Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни, нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркетиниеті ел болу.

Содержание

Ι-ТАРАУ. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі.
Маркетингтiң әлеуметтiк –экономикалық мәнi және мазмұны
Маркетингтің негізгі көрсеткіші мен принциптері
Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу

ΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану.
2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдауы
2.2 “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау
ΙΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамының маркетинтік жұмыстарын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ҚР ӨНЕРКӘСІПТЕГІ МАРКЕТИНГТІ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ.doc

— 179.00 Кб (Скачать)

       “Рахат” АҚ–ның өндіретін тауарларының тұтыну сипаттамалары оның рынокқа ұсынған  тауарына, рынок  жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса соғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушылардың қанағатын қанағатандыру мен бірге тауар ассортиментін қалыптасады.

       Тауар ассортименті- кәсіпорын өндірген белгілі тауардың барлық  түрлерінің жиынтығы. Оған әр түрлі тауар түрлері кіреді, мысалы (ирис, шоколад, вафли және т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай әр түрлі сұранысқа ие болады.

       Соңғы жылы“Рахат” шығаратын өнімді көркемдеу  жағынан ынталана жұмыс істеуде. Кондитер тағамдарының барлығы тәжірибе жүзінде ауыстырылады.

       Қазіргі кезде дайын конфеттері ғана емес, көтерме  және сауда технологиялары бойынша бәсекеге қабілетті өнім өндірісі тәжірибие жүзінде жетілген. Сонымен қатар, тауарды нарықта өткізу үшін “Рахат”АҚ-ның жарнама іс-әрекетінің құрылымы келесі  бағыттарды енгізді:

       * “Рахат” АҚ-ның бейнесін қалыптастыру, тауарлық жарнама, нарық ақпараттану деңгейін дамыту;

       * “Рахат” АҚ-ның бейнесін қалыптастыру  баспасөз басылымдары мен теледидарда  жарнама шараларын енгізді. 

       Баспасөзде  бейнелеу үшін төмендегідей  ақпараттарды қолданды:

       Тауарлық  жарнама келесі бағыттарда белсенділікті  енгізеді:

  1. “Рахат” АҚ өнімі ассортиметі, бағалары, сату шарттары жәйлы аудиториясы үшін ең көп мөлшердегі сұраным кезінде үш басылымда айына  төрт рет жарияланады. Жаз айларында өнім туралы кең түрдегі ақпарат айына бір рет шығады.
  2. Жалпы сипаттағы ақпарат модульдері түрінде тауарлық жарнама; Алматы қаласы үшін айына 4-5 рет; Республикалық газеттерде айына екі рет жариялым, Облыс орталықтарының жергілікті басылымдарында айына бір реттен жарияланады.
  3. Өнімнің жеке түрлерін  жылжыту бойынша тауарлық жарнама; Баспасөзде арнайы модульдік  жарнама шығарылым, сонымен  қатар қосымша құралдар пайдаланады. Оларға визуалды жарнаманың стационарлық объектілері, үнпарақтар, плакаттар, коммуналдық қызметтерге төлем квитанциялары  жатады.

       “Рахат”  АҚ туралы  ақпараттану  мақсатында иландыру, еске түсіру сипаттағы жарнама  орындалады. Оны жүргізу бейне  және аудиороликтер арқылы кондитер  тағамдарына ең көп мөлшердегі сұраным кезінде жоспарланып отыр. Теледидарда жеке хабарлармен қоспалар арқылы, мұндай жарнаманы жыл бойы негізінен демеушілік іс-әрекет бойынша орындау керек. Осындай жарнаманың мақсаттарына жету үшін визуалды жарнаманың стационарлық объектілері тиімді. Сонымен, тауарды жылжыту жөніндегі кәсіпорын іс-әрекетін талдау нарықтағы белсенділігін қамтамасыз ететін ынталандыру, насихаттау, жеке сатулар, делдалдармен өзара әрекет және басқа да құрамдастарын енгізетін  маркетингтік кәсіпорындардың күрделі жүйесін басқарып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ΙΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамының маркетинтік жұмыстарын жетілдіру жолдары 

