Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 12:48, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен.docx

— 22.54 Кб (Скачать)

ҚР СӨП-і 18 іскерлік кеңесті үйлестіреді. Қазақстанның стратегиялық серіктес – елдерінде  Палата өзінің өкілдіктерін ашты. Мемлекетті, оның заңдарын жақсы білетін, тәжірибелі мамандар қазақстандық кәсіпкерлерге  сенімді серіктестер, байыпты инвестор, сапалы өнімнің, жаңа технологиялардың жеткізушілерін іздеуде іс-тәжірибелік  көмектер көрсетеді. Сонымен қатар  олар шетелдік кәсіпкерлерге қазақстандық серіктес іздеуде жәрдемдеседі, оларды Қазақстанның инвестициялық жағдайымен және бизнестің жүргізілуімен таныстырады.

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов IV Экономикалық форумға қатысып  жатқан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Еуропалық экономикалық комиссияның  хатшысы Ян Кубишпен кездесті.  
Кездесу барысында тараптар энергетика, көлік, сауда және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Е.Қазыханов Орталық Азия елдерінің экономикалары үшін әзірленген БҰҰ-ның арнайы бағдарламасын дамыту қажеттігіне тоқталып, Арал теңізі мәселесін, ауыл шаруашылығы саласындағы су тапшылығын азайту, сондай-ақ барлық Орталық Азия республикаларының мүддесі үшін су проблемасын шешу мәселесін ерекше атап өтті. Өзара пікір алмасу барысында министр Е.Қазыханов энергетикалық қауіпсіздік саласындағы жаңа бастамаларды қарастыруды көздейтін комиссия (ЕЭК) жанындағы Сарапшылардың үкіметаралық бейресми жұмыс тобының жиынын өткізу ұсынысын қолдап, Қазақстанның осы жұмыс тобының қарауына Еуроодақ елдерімен рәсімделетін Энергетикалық хартияны ұсынатындығын жеткізді. «Осы құжат энергия ресурстарын еуропа нарықтарына жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етпек», - деп атап көрсетті министр.

Информация о работе Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру