Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы

Дата добавления: 29 Октября 2012 в 11:01
Автор: ***@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (42.47 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Курстык жумыс - Карымсакова.doc

  —  183.00 Кб

Қазақстан Республикасының  білім туралы Заңы

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік  саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан  Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының  білім беру саласындағы 
заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының  білім беру саласындағы заңнамасы  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

 

Гуманитарлық  білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың принциптері

1. Білім беру саласындағы  мемлекеттік саясаттың негізгі  принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы  білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік  дамуы, психикалық-физиологиялық  және жеке ерекшеліктері ескеріле  отырып, халықтың барлық деңгейдегі  білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы,  гуманистік және дамытушылық  сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары  мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын  ынталандыру және дарындылығын  дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің  сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқыту мен тәрбиенің  бірлігі;

9) білім беруді басқарудың  демократиялық сипаты, білім беру  жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының  меншік нысандары, оқыту мен  тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

2. Білім беру ұйымдарында  саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын  құруға және олардың қызметіне  тыйым салынады.

 

Гуманитарлық білім беру жүйесін басқару

Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру 
саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының  Үкіметі:

1) гуманитарлық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

2) гуманитарлық білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен гуманитарлық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

3) еңбек нарығының  кадрларға ағымдағы және келешектегі  қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;

4) әлеуметтік әріптестердің  кәсіптік гуманитарлық білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын гуманитарлық білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

5) білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;

6) білім берудің мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарттарын  әзірлеу, бекіту тәртібін және  оның қолданылу мерзімдерін айқындайды;

7) Гуманитарлық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережелерін және гуманитарлық білім беру ұйымдарын аккредиттеу ережелерін бекітеді;

8) біліктілік талаптарын және гуманитарлық білім беру қызметін лицензиялау ережелерін бекітеді;

9) мемлекеттік үлгідегі гуманитарлық білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін анықтайды;

10) халықтың тығыздығына және  елді мекендердің қашықтығына  қарай білім беру ұйымдары  желісінің кепілдік берілген  мемлекеттік нормативін бекітеді;

11) мемлекеттік гуманитарлық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;

12) Қазақстан Республикасының Президентіне  жеке адамның тәрбиесіне, оқуына  және кәсіптік қалыптасуына аса  зор үлес қосқан жекелеген  гуманитарлық білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді және Инновациялық университет туралы ережені бекітеді;

13) мемлекеттік басқару органының  ұсынысы бойынша бюджет қаражаты  есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік  білім беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;

14) білім беру мониторингін жүзеге  асырудың тәртібін белгілейді;

15) "Болашақ" халықаралық стипендиясын  беруге арналған Үміткерлерді  іріктеу ережелерін бекітеді;

16) мемлекеттік атаулы стипендияларды  бекітеді;

17) "Алтын белгі" белгісі туралы ережені бекітеді;

18) "Жоғары оқу орнының үздік  оқытушысы" және "Үздік педагог"  атақтарын беру ережелерін бекітеді;

19) тиісті үлгідегі білім беру  ұйымдары, оның ішінде балаларға  арналған қосымша білім беру  бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;

20) Дарынды балаларға арналған  мамандандырылған білім беру  ұйымдары қызметінің ережелерін  бекітеді;

21) Әлеуметтік қорғалмаған білім  алушылар мен күнкөрісі төмен  отбасылардан шыққан білім алушыларға  қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережелерін бекітеді;

22) жұмыс көрсеткіштері жоғары  мемлекеттік білім беру мекемелеріне  гранттар беруге арналған мемлекеттік  конкурстарды өткізу ережелерін  және оларды пайдалану тәртібін  бекітеді;

23) бірінші басшыларын Қазақстан  Республикасының Президенті тағайындайтын  жоғары оқу орындарының тізбесін  және оларды тағайындау, аттестациядан  өткізу және қызметтен босату  тәртібі туралы ережелерді бекіту  туралы Қазақстан Республикасының  Президентіне ұсыныс енгізеді.

Гуманитарлық білім беру саласындағы уәкілетті органның 
құзыреті

Гуманитарлық білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:

1) азаматтардың гуманитарлық білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;

2) гуманитарлық білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, білім беру және ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

3) гуманитарлық білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайын баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;

4) гуманитарлық білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, гуманитарлық білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді;

5) гуманитарлық білім беру сапасын басқаруды, гуманитарлық білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

6) гуманитарлық білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру (медициналық және фармацевтік білім беруден басқа) стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді, білім берудің барлық деңгейінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекітеді;

7) конкурстық іріктеу  тәртібі мен критерийлерін бекітеді  және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттердің конкурсын өткізеді;

8) білім беру қызметін  жүзеге асыру құқығына лицензияны  және (немесе) қосымшаларды:

жоғары және жоғары оқу  орнынан кейінгі білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;

білім беретін оқу  бағдарламаларын іске асыратын және республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға;

рухани білім беретін оқу  бағдарламаларын іске асыратын заңды  тұлғаларға (діни оқу орындары);

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын халықаралық және шетелдік заңды тұлғаларға береді;

9) меншік нысандары мен ведомстволық  бағыныстылығына қарамастан, жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтік білім беруді қоспағанда), сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;

10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуді ұйымдастырады;

11) бастауыш, негізгі орта, жалпы  орта білім берудің жалпы білім  беретін оқу бағдарламаларын,  техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекітеді;

12) ұлттық бірыңғай тестілеуді, сондай-ақ кешенді тестілеуді  өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді;

13) мүдделі министрліктермен, өзге  де орталық атқарушы органдармен,  жұмыс берушілермен және басқа  да әлеуметтік әріптестермен  өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптік  оқу бағдарламаларының деңгейі  бойынша кадрлар даярлау үшін  кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындайды және кәсіптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекітеді;

14) меншік нысандарына және ведомостволық  бағыныстылығына қарамастан, білім  беру ұйымдарында оқу жылының  басталу және аяқталу уақытын  айқындайды;

15) сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін белгілейді және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

16) білім алушыларды білім беру  ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекітеді;

17) білім беру ұйымдарында білім  алушыларға академиялық демалыстар  берудің тәртібін бекітеді;

18) мемлекеттік аралық бақылауды  жүргізу ережелерін және санының  асып кетуі кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға әкеп соғатын мемлекеттік аралық бақылаудан өтпеген білім беру ұйымдарында білім алушылардың шекті санын бекітеді;

19) білім алушылардың үлгеріміне  ағымдық бақылау, аралық және  қорытынды аттестаттау өткізудің  үлгілік ережелерін бекітеді;

20) кәсіптік даярлық деңгейін  растаудың және техникалық және  қызмет көрсететін еңбек кәсіптері  (мамандықтар) бойынша біліктілікті  берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;

21) білім туралы құжаттарды  тану және нострификациялау тәртібін  белгілейді;

22) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік  үлгідегі құжаттардың бланкілеріне  тапсырыс беруді және олармен  жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білім берудің кәсіптік  оқу бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдарын, ведомстволық  бағыныстағы білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

23) білім беру ұйымдары  білім беру қызметінде пайдаланатын  қатаң есептіліктегі құжаттардың  нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;

24) білім беру қызметтерін  көрсетудің үлгілік шартының  және кәсіптік практикадан өткізуге  арналған үлгілік шарт нысандарын бекітеді;

25) оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргізуді үйлестіреді, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерін, оқытудың кредиттік технологиясы және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін 
ұйымдастырудың ережелерін бекітеді;

26) республикалық орта  білім беру ұйымдарын, сондай-ақ  халықаралық келісімдерге сәйкес  шетелдік мектептерде оқитын  отандастарды оқулықтармен және  оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз  етеді;

Страницы:1234следующая →
Описание работы
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Содержание
содержание отсутствует