Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2011 в 17:09, реферат

Описание работы

Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық қызметтерді жетілдіруге тиісті көзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару құрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, өндіріс, өткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар көптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының өз мақсаттары бар.

Работа содержит 1 файл

Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі.doc

— 96.50 Кб (Скачать)

     Сонымен өндірістік-технологиялық учаскілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қорлардың минималды деңгейі  ұсталады. Материалды ресурстар жұмсалғаннан кейін, “kanban” тапсырыс карточкасы резервтерді толықтыру үшін жабдықтаушыларға жіберіледі. Болжамданған көлем мен жабдықтау уақыты аз болғандықтан, тапсырылатын партиялардың мөлшері аз болады. Бұған қоса, жеткізу кезінде сақталатын қорлар минималды болады.

     4 сурет. “Кanban” карточкаларының жылжуының мысалы 

     KANBAN микрологистикалық жүйесінің маңызды  элементі ақпараттық жүйе болып  табылады, оған тек карточкалар  емес, сондай-ақ өндірістік, тасымалдау  және жабдықтау графиктері, технологиялық карталар, ақпараттық жарық таблолары және т.б. жатады, сондай-ақ қажеттіліктерді реттеу және қадрлардың кәсіби ауысуын реттеу жүйесі; өнім сапасын жалпы (TQM) және таңдаулы бақылау жүйесі; өндірісті түзету жүйесі және т.б. жүйелер болып табылады.

     KANBAN жүйесін іс жүзінде пайдалану  өндірілетін өнім сапасын жақсартуға; фирманың айналым капиталының  айналымдылығын жоғарылата отырып, логистикалық циклды қысқартуға; өндірістің өзіндік құнын төмендетуге;  сақтандыру қорларын жоюға мүмкіндік береді. Әйгілі машина жасайтын фирмалардың KANBAN микрологистикалық жүйесін қолдануының әлемдік тәжірибесін талдау көрсеткендей, ол өндірістік қорларды 50%, таралықты - 8% қысқартуға мүмкіндік береді, егер айналым құралдарының айналымдылығы тездетілгенде және дайын өнім сапасы жоғарылаған жағдайда.

      (Materials requirements planning) жүйесі дүние жүзінде ең танымал жүйе болып табылады. Бұл жүйе қажеттіліктерді/ресурстарды жоспарлау логистикалық концепция негізінде жұмыс істейді. Жүйе материалдарды, компоненттерді, жартылай фабрикаттар мен олардың бөлшектерін бақылайды. Оларға сұранысарнайы дайын өнімнің сұранысына байланысты болады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты өндірісті жоспарлауда материалдық ресурстарға қажеттілікті қанағаттандыру және тұтынушыға жеткізу, қорлардың төмен деңгейде ұстау, аяқталмаған өндірісті, дайын өнім қолдау, өндірістік операцияларды, жеткізу кестелерін, сатып алу операцияларын жоспарлау.

     MRP-I жүйесінің мақсаттары:

  • тұтынушыларға жеткізуде, өндірісті жоспарлауда материалдарға, компоненттерге және жабдықтауыштарға қажеттілікті қанағаттандыру;
  • материалдық ресурстарды, дайын өнім қорларын төмен деңгейде ұстау;
  • өндірістік операцияларды, жеткізу тәртібін, сатып алу операцияларын жоспарлау.

     Жоспарлауға кеткен уақыт ішінде, бұл мақсаттарды жүзеге асыру үрдісінде жүйе қажетті материалдық ресурстар ағымдарын қамтамасыз етеді.

     MRP-I жүйесі өз жұмысын соңғы өнімді  қашан, қандай көлемде өндіруге  қажеттілікті анықтаудан бастайды. Содан кейін, жүйе өндірістік  тәртіп бойынша қажеттілікті  қанағаттандыруға керек уақыт пен қажетті материалдық ресурстар көлемін анықтайды.

     MRP-I жүйенің ядросы бағдарлама кешені. Бұл өндірістік тәртіп негізінде,  материалдық ресурстар мен олардың  қорлары негізінде белгілі бір  алгоритмдер арқылы барлық есептеулер  мен талдау жасайды. Сонында бағдарлама кешені бөлімшелерге материалдық ресурстарды жеткізу схемалары, жеткізу көлемі мен уақыты және тағы басқа қағаздар тобын береді.

     Содан кейін барлық жоспарлар жүзеге асады. Осылай MRP-I жүйесі жоспарлау негізінде  материалдық ресурстарды бөлімшелерге итереді.

     Өндірістік  бағдарламаның бұзылуы мен өзгерістер кезінде қайта жоспарланады.

