Қазақстан Республикасының ғылыми–техникалық қызметтің мәселесі

Дата добавления: 14 Февраля 2013 в 09:44
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (22.98 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Тақырыбы.docx

  —  25.97 Кб

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ғылыми–техникалық қызметтің мәселесі

 

Жоспар:

1. ҒТҮ - экономикалық өсудің факторы  ретінде

2. ИДЕ-дің экономикасы дамудың  стратегиялық тенденциялары

3.  Инновациялық кәсіпкершіліктің негіздері

 

Қазақстан Республикасының ғылыми–техникалық қызметтің мәселесі

1. ҒТҮ - экономиканың  өсу факторы ретінде

Елдер мен мемлекеттердің экономикалық потенциалы ХХІ ғасырда  экономиканың барлық салаларында және ең бастысы өнеркәсіптегі ғылыми-техникалық үдеумен және өндірістен негізгі  тұратындардың ойшылдықтануымен анықталады. ХХ ғасырдың аяғына қарай экономикасы  дамыған елдердің жаңа білімнен және шешімдерден тұратын жаңа немесе жетілдірген технологиялардың, өнімнің, жабдықтаудың үлесіне жалпы ішкі өнімнен 70-тен 85-ге дейін %  келетін болды.

ҒТҮ – қоғамдық өндірістің заттық-материалдық, ақиқатта (еңбек  құралы мен еңбек бұйымдары ), субъективтікте (өндірістің жұмыскерлері) элементтердің  сандық өсудің және сапалы жетілдірудің, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаңа жетістіктердің негізінде оларды өндіріс  процессінде қосу әдістерін жетілдірудің үзілмес процесі.

Осы процесс өзінің көрінісін  жаңа техника мен технологияны жасау  және әрекеттігін жетілдіруде; өндірістің механизация мен автоматтандырудың  өсуінде; шикізат, отын, энергия және материалдардың жаңа түрлерін жасау  және пайдалануда; жаңа өнімін меңгеру  және шығарылып жүрген өнімді жетілдіруде, оның сапасын жоғарылатуда; еңбектің ғылыми ұйымдастыруда және өндірісті  басқаруда; халық шаруашылықта жұмыс  істейтіндердің мамандық және білім  деңгейінің өсуінде, өндіріс пен  жұмыс бастылықтың мамандық және салалық құрамын өзгертуде табады.

ҒТҮ – бір жағынан  ғылым, жаңалық алу мен өнер табыстардың  техника мен технологияның деңгейіне  тұрақты әсер етуінде, екінші жағынан, ғылыми зерттеулерде жаңа аспаптар мен  жабдықтауларды қолдануында байқалған  ғылым мен техниканың өзара байланысты үдемелі даму. ҒТҮ материалды өндіріс  пен өнімсіздік саланың сапалы өндірістеріне  жағдай жасайды, еңбек өнімділігінің  тұрақты өсуіне апарады, қоғам өмірінің барлық жақтарына ықпал жасайды, әлеуметтік үдеудің ажыратылмайтын бөлігі болады.

ХVIII ғасырдың екінші жартысыннан  бастап экономика жағдайы мен  ҒТҮ шеңберінен шықпай жаңа технологиялардың пайда болуы аралығындағы ширақ  өзара байланыс көрінеді. Осымен байланысты Н.Д.Кондратьев, Й.Шумпетер, И.В.Липсиц, А.А.Нещадин, С.Глазьев, А.Клайнкнехт, Г.Менш, Ю.Яковец және тағы басқалардың жұмыстарында құралған «ұзын толқын» концепциясы  дер кезінде болды.

 

 

Ғалымдар экономикалық дамудың 5 тарихи кезеңін белгілейді:

1) 1770-1835 жж. – тоқыма өнеркәсіпте  жаңа технологиялар (механикалы  тоқыма станоктар), су энергиясын  пайдалану;

2) 1830-1880 жж – темір жол транспорты  мен бу қозғалтқышы негізінде  механикалық өндірістің дамуы,  тау-кен және металлургиялық салаларының  дамуы;

3) 1880-1930 жж. – электр энергиясы,  болат пен органикалық емес  химияны практикалық қолдануы, радиобайланыс,  телеграф, автокөлік, ұшақ, пластмассты  енгізуі;

4) 1930-1980 жж – іштен жанатын  қозғалтқышының пайда болуы, мұнай  химиясының дамуы, көлік жасауының  жоғарылауы, авиация дамуы, мұнай  өндірісі мен қайта жасауының  өсуі, компьютер мен программалы  өнімнің, родардың пайда болуы,  әскери және бейбіт атомның  пайдалануы;

5) 1980-қазіргі уақыт – ақпараттық  технологияның, интернеттің, телекоммуникацияның,  биотехнологияның дамуы, ғарышты  меңгеру, гендік инженерия, нанотехнологиялық  зерттеулердің дамуы.

Экономикалық өсудің факторы  ретінде ҒТҮ–ді өздерінің жұмыстарында келесі ғалымдар қараған: Я.Тинберг, Р.Солоу, Р.Харрод, Дж. Хикс.

Неоклассикалық теориясында  ҒТҮ экзогенді ықпалының көзқарасынан экономикаға тиісті емес сыртқы бір  құбылыс ретінде қаралған 80-ші жылдары  П.Ромер, Р.Лукас, Ф.Агийон, П.Хоувит, Дж. Гроссман даму эндогенді факторы  ретінде ҒТҮ мағынасының анықтамасына жаңа баптармен пайдаланған, өйткені  технологиялық өзгерістер адам капиталын  қорлаудан болады.

Сонымен, П.Ромердің моделі ғылымның макроэкономикалық қызметін жаңа түсінуіне түсіреді: экономиканың өсудің қарқыны жаңа білім алу  саласында жинақталған адам капиталының  көлемінен тікелей байланысты. Ал бұл ҒЗТҚЖ экономикалық өсудің қажет  шарты болатынын білдіреді, өйткені  адам капиталының қорғалануын қамтамасыз етеді.

Ф.Агийон мен П. Хоувитттің басқа моделі өзінде Й.Шумпетер бойынша  «жасампаз күйзеліс идеясын» алып келеді: әр жаңалық монополиялық рентасын алуға  бағытталған. Инновациялар тасқынының өсімталдығының, инновациялардың экономикаға  ықпал ету қарқынының және маман  жұмысшы күштің үлесінің көбейуі  экономика өсудің орта қарқынының өсуіне апарады.

Сонымен, эндогенді моделдер пайда болған инновациялық процесінің ұйымдастыру нақты нобайын мазмұндайды.

ҒТҮ-нің қазіргі кезеңі ғылыми-техникалық революциясы деген атауын алды. Оның айрықша ерекшеліктері болып  келесілер табылады:

1) ҒТҮ атом энергетика, лазер  техника, микробиология мен кибернетикалық  басқарудың дамуына әкелетін  қазіргі жаратылыстану, физика, химия,  кибернетика, космология ашулар  негізінде жатқан ғылым дамуының  сапалы жаңа деңгейінде тірек  етеді;

2) ғылымның өндірістік күшке,  ал материал өндірістің ғылыми  жетістіктердің техникалық қолдауына  айналуы;

3) техникалық рөлі көтерілді,  ол адамның ой әрекетінің саласына  кіре бастады.

Ғылыми-техникалық үдеу өндіріс  интенсификациясының негізі болып  табылады, экономика дамуының бар  факторларына анықтайтын ықпал етеді, экономикалық қорларды ұтымды пайдалануға, жоғары сапалы өнімнің шығаруға мүмкіндік  береді.

Ұлттық табыстың өсуіне ҒТҮ жетістіктердің үлесі «ғылым-техника-өндіріс-өтім»  циклімен қаншалықты меңгеруге сәтті  болғанымен байланысты. Ғылым қоғамның тікелей өндірісті күші болу керек.