       Негізінен “Рахат” Акционерлік Қоғамының  жұмысын жақсарту үшін келесідей  шараларды қолданған жөн:

       1. Компанияның корпоративті рухын  қалыптастыру. Егер кәсіпорында оған деген берілгенділік, сүйіспеншілік болмаса, онда ол кәсіпорын көпке шыдап өз жұмысын жүргізе алмайды. Нарықтық жағдайда осындай жайды қалыптастыру әрбір фирманың басты міндеті болып саналады. Әр жұмысшы өзінің жұмыс орнының  ажырамас бөлігі ретінде өзін тануы қажет және ол компанияға деген берілгенділік, адалдылық деген сезімді әр жұмысшыда оята білу керек.

       2. Маркетинг бөліміне тауарды бренділеумен  айналысатын топты құру. Осы бренд-тобына  бірнеше бренд-менеджерлерді кіргізу  тиіс  және  әр бренд-менеджерге   өнімнің белгілі бір маркасы тіркеп, сол маркаларға байланысты арнайы маркетингтік  стратегиялар, жоспарлар және олардың жүзеге асырудағы жолдар көрсетілуі тиіс. [7]

       3. Әр түрлі жарнамалық акциялардың  ұйымдастырылуы. Бұл өз кезегінде  3 айда 2 немесе одан да көп рет өткізілуі тиіс. Бұндай шаралардың басты мақсаты- сату көлемін ұлғайту; өнімнің жағымды имиджін қалыптастыру; кәсіпорын тауарына деген  берілгенділікті күшейту; бәсекелестердің тауарынан Сіздің компанияңыздың тауарына тұтынушылардың көңілін аудару; тұрақты тутынушыларды  мадақтау, мысалы олар үшін белгілі бір жеңілдіктер, арнайы дисконтты карталар жасау. Бұндай жарнамалық акциялардың  артықшылығы-  тұтынушылардың кең ауқымын қамтуы және бұл жерде ескеретін жағдай бұл жерде сіз бәсекелес фирмалардың тұтынушыларын өзіңізге тартуыңызға болады. Сонымен қатар сіз осындай акцияларды өткізу барысында  маркетингтік зертеулерді жүргізуге мүмкіндігіне ие боласыз және сол зерттеулердің нәтижесінде,  кәсіпорын  нарықты сегменттеп, тауарды нарықта орналастыра алады. [8]

       4. Плакаттық және басқа да полиграфиялық  бұйымдар тұтынушыларды ақпараттандыру  мен қатар, екі деңгейлі корпоративті  папкалар, қалта күнтізбелерін шығарылуы  қажет. Берілген бағыт шектерінде  фирмалық киім немесе оның  элементтерін жасау керек.

        5. Тұтышушылармен тікелей жұмыс  істейтін фирмалық дүкендердегі  жүргізушілері үшін, орамал, алжапқыштар,  Алматы тұтынушылары арасында  кең тараған “Рахат” АҚ жәйлі  ақпараттардың айтарлықтай көлемін  алып жатқанын есепке ала отырып, республика аумағының барлығында тұтынушыларға әсер ету үшін  жарнама шығындарын алғашқы кезде Республикалық арналарда шоғырландыру керек.

       Кәсіпорындардың тауар таңбасын пайдалану өнімдерге  сатып алушыларды жұмылдыруға тікелей  әсер етеді. Әйгілі кәсіпорындардың  тауар таңбасы тағамдар сипатының кепілділігі болып, өнімдердің нақтылығын растайды. Бұл он жыл бойы қалыптасқан жолдары сапа салттары, сатып алушалар арасында жоғары бедел мен әйгілікпен ерекшеленуі тиіс.

       6. Сонымен қатар әрбір тұтынушы  “Рахат” Акционерлік Қоғамының жұмысымен кез келген уақытта таныс болу үшін, Internet жүйесінде  кәсіпорын сайты жасалуы қажет. Бұл сайтта кәсіпорын туралы толықтай ақпараттар берілуі қажет. Атап айтқанда, кәсіпорынның тарихы, яғни қашан құрылды, қандай бағытта жұмыс істейді, тауар ассортименті, сатып алуға болатын дүкендердің адрестері мен байланыс телефондары және т.б. осы сияқты маңызды мәліметтер. Ал бұл өз кезегінде тұтынушылардың “Рахаттың” өніміне деген қызығушылықты оятып, ол туралы халықтың ақпаратпен қатмылуын қамтамасыз етеді.

       7.Бұқаралық  Ақпарат Құралдары көздерінде  берілетін жарнаманың көлемін  ұлғайту. Өйткені соңғы кездері  теледидар, радио болсын, газет-журнал  беттерінде Біз “Рахаттың” жарнамасын  мүлдем көріп отырғанымыз жоқ.  Ал оның алдында  болған  жарнама, бұдан 1-2 жыл бұрынғы жарнама өзінің сапасы жағынан әлде қайда артта қалып келеді деп айтуымызға болады. Сол себептен бұл жер де көп көңілді жарнама сапасына және оның бұқаралық ақпарат құралдарының беттеріне шығуының жиілігін көбейту керек.

       8. Директ-мейл технологиясын пайдалану, яғни почта арқылы  ақпарттарды тарату. Бұл жерде  “Рахат” кондитерлік фабрикасының өнімдерінің ассортименті, бағалары жайлы ақпараттар, кәсіпорынның жалпы жағдайы туралы мәліметтерді үгіттеу парақтары ретінде жіберуге болады.

       9. Сонымен қатар бұл жерде тауардың нарықта өткізілуіне әсер ететін факторларды ескеру қажет. Тауардың нарықта сатылуына көтпеген факторлар әсер етеді, мысалы макроорта факторлары және микроорта факторлары.

       Өткізілуге  әсер ететін микроорта факторлары төмендегі 4-ші кестеде көрсетіледі:

       Кесте 4. Өнімді өткізуге әсер ететін микроорта  факторлары [9]

Жағымды факторлар

Жағымсыз  факторлар
  1. Тұрақты қамсыздандырушылық
  2. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеп тұруы
  3. Жаңа тұтынушыларды табу
  4. Тұтынушылардың кәсіпорын өнімінің сапасына деген қанағаттанушылық
  5. Аудиторияда кәсіпорынға деген жағымды пікірдің қалыптасуы
  1. Шикізаттарды уақытында алмау
  2. Кәсіпорынның жұмысшыларының ереуілдерге шығуы
  3. Тұтынушылармен байланыстарды жоғалту
  4. Тұтынушылардың кәсіпорын өнімінің сапасына деген қанағаттанбаушылық
  5. Аудиторияда кәсіпорынға деген жағымсыз пікірдің қалыптасуы
 

       Жоғарыда  аталған  жағымсыз факторлардың әсерін төмендету немесе мүлдем жою үшін келесіні қолдануға болады:

    1. Өндірістік қорларды құру, жаңа жабдықтаушыларды іздеу;
    2. Үнемі жұмысшылардың көңіл-күйлерін қадағалау (жоғарыда айтып кеткендей  кәсіпорынның корпоративті рухын қалыптастыру );
    3. Өнімді өткізудің жаңа нарықтарын іздеу, бірақ бұл жерде бұрынғы байланыстарға да көп көңіл бөлу керек;
    4. Өнім сапасына деген күнделікті бақылау жасау;
    5. Кәсіпорын тарапынан аудиторияға, яғни халыққа кәсіпорын туралы шынайы ақпараттар беріп отыру;

       Өнімді  өткізуге әсер ететін макроорта факторалы 5-ші кестеде келтіріледі.

       Кесте 5. Өнімді өткізуге әсер ететін макроорта  факторлары [9]

Жағымды факторлар
Жағымсыз  факторлар
  1. Өнім өндірушілердің мүдделерін  қолдайтын Заңдардың қабылдануы
  2. Инфляция деңгейінің төмендеуі
  3. Энергияның бағасының төмендеуі
  4. Тұтынушылардың сатып алу қабілетінің жоғарылауы
  1. Өнім өндірушілердің құқықтарын шектейтін Заңдардың қабылдануы
  2. Инфляция деңгейінің өсуі
  3. Энергияның қымбаттауы
  4. Тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендеуі
 

         Макроортаның жағымсыз әсерін  төмендету үшін кәсіпорын тарапынан  ешқандай әрекеттер жасауға болмайды, бұны шешу үшін мемлекет тарапынан  қолдау жүзеге асырылуы қажет.

       10. Кәсіпорынның  жұмысын жақсарту үшін ол міндетті түрде тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Ол үшін ақпаратпен алмасу үшін келесі схема бойынша жұмыс істеуі қажет: 
 

       Схема 1.   Ақпаратпен алмасу [10] 

         
 

       Осы схемада көріп отырғанымыздай,  егер кәсіпорын өз жұмысын тиянақты, әрі ұқыпты орындағысы келсе, онда  схемада келтірілген тізбек  бойынша жұмыс істеуі керек. Бұл тізбек еліміздің және де көптеген басқа мемлекеттерде қолданылып, кәсіпорындардың жұмысын елеулі жетістіктерге жетелеуде.

       10. Сонымен қатар кәсіпорын өз жұмысын жақсарту мақсатында көптеген көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуы керек. Оның басты мақсаты– тұтынушыларды кәсіпорын өнімі туралы хабардар ету, тұтынушылардың кәсіпорынға деген жағымды пікір қалыптастыру және өнімге деген қызығушылығын ояту. Осы жәрмеңкелерде тауарды көрсетіп қана қоймай, оны міндетті түрде адамдарға дәм татуға беру керек. Басқа сөзбен айтқанда, әр түрлі  дигустациялар өткізіп, сол арада халықтың пікірін  білуге болады. Бұл жерде өнімге деген халықтың ойы, оның сапасына, орамасына және тағы осы сиқты  заттарды тиянақтап, осы алынған мәліметтерді  келешекте өнім өндіру барысында ескеруге болады.

       11. Тағы да ескеретін бір жағдай, бұл жаңа техника мен технологиялардың  және уақыт талабының дамуына  сай жаңалықтарды енгізу, бұл өнім өндіру процесіне ғана қатысты емес сонымен қатар, өндірісті басқару, оны нарыққа шағару, сату процестеріне де қатысты айтылған мәселелер.  
 
 

        

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Жаңа  экономикалық шарттарда Қазақстан  өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды  мәселелердің бір  қатарын жолға қояды деп айтып кеткен балатынбыз. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болды. Өйткені ол құрылымдық–ассортиметтік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең  көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорында кеңінен тарай бастады. Осыдан келесідей қорытындыны шығара аламыз:

  • Нарықтық қатынастар жағдайында  маркетинг өндіруде, тауар өткізуде кәсіпорын қызметіндегі ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Оның қызметіндегі негіз қаланатын принциптер- сатылатынды өндіру, ал өндірілетінді сатпау. Осының  нәтижесінде өнімді өндіруде кәсіпорын оған деген сұранысқа сәйкес жұмысын қайта құрады
  • Егер де  кәсіпорынның нарықты, сұранысты, тұтынушылардың талғамы мен  қалауларын, сұранысты қанағаттандыратын тауар шығаратындарды, нарыққа ықпал ететін және  өздерінің мүдделерінің сұранысын зерделейтін жағдайда болса, нарықта қол  жетуге болады.
  • Өнеркәсіп өндірісі ғылыми талдамаларды заттандырады, материалдық және игілікті ұдайы өндірумен айналысады. Оның міндеті- адамдардың мұқтаждарын және жалпы қоғамды жоғары сападағы құралдармен, еңбек заттармен және тұтыну заттарымен толық  қамтамасыз етуді  қанағаттандыру болып табылады.
  • Өндірістің тиімді жұмыс істеуі өндірістің жоғары техникалық деңгейін, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды, кадрларды орналастыру, тәрбиелеу және қызметкерлердің жоғары өндірістік, еңбек және атқарушылық тәртібін қамтамасыз етеді.
  • Сонымен қатар, өндірістің тиімді жұмыс істеуінде ақпараттық ресурстар елеулі орын алады. Ғылыми деректерді, техникалық ақпараттарды және болжауды өз уақытында пайдалану өндірісте шығарылатын бұйымдардың технологиялық конструкциясын  әзірлеуге және Отандық және халықаралық нарықтарды өткізуді ұйымдастыруға көмектеседі.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі