Аккредитивтер мен есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 17:49, курсовая работа

Описание работы

Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе 4
1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы 5
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері 5
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі 7
1.3 Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы 8
2 Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау 11
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы 11
2.2 Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау 14
2.3 Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру 18
3 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері 21
3.1 Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары 21
3.2 Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа содержит 1 файл

каржы менеджментиндеги басекелестик маселеси.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

    Отандық тауарларды қорғаудың протекционистік  шаралары микродеңгейдегі жағдайдың  жақсаруына дейін жүзеге асыру қажет. Мұндай бағыт кәсіпорындар үшін сауданы ырықтандырудан және ішкі нарықтың толық ашықтығынан қолайлырақ болып келеді, өйткені бұл оларға өздерінің өміршеңдігін сақтап қалуға, өндірістік құралдарға салмақ түсірмеу мәселелерін шешуге және олардың өндірістік жұмыстар атқаруын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Алайда, бұл жерде кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың нағыз бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету процессін тежеп тұрған кемшіліктер жеткілікті.

    Екіншіден, технологилық жағынан артта қалғандық. Өнеркәсіп саласындағы көптеген кәсіпорындар негізгі құралдардың жоғарғы деңгейдегі табиғи немесе моральдық тозуына байланысты өндірістік құралдарды түбегейлі қайта құруға және жаңаландыруға мұқтаж болып отыр. Осы орайда Қазақстанның өнепкәсіптік кәсіпорындарының өндірістік құралдары техникалық деңгейі бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің кәсіпорындарынан тым артта қалып келеді.

    Үшіншіден, қаржы менеджерлерінің, маркетингтік мамандардың, брокерлер мен дилерлердің  жетіспушілігі. Елімізде қаржы нарығы (несие нарығы, құнды қағаздар нарығы) қызмет етуде, қаржы нарығының кәсіпқой қатысушылары да баршылық, қаржы құралдары да айналымда бар. Алайда, қаржы активтерімен (бірінші кезекте фьючерстермен және опциондармен) сауда жасау әрекеттері, өкінішке орай, дамыған елдермен салыстырғанда, төмен деңгейде.

    Төртіншіден, құнды қағаздар нарығының бәсекелестік қабілеті. Барлық елдерде қор нарығы жаңа мәселелермен, атап айтқанда, басқа  нарықтар тарапынан бәсекелестікпен, қақтығысуда. Бұл қысым қор нарықтарын өзінің ішкі құрылымын болып жатқан өзгерістерге икемдеуге итермелейді. Сонымен қатар, нарықты барынша икемдеуге және технологиялық дамытуға ауқымды инвестициялық бағдарламалар қажет, ал бұл өз, кезегінде, ірі көлемдегі қаржы салымдарын қажет етеді.

    Жоғарыда аталған факторлар, сонымен қатар отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің күшті жақтарын бағалау, еліміздегі кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды

 

    Жалпылай  айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз  – бұл кәсіпорынның табыс табудың  және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті  ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен  және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.

    Қаржы менеджментінің негізгі міндеті  – қаржыны басқарудың кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.

    Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелстік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:

  • қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
  • өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
  • бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
  • кәсіпорын құнын барынша арттыру.

    Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті  қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, осы процесстерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс көздерін арттыруға септігін тигізеді.

    Кәсіпорынның  қаржы менеджменті мен маркетингтік саясатының бәсекелестік ортадағы алатын орны ерекше. Бағалық шешімдерді дұрыс  қабылдай білу, нарықтың белгілі бір  сегменттеріне дұрыс икемделу, тауарды  өткізу бойынша ұдайы күш жұмсау, тауарды өткізуді жіті қадағалау және бақылау, сондай-ақ маркетингтік саясатты уақтылы түзету кәсіпорынның қаржылық табыстарға жетуігің маңызды элементтері болып табылады. Осы орайда қаржы менеджменті мен маркетингтік қызметтің бір-бірімен тығыз байланысы көрініс табады.

    Кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның өміршеңдігін, бәсекелестік қабілетіе тек өзінің қаржылық жағдайын бағалап қана қоюмен шектелмейді. Аталған  салады немесе нарықта осы тектес тауар өндіруші кәсіпорындар қызмет етуде, тұтынушылардың көңілін жаулап алуға тырысуда екенін қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы (нарық конъюнктурасы), тұтынушылардың талғамы, кәсіпорынның өндірістік қуаты – міне осы аталған көрсеткіштердің тиімді қатынасын қалыптастыра білу кәсіпорынның бәсекелстік қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.

    Маркетингтік  зерттеулердің маңызды көрсеткіштері  – бұл тауардың сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы болып табылады.

    Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру кәсіпорындардың өз тарапынан және, ең алдымен, мемлекет тарапынан бірқатар шараларды қажет етеді. Қазіргі таңда кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыруға бөгет болып тұрған бірқатар ішкі және сыртқы факторларды қарастыралық.

    Біріншіден, дамыған елдермен салыстыруға келмейтін отандық кәсіпорындарға мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қолдау. Бірінші кезекте, бұл жерде ішкі нарықтың дамуына себеп болатын және отандық тауар өндірушілердің халықаралық деңгейде мүдделерін қорғайтын мемлекеттік нормативтік құжаттардың, территориялық экспорттық баж салықтары мен жеңілдіктерді керек кезінде қабылдануы түсінуге болады.

    Екіншіден, технологилық жағынан артта қалғандық. Өнеркәсіп саласындағы көптеген кәсіпорындар негізгі құралдардың  жоғарғы деңгейдегі табиғи немесе моральдық тозуына байланысты өндірістік құралдарды түбегейлі қайта құруға және жаңаландыруға мұқтаж болып отыр.

    Үшіншіден, қаржы менеджерлерінің, маркетингтік мамандардың, брокерлер мен дилерлердің  жетіспушілігі. Қаржы активтерімен (бірінші кезекте фьючерстермен және опциондармен) сауда жасау әрекеттері, өкінішке орай, дамыған елдермен салыстырғанда, төмен деңгейде.

    Төртіншіден, құнды қағаздар нарығының бәсекелестік қабілеті. Барлық елдерде қор нарығы жаңа мәселелермен, атап айтқанда, басқа нарықтар тарапынан бәсекелестікпен, қақтығысуда. Бұл қысым қор нарықтарын өзінің ішкі құрылымын болып жатқан өзгерістерге икемдеуге итермелейді. Сонымен қатар, нарықты барынша икемдеуге және технологиялық дамытуға ауқымды инвестициялық бағдарламалар қажет, ал бұл өз, кезегінде, ірі көлемдегі қаржы салымдарын қажет етеді.

    Жоғарыда  аталған факторлар, сонымен қатар  отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің күшті жақтарын бағалау  еліміздегі кәсіпорындардың, сондай-ақ жалпы экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
  1. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
  2. Демеуов Б., «Финансовая конкурентоспособность компаний и пути ее повышения», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
  3. Джумагельдиева Т.А., «Конкуренция: теория и механизмы развития», Алматы – 2003
  4. Ковалев В.В., «Финансовый анализ», Москва – 1998
  5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
  6. Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003
  7. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002
  8. Сәрсенбаев А., «Тұтыну тауарлары нарықтарындағы табыстық стратегиялық факторлар», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №4
  9. Слепов В.А., «Финансы и цены», Москва – 1999
  10. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003

Информация о работе Аккредитивтер мен есеп айырысу