 

2. ИДЕ-ің экономикасының дамуының  стратегиялық тенденциялары

Әлемнің барлық елдері өзінің даму деңгейіне қарағанда индустриялды- дамыған, дамыған, дамып жатқан, 3-ші әлемнің елдеріне бөлінеді. Елдердің даму деңгейінің, халықаралық кооперация мен интеграцияның көзқарасы  бойынша И.Липсиц пен А.Нещадин  әлем бірлестігін келесі елдер тобына бөледі:

1) технологиялық ядро – АҚШ, Жапония, Германия, Англия, Франция;

2) 1-ші технологиялық дөңгелектің елдері – Италия, Канада, Швеция, Голландия, Австралия, Оңтүстік Корея;

3) 2-ші технологиялық дөңгелектің  елдері алдыға шыққан дамып  жатқан елдер Сингапур, Малайзия, Мексика;

4) Шығыс Еуропаның постсоциалистік елдері – Чехия, Словения, Румыния, Югославия, Сербия, Болгария;

5) ТМД елдері – Ресей, Украина, Қазақстан.

6) дамып жатқан елдерден ең  аз дамыған елдері – Пәкістан, Ауғаныстан.

Технологиялық ядроға сай  жоғары технологиялық салаға аэрокосмос өнеркәсібі, компьютер және офис жабдықтау  өндірісі, телекоммуникация өнеркәсібі, фармацевтика мен медицина өнеркәсібі; ғылыми аспаптар (жоғары дәл, оптикалық, медициналық) өндірісі жатады.

1 Кесте – Ұлттық өндірістің  жалпы көлеміндегі жоғары технологиялық  секторының үлесі, %

Ел

1980

1989

1999

2007

АҚШ

10,0

14,0

20,9

26,8

Жапония

7,3

12,0

15,8

21,4

Ұлыбритания

9,0

12,5

17,0

22,6

Тайвань

8,2

12,4

29,2

32,2

Оңтүстік Корея

6,1

10,0

31,0

32,8


 

Дамыған елдерде инновациялық қызметтің өсімталдығы экономикалық даму деңгейін анықтайды. Әлемдік экономикалық бәсекеде инновациялық қызметті қолайлы  жағдаймен қамтамасыз ететін елдер  жеңеді.

Қазақстанда соңғы онжылдықта экономиканың технологиялық даму деңгейін анықтайтын потенциалды инновациялық салаларында (машина жасау, электронды және электротехникалық, қорғаныс, жеңіл, азық-түлік өнеркәсіптері, құрылыс  материалдар өнеркәсібі) өндіріс  көлемі 5-15 есе төмендеді. Жаңа бәсекеге қабілетті өнімдер түрлерінің, қазіргі  технологиялардың және оларды өнеркәсіпке  енгізетін жүйенің жоқтығы көптеген кәсіпорындарды қысқартуға және кейбір жағдайларда толық тоқтатуға  апарды.

Қазақстан экономикасы  импортталған техника мен технологиялардан технологиялық байланыста көбірек  дәрежесінде болып жатыр. Шикізат  емес салаларды қамтамасыз ететін негізгі  толып жатқан ғылыми зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық құрылымдар тіршіліктен қалған, оларды қайта  қалпына келтіру мүмкін емес.

Машина жасау, электронды және электротехникалық, қорғаныс, жеңіл, азық-түлік өнеркәсіптерінің, құрылыс  материалдар өнеркәсібінің дамуы  бәсекелік күрес жағдайында үзіліссіз  өнім мен өндірістің модернизациясын  жаңартусыз мүмкін емес.

Елдің технологиялық дамуында болашақта Қазақстан жақын жылдары  ұлттық ғылыми-технологиялық потенциалдың көмегімен өз күштерімен ел экономикасының қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз мәселесімен тап болуы нақтырақ болып жатыр. Бұл техника мен  технологияларды үздіксіз сатып  алу арқылы ішкі мәселелерді даусыз шешуге әкеліп соғады, сонымен, ең ақырында, елдің ұлттық қауіпсіздігін жоюымен  насырға шабатын сыртқы көздерден  ұзақ технологиялық байланысқа түседі.

Осы салалардың өнімдерінің  бәсекеге қабілетін қамтамасыз ету  және олардың бұрынғы деңгейін қалпына  келтіру шешімді шараларды қолдаусыз  мүмкін емес.

