Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы..................5

1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі...................................................................................................................9

ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау...................................................................... 20

ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары........ .............24

Қорытынды........................................................................................................... 28

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Курс Гулим.doc

— 175.50 Кб (Скачать)

Жоспар 

Кіріспе.......................................................................................................................3 

І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері 

    1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы..................5 

    1.2.Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі...................................................................................................................9 

ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау...................................................................... 20 

ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары........ .............24 

Қорытынды........................................................................................................... 28 

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады.  Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама - қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығының артуы, табиғи ресурстардың бей - берекет пайдаланылуына мүмкіндік беруі экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады.

      Барлық  шаруашылық жүргізу жүйелерінің  ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды  жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.

      Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар  қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік  егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.

        Аталып өткен құжаттардың Республикадағы  саяси экономикалық процестерді  басқаруда маңызы зор. Оларда  экономикалық тәуелсіздіктің негіздері,  нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген және республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасы қамтылған. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан - жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. Мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

    1.1.  Мемлекеттік басқару  мен  өзін-өзі  басқару тұжырымдамасы 

      Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі болып табылады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады. Оларға стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Тұжырымдаманың теориялық қана емес , сондай-ақ тәжрибелік мәні бар.

      Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі  басқару қағидасына өтудің басты  мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету  және аймақтардың ресурстарды  қолданудағы құқықтарын дамыту болып  табылады. Сондай-ақ тұжырымдамада басқарудың стратегиялық  мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз ету қарастырылған.

     Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру  басқару саласында   өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, екіншісі “Қазақстан Республикасы ндағы өзін-өзі басқару туралы”. Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық басқаруды одан әрі қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі.

          Бірінші заң Қазақстан Республикасының  Конститутциясына сәйкес жергілікті  мемлекеттік басқару саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы  органдардың құзретін, қызметтің  ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ  мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында былай деп жазылған: жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды.

         Ұғыну барысында екі заңның  айырмашылығын білу өте қажет.  Бірінші Заң жергілікті мемлекеттік  басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару  және жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру туралы. Әрине заңдылық шеңберінде.

         Қазақстан Республикасының “Жергілікті  өзін-өзі басқару” заңында мынадай  анықтама берілген: “Жергілікті өзін-өзі басқару” Қазақстан Республикасының коститутциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудң нысаны болып табылады. Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы  өзекті мәселелердің  жергілікті қаржыландырылуы туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат; жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті  жалға тапсырудан алынған  жергілікті қауымдастық кірістері; жергілікті халықтың өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістері; заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырылымдық қорлары; заңмен тиым салынбаған өзге де көздер.

         Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты енуін қамтамасыз етеді. Бұл қағидалар тек саяси әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджметтің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты.

      Басқару обьектілерінде жүргізіліп жатқан  терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соқтырады. Әрдайым  даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін бұрынғы қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс.

        Бұрынғы орын алған мемлекеттік  билік пен басқару құрылымдарының  бірқатар кемшіліктері болған. Олардың қатары төмендегідей:

  • Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуды, қолда бар өндірістік, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етпеді;
  • Нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені жетілдіруді мүмкін етпеді;
  • Басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды;
  • Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу орын алды;
  • Елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық шешімдерге жауапкершіліктің орын алмауы табылды;
  • Келісімсіз әрекет жасау, қызметті пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды.

   Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын қайта құрудың обьективті қажеттілігін тудырады.

      Қазіргі кезедегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі 1999 жылғы 13 қазанда  қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген бұл құжат 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттік органдар құрылымы келесідей:

  • Қазақстан Республикасы экономика министрлігі;
  • ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігі;
  • ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі
  • ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
  • ҚР білім және ғылым министрлігі;
  • ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі;
  • ҚР стратегия жөніндегі агенттігі;
  • ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік;
  • Үкімет құрамына кірмейтін бірқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар.

        Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын  әрі қарай жетілдіру экономика  мен шаруашылық тетіктерін нақтылы  мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрі қарай  жетілдірудегі негізгі талаптар  болып мыналар табылады:

  • ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негізгі заңдылықтарына, дәл кезіндегі мақсаттарға сәйкес болуы керек;
  • ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық тетігінің өзгеруімен қатар іске асырылуы керек;
  • Бұрын өзін өзі ақтаған басқарудың ұймдастыру нысанындағы, қағидаларды және әдістерді жалғастырып пайдалану.

        Ұйымдастырушылық мәселелері өтпелі  кезеңнің әр сатысында зерттеліп  отыруы қажет. Ол мәселелер  мынандай топтарға жинақталады:

  • Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатысын оңтайландыру, яғни басқарудың  иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап айыру. Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалардың шаруашылық дербестігін елеулі көтеру;
  • Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы міндеттерді шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
  • Еңбекті ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешім қабылдаудың әдістерін және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын тиімді етіп құру.
 
 

     1.2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі. 

     Жоғарыда  аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік  билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан  Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

     Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері