Тұтынушының іс-әрекет моделі

Дата добавления: 05 Марта 2013 в 12:40
Автор: D********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (21.68 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Тұтынушының іс-әрекеті моделі.docx

  —  24.87 Кб

                            Мазмұны

  1. Кіріспе..........................................................................................................2
  2. Негізгі бөлім

 

I-тарау.  Тұтынушының іс-әрекеті моделі

1.1 Тұтынушы ұғымына жалпы түсінік ................................................................3

1.2 Тұтынушылардың мінез-құлқы......................................................................4

1.3 Тұтынушы шешіміне әсер ететін факторлар.................................................4

 

II-тарау. Қызмет көрсету нарығы

   2.1   Қызмет көрсету саласы туралы түсінік......................................................5

   2.2 Қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың іс-әрекеті.....................5

   2.3 Тұтынушылардың құқықтарының қорғалуы..............................................5

 

III. Корытынды.......................................................................................................6

IV. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Біз күнделікті нан, сүт, картоп сатып аламыз, шаштаразға барамыз, ұялы байланысты қолданамыз, басқаша айтқанда – тауарлар мен қызметтерді пайдаланамыз. Бұл үшін ақы төлейміз, сондықтан оның орнына бізді қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқылымыз. Бір сөзбен айтқанда біз тұтынамыз.

Сонымен тұтынушы дегеніміз кімдер? Тұтынушы дегеніміз – өзінің жеке өнімін қоса алғанда, кез келген өндірген өнімді, кез келгеннің қызметін пайдаланатын тұлға немесе ұйым. Тұтынушылар өнірістің қай саласында болмасын маңызды фактор болып саналады.

Енді тұтынушылардың мінез-құлқына келетін болсақ, тұтынушы қандай да бір өнімді сатып алар алдында өзінің жеке қажеттіліктеріне, ұнатымдылықтарына сүйенеді, яғни тұтынушының  мінез-құлқы дегеніміз – қызметтерді, идеяларды және тауарларды сатып  алуға, тұтынуға және олардан құтылуға, сондай-ақ шешім процестеріне тікелей  бағытталған іс-әрекет.

Тұтынушылардың  мінез іс-әрекеті салыстырмалы түрде салыстырмалы түрде жаңа сала болып табылады. Бұл сала алғаш рет 1960-шы жылдары зерттеліне бастады. Алайда оның теоретикалық алғышарттары ертеден қалыптаса бастады. 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында тұтынуда және жарнамада тұтынушы іс-әрекетінің принциптерін пайдаланудың мүмкіндіктеріне зерттеулер жүргізіле бастады.

Тұтынушылардың  мінез-құлқына әсер ететін ішкі факторлар:

  1. Мотивация

     Мотивация мінез-құлық концепциясымен тығыз байланысты. Мотивация– бұл көзге көрінбейтін, ішкі қозғаушы күш. Мотивация ынтадан басталады. Сатып алудың 3 негізгі мотивациясы бар:

  • Физиологиялық;
  • Қауіпсіздік;
  • Мәртебе;

Мотивацияның  негізгі 3 теориясы бар:

  1. макКелландтың жүре пайда теориясы;
  2. мослоудың қажеттіліктер теориясы;
  3. шварцтың теориясы;

        Маслоу теориясында қажеттіліктерді қанағаттандырку кезектігі анықталған:

     1.физиологиялық қажеттілік;

     2.сақтану қажеттілігі;

     3.әлеуметтік қажеттілік;

     4.құрметке ие болу  қажеттілігі;

     5.өзін-өзі тану қажнттілігі;

        Маклеланд 1965 жылы өз теориясын ұсынған. Оның теориясы бойынша адамды іс-әрекетке қажеттілік итермелейді.

  Американдық ғалым Д. Шварц адамды сатып алуға итермелейтін себептерді рационалды және эмоционалды деп екі топқа бөліп қарастырған. Сатып алуға итермелейтін рационалды себептерге төмендегілерді жатқызған:

  1. пайдалықты немесе үнемдікті табу үшін сатып алу. Бұл себеп байлыққа жету, меншігін көбейту, ақшасын тиімді жұмсау тілектерін қалыптастырады.
  2. Қауіп-қатерді төмендету үшін сатып алу. Өзін сенімді және батыл сезінуге, қажетін тұрақты қанағаттандыруды сақтауға кепілдік алу ниетінен қалыптасады. Шаруашылық жағдайға бейімделуін жақсарту үшін сатып алу. Өзінің әрекеттерін жеңілдету әрі оңайлату ойынан қалыптасады.
  3. Сапалы өнімді тұтыну үшін сатып алу, көбінесе тауарды таңдау кезінде анықтаушы фактор ретінде оның сапасы болады.
  4. Кепілдемелі қызмет алу үшін сатып алу.

Рацоналды себептермен қатар сатып алуға  итермелейтін эмоционалды себептер де болады:

  1. «Өзінің маңыздылығын» көрсету үшін сатып алу. Әр адам қадірленуін қалап, өзінің маңыздылығын дәлелдеу ықыласынан қалыптасады.
  2. Билікке және беделге ие болу үшін сатып алу. Жеке билік алу үшін және өзіне жақын ортаға ықпал жасау ниетімен қалыптасады.
  3. Білімталдығын ұлғайту үшін сатып алу. Жаңалықтарға, білім жаңалығына ынтызарлығынан қалыптасады.
  4. Сәндікті қолдау үшін сатып алу. Әрбір әлеуетті тұтынушылар топтарының іс-әрекеттеріне дәл осы себеп күшті әсер етеді.
  5. Қоғамда өз орнына ие болу үшін сатып алу. Адам қоршағаниортасына әртүрлі деңгейде ұнағысы келеді. Сондықтан кәсіпкерлер барлық қолайлы әдістер мен тәсілдер арқылы тұтынушыларға осы тұрғыдан әсер тигізіп, өзінің сатып алушыларының санын көбейтуге болады.
  6. Ресурстар, білімдер мен қарым-қатынас.

Тұтынушылардың  ресурстары 3-ке бөлінеді:

  • Экономикалық;
  • Уақыт;
  • Когнитивті;

Тұтынушылардың  мінез-құлқына әсер ететін сыртқы факторлар:

  1. Мәдени факторлар

Мәдени факторлар  мәдениет және қоғам топтарының қасиеттерімен  сипатталады. Мәдениет саласындағы  үрдістер адамды сатып алуға апаратын себептерге терең және күрделі әсер етеді. Өйткені, адамдар қоғамда  өмір сүріп, тіршілік жасаған соң, оның әсеріне түседі.

  1. Әлеуметтік факторлар

Әлеуметтік фактор тұтынушының  іс-әрекеттерін отбасы, әлеуметтік топ және адам мәртебесімен байланыстырады. Тұтынушының іс-әрекетіне отбасы күшті әсер етуі мүмкін. Негізінде отбасы қоғамның ең маңызды тұтынушы және сатып алушы ұйымы.

  1. Жеке тұлға факторлары

           Жеке тұлға қасиеттері мыналарға  байланысты: адамның жасына, қызмет  орнына, тұрмыс жағдайына және  жеке тұлға бейнесіне. Сатып  алынатын тауар түрлері тұлғаның  жасына өте тығыз байланысты. Адамдардың қызмет ететін орны  да әсер етеді. 

Дамыған елдерде  тұтынушның құқығы сенімді түрде  заңнамамен бекітілген және атқарушылық  деңгейде қорғалады. Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау кепілдігін 1991 жылғы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қамтамасыз етеді. Бұл заңның бүгінгі күнгі өзекті болып саналатын мәселелерді қамтитын жаңа редакциясы 2009 жылы күшіне енді.

  Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:

  • Өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады;
  • Елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 30%-данастамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады

Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтуіне байланысты нарықтық қатнастар күрделеніп, олардың қызметтерінің сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуіндегі бірінші және өте маңызды элемент – өндірушілер мен тұтынушылар болып табылады.

Нарық механизмінің қызмет етуінің негізі сұраныс пен  ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын  басты фактор тұтынушылар іс-әрекеті  болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелігі де сол, онда сұраныс бірінші  орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі  сұранысты қанағаттандыру болып  табылады.

Кез келген тұтынушы нарықта ұнатылымдылығымен  артық көруіне сүйену және өзінің табысы мен бағаға сүйенуі арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды іске асырса ол тұтынушы өзінің қажетін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелінеді.

Бірақ шын  мәнінде тұтынушылардың табысына байланысты олардың бюжеттік шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейі әр түрлі болып және ол ылғи да өзгеріп отырады. Яғни нарықта көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлі болып келеді. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемі  арасындағы тәуелдік.

Бұл тақырыптың өзектілігі нарықтық экономикада тұтынушылар, олардың талғамы, осы арқылы әр елдің  адамдарының жалпы өмір сүру деңгейін, соған байланысты сұраныс қалыптастырушы ретіндегі экономикадағы маңызды  орнын ескеріп өту болып табылады.

Бұл тақырыпта  еңбек еткен экономикалық ғалымдарға тоқталатын болсақ, бұл теорияның  сандық  (координалистік) талдау бағытының  өкілдері XX ғасырдың 70-жылдардағы Джевонс, К.Менгер, Вальрас және А.Маршалды айтсақ, ал тұтынушылардың талғамындағы реттілік (ординалистік) баптың өкілдері Эджуард, Ориэта, Фишер және бұл теорияны аяқтаған Аллен және Хиксті айтуға болады.  

Сондай-ақ бұл  тақырыпта микроэкономика деңгейінде еңбек еткен ғалымдар Долан Э. Дж., Пиндайк Р., және Н.Мэнкюді ерекше атап өтуге болады.

 Ал отандық  экономикада бұл тақырыпқа экономикалық  теория және микроэкономика деңгейінде  өз еңбектері арқылы үлесін  қосып жүрген экономист-ғалымдар  Әубәкіров Я.А., Мұхамедиев Б.М., Мамыров  Н.Қ. және тағы басқа ғалымдарды  атап өтуімізге болады.

Бұл жердегі  басты мақсат микроэкономикадағы тұтынушылар  моделін зерттеп, Қазақстан Республикасындағы  тұтыну нарығының қазіргі жағдайы  және Қазақстанның тұтынушылар талғамына  модел жасау болып табылады.

Осы мақсатқа сай жұмысымның міндеттері келесідей:

  1. Тұтынушы нарығын зерделеу;
  2. Тұтынушылар таңдауын және мінез-құлқын қарастыру;
  3. Тұтынушылар талғамына әсер етуші факторларды қарастыру;
  4. Қазақстанның тұтынушылар нарығын талдау арқылы өзіндік баға беру

 

 

 

 

 

 

                                        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. САДЫРОВА М. ӘЛЕУМЕНТТЕНУДЫҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
  2. САЯСИ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК. – АЛМАТЫ,2007
  3. С.ӘКІМБАЕВ, А.С.БАЙМҰХАМБЕТОВА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

 


Описание работы
Біз күнделікті нан, сүт, картоп сатып аламыз, шаштаразға барамыз, ұялы байланысты қолданамыз, басқаша айтқанда – тауарлар мен қызметтерді пайдаланамыз. Бұл үшін ақы төлейміз, сондықтан оның орнына бізді қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқылымыз. Бір сөзбен айтқанда біз тұтынамыз.
Сонымен тұтынушы дегеніміз кімдер? Тұтынушы дегеніміз – өзінің жеке өнімін қоса алғанда, кез келген өндірген өнімді, кез келгеннің қызметін пайдаланатын тұлға немесе ұйым. Тұтынушылар өнірістің қай саласында болмасын маңызды фактор болып саналады.
Содержание
Кіріспе..........................................................................................................2
Негізгі бөлім

I-тарау. Тұтынушының іс-әрекеті моделі
1.1 Тұтынушы ұғымына жалпы түсінік ................................................................3
1.2 Тұтынушылардың мінез-құлқы......................................................................4
1.3 Тұтынушы шешіміне әсер ететін факторлар.................................................4

II-тарау. Қызмет көрсету нарығы
2.1 Қызмет көрсету саласы туралы түсінік......................................................5
2.2 Қызмет көрсету саласындағы тұтынушылардың іс-әрекеті.....................5
2.3 Тұтынушылардың құқықтарының қорғалуы..............................................5

III. Корытынды.......................................................................................................6
IV. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................7