапасына қол жеткізу  саяси мәнге ие бола бастайды, ол әлеметтік-экономикалық құбылу қарқынымен көкейкестілігі арта түседі. Өмір сапасының тұжырымдамалары әлеуметтік саясат саласында  ұлттық мақсаттарды қалыптастыруға тікелей әсер етеді, яғни оларды мемлекеттік құрылымдарды басқару құралы  ретінде пайдалану. Оларды пайдалану әзірленетін бағдарламалардың негізінде тұрғындар өмірінің жағдайын жетілдіру мақсатында қажет болап отыр. Тұрғындар денсаулығы жай-күйінің параметрі өмір сапасы көрсеткішінің жалпы құрылымына шектеле қосылады.

Өмір  сапасының ұлттық стандарты –  бұл адамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық  көрсеткіш.Өмір сапасын зерттеу  барысында ескерілетін жайттардың көптеген жиынтығы  әрбір жайт бойынша  жеке-жеке қандай да бір стандарттарды (эталондарды) белгілеуді, әсіресе, осы  жайттардың барлық көрсеткіштері бойынша  интегралды көрсеткіштерді (индекстерді) қиындатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі осы жайттарды әр түрлі негіздер бойынша топтастыру болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың талаптарын қанағаттандырудың сапалы деңгейі  бойынша: алғашқы (тамаққа, тұрғын үйге, киімге, көлікке, денсаулықты сақтауға, ұрпақ жалғастыруға және әлеуметтік  байланыстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ететін) және екінші (рухани, мінез-құлықтық, әдептік  сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты).

      Егер бірқатар жайттар бойынша (тамақ, киім, кіріс деңгейі және т.б.) ғылыми тұрғыдан әзірленген стандарттарды немесе дәстүрлі санақтық орташа көрсеткіштерін пайдалануға болатын болса, онда қанағаттандыру жайттары бойынша  өз өмірінің жеке қырларымен респонденттердің жекеленген топтарына арналған субъективті, бағалау сипаттамаларының орташа мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулерді жүргізу қажет.

Зерттеушілер, ең алдымен, әлеуметтік санақ мәліметтеріне негізделген осы моделге қарама-қарсы құбылыстардың объективті жай-күйінің көрсеткішін ғана қолдануды қанағаттандырылмағаны болып бірінші кезекке «сезінетін өмір сапасы» тұжырымдамасы алға тартылып отыр (percieved life quality). Осы тұжырымдаманың мәні өмір сапасын адам мен қоғам өмірінің әр түрлі тараптарының объективті параметрлерінің көмегімен ғана өлшеу мүмкін еместігінде болып отыр. Өмір сапасының қажетті құрамы субъективті сезіну, мүгедектің өзінің өмір жағдайлары мен өзін өзі бағалауы болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

       Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын және олардың орындалу кепілдерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген заңдар қабылданып, кейін олар  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің (18 қыркүйек 2009 жыл) негізін құрады. Медициналық сфераны регламенттейтін алдында қабылданған 11 заңды алмастыратын Кодексті қабылдау лейтмотиві – денсаулықты қорғауға азаматтар құқысын бекітуге, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге  максимальды түрде жағдай жасау.

Кодексте  денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік  саясаттың принциптері бекітілген:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және  сапалы медициналық көмек алудағы  азаматтардың құқықтарының теңдігін  қамтамасыз ету;

2) жеке және қоғамдық денсаулықты  сақтау және нығайтудағы мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың  өзара жауапкершілігі;

3) ана мен баланы қорғау;

4) ақысыз медициналық көмектің  кепілді көлемін қамтамасыз ету;

5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы  профилактикалық бағыттың маңыздылығы;

6) медициналық көмекке қол жеткізу;

7) медициналық көмек сапасын тұрақты  түрде жоғарылату;

8) халықтың санитарно-эпидемиологиялық  салауаттылығын қамтамасыз ету;

9) медициналық көмек көрсетудегі  денсаулық сақтау мекемелерінің  қызметтестігі;

10) оқытудың кейінгі технологияларын  қолданып, медициналық және фармацевтикалық  білімнің үздіксіздігі мен өзара  қатынасын қамтамасыз ету;

11) отандық медициналық ғылымды  мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтауға  ғылым мен техниканың, дүниежүзілік  тәжірибенің жетістіктерін ендіру;

12) ерікті риясыз донорлықты қолдау;

13) отандық өндірісті мемлекеттік  қолдау және медициналық және  фармацевтикалық өндірістің конкуренткеқабілеттілігін  дамыту;

14) азаматтардың денсаулығын қорғаудағы  қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;

15) халық қажеттілігін қанағаттандыруға  және өмір сапасын жақсартуға  бағытталған әлеуметтік бағытты  денсаулық сақтауды дамыту;

16) салауатты өмір салтын және  дұрыс тамақтануды қалыптастыруға  атсалысу;

17) халық денсаулығын, қауіпсіздігін,  дәрілік заттардың сапасы мен  тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету факторларына  жатқызу.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде мемлекет азаматтарға  кепілдік етеді. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

2)  тегін медициналық көмектің кепілдік  берілген көлемінің көрсетілуіне;

3)  медициналық көмекке бірдей қол  жеткізуіне;

 

5)  дәрілік заттардың колжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен кауіпсіздігіне;

6)  аурулардың профилактикасы, салауатты  өмір салты мен дұрыс тамақтануды  калыптастыру жөніндегі іс-шаралардың  жүргізілуіне;

7)  жеке өмірге қол сұғылмауына,  дәрігерлік құпияны құрайтын  мәліметтердің сақталуына;

8)  ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне,  ұрпақты болу денсаулығын сақтауға  және ұрпақты болу құқықтарының  сақталуына;

9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық  салауаттылыққа және радиациялық  қауіпсіздікке  кепілдік береді.  

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік  берілген көлемі Қазақстан Республикасының  азаматтары мен оралмандарға  бюджет қаражаты есебінен ұсынылады  және Қазақстан Республи-касының  Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес, барынша дәлелденген тиімділігі  бар профилактикалық, диагностикалық  және емдік медициналық қызметтер  көрсетуді қамтиды. 

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік  берілген көлеміне:

1) жедел медициналық көмек пен  санитариялық авиация;

2) мыналарды: 

алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;

алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының  және бейінді мамандардың жолдамасы  бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық  көмек;

3) уәкілетті орган айқындайтын  ауруханаға жатқызу жағдайларының  жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде – алғашқы медициналық-санитариялық  көмек маманының немесе медициналық  ұйымның жолдамасы бой¬ынша, төтенше  айғақтары бойынша жолдаманың  болу-болмауына қарамастан берілетін  стацио¬нарлық медициналық көмек;

4) алғашқы медициналық-санитариялық  көмек маманының немесе медициналық  ұйымның жолдамасы бойынша стационарды  алмастыратын медициналық көмек;

5) қалпына келтіру емі және медициналық  оңалту;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілеген халық санаттары үшін  паллиативтік көмек және мейірбике  күтімі кіреді.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік  берілген көлемін көрсету үшін  дәрілік заттармен қамтамасыз  ету:

1) жедел, стационарлық және стационарды  алмастыратын көмек көрсету кезінде  – медици-налық ұйымдар бекіткен  және белгіленген тәртіппен уәкілетті  органмен келісілген дәрілік  формулярларға сәйкес;

Страницы:12следующая →
Описание работы
Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.
Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.
Содержание
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Халық денсаулығын кешенді бағалау.
б) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
в) Тегін медициналық көмектің түрлері.
г) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.