Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:50, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 U952730_ Заң күші бар Жарлығын орындау және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 U963088_ Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауды өткізу және шарттары туралы ережені" жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алқасының 1998 жылғы 30 шілдедегі N 21 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесі органдарының қызметін жетілдіру және кадрларды іріктеуді және орналастыруды жақсарту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

Работа содержит 1 файл

даурен.docx

— 19.72 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң  
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi       

 

 

      Қазақстан  Республикасы Президентінің "Мемлекеттік  қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  N 2730 U952730_  Заң күші бар Жарлығын орындау және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088  U963088_  Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялауды өткізу және шарттары туралы ережені" жүзеге асыру үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі алқасының 1998 жылғы 30 шілдедегі N 21 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесі органдарының қызметін жетілдіру және кадрларды іріктеуді және орналастыруды жақсарту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:   
      1. Департаменттердің және комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), облыстық аумақтық бөлімшелердің басшылары 1998 жылдың қыркүйек-қазанында Қармин жүйесі органдарының қызметкерлерін аттестациялау жүргізсін.   
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесі органдарының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды өткізу тәртібі және шарттарды туралы ереже (1 қосымша) және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Орталық аттестациялық комиссиясы туралы ереже (2 қосымша) бекітілсін.   
      3. Орталық аттестациялық комиссияның құрамы (3 қосымша) бекітілсін.   
      4. Орталық аттестациялық комиссияның жұмыс графигі және министрліктің орталық аппараты қызметкерлерін (4 қосымша), аумақтық органдар қызметкерлерінің (5 қосымша) аттестациялауды өткізу графигі бекітілсін.   
      5. Қаржы жүйесі кадрларын даярлау мен қайта даярлау және персоналмен жұмыс істеу департаменті (Ә.Ж. Сұлтанғазин) белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орталық аппаратының қызметкерлеріне, сондай-ақ департаменттердің, комитеттердің, аумақтық органдардың басшыларына аттестациялық құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етсін және оларды орталық аттестациялық комиссияға тапсырсын.   
      6. Заңды тұлға болып табылатын департаменттердің және комитеттердің, қаржы жүйесінің облыстық аумақтық органдары бөлімшелерінің және Алматы мен Астана қалаларының басшылары:   
      1) Аттестациялық комиссиялардың құрамын және тиісті бөлімшелерде аттестациялауды өткізудың графигін бекітсін және оларды 1998 жылдың 30 тамызына қарай Қаржы жүйесі кадрларын даярлау мен қайта даярлау және персоналмен жұмыс істеу департаментіне тапсырсын;   
      2) Тамыз айында мыналарды бекіту жөніндегі жұмыстар:   
      - аттестация өткізудің графиктерін және аттестация материалдарын беру мерзімін;   
      - комиссиялар аттестациялайтын тиісті бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдар тізбесін;   
      - аттестациялық комиссиялар туралы ережені аяқтасын;   
      3) тиісті бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілеріне аттестациялық құжаттарды белгілеген тәртіппен ресімдеуді және осы құжаттарды департаменттердің, комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар), Қаржымин жүйесі органдарының облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелерінің аттестациялық комиссияларына жоғарыда аталған қызметкерлерді аттестациялау басталғанға дейін екі апта бұрын кешіктірмей тапсырылуын қамтамасыз етсін.   
      7. Аттестациялық комиссиялардың төрағалары (Қаржыминнің барлық бөлімшелерінің) аттестациялаудың қорытындылары туралы есепті аттестациялау аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аттестациялық комиссиясына тапсырсын.         

Қаржы министрі                                        

 Қазақстан Республикасы   
                                        Қаржы министрлігінің   
                                        1998 жылғы 25 тамыздағы  
                                        N Л-1709 бұйрығына   
                                        1 Қосымша  

 
           Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі жүйесі   
        органдарының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялау   
                 тәртібі және өткізу шарттары туралы   
                              ЕРЕЖЕ                         