Әлем экономикасының ірілендірумен  байланысты Қазақстан экономикасы  қиыншылықтар қатарымен кездеседі. Негізгі мәселелерге шикізатқа  бағыттылығы, әлем экономикасымен шамалы интеграциясы, ел ішінде шамалы сала аралық және аймақ аралық экономикалық интеграциясы, ішкі нарықта (кіші экономика) тауар  мен қызметтерге төмен тұтыну сұранысы, өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылымның жетілмегендігі, кәсіпорындардың  жалпы техникалық және технологиялық  мешеулігі, ғылымның өндіріс пен  әрекетті байланыстың жоқтығы, ғылыми зерттеу мен тәжірибелі – құрылыс  жұмыстарға (ары қарай - ҒЗТҚЖ) жеткіліксіз  шығындар, глобализация мен қызметті-технологиялық  экономикасына асу процесіне  экономиканың адаптация міндеттердің менеджментке сәйкессіздігі жатады.  

 

 

 

3. Инновациялық кәсіпкерліктің  негіздері

Инновациялық кәсіпкерлік  – шындық пен мүмкін жағдайдың  аралығындағы үлеспеушіліктерді (мәселелерді) шешуімен байланысты, өнім мен қызмет түрінде жаңа ойды нарыққа дейін  жеткізуге арналған, экономикалық пайда  алуға бағытталған мақсатталған қызмет. Осы процесс Қазақстанның жағдайында екі жорамалмен түсіндіріледі. Бірінші жорамал  бойынша, осы процестің негізінде технологиялық қозғау салу жатыр, ал екінші бойынша - нарық сұранысын қысымы жатыр.

Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің – нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде  алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық  экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.

Демек, кәсіпкерлік –  экономикалық жүйесін қайта өндіру процесін ұйымдастыратын, оған жағдай жасайтын фактор.

Инновациялық кәсіпкерлік  қызметі – ертеде пайдаланбаған  коммерциялы нәтижелі қорларды  өндіріске еліктіру арқасында ұлттық байлықтың көбеюін мойындайтын нарық экономикасы мен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы.

Инновациялық қызмет кәсіпкерлік  құрылымдардың әрекетінде өндіріс  нәтижесін көтерудің негізгі  факторы болып табылады.

Аграрлық-шикізат экономикасымен және ерте индустрияландыру сатысында  жатқан елдердің экономикалық дамуы  үшін қолданалатын және жеңіл қолайлы  қорларды, басқармалы мамандықты, техникалық білімді, шеттен алған технологияны пайдалануында негізделген иммитациялық инновациялық кәсіпкерлігі ерекше маңызды.

Инновациялық кәсіпкерлікке  көзқарастардың өрістеулерін қарайық.

Инновациялық кәсіпкерлікке көзқарастардың өрістеулері:

1) 1969 – Й.Шумпетер АҚШ: Инновациялық  кәсіпкерлік – бұл келесі жағдайларда  «жаңа қиыстыруды» жаңа субъектілермен  жүзеге асыру: жаңа тауар, өндірістің  жаңа тәсілін енгізу, жаңа нарық  ашу, шикізаттың жаңа қайнарын  басып алу, жаңа ұйым өткізу, немесе «нарыққа инновацияны  жылжыту бойынша сирек кездесетін  қабілет» ретінде;

2) 1985 – П. Друкер АҚШ: кәсіпкершілікті  инновацияны «тапқырлықтың ерекше  аспабы», «қорларға байлықты жасауына  жаңа мүмкіндік беретін әрекет»  ретінде енгізу көзқарасы бойынша  қарайды;

Страницы:12следующая →
Описание работы
ҒТҮ - экономиканың өсу факторы ретінде
Елдер мен мемлекеттердің экономикалық потенциалы ХХІ ғасырда экономиканың барлық салаларында және ең бастысы өнеркәсіптегі ғылыми-техникалық үдеумен және өндірістен негізгі тұратындардың ойшылдықтануымен анықталады. ХХ ғасырдың аяғына қарай экономикасы дамыған елдердің жаңа білімнен және шешімдерден тұратын жаңа немесе жетілдірген технологиялардың, өнімнің, жабдықтаудың үлесіне жалпы ішкі өнімнен 70-тен 85-ге дейін % келетін болды.
Содержание
1. ҒТҮ - экономикалық өсудің факторы ретінде
2. ИДЕ-дің экономикасы дамудың стратегиялық тенденциялары
3. Инновациялық кәсіпкершіліктің негіздері