Қазақстандағы маркетингтің дамуының проблемалры мен даму болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 12:52, реферат

Описание работы

Маркетинг – бұл кәсіпорын, фирма ,корпорацияның немесе тұтынушылардың қажетін зерттеу негізінде жоғары пайда үшін тауар өндіру және оны өткізу жұмысын ұйымдастыру жүйесі."Маркетинг"- ағылшын сөзі нарық өткізу деген мағынада.Маркетинг – бұл нарықты түбегейлі, жан-жақты зерттеу және оған белсенді түрде ықпал жасап тұтынушыларды ұйымдастыру, тауарды сатып алу артықшылығын жасақтау.

Работа содержит 1 файл

макроэкономика эссе.docx

— 24.10 Кб (Скачать)

Синхромаркетинг – құбылмалы (жүйелі емес) сұраныс кезінде пайдаланылатын маркетинг түрі. Синхромаркетинг  сұраныстың маусымдық және басқалай құбылуынан пайда болады. Мысалы, қызмет көрсету саласындағы маусымдық  тауарларға сұраныс, нарық коньюнктурасындағы циклдік өзгерістер. Сұранысты тұрақтандыру үшін шығарылатын өнімнің қызметін саралап, икемді бағалар мен жылжытудың тиімді әдістерін пайдалану қажет.

Толық құнды немесе оңтайлы  сұраныста қолдаушы маркетинг қолданылады, оның міндеті тұтынушылар талғамы жүйесінің өзгеруін ескере отырып, сұранысты қолдау.

Шектен тыс сұраныс  кезінде, оның деңгейі фирманың өндірістік мүмкіндіктері мен тауарлық ресурстарынан  асып түссе, демаркетинг қолданылады. Мұндай жағдай фирмаға өте қолайлы, өйткені ол тауарды жоғары бағамен  сатуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік  береді. Бірақ тауар нарықта аз болғандықтан, тұтынушының компанияға деген көзқарасы теріс болуы мүмкін. Сондықтан демаркетингтің мақсаты шектен тыс сұранысты уақытша төмендету. Мұндай жағдайда бағаны жоғарылату, жарнаманы қысқарту, басқа фирмалардың өндірістік қуаттарын пайдалану сияқты маркетингтің негізгі құралдарын қолдану қажет.

 


Информация о работе Қазақстандағы маркетингтің дамуының проблемалры мен даму болашағы