I. Жалпы ережелер    

 
      Қаржы министрлігі жүйесі  органдарының мемлекеттік қызметшілерін  аттестациялау "Мемлекеттік қызмет  туралы" Қазақстан Республикасы  Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  N 2730 Заң күші бар Жарлығын орындау  үшін өткізіледі.   
      Аттестациялаудың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында баяндалған Қазақстан Республикасының даму стратегиясы талаптары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы тұрғысынан мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін құруға қаржы органдары қызметкерлерінің қабілетін анықтау.   
      1. Аттестация еңбек және атқару тәртібін нығайту, мамандарды ұтымды пайдалану кадрлерді іріктеуді, орналастыруды жақсарту және тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.   
      Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау жөніндегі жұмыстар олардың тапсырылған іске жоғары жауапкершілігін тәрбиелеуге Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.   
      2. Қаржы министрлігі орталық аппаратының лауазымды адамдарын: департаменттердің директорларын және комитеттер төрағаларын (оның ішінде заңды тұлға құқығы бар), олардың орынбасарларын; бөлім бастықтарын - бас бухгалтерлерді, департаменттер ішіндегі басқармалар мен дербес бөлімдер бастықтарын (заңды тұлға құқығы жоқ), олардың орынбасарларын; басқарма ішіндегі бөлім бастықтарын және олардың орынбасарларын, сектор меңгерушілерін, бас, жетекші, аға мамандарын, министрлік аппаратының мамандарын және басқа қызметкерлерін (заңды тұлға құқығы бар департаменттердiң қызметкерлерiнiң осы санатынан басқасы); қаржы басқармаларының, мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерiнiң, салық комитеттерінің, қазынашылық басқармаларының, бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармаларының, салық полициясы, кеден комитеттерінің, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының кеден басқармаларының бірінші басшыларын, облыстық қаржы басқармаларының және Астана мен Алматы қалалары қаржы басқармаларының басшыларының орынбасарларын және бөлім бастықтары-бас бухгалтерлерін; қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінің бірінші басшыларын, облыстардағы қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлімдері бастықтарын; ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерінің, аудан, қала және қаладағы аудандар бойынша салық комитеттерінің төрағаларын аттестациялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аттестациялық комиссиясы өткізеді.   
      Орталық аттестациялық комиссияның жұмыс тәртібі және құрамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.   
      3. Қаржымин жүйесінің мемлекеттік қызметшілерін аттестациялауды Қаржы министрлігінің кадр қызметінің, ал қажет болған жағдайда орталық аттестациялық комиссияның қатысуымен департаменттердің және комитеттердің (оның ішінде заңды тұлға құқығы барлар да) аттестациялық комиссиялары жүзеге асырады.   
      4. Аттестация мемлекеттік қызметшінің басшылығымен аттестация нәтижелері бойынша оған кейіннен басқа қызметке көшірілмей-ақ кезекті біліктілік сыныбын беру үшін жүргізілуі мүмкін.   
      5. Аттестациялық комиссиялар кеңесші орган болып табылады. Олар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы N 3088 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялаудың тәртібі және өткізу шарттары туралы ережені, осы ережені басшылыққа алады және олар өздерінде құрылған департаменттер мен комитеттердің (заңды тұлға құқығы бар) басшыларына есеп береді.   
      6. Аттестациялық комиссия төрағадан (әдетте тиісті бөлімше басшысының орынбасары), хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Тиісті бөлімше басшысы бекітетін аттестациялық комиссияның құрамына бөлімше басшылары, заңгерлер және басқа да біліктілігі жоғары мамандар енгізіледі.   
      7. Аттестациялық комиссияларға мынадай функциялар жүктеледі:   
      1) "Мемлекеттік қызмет" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 Заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640  P971640_ қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережемен", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267-1  Z980267_  ҚРЗ Заңымен және басқа да заң актілерімен Қаржымині жүйесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау;  
      2) кейінірек басқа қызметке көшірілмей-ақ кезекті біліктілік сыныбын беруге ұсыныстарды қарау;   
      3) Қаржымині жүйесінің мемлекеттік қызметшілерін аттестациялаудың оның бөлімшелері тапсырған қорытындыларын қарау.          

II. Аттестацияны  даярлаудың және өткізудің тәртібі        

8. Аттестацияны өткізуге  даярлықты Қаржы министрлігінің  кадр қызметінің қатысуымен тиісті  департаменттердің немесе комитеттердің  басшылығы ұйымдастырады және  аттестацияланатындарға қажетті  құжаттарды ресімдеу аттестацияны  өткізу графиктерін әзірлеу, аттестациялық  комиссиялардың құрамын анықтау  (заңды тұлға құқығындағы департаменттер  мен комитеттер үшін), аттестацияның  мақсаттары және өткізу тәртібі  туралы түсіндірмелік жұмыстар  ұйымдастыру (қоса беріліп отыр) талап етіледі.   
      9. Орталық аппаратта аттестациялауды өткізу графигі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі. Графикті жасаған кезде бөлімше басшылары бірінші кезекте аттестацияланатындығын ескерген жөн.   
      Әрбір мемлекеттік қызметшіге аттестация басталғанға дейін екі апта бұрын Қаржыминнің департаментінің, комитетінің құрамына кіретін бөлімше басшысы ұсыным даярлайды. Ұсыным аттестацияланатын мемлекеттік қызметшінің іскерлік сан-сапасын, олардың басқару қызметін теорияларын және практикасын білуіне, оның кәсіби құзыретіне бұрынғы кезеңде лауазымдық міндеттерін орындауына, оның өзі атқаратын міндеттердің төңірегінде дербес шешімдер қабылдау қабілетіне жан-жақты баға беруді қамтуы тиіс.   
      10. Қаржымин бөлімшесінің аттестацияланатын қызметкері оған әзірленген қажетті құжаттардың мазмұнымен аттестация басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей танысуы тиіс.   
      11. Аттестациялық комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және қажет болған жағдайда аттестацияланушының өз жұмысы туралы хабарламасын тыңдайды. Комиссияның мәжілісіне аттестацияланатын қызметкер жұмыс істейтін бөлімшенің басшысы қатысуы тиіс. Аттестацияланушының жұмысын талқылау талапкершілік, объективтілік, ізгі ниеттілік жағдайында өтуі тиіс.   
      12. Аттестацияланушының қызметін бағалаған кезде оның басшылықтың жоспарлы тапсырмаларын орындауға, лауазымды міндеттемелерін атқаруға, атқару және еңбек тәртібін сақтауға қосқан жеке үлесі есепке алынады.   
      13. Аттестацияланушының кәсіби және имандылық қасиеттерін оның қызмет міндеттерін орындауға көзқарасын жан-жақты қарау негізінде аттестациялық комиссия аттестацияланушы мемлекеттік қызметшінің жұмыс туралы дәлелді қорытынды жасайды, бұл оның қызметіне мынадай бағалар беруді қамтиды:   
      1) атқарып отырған қызметіне сай, болмаса оның кәсіби деңгейін ескере отырып қызмет бабында көтеруге немесе кезекті біліктілік сыныбын беруге лайықты;   
      2) бір жылдан кейін қайта аттестациялау өткізу арқылы комиссияның ақыл-кеңесін міндетті түрде орындаған жағдайда атқарып отырған қызметіне сай;   
      3) атқарып отырған қызметіне сай емес, кәсіби қайта даярлауға жіберілуі, болмаса қызметі немесе біліктілік сыныбы төмендетілуі мүмкін.   
      Қаржы министрлігі жүйесі органдарының мемлекеттік қызметшісінің қызметін бағалау және комиссияның ақыл-кеңестері аттестацияланушыны қатыстырмай комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады.   
      Аттестациялау және дауыс беру аттестациялық комиссияның бекітілген құрамы мүшелерінің кем дегенде 2/3 болған жағдайда өткізіледі. Дауыс берудің нәтижелері көпшілік дауыспен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестацияланушы қызметкер атқарып отырған қызметіне сай деп танылады.   
      Комиссия мүшесі болып табылатын қызметкерді аттестацияланған кезде аттестацияланушы дауыс беруге қатыспайды. Қызметкерге аттестацияның нәтижелері дауыс берілгеннен кейін дереу хабарланады.   
      Аттестацияның нәтижелері (бағалар және ақыл-кеңестер) аттестациялық параққа енгізіледі (қоса беріліп отыр), бұған төраға, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестациялық комиссияның мүшелері қол қояды. Аттестациялық парақ және аттестациядан өткен қызметкерге әзірленген сипатнама жеке іс-қағазында сақталады.   
      14. Аттестациялық комиссияның мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Аттестациялық комиссия жекелеген қызметкерлерді қызметі бойынша жоғарлату туралы, оларды басшы қызметке ұсынуға арналған резервке енгізу туралы аттестацияланушы қызметкерлердің қызметін жақсарту, олардың іскерлік біліктілігін арттыру және басқалар жөнінде ақыл-кеңестер беруге құқығы бар.   
      15. Қаржымин жүйесі органдарының мемлекеттік қызметшілерін аттестациялау кем дегенде үш жылда бір рет өткізіледі. Кезекті аттестациядан екіқабат әйелдер, жас мамандар және атқарып отырған қызметінде бір жылдан кем жұмыс істеген адамдар босатылады. Сәбиді күтуге байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептермен қатыспағандар жұмысқа шыққаннан кейін аттестациялаудан өтеді. Кезекті аттестацияны өткізудің уақытын Орталық аттестациялық комиссия белгілейді.   
      16. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациялаудың нәтижелері бойынша орталық аттестациялық комиссияның қабылдаған шешімдері бір айлық мерзімнен кешіктірмей Қаржы министрі, ал аттестациялық комиссиялардың - департаменттің немесе комитеттің (заңды тұлға құқығы бар) басшылары бекітеді. Қаржымин бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісінің қызметін немесе біліктілік сыныбын төмендету туралы шешімді бекіту қызметкердің аттестациясы бекітілген күннен бастап он бес күннен аспайтын мерзімде орындалады.  
      17. Аттестациядан өтуге байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешіледі.  
      18. Аттестацияны өткізудің нәтижелері бойынша департаменттердің және комитеттердің басшылығы қорытындылар шығарады және аттестациялық комиссиялардың ақыл-кеңестерін орындауға бағытталған шараларды әзірлейді, оларды жүзеге асыруға бақылауды ұйымдастырады.


Информация о работе Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi