Хронология Қазақстан: автобиография Куәгер көзімен

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:41, курсовая работа

Описание работы

Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.