Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 11:59, курсовая работа

Описание работы

Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.

Содержание

ЖОСПАР
КIРIСПЕ .......................................................................................................................3
I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ ..............................................................................................5
1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні ...............................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі .....................7
II ЕЛІМІЗДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ..................................................................19
2.1 Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік операцияларының бүгінгі таңдағы жағдайы .......................................................................................................19
2.2 Лизингтің операциялардың дамуы көрсеткіштері ..........................................22
2.3 Бағалы қағаздармен операцияларға анализ ......................................................24
2.4 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің есеп айырысу операцияларының даму мәселелері .......................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздар.docx

— 227.87 Кб (Скачать)

      Төлем  құжаттарын  Төлем  қабiлетiн

                               сатып алу        талдау  

      Жабдықтаушы           Тауарды жабдықтау                Сатып алушы 
 

      Сурет-3–  Факторинг ұйымдастыру сызбасы 

       

       Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы  кез-келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:

  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының  шоттарын бухалтерлiк жағынан өңдеу;
  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi жағдайынан қорғау. 

      Факторингтiк  операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға  тиiс. Факторингтiк операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
  • Бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
  • Банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
  • Кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша.

     Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара  ұқсас болып келедi. Бiрақ форфейтингтiң  факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге  деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бiр рет жасалатын  операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ экспортердiң  форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6 айды құрайды.

     Форфейтинг  – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның экспортерға импортердiң төлеуге тиiстi төлем талабын сатып алуы.

     Форфейтинг  мәмiлесiде үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

   Форфейтинг  мәселесi 4-шi суретте көрсетiлген.

Экспортер

Импортер

     1

     2

     3

         5 6

Форфейтор-банк

 6 7

 
 
 

      Сурет-4 – Форфейтинг мәмiлесiнiң техникасы 

      Мұндағы, 1 – мәмiлеге қатысушылар арсында  келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын  несиеге бередi; 3 – аудармалы  вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 – аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн өтейдi.

      Форфейтинг  механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде  пайдаланады:

  1. Қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.
  2. Экспорттық мәмiле бойынша – шетелдiк сатып алушыға несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.

      Форфейтинг  мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға  дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда  – 7 жыл.  
 

      Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң  кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге  кассалық операцияларды жүргiзу”  ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

      Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.

      Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге  кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу  үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:

  • кiрiс кассасы;
  • шығыс кассасы;
  • кiрiс-шығыс кассалары;
  • қайта санау кассасы;
  • кешкi касса;
  • сыртқа шығатын касса.

      Банк  кассасына клиентерден қолма-қол  ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық  және корреспонденттiк шоттар бойынша  есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:

  1. қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
  2. кiрiс кассалыө ордер бойынша.

      Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады  және оған қосымша бетте кассаға  өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен  монеталардың сомасын санмен және жазбаша  түрде көрсетедi. 

  Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.

      Банк  клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк  шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай  құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

  1. ақшалай чекпен;
  2. шығыс кассалық ордермен.

      Банк  клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде  көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс  жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.

      Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер  мынадай жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:

  1. қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
  2. құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
  3. клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

      Содансоң  барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны  кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын  нақтылап алып, содан кейiн ақшасын  бередi.

      Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен  кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы  кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.

      Инкассаторлардан  қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды  тексередi:

  1. келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;
  2. сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;
  3. инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;
  4. қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.

      Инкассалық  сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының  екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың  екiншi данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына бередi.

      Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:

  • банктiк шоттар ашу;
  • ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
  • алдағы уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
  • төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;
  • валюталық операцияларға бақылау жасау;
  • шоттың архивiн беру;
  • шоттан қолма-қол ақша берк;
  • ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;
  • банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
  • құндылықтарды жеткiзiп беру.

      Коммерциялық  банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст. “Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны.

      Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң операциялары.

      Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

  • Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
  • Трастыны иемденушi – траст келiсiмшартындағы көрсетiлген жағдайға сәйкес, мүлiктi басұару құқығын өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.
  • Бенефициар – траст келiсiмшартын өзiнiң пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.

      Сонымен, банктiң траст операциясы – бұл банктiң өз клиенттерiне көрсететiн әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын бiлдiредi.

      Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi басқару; екiншiден, инвестициялық портфельдi қалыптастыру және оны басқару; үшiншiден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу; бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады.

      Коммерциялық  банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын  қызметi үлкен үш топқа бөлiнедi:

  1. Клиенттердiң мұраға қалған мүлкiн иемдену;
  2. Сенiмхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
  3. Агенттiк қызметтер.

      Траст операциясын жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен ұйымның  арасында жасалатын келiсiмшарт болуы  қажет. Осы келiсiмшарт негiзiнде  мынандай қызметтердi атқарады:

  • Бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;
  • Пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;
  • Мүлiктi кепiлдiктен босату;
  • Сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;
  • Акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.

      Банктiң  траст қызметiн көрсетудiң басты  шеңберiн жеке тұлғалар, үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк  қызметтi атқару құрайды. Банк көрсеткен  траст қызметi үшiн комиссионды  сыйақы алады.

      Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес, “валюта – мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноталар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар түрiндегi қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттары.

Информация о работе Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары