Ұйымның басқарушылық қызметіндегі коммуникация

Дата добавления: 31 Октября 2011 в 21:08
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: доклад
Скачать полностью (12.85 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ұйымның басқарушылық қызметіндегі коммуникация.doc

  —  54.50 Кб

Ұйымның басқарушылық қызметіндегі коммуникация 
 Коммуникация дегеніміз –қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алужәне шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады. Ұйым ішінді де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол   мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар  тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолмен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық  немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше көңіл бөлінеді.Ұйымда мәліметтер бірінен бірі беріліп,алмасып отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар, ұсыныстар беріледі. Төменгі деңгейлегі басшылықтан жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметтер еңбек өнімділігіне ықпал тигізеді. 
Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады. Істі оңға бастырудың мүмкін болатын варианттарын ұсынады. Төменгі басшылықтан мәлімет алуы есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады.   

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері  болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.

Басқарудың  түрлі деңгейлерінде экономикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері. Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика жағдайында мынадай міндетті істерді орындайды: ретеуші, теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалық процестерде құрылымдық жылжулар ретеледі. Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдардың экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері. Экономикалық әдістер арасынан өндіріс:

-  экономикалық ынталандыру – жұмыскерлердің экономикалық мүделерінде көрініс табатын өндірісті басқару әдісі. Оның негізін ЖҰӨ жалпы табысына қосқан үлесіне қарай өндірістік ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын қалыптастыру құрайды.  

-  экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру – өндірістің пайдасын, нәтижелерін, шығынын өлшеуге бағыталған.

- баға және баға белгілеу – басқару тетігінің әртүрлі экономикалық тұтқаларының ішінен басты орынды фирманың экономикалық қызметін барлық жағынан бейнелей алатын баға және баға белгілеу алады. 
 
- фирмалардың қаржылық саясаты – ол экономикалық қызметтің ғылыми-техникалық, материалдық-техникалық жабдықтау, өткізу-барлық жағын қамтып, көптеген сыртқы факторлардың әсерін шоғырландырмалы түрде бейнелейді және т.б.  Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.  Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, оны жүзеге асыра білуіне байланысты. Басқару шешімі екі негізгі мәнде қолданылады: 1 жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылда,ан іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., 2 жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлыварианты.Басқару субъектісі бойынша шешімдер: әкімшілік шешім, қоғамдық ұйымдар шешімі.Басқару объектісі бойынша: жалпы – бүкіл шаруашылықтың мүдесін қозғайды, жекелей – басқарудың төменгі буынына тән, күрделі және қарапайым. Ықпал ету объектісі бойынша: сыртқы – халық шаруашылы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасы, ішкі – ауыл шаруашылығы кәсіпорының өзіндег қызмет саласына жатады. Уақыт өлшеміне қарай: перспективалық, күнделікті, жедел. 
Ұйымдастырылуына қарай: жекелей шешім – басшының жеке өзінің шығарған шешімі, алқалы шешім – ақылдасып отырып шешілетін шешім.  
Қызметтік мақсатына орай шешімдерді жоспарлау – экономикалық, технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі. Сыртқы орта сипаттамалары Басқарушы кәсіпорынның сыртқы ортамен тығыз байланыс жасауына туракеледі. Басқарушы әр жолы жоспар белгілеген кезде ол ұйымның тыс жерлердегі қоғам мүшесінің қажеті мен тілегін, сондай-ақ шикізат пен адам ресурстарына, технологияға және сыртқы ортаға байланысты басқа да сұраныстарын ескереді. Сыртқы экономикалық орта элементтеріне: 

Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік  белсенділік пен хнология арасындатығыз байланыс бар. Басқару практикасына технология айтарлықтай әсер етеді. Өйткені, оның өзі сапалы өнім өндіру мен қызмет көрсетуді жолаған кезде, жетілдірудің, өндірудің және оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне қарай басшы кадрларымен қамтамасыз ету тәсілі де белгілі бір дәрежеде өзгеріп лотырады. 
Сыртқы әлеуметтік орта сол топтағы адамдардың көзқарасына, тілек, ықыласына, интеллегенттілігі мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. 
Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. Саяси орта, әдетте саяси және үкімет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсеңдеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.Басқарушылардың көзқарасы тұрғысынан ең дұрысы саяси тұрақтылық. Барлық ұйымдағы басшылар шешім қабылдаралдында заң кеңесшілерімен ақылдасады.Сыртқы этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады, практикада жалры қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады

Қазіргі жағдайда әлеуметтік қайшылықтарды  жою үшін мемлекет еңбек пен капитал  арасындағы қатынастарға араласуға  мәжбүр, ол қатынастарды жалақына реттеу жолымен, жұмыссыздыққа байланысты зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етулерімен, аурулар мен өндірістік жарақаттарды ескеру арқылы реттеп отырады. Сонымен қатар, ол экономикалық өрлеуге, оның құрылымы мен өсу деңгейіне, ірі және кіші меншіктердің ара қатынасына, бәсекеге, өнеркәсіп өндірісінің құрылымына, несие-ақша айналымына, баға белгілеу мен сыртқы экономикалық байланыстарға да ықпал етеді.Бақылау – ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз ететін процесс. Ол мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарын іздестіру үшін қажет. Сонымен қатар, бақылау жақсы істелініп жүрген қызметті ынталандыру үшін де қажет болып саналады.Бақылау процесінің құрамына – стандарттарды белгілеу, нақты қол жеткен нәтижелерді өлшеу, алынған нәтиже белгіленген стандарттан ауытқыған болса өзгертулер енгізу.

Бақылау функциясы – бұл мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін және де ұйым қызметін осы мәселелерге сай жинақтап, реттейтін басқарудың сипаттамасы. 
Ұйым мақсатына жетуге зиянын тигізбестен бұрын, оның қателіктерін дер кезінде анықтап, сол мезетте жөндей білу қабілеттілігіне ие болу бақылауды жүзеге асыру қажеттілігінің маңызды себебі болып табылады. 
Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала бақылау – жұмыстың нақты басталуынан бұрын жүргізіледі, ағымдағы бақылау – жұмыс процесі жүріп жатқан кезде жүргізіледі, қорытынды бақылау – жоспарлау процесін жүзеге асыру үшін, ұйым басшылығын қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді. 
Бақылаудың мақсаты Бақылауды ұйымдастыру қоғамдық қаржы ресурстарын басқарудың міндетті элементі болып табылады, себебі, мұндай басқару қоғам алдында жауапкершілік жүктейді. Бақылау - тек мақсат қана емес, ол - реттеу жүйесінің ажырамас бөлігі. Бақылаудың мақсаты - қабылданған стандарттардан ауытқушылықтарды, материалдық ресурстарды жұмсаудың принциптерін, заңдылығын, тиімділігі мен үнемділігін бұзуға байланысты кемшіліктерді түзету үшін, ал кейбір жағдайда кінәлілерді жауапқа тарту үшін, келтірілген залалға өтемақы алу үшін немесе болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алып, жолын кесу үшін оларды бас кезінде анықтау. Алдын ала бақылау және факті бойынша бақылау  
 
1. Алдын ала бақылау - орын алған бұзушылықтар жөнінде ақпарат алғанға дейін әкімшілік және қаржы құжаттарына жүргізілетін тексеру. Факті бойынша бақылау - орын алған бұзушылық жөнінде ақпарат алғаннан кейін жүргізілетін тексеру. 

2. Тиімді алдын ала бақылау сенім артылған қаржы және материалдық ресурстарды басқарудың сенімді жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оны жоғары бақылау органы немесе басқа бақылау ұйымдары жүргізе алады. 

3. Жоғары бақылау органы жүргізетін алдын ала бақылаудың бір артықшылығы - ол ықтимал бұзушылықтар болғанға дейін олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда, жоғары бақылау органынының жұмысына шамадан тыс ауыртпалық салуы және заң алдында жауапкершілікке қатысты айқындықтың болмауы оның кемшілігі болып табылады. Жоғары бақылау органының факті бойынша жүргізген тексеруінің нәтижесінде кінәлілер жауапкершілікке тартылып, келтірілген зиянның орны толтырылады және болашақта бұзушылықтарға жол берілмейтін болады. 

4. Жоғары бақылау органының алдын ала тексеру жүргізетіні не жүргізбейтіні әр елдің заңнамасына, ондағы бақылау органына қойылатын шарттар мен талаптарға байланысты айқындалады. Ал, жоғары бақылау органы алдын ала тексерумен айналысса да, айналыспаса да, факті бойынша тексеру жүргізу оның тікелей міндеті болып табылады. 

Ішкі және сыртқы бақылау  

1. Ішкі бақылау қызметтері жекелеген ведомстволар мен ұйымдарда құрылады, ал сыртқы тексеру қызметтері тексерілетін ұйымдардың ұйымдық құрылымының бір бөлігі болып саналмайды. Жоғары бақылау органы сыртқы тексеру органы болып табылады. 

2. Ішкі бақылау қызметі міндетті түрде ұйымның (өзі соның ішінде құрылған ұйымның) басшысына бағынуы тиіс. Дегенмен, тиісті ұйымдық құрылымның ішінде мүмкіндігінше функционалдық және ұйымдық тұрғыдан одан тәуелсіз болуға тиіс. 

3. Жоғары бақылау органы сыртқы бақылау қызметі ретінде ішкі бақылау қызметінің тиімділігін тексеруі тиіс. Егер ішкі бақылау қызметі тиімді деп танылса, жоғары бақылау органы мен ішкі бақылау қызметінің міндеттерін бөліп, олардың арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін, жоғары бақылау органының құқығын шектемейтіндей шаралар қолданып, жан-жақты қамтыған тексеру жүргізу қажет. 

Описание работы
Коммуникация дегеніміз –қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алужәне шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады. Ұйым ішінді де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.
Содержание
содержание отсутствует