     MRP-I жүйесінің негізгі кемшіліктері:

  • ақпаратты анықтаудың мен өндеудің үлкен көлемдігі;
  • логистикалық шығындардың кәсіпорынның материалдық ресурстар қорлар деңгейін төмендетуде немесе аз тапсырысты тез арада орындауда, тапсырысты өңдеу мен жеткізу негізінде өсуі;
  • қысқы мерзімдегі сұраныс өзгерістеріне тәуелсіздігі;
  • жүйенің және оның құрастыруының үлкендігінен  көп тапсырыстардың орындалмауы

      Бұған қоса барлық итеруші жүйелкердің кемшіліктері қосылады: сұранысты дәл бақыламауда және сақтық негізінде қосымша қорларды міндетті түрде ұстау. Сақтандыру қорларының болуы, бір жағынан айналым қаражатты тежейді, бірақ жүйеде , JIT-ға қарағанда жабдықтаушылардың сенімсіздігі мен сұраныстың бірден өзгеруінен тұрақтылық береді.

     Итеруші жүйелер қатаң жоспарланған өндірістік тәртіппен сипатталады.

     MRP жүйелері  материалдық ресурстарға  сұраныс тұтынушылардың дайын  өнімге сұранысынан бейімделеді  немесе материалдық ресурстардың үлкен номенклатурасымен жұмы істегенде қолданылады. MRP жүйелер ұзақ өндірістік цикл кезінде қолданылады.

     MRP-I жүйесінің кемшіліктерін жою  мақсаттында  MRP-II (Manufacturing resource planning) жүйесі құрастырылған болатын. MRP-II жүйесі жоспарлауда үлкен серпімділікке, жеткізуді жақсы жоспарлауға және сұраныс өзгерісіне жақсы сезімталдыққа ие.

     MRP-II-де  сұранысты жоспарлау, тапсырысты  орналастыру, қорларды басқару  блоктары елеулі орынға ие.

     MRP II Standart System жүйесі 16 топ қызметін  сипаттайды:

     1. Sales and Operation Planning (Сату мен өндірісті жоспарлау).

     2. Demand Management (Сұранысты басқару).

     3. Master Production Scheduling (Өндіріс жоспарларын  құрастыру).

     4. Material Requirement Planning (Материалдық қажеттіліктерді  жоспарлау).

     5. Bill of Materials (Тауарлардың спецификациялары).

     6. Inventory Transaction Subsystem (Қойманы басқару).

     7. Scheduled Receipts Subsystem (Жоспарлы жеткізулер).

     8. Shop Flow Control (Өндірістік цех деңгейінде  басқару).

     9. Capacity Requirement Planning (Өндірістік қуаттылықты басқару).

     10. Input/output control (кіру/шығу бақылау).

     11. Purchasing (Материалды - техникалық жабдықтау).

     12. Distribution Resourse Planning ( Ресурстар бөлуді  жоспарлау).

     13. Tooling Planning and Control (Өндірістік операцияларды  жоспарлау мен бақылау).

     14. Financial Planning (Қаржыны басқару).

     15. Simulation (Моделдеу).

     16. Performance Measurement (Қызметтің қортындыларын  бағалау).

     MRP II ақпараттық жүйе тобының негізгі  материалдық (шикізат), жартылайфабрикаттар  (сонымен қатар өндірістегі) және дайын өнімнің ағымдарын құрастыру болып табылады. MRP II топ жүйесінің мақсаты –жаюдықтау, қорлар, өндіру, сату мен дистрибьюция, жоспарлау, жоспарды орындауды бақылау, шығындар, қаржы, негізгі қорлар және тағы басқа өндірістегі жасалатын барлық үрдістерді біріктіру. MRP II -нің өндірістік жоспарлаудағы міндеттер иерархиясы (кесте 3), басқа жүйелермен салыстырмалы түрде көрсетілген.

     MRP II біріккен стандарттар жүйені  қолданудың көрсеткіштері:

  • ағымдағы кәсіпорынның қызметі туралы толық, сонымен қатар толығымен тапсырыстар, ресурстар түрлері, жоспарды орындау бойынша нақты, толық, жылдам ақпарат алу мүмкіндігі;
  • ұзақ мерзімге, тез және нақты кәсіпорын қызметін жоспарлау және нақты ақпарат негізінде, жоспар көрсеткіштерді түзету;
  • өндірістік және материалдық ағымдар мәселелерін оңтайландыруды шешу;
  • қоймаларда материалдық ресурстардың нақты қысқаруы;
  • бар өндіріс циклді жоспарлау мен бақылау. Өндірістік қуаттылықтарды, ресурстардың балық түрлерін пайдалануда оңтайлы тиімділікке жету, тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс цикліне өзгертулер енгізу мүмкіндігі;

Информация о работе Шет ел кәсіпорындарында логистикалық концепциялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі