Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

Дата добавления: 20 Февраля 2012 в 08:39
Автор: b***************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (376.97 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Басқару нарығы.doc

  —  993.50 Кб


 

 

Кіріспе

 

Басқарудың нарықтық концепциясы экономиканы тұтынушылардың өзгеріп отыратын көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға нысандайды, өндіру мен тұтыну мәселелерін кешенді түрде шешуді қамтамасыз етеді.                                            Сонымен қатар барлық экономикалық субъектілердің қызметін үйлестіріп, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізуге ықпал етеді.

Нарықтық экономика - нарық жағдайларында өздігінен реттелу механизімі тән жүйе болып табылады. Еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға бет бұруы маркетингтің көпшілікке танымалдығының күрт жоғарылауына себепші болды. Оның көрінісі -тұтынушының өндірушімен салыстырғанда бір саты жоғары тұруы, монополняны жою болып табылады. Әрине, маркетинг нарықтағы барлық кемшіліктерден арылудың бірден-бір емі емес, бірақ тауар-акша қатынастарында кәсіпорындарға табысқа жеткізер жалғыз дұрыс бағыт беретіні анық. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тиімді кызмет етуі үшін әрбір кәсіпорын, әрбір ұйым, әрбір сала экономикалық-маркетингтік іс-шараларды жүзеге асырып, маркетінгтік бағдарламаларды әзірлеулері қажет.

Экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында оның мәні мен міндеттеріне басты назар аудару керек, сонымен қатар ол жүзегс асырылатын қоғамдық өндіріс саласының ерекшеліктерін де ескеру маңызды.

Қызмет көрсету саласы өзіндік ерекшеліктермен сипатталады. Ол -қажеттіліктер мен қалауларды қанағаттандыруды қамтамасыз ететін құндардың айырбасына байланысты қызмет, бірақ ол материалдық өнімді иеленудегідей емес, меншік түріне әкелмейді.

Қызмет көрсету саласы сан-алуан сипатты. Мыңдаған ұйымдар, фирмалар, топтар мен жеке тұлғалар тұтынушылардың қандай да болмасын қажеттіліктері мен қалауларын қанағаттандыру үшін қызмет етеді және соның арқасында күн көреді.

 

 

 

Қазіргі кезде күн санап қызметтердің жаңа түрлері пайда болуда, сондықтан оларды жүйелеу қиынға соғуда.

Біздің қоғамымыз қызмет көрсетулер қоғамына айналуда, бірақ бұл көрсеткіш бойынша дамыған елдермен салыстыруға келмейді.

­Өнідірістегі үрдістер мен операцияларды автоматтандыру мен роботтаудың жылдам қарқыны жұмыс қолының көптеп босауына әкеледі, оларды қызмет көрсету саласына тарту керек. Міне, осы кәсіби және экономикалық миграция экономикалық әдістерді қолдануды талап етеді, өйткені бұл үрдістерді сауатсыз басқару әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Еліміздің қазіргі кезеңдегі дамуы қарқындылықпен және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы сапалық өзгерістермен сипатталады. Жаңару және демократияландыру үрдістері барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік институттарды қамтыды.

Әкімшілік-командалық басқару жүйесінен бас тартылып, бірте-бірте қатаң орталықтандырылған жоспарлау және көптеген шаруашылық қызмет түрлеріндегі монополия жойылуда, экономикалық қатынастарда икемділік пайда болып, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану жолға қойыла бастады.

Қызмет көрсетудің қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі – қонақ үй бизнесі.

Сыртқы нарыққа бағытталған қонақ үй қызметі бұрынғы ҚСРО территориясында бірқатар тәуелсіз мемлекеттер пайда болғаннан кейін аса ерекше мағынанға ие болды. Осы мемлекеттердің арасындағы экономикалық байланыстардың қалыптасуы мен дамуы халықаралық дәрежедегі өзара жарнамалық акпараттандыруды талап етеді. Бұл ретте маркетингті енгізудің орны ерекше, өйткені ол – компанияның табысты қызмет атқаруын, тиімді баға, тауар және жылжыту саясатын таңдауын қамтамасыз етеді.

Қазақстандық кәсіпорындарың басқару жүйесінде, өкінішке орай, қонақ үй кешенінің экономикасына әзірге жөнді мән берілмеуде, көптеген басшылар басты назарды өндіріске аударуда. Бұл жағдай бірқатар себептерге байланысты болуы мүмкін: қаражат тапшылығы, қолма-қол пайда алуға бейімделу, маркетинг бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігі.

 

Қонақ үй кешенінің экономикасы –  экономиканың бизнес және басқарумен байланысты дамуының жас бағытының бірі.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттарына:

-         клиенттерді тарту;

-         олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету жатады.

Кәсіпорындар нарыққа ықпал ететін немесе компанияның қызметін нарық жағдайына, сонымен қатар оның өзгерістеріне уақтылы және икемді жауап қайтаруға бейімдеу шараларының жиынтығы болып табылатын экономикалық кешенін қалыптастырулары қажет.

Экономиканық қазіргі құралдарын, әдістерін және нысандарын кәсіби игеру қонақ үй қызметінің негізгі құрамдасы.

Қазіргі кезде барлық дамыған елдерде қонақ үй индустриясын ұйымдастыру мен басқару мәселелеріне назар аударуда; экономистер оны жоғарылату үлгісін әзірлеп, оған жетудің жолдарын анықтайды; халықаралық ұйымдар жыл сайын әлемдегі ең үздік және озық қонақ үйлер тізімін баспа бетіне шығарды.

Бұл мәселердің өзектілігі республикамызда қазіргі қонақ үй немесе орналастыру құралдары туралы заңның жоқтығына байланысты күшейіп отыр.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты – «Жасамир» қонақ үй кешенінің экономикалық қызметіне  жүргізілген талдау негізінде оның қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Алға қойылған мақсаттарға сәйкес келесідей негізгі міндеттерді шешу көзделген:

-         қонақ үй саласындағы экономиканың мәні мен рөлін анықтау;

-         қызмет көрсету нарығы ерекшеліктерінің сипаттамасын беру;

-         «Жасамир» қонақ үй кешенінің экономикалық қызметіне баға беру;

-         кәсіпорынның экономикалық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

Зерттеу объектісі  Астана қаласындағы «Жасамир» қонақ үй кешені.

Зерттеу пәні:  Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру танылды.

 

 

Диссертациялық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің, экономика, маркетинг және менеджмент саласындағы отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері, заңдар мен нормативтік актілер, ҚР Статистика агенттігінің материалдары, қонақ үй есептемесі, ресми сайттар қолданылып жатыр.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

- теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды; 

- қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды. 

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диссертация жұмысымда қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады. 


І.Қонақ үй кешені саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

1.1 Қызмет көрсету саласындағы экономиканың маңызы мен ерекшеліктері

Қызмет көрсету нарығындағы экономика - келесі себептерге байланысты жеке талдауға тұрарлық ұғым. Біріншіден, қызмет көрсету саласы - қазіргі заманғы экономиканың қарқынды дамушы секторы. Еуропалық ірі мемлекеттер, АҚШ, Жапонияда қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер саны басқа салаларды қоса алғандағыдан әлдеқайда артық. Әртүрлі талдаулар бойынша ұлттық өнімнің 60-70%-н жеке және мемлекеттік қызмет көрсету салалары қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қызмет көрсету саласы әлемдік экспорт көлемінің 20% құрайтын халықаралық сауданың жылдам дамып келе жатқан секторы.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер қызмет көрсету саласының ұлттық экономика мен халықты жұмыспен қамтамасыз етудегі маңызын толық ашпайды, себебі көптеген өндірістік фирмалар іс жүзінде сервистік кәсіпорындар болып табылады.

Өндірістегі шығындардың жартысына жуығы қызмет көрсетулерге жұмсалады (мысалы, жарнама, тасымалдау, медициналық және қаржылық қызметтер). Өндірістік фирмалар қызметкерлерінің көп бөлігі тауар өндірумен емес, жобалау, экономика, қаржы, сатудан кейінгі қызмет көрсетулермен айналысады. Компаниялар ішіндегі қызмет көрсетулерді басқару - қызмет көрсету саласындағы мәселелерді шешуді талап етеді.

Екіншіден, қызмет көрсету саласындагы экономиканың өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, қызмет көрсетулер өндіру мен тұтынудың бірегейлігімен, олардың сақталуы мен стандартталуының қиындығымен сипатталады. Осыдан қызмет көрсету саласындағы басқарудың: сапаны бақылау, еңбек өнімділігін жоғарылату және адам ресурстарын басқару сияқты негізгі мәселелері туындайды.

Үшіншіден, қызмет көрсету саласындағы заманауи компаниялар тиімді экономиканың жаңа моделін жасауға септігін тигізеді. Бұрындары

 

«басқарушылық ойдың көшбасшысы» ретінде компьютерлік индустрия, одан ертерек – автокөлік өнеркәсібі саналса, бүгінгі таңда экономикалық

даму көбінесе қызмет көрсетулер саласындагы компаниялардың қызметімен анықталады.

Қызмет көрсетулер тұтынушының рухани кұндылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік берсе, тауарлар өз кезегінде тек қана материалдық байлықтарга жеткізеді. Тұрмыстық техниканың күрделенуі оны орнату мен жөндеуде кәсіби қызмет көрсетуге деген талаптарды жоғарылатады. Сонымен қатар, көптеген саясаткерлер өздерінің сайлау алды компанияларында қызмет көрсетулер көлемін және сапасын жоғарылатуға уәде етеді. Білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық тәртіпті сақтау сияқты қызмет көрсетулерді іске асыруға міндеттенген әрбір саясаткердің сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары.

Қызмет көрсету секторына әр түрлі қызмет түрлері кіретіндіктен, ұйымның басқару шешімдеріне сай жіктелуін қарастыратын болсак, оны 1-кестеден көруге болады. Жіктелу мемлекеттік және жеке секторлар қызмет саласының ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Мемлекеттік секторға қарайтын компания тұтынушыларға тәуелді емес, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру артықшылықты болып саналмайды.

    Жеке сектордағы қызмет саласы әр түрлі компаниядан құралған, олар көбінесе түскен табысқа бағдарлаған, бірақ кейбірінің (қайырымдылық ұйымдары мен білім беру мекемелері) акционерлері жоқ. Келесі негізгі айырмашылығы - нарықтағы бәсекелестік деңгейі.

    Су, коммуникация және электроқамсыздандыру қызметтері нарықтары монополияланған. Монополиялық ұйымдарда инновациялық үрдістердің жоқтығы, тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениеті төменгі деңгейде болуы таңғаларлық жай емес. Осы себепті және қызметтерді сатып алудың тәуекелділік деңгейі жоғары болуына байланысты оларды қатаң түрде реттеу керек. Кейбір қызмет көрсетулер мемлекет тарапынан, ал бухгалтерлік есеп пен сотта іс жүргізу кәсіби қоғамдармен реттеледі.

 

 

1 -кесте Қызмет көрсетулердің жіктелуі

Категория

Мысалдар

Сектор - жеке, мемлекеттік

¥лттық денсаулық сақтау қызметі, банктер, транспорттық компаниялар, полиция.

Мақсаттар - коммерциялық, коммерциялық емес

Шаштараз салондары, сақтандыру, білім беру және қайырымдылық көрсету мекемелері.

Бәсекелестік деңгейі - монополия, бәсекелестер

Су және электрмен қамсыздандыру, қаржылық және кеңес беру қызметтері.

Нарық типі - тұтынушы, өндірістік өнеркәсіптер нарыгы

Бөлшек сауда, балаларга қарау қызметтері, жарнамалық кеңселер, кеңес беру фирмалары.

Пайда көзі - тұтынушылар, салық, көмек көрсету

Әуекомпаниялар, химиялық тазарту қызметтері, қайырымдылық көрсету мекемелері, полиция, ұлттық денсаулық сақтау қызметі.

Тұтынушылармен қатынас деңгейі - жоғары, төмен

Денсаулық сақтау, шаштараз салондары, пошта қызметтері, автотұрақтар.

Біліктілік деңгейі - жоғары, төмен

Заңгерлік қызметтер, бухгалтерлік есеп, үйді жинау, транспорт қызметтері

Адамның қатысу дәрежесі - жоғары, төмен

Білім беру, денсаулық сақтау, телекоммуникациялар, коғамдық көлік

Описание работы
Басқарудың нарықтық концепциясы экономиканы тұтынушылардың өзгеріп отыратын көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыруға нысандайды, өндіру мен тұтыну мәселелерін кешенді түрде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар барлық экономикалық субъектілердің қызметін үйлестіріп, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын пайдаланудың жоғары тиімділігіне қол жеткізуге ықпал етеді.
Содержание
содержание отсутствует